Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Кәсіпорын экономикасы (1).docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
760.01 Кб
Скачать

11.2. Маркетинг шешімдерге арналған ақпараттар

Маркетингтің негізгі мақсаты – сатып алу, сату процесінде ең жоғары мөлшерде пайда табуды, сонымен бірге оның міндеті - кәсіпорын қызметінің тұрақтылығын барынша қалыптастыру және стратегиялық мақсаттарға жетуді қамтамасыз ету.

Маркетинг қызметі жүйесінде, сол сияқты кәсіпорынның басқа да жеке міндеттері шешіледі:

  • рынок, тауарлар, тұтынушылар және бәсекелестер жөнінде сенімді, дер кезінде және шынайы жарнамалармен қамтамасыз ету;

  • кәсіпорынның тауар өндірудегі мүмкіншілігі;

  • тұтынушыларға ықпал ететін сұраныс, рынок, бәсекелестер.

  • маркетингтің экономикалық мәні мына төмендегі нәтижелілікті тұжырымдайды:

  • тауарлардың бәсекеге жарамдылығын жасау;

  • тауарларды жылжытуды жеделдету;

  • сатып алушылардың қажеттілігін қанағаттандыру;

  • өндірістің тиімділігі және тауарлар сату.

  • маркетинг қызметі жағдайында рынок екі түрге ажыратылады:

  • сатушы нарығы (рыногы);

  • сатып алушы нарығы (рыногы).

Сатушы рыногы – бұл шын мәнінде, тапшылық рыногы, онда сатушылар үлкен билікке ие болады. Сатып алушы рыногы – бұл шын мәнінде толықтырылған рынок, мұнда сатып алушылар үлкен билікке ие. Өнімге бағдарланған маркетинг, мынадай жағдайда қолданылады, егер де кәсіпорынның қызметі жаңа тауарларды шығаруға немесе шығарылғанды жетілдіруге бағдарланса. Мұның негізгі мақсаты – тұтынушыларды жаңа немесе жетілдірілген тауарды алуға ынталандыру болып табылады.

Мұндағы маркетингтің басты мақсаты - әлуетті мұқтаждықты зерделеу, рынок тауарын іздестіру. Маркетингтің бұл үлгісі – жалпы каммерциялық қызметің маңызды бөлігі, себебі, тұтынушылардың сұрау салуды зерделеусіз кәсіпкер үшін мүмкін емес. Кәсіпорынның шаруашылық қызметі үшін маркетингтің осы екі үлгісі де бір жолғы болу керек. Тек кәсіпорынның өндіріс және рынок жағынан мүмкіншілікке жан-жақты талдау жасау нағыз каммерциялық табысқа жеткізеді.

11.3. Маркетинг стратегиясын таңдау және өткізу

Маркетингтің негізгі бернесі мен принциптері. Маркетингтің негізгі принципі – жалпыға бірдей нысаналығы, яғни тұтынушылардың қалаулары мен нақтылы талаптарына сай өндірістің түпкілікті нәтижелеріне бағдарлануы.

Маркетингтің негізгі бернелері: талдамалық, өндірістік, өткізушілік, басқару және бақылау. Маркетингтің талдамалы берненің нәтижесі оның өндірістік бернесін және қосалқы бернесін іске асырудағы негізі болып табылады. Шығарылған тауарлар,

өндірілген өнімдер рынокқа келіп түседі. Мұндағы маркетингтің негізгі міндеті тиімді өткізу, оны тұтынушыларға жеткізу.

Өткізім тұжырымының тәсімі және маркетинг мына төмендегі бейнемен көрінеді:

Өткізу тұжырымдамасы

Тауарлар ——> Өткізім және сату- ——> Сату көлемінің өсуінен ды ынталандыру алынған пайда.

Маркетинг тұжырымдамасы

Қажетсіну ——> Біріктірілген ——> Сатып алушылардың қажеттілігін маркетинг қанағаттандыру есебінен

алынған пайда

Нарықтық экономика жағдайында өндіріс қызметінің табысы басқару және бақылау бернесіне байланысты болады. Маркетингтің барлық бернелерін іске асыру, ойластырылмаған жоспарлау, маркетингтің ақпарат және коммуникациямен қамтамасыз етілмеуі, сол сияқты маркетингтік басқарудың соңғы сатысы – бақылаусыз мүмкін емес.

  • Маркетингтің негізгі принциптері мыналардан тұрады:

  • тұтынушы мұқтажын, нарықтық жағдайды, кәсіпорынның нақты мүмкіндіктерін дәлме-дәл білу арқылы өнім өндіру;

  • тұтынушы мұқтажын мейлінше толық қанағаттандыру, нақтылы проблемаларды шешу үшін оны құлалдармен немесе құрал-жабдықтар кешендерімен қамтамасыз ету, балама принцип - өнім өткізетін орындарды іздестіре отырып, өнім өндіру мен қызмет көрсету;

  • нақтылы бір рынок жағдайына жоспарланған мөлшерде және белгілі мерзімде өнімді өткізумен қызымет көрсетуді тиімді жүзеге асыру;

  • ғылыми-техникалық ойды және нарық жаңалықтарын пайдаланып, тауарларды өткізуді дайындау үшін зерттеулерді ұдайы қорыта отырып, кәсіпорынның өндірістік-каммерциялық қызметінің ұзақ мерзімді нәтижелілігінің пайдалылығын қамтамасыз ету;

  • сұранысты қалыптастыру мен оған жағдай жасауға бір мерзім ішінде ықпал ете отырып, тұтынушылардың үнемі өзгеріп отыратын талаптарына дағдыланудағы өндірушінің жүріс-тұрыс стратегиясы мен тактикасының тұтастығы.

Маркетингтегі бастысы – мақсаты бағдарлану және кешенділік, яғни кәсіпкерлік, шаруашылық , өндірістік және өткізу қызметтерінің қосылуы.

Кешенділік – маркетингті колдануды іске асыру нәтижелілікке жеткізуді крсетеді, егер де ол жүйе ретінде пайдаланылса, ал маркетингтің жекелеген әрекетері шын мәнінде, оң нәтижелілікке жеткізбейді.

Кәсіпорынның мүмкіншіліктерін зерделеу. Жеткізушілер, делдалдар, бәсекелестер және қоршаған жағдайларды зерделеу, кәсіпорын өзінің маркетинг мақсатын орындау үшін не істеу керектігін анықтауға себепкер болады. Өндірісті, қаржыларды, жабдықтарды, кадрларды және басқа да ресурстарды талдау, оның осылар үшін қолда қандай мүмкіншіліктерінің бар екендігін, қандай ресурстардың қолда бары, олардың қандайлары қажетті, керектілерін қандай бағамен сатып алуын, т.б. анықтауға мүмкіндік береді.

Кәсіпорынның әлуеттілігін зерделеу мына төмендегі мақсатқа сай бөлімдерден жүргізіледі: өндіріс, өнімді бөлу және өткізу, ұйымдық құрылым және менеджмент, маркетинг, қаржылар.