Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Кәсіпорын экономикасы (1).docx
Скачиваний:
5
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
760.01 Кб
Скачать

Студенттердің білімдерін тексеруге арналған сұрақтар:

  1. Өнімді тиімді өткізу қандай факторларға байланысты?

  2. Шығындардың түрлерін атап өтіңіз

  3. Кәсіпорында шикізатты өңдеуден дайын өнімді алғанға дейін көрініс

  4. Кәсіпорынның табыстылығын бағалаудың салыстырмалы көрсеткіштері

  5. Бір уақытына түсімдер мен шығындар қатар жүруі нені сипаттайды?

  6. Кәсіпорынның өткізілген өнімнің бір теңгесінен 25 тиын пайда алынса қандай көрсеткішті сипаттайды?

Ұсынылатын әдебиеттер:

1. Экономика предприятия. Учебное пособие/Куатова Д.Я. Алматы

2. Экономика предприятия. /Под ред. Горфинкеля В.Я. и Швандара А.С. Учебник для вузов, 5 изд. М.: ИНФРА-М, 2008г.

3. Экономика предприятия. Учебное пособие/ В.П.Волков, А.И.Ильин, В.И.Станкевич и др.; под общей редакцией А.И.Ильина, М.:Новое знание, 2008г.

4. Экономика предприятия/ Под ред. Академика В.М.Семенова, 4-е изд. Спб.:Питер, 2007г.

5. Скляренко В.И., Прудников В.М., Акуленко Н.Б. Экономика предприятия. Учебное пособие, ИНФРА-М, 2007г.

Тақырып11. Кәсіпорынның маркетингтік және өндірістік қызметі

Лекция мақсаты: студенттерге кәсіпорындағы еңбекті және оның әлеуметтік-экономикалық дамуын жоспарлау негіздерімен таныстыру

Лекция сұрақтары:

11.1. Маркетинг және стратегиялық жоспарлау

11.2. Маркетинг шешімдерге арналған ақпараттар

11.3. Маркетинг стратегиясын таңдау және өткізу

11.1. Маркетинг және стратегиялық жоспарлау

Елімізде болып жатқан нарықтық қатнастардың ықплымен үнемі қозғалыста болатын маркетинг қызметі рыноктың шарттары мен талаптарына толық бағынышты.

Маркетингтің негізі болып табылатыны – бұл бірін- бірі толықтыратын тәсілдеме. Бұл дегеніміз рынокты жан-жақты және нақтылы зерделеу, сол сияқты рынокқа белсенді ықпал ету, қажеттілікті және тұтынушының артықшылығын қалыптастыру. Дайындаушы мен тұтынушыны байланыстыру және олардың бірін-бірі табуға жәрдем беру – кез келген маркетинг қызметінің басты мақсатына жатады.

Нарықтық экономикасы дамыған елдерде маркетинг кәсіпорынның рыноктық және өндірістік стратегиясын анықтайтын басқарудың басты бернесі ретінде қаралады. Осы жағдайға байланысты ол нақты тұтынушылардың, нақты зерттеу мен болжау негізінде мол табыс табуға, сыртқы өнім шығарушы кәсіпорынның ішкі және сыртқы рыноктың қазіргі жағдайын және оның болашағын білуге бағытталады. Сонымен бірге, кәсіпорынның маркетинг қызметіне бәсекелесті зерттеу, баға саясатын қамтамасыз ету, өнімді өткізу мен жарнамалауды ынталандыру, тауарларды өткізуді тиімді ұйымдстыруды жолға қою, тағы басқа да шаралар жатады.

Маркетинг – бұл шын мәнінде, кәсіпорынның кез келген шаруашылық қызметін басқару жүйесінің маңызды бөлігі болып табылады.

Маркетинг – бұл рынокты талдау, кәсіпорындар қызметінің әр қилы түрлерінің өзара іс қимылдарын қамтитын өндірісті ұйымдастыру және өнімді өткізудегі кешенді жүйе: жоспарлау, баға құрылымы, сату (сатып алу), шикізаттарды жеткізу, өнім (тауарлар) және қызмет көрсету.

Маркетинг – нарық жағдайында іс жүргізудің басты концепцияларының бірі.