Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Кәсіпорын экономикасы (1).docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
760.01 Кб
Скачать

Тақырып 3. Өндірістің экономикалық және әлеуметтік тиімділігі

Практикалық (семинар) сабақ тапсырмасы: Сұрақтарды талқылау және есептерді шығару:

  1. Өндіріс тиімділігінің мәні, түрлері және көрсеткіштер жүйесі.

  2. Өндірістің абсолюттік және салыстырмалы тиімділігі.

  3. Өндіріс қызметінің тиімділік көрсеткіштері.

  4. Салыстыру базасын таңдау.

  5. Өндіріс тиімділіктің дифференциалды көрсеткіштері.

  6. Кәсіпорын өтімділігін сипаттайтын көрсеткіштер.

  7. Күрделі салымдардың экономикалық тиімділігін анықтаудағы уақыт факторын есептеу әдістері.

  8. Таза ағымдық құн және табыстың ішкі нормасы деген көрсеткіштерін сипаттау.

Өз бетінше орындауға арналған тапсырмалар:

Есеп№1. Берілгені:« Барнс және К» ЖШС шұжық өнімдерін өндіретін бірлескен кәсіпорыны 2010 жылға мынадай есептік көрсеткіштер береді.

Кәсіпорынның 2010 жылға қаржы-шаруашылық қызмет нәтижелері туралы есебінен.

Көрсеткіш

Мағынасы

Өнімді өткізуден түскен кіріс

1388575

Өткізілген өнімнің өзіндік құны

1062620

Кезең шығыстары, оның ішінде:

235735

  • Жалпы және әкімшілік шығыстар

134598

  • Өткізуге жұмсалатын шығыстар

101137

Негізгі емес қызметтен түскен кіріс

7078

Табыс салығына жұмсалатын шығыстар

5065

2010 жылғы 31-желтоқсандағы баланстан

Көрсеткіш

Мағынасы

Ұзақ мерзімді активтер

525238

Ағымды активтер, оның ішінде:

213098

-тауарлы-материалдыққор

121668

-ақшалай қаражат

7758

-дебиторлық берешек

83672

Меншік капиталы

725733

Тапсырмалар:

  1. Кейінгі талдауға негіз ретінде қаржы-шаруашылық қызмет нәтижелері бойынша жылдық есеп құрастыру.

  2. Фирманың табыстылығын сипаттау үшін негізгі индикаторды есептеу.

  3. Өнімнің табыстылығын сипаттау үшін негізгі индикаторларды есептеп шығарыңыз.

Тапсырманы орындауға арналған әдістемелік нұсқау

Тиімділік сөзі келесі мағынаны береді – қатысты нәтиженің, үрдістің операцияның жобаның нәтижелі болуы.

Шағын кәсіпкерліктің нарықтық ортадаға қызмет ету тиімділігі – қызмет етудің барлық деңгейіндегі маңызды сапаның мінездемесі.

Қызмет ету тиімділігі- тауар өндіру мақсатында ресурстарды бөлу және қайта өңдеу бойынша қызмет тиімділігінің көрсеткіші. Тиімділікті мына коэффициент бойынша өлшеуге болады- шығудағы ресурстарға кірудегі немесе өнім шығару көлеміне, оның номенклатурасына нәтиженің қатынасы.

Тиімділіктің критерийлерінің мұндай иерархиясы қисынды және нарық экономикасындағы жағдайды көрсетеді, яғни қызмет етудің жалпыұлттық тиімділігі, қызмет етудің алғашқы ұяшығының қызметінің тиімділігіне тәуелді (кәсіпорының акционерлік қоғамның). Алғашқы буының қызмет ету тиімділігі жоғары болған сайын бүкіл жалпыұлттық экономиканың тиімділігі жоғарылай түседі, қоғамда, мемлекетте әлеуметтік және экономикалық мәселелерді шешуге ресурс көп болады.

Тиімділік жалпы (абсолюттік) және салыстырмалы (қатысты) болып ажыратылады. Жалпы тиімділік жалпыэкономикалық нәтижелер мен белгілі-бір кезеңдегі экономикалық әртүрлі деңгейіндегі (макро-микро) қызмет ету тиімділігін және кәсіпорындар мен аудандар бойынша тиімділік деңгейінің динамикасын салыстыру үшін, бағалау үшін және талдау үшін қажет.

