Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Кәсіпорын экономикасы (1).docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
760.01 Кб
Скачать

Тақырып 8. Кәсіпорын қызметінің экономикалық механизмі. Еңбек ақы төлеу.

Практикалық (семинар) сабақ тапсырмасы: Сұрақтарды талқылау және есептерді шығару:

  1. Еңбек ақы төлеудің мәні және қағидалары.

  2. Еңбек ақының мәні және оның қалыптасуы.

  3. Кәсіпорындағы еңбек ақы төлеудің формалары және жүйелері.

  4. Тарифтік жүйесі, оны мазмұны және жалақыны ұйымдастырудағы мәні.

  5. Мамандардың, жұмыскерлердің, басшылардың еңбек ақысын ұйымдастыру.

  6. Еңбек ақыны жоспарлау әдістері.

  7. Әлеуметтік әріптестіктің дамуы: генералдық (бас), салалық және тарифтік келісімдер, коллективтік келісім.

Өз бетінше орындауға арналған тапсырмалар:

Есеп №1: Мына деректерге сүйеніп «Машиностроитель» АҚ-да жұмыс істейтін кесімшілердің жалақы қорын есептеу керек.

Бұйым

Саны, дана

Бірлігіне бағалама, тенге

А өнімі

230

378,6

Б өнімі

142

7110,2

В өнімі

142

638,4

Г өнімі

1500

118,9

Қосымша бөлшектер

400

789,0

Басқа өнім

100

240

Есеп №2: Бастапқы деректерді пайдаланып мерзімді жұмысшыларды қызмет көрсетунормасынын тыс белгіленген станоктарға ауыстырғанда олардың жалақысын есептеу қажет.

Сағаттық тарифтік мөлшерлемесі 286,7 теңгеге тең VI разрядты жұмысты қолданыстағы қызмет көрсету нормасы бойынша үш станоктың орнына төрт станокқа қызмет көрсетуге көшті және бір айда 170 сағат жұмыс істеді. Ережеде қызмет көрсету нормасын көтеретін әрбір пайыз үшін жұмысының тарифтік мөлшерлемесі 0,5%-ға өсетіні белгіленген. Жұмыста ешқандай қателік жіберлемесе, мерзімді жалақының 15%-ы мөлшерінде сыйлы ақы беру көзделеді.

Есеп №3: «Прогресс» ЖШС-ның жұмысшылар бригадасына есептелген сыйлыақыны бес адамнан тұратын және мерзімді төленетін бригаданың бір айдағы тарифтік жалақысы 353860 теңгені құрағанда еңбекке қатысу коэффициенті есебімен оның мүшелеріне бөлу керек. Бригадаға есептелген сыйлыақы сомасы 116270 тенге. Әрбір жұмысшының тарифтік жалқысын есептеуге қажетті деректер және еңбекке қатысу коэффициенті (ЕҚК) төменде берілген.

Аты-жөні

Мамандығы

Разряд

Сағаттық тарифтік мөлшерлеме,тенге

Жұмыс істеген уаыты,сағ

ЕҚК

С.Б. Арапов

Аға аппаратшы

V

262,7

170

1,0

М.И. Сидоров

Аппаратшы

IV

205,7

166

0,8

В.В. Филинов

Аппаратшы

III

180,3

180

1,2

К.Б. Серіков

Аппаратшы

III

180,3

171

1,1

Д.К. Аманжолов

таңбалаушы

II

145,5

172

0,9

Тапсырманы орындауға арналған әдістемелік нұсқау

Еңбек ақының мәнін қарастырған кезде оның жалдамалы жұмыскерлерге, яғни өз еңбегі үшін ақы алатын адамдарға қатысты екенін ескеру қажет. Ал экономикалық категория ретінде еңбек ақы деген не? сұрағы тууы мүмкін.

Еңбек ақы - бұл жалдамалы жұмысшының табыс алу элементі, өзіне қатысты еңбек ресурсын экономикалық жүзеге асыру нысанының құқығы. Сонымен бірге жұмыс берушіге, яғни еңбек ресурсын өндіріс факторларының бірінің сапасын жақсарту үшін, сатып алушыға жалдамалы жұмысшыларға еңбек ақыны төлеу өндіріс шығындарының элементтерінің бірі болады.Нарықтық экономика жағдайында еңбек ақы көлеміне нарықтық және нарықтық емес бірқатар факторлар әсер етеді.

