Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Кәсіпорын экономикасы (1).docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
760.01 Кб
Скачать

12.3. Өнім сапасын басқарудың жаңа стратегиясы

Бағасы - тауар құнының ақшалай көрінісі. Өнімге деген сұраныс пен ұсыныс тең болғанда баға мен құн да теңеседі. Ұсыныстың сұраныстан артуы бағаны төмендетеді, ал керісінше, нарықтағы сұраныс артса, онда өнімнің бағасы құнынан әлдеқайда жоғары болады. Нарықтық экономика жағдайында баға объективті экономикалық заңдылықтарға, ең алдымен, құн заңына сай қалыптасады. Бағалық бәсеке кезінде төмен баға өнімнің бәсекелік қабілетінің кепілі болады.

Аталған үш факторды кешенді түрде қарастырған жөн. Көп функционалды міндеті, жоғары сапасы және тиімді бағасы бар өнім бәсекеге қабілетті бола алады. Бұл факторлар үнемі бір-бірін толықтырып отырулары қажет.

Өнімнің бәсекелік қабілетіне әсер ететін факторларды техникалық, экономикалық және әлеуметтік-ұйымдастырушылық деп те бөледі.

Тақырып13. Кәсіпорын қызметінің қаржылық нәтижесі. Табыс және өндіріс рентабельділігі

Лекция мақсаты: студенттерге кәсіпорындағы еңбекті және оның әлеуметтік-экономикалық дамуын жоспарлау негіздерімен таныстыру

Лекция сұрақтары:

13.1. Пайда – кәсіпорынның шаруашылық қызметінің қаржылық нәтижесінің жиынтық көрсеткіші ретінде.

13.2. Табысты қалыптастыру және тарату тәртібі.

13.1. Пайда – кәсіпорынның шаруашылық қызметінің қаржылық нәтижесінің жиынтық көрсеткіші ретінде.

Жалпы тиімділіктің көрсеткіштері мынадай категориялар бойынша топталады:

  • өндірістің іс-әрекеттің тиімділігін көрсететін, шағын кәсіпкерлік субъектісінің пайдалылығын және оның активтерді қолдану мүмкіндіктерін өлшейді;

  • өнімділік көрсеткіштері, кәсіпорынның қысөа мерзімді міндеттемелерді орындау мүмкіншіліктерін, айналым құралдарын басқаруды сипаттайтын көрсеткіштер;

  • қаржылық тұрақтылық көрсеткіштері, кәсіпорынның активтерін қаржыландырудақолданылатын капиталдың құрылымын құру әдістеріне байланысты болған тәуекелшілдік деңгейін анықтайтын көрсеткіштер.

Өндірістік іс-әрекеттің тиімділігінің көрсеткіштері. Бұл топ көрсеткіштері ағымындағы негізгі өндірістік іс-әрекеттік нәтижелері мен тиімділігін сипаттайды. Бұлардың көмегімен кәсіпорынның іскерлік белсенділігін бағалауға болады. Ол үшін қаралып отырған кәсіпорынның іс-әрекетін басқа да кәсіпорындармен салыстыру қажет. Мұндағы сапалық критерийге кіретіндер: өнімді сату нарығының кеңдігі; экспортқа шығарылатын өнімнің көлемі, кәсіпорынның репутациясы және т.б.

Сандық бағалау 2 бағытта жүргізіледі:

  • Негізгі көрсеткіштер бойынша жоспардың орындалуының деңгейі;

  • Кәсіпорын ресурстарын қолданудың тиімділік деңгейі.

Шаруашылық іс әрекеттің тиімділігін көрсететін көптеген абсолюттік және салыстырмалы көрсеткіштер арқылы бағалауға болады. Солардың ішіндегі маңыздырағы – пайда көрсеткіші болып есеептелінеді.

13.2. Табысты қалыптастыру және тарату тәртібі.

Табыс әрбір кәсіпорынның тиімділігінің негізгі критерийі және ақырғы мақсаты болып табылады.

Сату рентабельділігі (айналым)

Рсату=

Таза табыс

 100%

Өнім өткізуден түскен түсім

Бұл көрсетікіш өнімді шығаруға кеткен шығындар мен осы өнімді сату бағасының арасындағы қарым-қатынастың тиімділігін сипаттайды.

