Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Кәсіпорын экономикасы (1).docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
760.01 Кб
Скачать

Тақырып 6. Айналым капитал

Тапсырма №6. Айналым құралдарының айналымдылығы мен пайдалану көрсеткіштерін анықтау.

Тапсырманы орындау бойынша әдістемелік нұсқау

Айналым құралдарын ұйымдастыру олардың тиiмдiлiгiн арттыру проблемасының жалпы кешенiндегi негiздеме болып табылады.Айналым құралдарын ұйымдастыру келесiлердi қамтиды:

  • айналым құралдарының құрылымы мен құрамын айқындау;

  • кәсiпорынның айналым құралдарына қажеттiлiктерiн анықтау;

  • айналым құралдарының қалыптасу көздерiн анықтау;

  • айналым құралдарын үйлестiру және басқару;

  • айналым құралдарының қауiпсiздiгiне жауапкершiлiк және оларды тиiмдi қолдану.

Айналым құралдарының құрамы өндiрiстiк айналым қорлары мен айналыс қорларын қалыптастыратын элементтер жиынтығын бiлдiредi, яғни жеке элементтерге бөлудi қарастырады.

Есеп№1.Бастапқы деректерді пайдаланып шикізатқа және негізгі материалға айналым қаражатын.ың қажеттілігін, аяқталмаған өндірісті дайын өнімді, «Арғымақ» АҚ-тың айналым қаражатының жалпы қажеттілігін, жоспар бойынша айналым қаражаттыңайналымдылық көрсеткішін анықтаңыздар.

Көрсеткіш

Өлшеу бірлігі

Көрсеткіш мәні

4-тоқсан өндірісіне жұмсалатын шығын сметасы бойынша өніруге жұмсалатын шығындар, оның ішінде:

  • шикізатқа және негізгі материалға

мың тенге

5850

4500

4- тоқсанда өнім өндіруге жұмсалған нақты шығындар, оның ішінде:

  • шикізатқа және негізгі материалға

мың тенге

5400

4320

Шикізат пен негізгі материалға байланысты жеткізулер арасындағы оташа интервал

күндер

14

Шикізат пен негізгі материалдардың жіберу станцияға жету уақыты

күндер

5

Шикізат пен негізгі материалға есеп айырысу құжаттарының жүру уақыты, оларды әзірлеу мен төлеуге кететін уақыт

күндер

3

Шикізат пен негізгі материалды тиеуге, жеткізуге, қабылдауға, сұрыптауға, жинақтауға және зертханалық сараптарда жасауға жұмсалатын уақыт

күндер

0,5

Өндірістік кезеңнің ұзақтығы

күндер

12

Дайын өнімді жиынтықтау және топтамаға жинақтау, өнімді тиеуге және белгіленген станцияға дейін тасымалдауға дайындау

күндер

4

Айналым қаражаттың қажеттілігі:

а) қосымша материалдар

ә) отын

б) шыны ыдыстар және қосалқы бөлшектер

в) келесі жыл шығыстары

мың тенге

30

240

188

67

Бір жылда өткізілген өнімнің жоспарлы көлемі

мың тенге

25200

Өткізілген өнімнің нақты көлемнің жоспармен салыстырғандағы өсу қарқыны

%

110

Айналым қаражатының бір айналымының нақты ұзақтағы жоспарлы айналымдылығымен салыстырғанда мыналардың есебінен қысқарған:

а) шикізат пен негізгі материалдарды жеткізулер арасындағы интервалдық қысқаруынан;

б) өндірістік кезеңінің ұзақтығының қысқаруынан;

в) тиеу-түсіру жұмысының механизмінен

күндер

3

2

1

Өндірістік кезеңнің алғашқы күні жүзеге асырылатын шығынның үлес салмағы

%

40

Бақылау нысаны: есептер шығару

Тапсырманы орындауды бағалау баллы – 4 балл

Тапсырманы орындау мерзімі: 7 апта

Ұсынылатын әдебиеттер тізімі:

  1. Кәсіпорын экономикасы. Тәжірбиелік құрал./ Рахметов Б.А., Байнеева П.Т., Қалманова Н.М. Экономика баспасы., Алматы 2012ж.

  2. Экономика предприятия. Учебное пособие/Куатова Д.Я. Изд.: Экономика, Алматы 2011г.