Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Кәсіпорын экономикасы (1).docx
Скачиваний:
5
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
760.01 Кб
Скачать

Тақырып 12. Өнімнің бәсекелестігін қамтамасыз ету

Практикалық (семинар) сабақ тапсырмасы: Сұрақтарды талқылау:

  1. Өнімнің бәсекеге қабілеттілігі: түсінігі, көтеру қажеттілігі.

  2. «2003-2015 жылдарға арналған Қазақстан республикасының индустриялық-инновациялық даму Стратегиясы» және өнім бәсекеге қабілеттілігіне әсері.

  3. Ғылыми-техникалық потенциал және оның тиімділігін экономикалық бағалау.

  4. Өнім сапасы: түсінігі, көрсеткіштері және деңгейін өсіру жолдары. Кәсіпорындағы өнім сапасын басқару жүйесі.

  5. Өнім сапасын басқарудың жаңа стратегиясы.

  6. Өнімді стандартқа келтіру.

  7. Өнімнің бәсекеге қабілеттілігін өсіру және бағаның рөлі. Өнім, жұмыс және қызмет көрсетудегі баға түрлері.

  8. Кәсіпорындағы баға құрудың мезанизмі.

  9. Нарықтық экономика жағдайындағы бағаны мемлекеттік реттеу

Тапсырманы орындауға арналған әдістемелік нұсқа

Нарық жағдайында әрбір кәсіпорын өз өнімдерінің бәсеке қабілеттілігіне әсер ететін факторларды анықтап алуды және оларды ескеруді қажет етеді.

Қазіргі кезде өнімнің бәсеке қабілеттілігіне әсер ететін факторлардың төмендегідей түрлері бар.

Мәселен, өнімнің нарықтағы нәтижелі сатылуына әсер ететін факторлар объективті түрде емес, тұтынушылардың субъективті қабылдануына байланысты. Мұндай факторлар экономикалық әдебиетте “табыстың стратегиялық факторлары” немесе ”табыстың негізгі факторлары”- деген атауға ие болған. Табыстың стратегиялық факторлары өнімнің бәсекелік қабілетін анықтайды. Әдебиеттердің талдауы көрсетіп отырғандай, өнімнің бәсекелік қабілеті факторларын жіктеудің бірнеше түрлері қалыптасқан.

Өнімнің бәсекелік қабілетін анықтайтын факторларды екі негізгі топқа бөледі. Олар: субъективті және объективті.

Субъективті факторлар өндірушіге байланыссыз, оларға психологиялық және жеке тұлғалық факторлар жатады, мәселен, тұтынушылардың ұстанымдары, әдеті, салты және т.б.

Объективті факторлар өндірушіге тікелей (сапа деңгейі) немесе жанама (сатылған өнімге техникалық қызмет көрсету, делдал ұйымдардың қызметі, т.с.с.) түрде байланысты болады

№ 12 тапсырма дәріс материалдарын, сондай-ақ қосымша оқулықтар мен оқу құралдарын, экономикалық әдебиеттер мен мерзімді басылымдар мәліметтерін пайдалана отырып жеке орындалады.

Тақырып 13. Кәсіпорын қызметінің қаржы нәтижесі. Табыс және өндіріс рентабельділігі

Практикалық (семинар) сабақ тапсырмасы: Сұрақтарды талқылау және есептерді шығару:

  1. Пайда – кәсіпорынның шаруашылық қызметінің қаржылық нәтижесінің жиынтық көрсеткіші ретінде.

  2. ҚР-сының Салық Кодексі бойынша жалпы жылдық табысты есептеу кезіндегі табыстардың түрлері.

  3. Табысты қалыптастыру және тарату тәртібі.

  4. Кәсіпорын төлейтін салықтарының жалпы сипаттамасы.

  5. Кәсіпорындағы салық салу және табысты тарату.

  6. ҚР-дағы салық жүйесі.

  7. ҚР-сының Салық Кодексі бойынша салықсалу табысты анықтау кезіндегі ұстапқалулардың сипаттамасы.

  8. Корпоративті табыстық салықты анықтаудың жалпы ережелер. Корпоративті табыстық салықты анықтау кезіндегі салықсалу табысты анықтау әдістемесі.

  9. ҚР-дағы акциздерді және НДС есептеудің жалпы ережелер.