Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Кәсіпорын экономикасы (1).docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
760.01 Кб
Скачать

Тақырып12. Өнімнің бәсекелік қабілеттілігін қамтамасыз ету

Лекция мақсаты: студенттерге кәсіпорындағы еңбекті және оның әлеуметтік-экономикалық дамуын жоспарлау негіздерімен таныстыру

Лекция сұрақтары:

12.1. Өнім сапасы: түсінігі, көрсеткіштері және деңгейін өсіру жолдары

12.2. Кәсіпорындағы өнім сапасын басқару жүйесі

12.3. Өнім сапасын басқарудың жаңа стратегиясы

12.1. Өнім сапасы: түсінігі, көрсеткіштері және деңгейін өсіру жолдары

Еліміздің қазіргі уақыттағы экономикасы ашық сипатқа ие. Яғни, ішкі нарыққа импорттың жеткілікті көлемде келуі, сыртқы инвесторлардың еліміздің кәсіпорындарына қаржы құйуға мүмкіндіктерінің болуы, әлемдік нарықтың сауда саясатын реттейтін ұйымдарға мүше болу жолдарының негізінің қалануы соны көрсетеді.

Нарық жағдайында әрбір кәсіпорын өз өнімдерінің бәсеке қабілеттілігіне әсер ететін факторларды анықтап алуды және оларды ескеруді қажет етеді.

Қазіргі кезде өнімнің бәсеке қабілеттілігіне әсер ететін факторлардың төмендегідей түрлері бар.

Мәселен, өнімнің нарықтағы нәтижелі сатылуына әсер ететін факторлар объективті түрде емес, тұтынушылардың субъективті қабылдануына байланысты. Мұндай факторлар экономикалық әдебиетте “табыстың стратегиялық факторлары” немесе ”табыстың негізгі факторлары”- деген атауға ие болған. Табыстың стратегиялық факторлары өнімнің бәсекелік қабілетін анықтайды. Әдебиеттердің талдауы көрсетіп отырғандай, өнімнің бәсекелік қабілеті факторларын жіктеудің бірнеше түрлері қалыптасқан.

Өнімнің бәсекелік қабілетін анықтайтын факторларды екі негізгі топқа бөледі. Олар: субъективті және объективті.

Субъективті факторлар өндірушіге байланыссыз, оларға психологиялық және жеке тұлғалық факторлар жатады, мәселен, тұтынушылардың ұстанымдары, әдеті, салты және т.б.

Объективті факторлар өндірушіге тікелей (сапа деңгейі) немесе жанама (сатылған өнімге техникалық қызмет көрсету, делдал ұйымдардың қызметі, т.с.с.) түрде байланысты болады.

12.2. Кәсіпорындағы өнім сапасын басқару жүйесі

Осы жіктеуге ұқсас, өнімнің бәсекелік қабілетіне әсер ететін факторларды эндрогендік және экзогендік деп бөледі.

Эндрогендік факторлар өндірістік кәсіпорынның мүмкіндіктерін сипаттайды және өнімнің технико-экономикалық деңгейіне ықпал етеді.

Экзогендік факторлар - әлемдік нарықтың немесе импорттаушы мемлекеттің өнеркәсіптік тауарлар нарығының қажеттіліктерін және тауарға деген сұранысты анықтайды. Мұндай жіктеу дұрыс, алайда, біріншіден, ол бағаның өнімнің бәсекелік қабілетіне әсер ететін фактор екендігін ескермейді, екіншіден, өндіруші тарапынан әсер ететін факторларды нақтылауды қажет етеді, өйткені өнімнің бәсекелік қабілетін қамтамасыз ету өндірушіге байланысты.

Тауардың өмірлік циклына байланысты бәсекелік қабілеттің факторларын екі топқа бөледі:

- өнімді дайындау мен өндіру барысында пайда болатын факторлар - техникалық деңгейі мен дайындау сапасы;

- өнімді нарықта өткізу процесіне әсер ететін факторлар - тұтынушының сатып алу шығындары мен тұтынушының талабын қанағаттандыру (жеткізу, сатудан кейінгі техникалық қызмет көрсету, т.б.).

Сонымен қатар, бәсекелік қабілеттің факторларын сыртқы, сапалық және экономикалық деп бөледі.

Сыртқы факторларға экономика мен нарықтың даму тенденциялары, ғылыми-техникалық прогресс, тұтыну құрылымындағы өзгерістер, нарық құрылымы және бәсекелестер құрамы жатады. Сонымен қатар, мұнда кәсіпорынның имиджі мен танымалдылығы, өндіруші мемлекеттің беделі де үлкен мәнге ие.

Екінші топ факторларын қазіргі қолданыстағы стандарттар, мөлшерлер, ұсыныстар анықтайтын өнімнің сапа көрсеткіштері құрайды, сол сияқты, өнімнің қауіпсіздігі, ұзақ мерзімге сақталынуы да осы топқа кіреді. Өнімнің сапасын анықтау халықаралық стандарттау ұйымының (ИСО) талабымен жүргізіледі.

Бәсекелік қабілетке әсер ететін үшінші топтағы факторларға, өнімнің өзіндік құны мен бағасын қалыптастыратын экономикалық көрсеткіштер жатады.

Әлемдік тәжірибеде өнімнің бәсекелік қабілеті келесі факторлармен анықталады:

  • өнім сапасының нарықтың және нақты тұтынушының талабына сай болуымен;

  • сатып алуға, жеткізуге кеткен шығындармен;

  • тұтынушыға тиімді уақытта жеткізу жағдайымен;

  • кәсіпорынның нарықтағы беделімен және сенімді әріптес болатындығы туралы дәлелімен.

Өнімнің бәсекелік қабілеті кешенді түрде мынандай үш факторға тәуелді болуы да мүмкін:

Міндеті - өнімнің қандай мақсатқа пайдаланатынын, оның функционалдық мүмкіндіктерін, сол арқылы, осы өнімді тұтынушылар тобын анықтайды.

Жоғары сапасы - бағалық емес бәсекеде үлкен мәнге ие. Сондықтан, сапаны өнімнің бәсекелік қабілетінің кешенді көрсеткіші ретінде қарастыруға болады.