Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Кәсіпорын экономикасы (1).docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
760.01 Кб
Скачать

Тақырып 4. Кәсіпорындардың ресурстары және оларды тиімді пайдалану. Кәсіпорынның негізгі капиталы.

Тапсырма №4. Өнеркәсіптік саладағы бірқатар нақты кәсіпорын мысалында негізгі капитал құрылымын анықтау және оның оның салалық ерекшелігін жекелеу.

Тапсырманы орындау бойынша әдістемелік нұсқау

1. Негізгі капиталды жаңарту формасы ретінде лизинг қызметі туралы ақпараттарды қорытып, оларды қорғау.

2. Материалдық емес активтердің амортизациясы: мәні және шетелдік тәжірибесі туралы конспект жазу.

3. Берілген мәліметтер бойынша негізгі құралдардың орташа жылдық құнын есептеу. Әртүрлі әдістермен амортизациялық төлемдерді есептеу. Негізгі құралдарды пайдалану және жаңарту көрсеткіштерін есептеу.

4. Есептерді шығару:

1) Негізгі қорлардың обьектісінің құны 370мың тг. Сатып алынған, олардың пайдалы қызмет ету мерзімі 5 жыл. Жеделдету коэффиценті 3 тең.

Төмендетілген қалдық әдісінің көмегімен амортизациялық аударымдардың жылдық соммасын анықтаумыз керек.

2) Негізгі қорлардың обьектісінің құны 180 мың тг. Сатып алынған, олардың пайдалы қызмет ету мерзімі 3 жыл. Жеделдету коэффиценті 2 тең.

Төмендетілген қалдық әдісінің көмегімен амортизациялық аударымдардың жылдық соммасын анықтаумыз керек.

№ 4 тапсырма дәріс материалдарын, сондай-ақ қосымша оқулықтар мен оқу құралдарын, экономикалық әдебиеттер мен мерзімді басылымдар мәліметтерін пайдалана отырып жеке орындалады.

Бақылау нысаны: Тапсырманы қорғау

Тапсырманы орындауды бағалау баллы –2 балл.

Бағалау критериі:максималды балл алу үшін тапсырма толық орындалуы тиіс, жауаптары мазмұнды, әдебиеттерге сілтеме жасай отырып, өз уақытында орындалуы тиіс.

СӨЖ тапсырмасын орындау мерзімі – 5 апта.

Ұсынылатын әдебиеттер тізімі

  1. Кәсіпорын экономикасы. Тәжірбиелік құрал./ Рахметов Б.А., Байнеева П.Т., Қалманова Н.М. Экономика баспасы., Алматы 2012ж.

  2. Экономика предприятия. Учебное пособие/Куатова Д.Я. Изд.: Экономика, Алматы 2011г.

  3. Экономика предприятия. Учебное пособие/ В.П.Волков, А.И.Ильин, В.И.Станкевич и др.; под общей редакцией А.И.Ильина, М.:Новое знание, 2008г.

Тақырып 5. Шикізат, материалдық және отын-энергетикалық ресурстар

Тапсырма №5.Қазақстан Республикасының жанармай-энергетикалық кешенінің дамуын талдау.

Тапсырманы орындау бойынша әдістемелік нұсқау

Кәсіпорынның қосалқы цехтары мен өндірістерінің жұмыстарының басты факторына, өндірілген қосалқы өнім көлемінің өсуі, өзіндік құнының төмендеуі, сапаның жақсарды, өндірістік қорларды тиімді пайдалану дәрежесі, еңбек өнімділігінің жоғарылауы жатқызылады.

Кәсіпорынның қызметіне байланысты емес факторларға жататындар: мемлекет реттейтін өткізілетін өнімнің бағасының өзгеруі, өнімді өндіруге және өткізуге табиғи, географиялық, транспорттық және техникалық жағдайдың әсері.

Кәсіпорынның қосалқы өндірісіне әсер ететін келесі фактор қосалқы өнімді өндіру және оны өткізу бөлемінің өзгеру болып табылады. Нәтижесінде өткізу көлемі өскен сайын, кәсіпорынның тиімділігі арта түседі және керісінше.

Маңыздылығы кем емес тиімділікке әсер ететін факторлардың бірі өнімнің өзіндік құнының өзгеруі болып табылады. Табыс көлемі мен өнімнің өзіндік құны арасында кері байланыс бар. Өнімді өндіру және өткізу шығындарының көлемімен анықталатын өнімнің өзіндік құны төмендеген сайын, табыс жоғарылайды және керісінше.

Сондықтан өзіндік құнның өзгеруін талдау барысында оның төмендеуі немесе жоғарылауының себебі анықтаулы тиіс, бұл шығындарды қысқартуға қажет шара, яғни, соның есебінен табыстың және қызмет ету тиімділігінің жоғарылауына қол жеткізу.

Кесте 1 – Кәсіпорынның қосалқы цехтары мен өндірістерінің жұмысына әсер ететін сыртқы орта факторлары

Факторлар тобы

Факторлар

1.

Саяси факторлар

Саяси тұрақтылық; халықтың әлеуметтік қамқорлыққа алынуы; жергілікті өндірушілерді қорғау; шетел инвестицияларының бағыттылығы, сыртқы экономикалық саясат.

2.

Экономикалық факторлар

Меншік, жер қатынастары; инвестициялық саясат; инвестициялық орта; салық жүйесі; қаржы нарығының даму жағдайы.

3.

Әлеуметтік факторлар

Өмір сүру деңгейі; демографиялық жағдай; қозғалыс еркіндігі.

Кәсіпорынның қосалқы цехтары мен өндірістерінің жұмысына тікелей әсер ететін факторларға қолданыстағы баға жатады. Өнімнің ерікті бағасының деңгейі белгілі-бір жеңгейде кәсіпорынның өзіне байланысты болады. Ал кәсіпорынға байланысты емес факторға жоғарыда айтылғанда мемлекет реттейтін момоколистер белгілейтін баға жатқызылады.

Жоғарыда қарастырылған факторлардан басқа кәсіпорынның қосалқы цехтары мен өндірістерінің жұмысына әсер ететін факторлар қосалқы өндірістің шығындар құрылымына да байланысты. Рентабельділігі жоғары өнім көлемінің үлесі көп болған сайын, кәсіпорын табысы көбірек болады. Жалпы алғанда, кәсіпорынның қосалқы цехтары мен өндірістерінің жұмысына ықпал ететін факторлар осы кәсіпорынның негізгі қызметінің ерекшелігіне, оның экономикалық белсенділігіне, қызмет түріне, өнім өткізу нарығына және т.б. жағдайларға байланысты ерекшеленіп отырады.

№ 5 тапсырма дәріс материалдарын, сондай-ақ қосымша оқулықтар мен оқу құралдарын, экономикалық әдебиеттер мен мерзімді басылымдар мәліметтерін пайдалана отырып жеке орындалады.