Салыстырмалы тиімділік альтернативті ең ұтымды (оптималды) бала­маны таңдау үшін өндірістік-шаруашылық, техникалық және ұйымдық шешімдерді қабылдағанда есептеледі және талданады. Мұндай таңдау технико-экономикалық көрсеткіштер жүйесінің баламаларын салыстыру негізінде, өтелу мерзімін есептеу немесе қосымша капитал салымдарының тиімділігі, экономикалық тиімділіктің көлемінің коэффициентінің негізінде жүзеге асырылады.

  1. Материал қайтарымы (МҚ):

МҚ = ӨШ/Мш;

Мұнда ӨШ – өнім шығарылымы;

Мш – материалдық шығын.

  1. Өнімге қажетті материал (ҚМ):

ҚМ = Мш / ӨШ.

  1. Қор қайтарымы (ҚҚ):

ҚҚ = ӨШ / НҚ, мұнда НҚ – негізгі қаражаттың жылдық орташа құны.

  1. Өнімнің қор сыйымдылығы (ҚС):

ҚС = НҚ/ӨШ.

  1. Өнімнің еңбек сыйымдылығы (ЕС):

ЕС = Т/ӨШ, мұнда Т – өнімді шығаруға жұмсалған уақыт (еңбекақыны төлеуге жұмсалатын шығын).

  1. Еңбек өнімділігі (ЕӨ):

ЕӨ =ӨШ / Т

Мысал:«Рахат» АҚ өндірісінің тиімділік көрсеткішін анықтау үшін төменде бастапқы деректер беріліп отыр.

Көрсеткіш

2010ж.

2011ж.

1

Өнім өндірісінің көлемі, мың тенге

4308485

5049368

2

Өнімнің өзіндік құны, мың тенге

3722324

4331190

3

Кезең шығыстары, мың тенге

378404

406574

4

Негізгі қызметтен түсетін кіріс, мың тенге

207757

311604

5

Таза кіріс, мың тенге

155818

218123

6

Акционерлік капиталдың жылдық орташа құны, мың тенге

1895003

2246109

7

Негізгі қаражаттың жылдық орташа құны, мың тенге

2421979

2434161

8

Қызметкерлердің тізім бойынша орташа саны

1910

2000

Мына көрсеткіштерді анықтау керек:

А) акционерлік капиталдың табыстылығын;

В) негізгі қызмет табыстылығын

С) еңбек өнімділігін;

Д) қор қайтарымын

Шешуі:1. Акционерлік капиталдың табыстылық көрсеткішін мына формула бойынша анықтамаймыз:

Акционерлік капиталдың табыстылығы: Таза пайда / Акционерлік капиталдың жылдық орташа құны.

2010 жылға =155818/1895003=0,08 (мың теңге)

2011 жылға =218123/2246109= 0,1 (мың теңге)

  1. Негізгі қызметтің табыстылық көрсеткішін мына формула бойынша есептейміз:

Негізгі қызмет табыстылығы = Негізгі қызметтен түсетін кіріс / Өткізілген өнімнің өзіндік құны + кезең шығындары

Яғни, 2010 жылға: 207757: (3722324+378404) = 0,05 (мың тенге)

2011 жылға: 311604 : (4331190 + 406574) = 0,07 (мың теңге)

  1. Өнім өндірісінің көлемін қызметкерлердің тізім бойынша орташа санына бөліп еңбек өнімділігін (Ө) шығарамыз:

Ө = ӨШ/Қс,

Мұнда ӨШ – өнім шығарылымы;

Қс – қызметкерлер саны.

2010 жылға 4308485 мың тенге : 1910 жан басына = 2255,75 мың тенге/жан басына

2011 жылға 5049368 мың тенге : 2000 жан басына = 2524,68 мың тенге/жан басына.

№ 3 тапсырма дәріс материалдарын, сондай-ақ қосымша оқулықтар мен оқу құралдарын, экономикалық әдебиеттер мен мерзімді басылымдар мәліметтерін пайдалана отырып жеке орындалады