Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Кәсіпорын экономикасы (1).docx
Скачиваний:
5
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
760.01 Кб
Скачать

Тақырып14. Кәсіпорын қаржысы

Лекция мақсаты: студенттерге кәсіпорындағы еңбекті және оның әлеуметтік-экономикалық дамуын жоспарлау негіздерімен таныстыру

Лекция сұрақтары:

14.1. Өнеркәсіп қаржысы туралы түсінігі және міндеттері

14.2. Кәсіпорындағы қаржы қатынастар көрінісінің нысандары

14.3. Кәсіпорынның қаржы қызметінің негізгі қағидалары мен ұйымдастыру бағыттары

14.1. Өнеркәсіп қаржысы туралы түсінігі және міндеттері

Кәсіпорынның табысы, оның мәні мен маңызы. Табыс — төтенше таралған, кең түрде қабылданатын, сонымен қатар түрліше маңызды қолданылатын көп мағыналы ұғым. Сөздің кең мағынасында ақшалай құнына ие болуды кез келген ақша қаражатының түсімі немесематериалдың құндылықты алуды көрсетеді.

Кәсіпорындардың қаржысын ұымдастырудың қажетті қағидаты — басқарудың барлық деңгейлеріндегі қаржы резервтерінің (резервтік капитал, тәуекел қоры) болуы әр түрлі әдістермен өңдірістік және әлеуметтік қорлардың мөлшеріне пайызбен, пайда немесе табыстан тұрақты нормативтер бойынша аударымдар арқылы жасалуы мүмкін.

Қаржы резерві дегеніміз - уақытша болатын қаржы қиыншылықтарын жоюға және шаруашылықтардың қызметіне қажет қалыпты жағдайларды қамтамасыз етуге, сондай-ақ, әдетте, қаржы жоспарында қаралмайтын өндірістік және әлеуметтік дамумен байланысты шығындарды (ойда болмаған шығындарды) қаржыландыруға арналған қаржы түрі.

Кәсіпорынның табысы олардың активтерінің, артуы немесе капитал меншігінің кебеюіне әкелетін міндеттемелердің кемуі «Табыс» ұғымы жалпы мемлекетте, кәсіпорындарда (жалпы табыс, таза табыс), ал жеке тұлғаларда халықтың ақшалай табысы, жеке табыс болып қолданылады.

Кәсіпорынның жалпы табысына ақшалай түсім тауаларды сату және қызмет көрсетуден түсетін ақшалай түсім, атқарылған қызметтен, несие берілгендегі алынатын тиісті пайыздар және басқа да ақшалай және материалдың түсімдер жатады.

Кәсіпорын экономикасын зерделеудің негізгі объектісіне жататындар:

• кәсіпорынның өндірістік құрылымы, өнеркәсіп ондірісінің үлгісі, өндіріс кезеңін ұйымдастыру;

• өндірісті басқару процесін ұйымдастыру;

• шаруашылық стратегиясын таңдау, өнімді өндіруді жоспарлау және өнімді сатуды әзірлеу;

• өндірісті қалыптастыру, капиталды пайдалану және кәсіпорынның табысың қорландыру;

• өндірістің материалдық-техникалық базасымен қамтамасыз етілуі, шикізаттар, материалдар жеткізілуі, босалқы қорды қалыптастыру және оларды ұтымды пайдалану;

өндірістің техникалық жағдайы және қажетті өндірістік инфрақұрылымды құру;

• өндірістік шығындарды қалыптастыру, өнімнің өзіндік құн калькуляциясы, өндірістің баға саясаты;

• өндірістің қаржы ресурстары, шаруашылық қызметінің тиімділігі, кәсіпкерліктегі тәуекелдік баға;

• кәсіпорынның жаңартпашылық қызметі, өнімнің сапасы, кәсіпорынның жаңартпашылық саясаты, экономикалық проблемалар;

• кадрларды іріктеу, оларды жұмысқа қабылдау, еңбекті ұйымдастыру, еңбекке ақы төлеу жүйесі және еңбек өнімділігін арттыруды ынталандыру.

Сонымен, кәсіпорын экономикасы — өндіріс факторларының жиынтығы (меншіктік және қарызгер), өндірістік емес факторлар (бала бақшалар, профилактория және т.б.), айналыс қоры, дайын өнім, кәсіпорындардың есепшоттарындағы ақша қаражаттары, кұнды қағаздар, материалдық емес меншікті қор (патенттер, лицензиялар және т.б.), өнімді сатунәтижесіндегі табыстар немесе зияндар және түрлі қызмет көрсетулер.