Активтер рентабельділігі:

Ра=

Таза табыс

 100%

Кезең соңындағы активтер

Бұл көрсеткіш кәсіпорнының барлық мүлігінің (айналым және негізгі капиталының) қолданылу тиімділігін көрсетеді.

Негізгі капиталдың рентабельділігі:

Рн.к.=

Таза табыс

 100%

Есеп беру кезең соңындағы негізгі капитал – амортизация

Кәсіпорынның негізгі қорларының қолданылу тиімділігін көрсетеді.

Тиімділіктің салыстармалы көрсеткіштері:

– активтердің айналымдылығы

Ка.а.=

сату көлемі

активтердің жылдық құны

Кәсіпорынның тауарлары бар активтердің негізінде шығарылып, сатылу мүмкіншіліктерін сипаттайды.

– негізгі капиталдың айналымдылығы

Кн.к.а.=

сату көлемі

негізгі капитал

Негізгі капиталға салынған қаражаттың қолданылу тиімділігін көрсетеді.

Өтімділік көрсеткіштері:

Жабу коэффициенті:

Кжабу=

ағымдағы активтер

ағымдағы міндеттемелер

Активтердің өтімділік жалпы бағасын береді. Кәсіпорынның ағымдағы активінің қанша теңгесі, ағымдағы міндеттемелердің 1 теңгесіне келетінін көрсетеді.

Тез өтімділік коэффициенті. Бұл коэффициент жабу коэффициенті сияқты есептелінеді бірақ ағымдағы активтердің бір бөлігімен есептелінеді, есептеуден өндіріс запастары алынып тасталады.

1-кесте - Кәсіпорын қызметінің тиімділігін сипаттайтын көрсеткіштер

Көрсеткіштер

Есептеу әдістемесі

1. Еңбексыйымдылығы

жұмыс күші

шығарылған өнім көлемі

2. Материалсыйымдылығы

материалға кеткен шығындар

шығарылған өнім көлемі

3. Материал қайтарымдылығы

шығарылған өнім көлемі

материалға кеткен шығындар

4. Қор қайтарымдылығы

шығарылған өнім көлеміне

негізгі өндірістік қорлардың орташа құны

5. Қорсыйымдылығы

негізгі өндірістік қорлардың орташа құны

шығарылған өнім көлеміне

6. Сату рентабельділігі

Пайда

100

Өткізуден түскен түсім

7. Өнім рентабельділігі

Өткізуден түскен түсім

Өнім өндіруге және өткізуге кеткен шығындар

8. Өнім рентабельділігі

Өткізуден түскен түсім

негізгі өндірістік қорлардың орташа құны

Кез-келген кәсіпорынның қаржылық жағдайы оның айналым құралдарының жағдайымен тікелей байланысты, сондықтан да кәсіпорындар оның ең тиімді қозғалысы мен пайдаланылуына мән береді.

Айналым құралдарын пайдаланудың тиімділігі экономикалық көрсеткіштер жүйесімен, ең алдымен айналымдылығымен сипатталады.

Айналым құралдарының айналым ұзақтығы мына формуламен анықталады:

О = С: (Т/Д)

Мұндағы, О – айналым ұзақтығы,

С – айналым құралдарының қалдығы,

Т – тауарлы өнім көлемі,

Д – периодтағы күн саны.

Айналым ұзақтығының қысқаруы айналым құралдарын пайдаланудың тиімділігін көрсетеді.

Айналым құралдарын қолданудың тиімділігін сипаттайтын көрсеткіштер мыналар болып табылады. Айналым құралдарының айналымдылық коэффициенті, ол тауарлы өнім көлемін айналым құралдарының қалдығына бөлу арқылы анықталады.бұл жағдайда айналымдылық коэффициенті неғұрлым жоғары болса, соғұрлым айналым құралдары тиімді қолданылады.

Табыс алу үшін қолданылған табыс пен капитал қатынасы арқылы табылатын капитал рентабельділігі шаруашылық жүргізушы субьектісі қызметі тиімділігін сипаттайтын ең басты және ең көп қолданыстағы көрсеткіш болып табылады.