Кесімді еңбекақы – еңбек өлшемі шығарылған өнім (орындалған жұмыс көлемі) және еңбекақы кесімді баға қоюдан шығарылған өнімнің саны мен сапасына байланысты болады.

Тікелей жеке кесімді еңбекақы – тарифтік мөлшерлемеден және өндірім нормасы мен уақыт нормасынан шығатын дайындалған өнім мөлшері мен осы өнім бірлігінің кесімді бағаламасымен анықталатын еңбекақы жүйесі.

Еңбекке кесімді сыйлыақы төлеу – тікелей кесімді бағалама бойынша төлемнен және сандық, сапалық көрсеткіштерді орындағаны үшін сыйақыдан құралатын еңбекақы жүйесі.

Үдемелі кесімді еңбекақы – дайын өнім ақысын – жоғары бағалама бойынша қарастыратын жүйе.

Еңбекті мөлшерлеу – дұрыс негізделген еңбек шығыны мен оның нәтижелерін ( қызметкерлердің жалпы нәтижеге қосқан жеке үлесін есептеуге болмайтын уақыт, сан, қызмет көрсету, өндірім, мөлшерлеген тапсырма нормалары) белгілеу.

1. Жұмысшылардың бір кезеңде жұмыс істеген коэффициент-сағаттарын қолданумен бригадалық еңбекақы формасында жалақы төлеу (К - сағ):

а) Ксағ = Т1*ТК,

мұнда ТК – жұмысшының сағаттық тарифтік коэффициенті;

ә) бір коэффициент-сағатқа сай жалақы (Жк-сағ):

Жк-сағ = К-сағ/Жжал;

б) бригаданың әрбір мүшесінің нақты жалақысы (ЖА1):

ЖА1=К-сағ*Жк-сағ.

  1. Жұмыс уақытынан ауытқу (Ау):

Ау = (НТ-НТ) * ЖМең,

Мұнда НТ; НТ – операцияны орындауға жұмсалатын нормативті және нақты уақыт шығыны;

ЖМең – еңбекақы төлеуге жұмсалатын шығынның жоспарлы мөлшерлемесі.

  1. Кесімшілердің жалақы қоры (ЖАҚкес):

ЖАҚкес = КБ1* Ө немесе ЖАҚкес = ТМорт*Еөб,

Мұнда КБ1- өнім бірлігінің кесімді бағаламасы;

Ө – өндірістік бағдарлама бойынша өнім көлемі;

ТМорт – сағаттық орташа тарифтік мөлшерлеме.Ол бірінші разряд тарифтік мөлшерлемесін орташа разрядқа (жұмысшылар және жұмыс бойынша орташа белгіленген) көбейтуден шығады;

Еөб – норма – сағаттағы өндірістік бағдарламаның еңбек сыйымдылығы.

  1. Мерзімді жұмысшылардың жалақы қоры (ЖАҚмер):

ЖАҚмер = ТМорт * Қк * С,

Мұнда Қу – жұмысшының жоспарлы уақыт қоры;

С – мерзімді жұмысшылар саны.

Мысал.«Қордай» акционерлік қоғамы өзгермелі жөнелтпе шығындарға нормативтер белгілейді. Сағаттық тарифтік мөлшерлемесі 286,7 теңгеге тең VI разрядты жұмысты қолданыстағы қызмет көрсету нормасы бойынша үш станоктың онына төрт станоққа қызмет көрсетуге көшті және бір айда 170 сағат жұмыс істейді. Жұмыста мерзімді жалақының 15%- ы мөлшерінде сыйлыақы беру көзделеді.

Шешуі: С1 =286,7 теңге * 15%= 4300,5 теңге.

КЖ = 170сағат*4300,5 теңге = 731085 теңге.

№ 8 тапсырма дәріс материалдарын, сондай-ақ қосымша оқулықтар мен оқу құралдарын, экономикалық әдебиеттер мен мерзімді басылымдар мәліметтерін пайдалана отырып жеке орындалады.