
- •Мазмұны
- •Пәннің типтік оқу бағдарламасы
- •8. Пәннің мазмұны (таңдау пәндер компоненті бойынша)
- •8.1 Әр тақырыптың атауы және мазмұны
- •9. Пәннің күнтізбелік-тақырыптық жоспары
- •10. Дәріс (лекция), практикалық және зертханалық сабақтар жоспары
- •11. Соөж-ын жүргізу жоспары
- •12. Сөж тапсырмаларын орындау және өткізу графигі
- •13. Курстық жұмыс тақырыптары
- •14. Негізгі және қосымша әдебиеттер тізімі
- •Пәннің күнтізбелік-тақырыптық жоспары
- •9. Дәріс (лекция), практикалық және зертханалық сабақтар жоспары
- •10. Соөж-ын жүргізу жоспары
- •11. Сөж тапсырмаларын орындау және өткізу графигі
- •12. Курстық жұмыс тақырыптары
- •13. Негізгі және қосымша әдебиеттер тізімі
- •13.2. Өзін өзі дайындауға арналған сұрақтар:
- •15. Студенттің білімін бағалау жүйесі
- •15.1. Студенттің рейтингін қою шкаласы
- •15.2 Қорытынды бағаны есептеу
- •15.3 Студенттің оқу жетістіктерінің балдық- рейтингтік әріптік жүйе бойынша бағалау және сәйкесінше бағалаудың дәстүрлі шкаласына аудару
- •15.4 Академиялық тәртіп саясаты
- •1.1 Қазақстан Республикасы экономикасының ұзақ мерзімге даму бағыттары.
- •1.3 Қазақстан Республикасының мемлекетік өнеркәсіптік саясатының негізгі бағыттары.
- •Ұсынылатын әдебиеттер:
- •Тақырып2. Кәсіпорын шаруашылық жүргізу обьектісі ретінде
- •2.1. Кәсіпорын – шаруашылықты жеке жүргізетін субъект және нарықтық қатынастардың негізгі жүргізуші.
- •2.2. Кәсіпорынның басты міндеттері.
- •Студенттердің білімдерін тексеруге арналған сұрақтар:
- •Ұсынылатын әдебиеттер:
- •Тақырып 3. Өндірістің экономикалық және әлеуметтік тиімділігі
- •3.1. Өндіріс тиімділігінің мәні, түрлері және көрсеткіштер жүйесі.
- •Өндірістің абсолюттік және салыстырмалы тиімділігі.
- •3.3. Өндіріс қызметінің тиімділік көрсеткіштері.
- •Студенттердің білімдерін тексеруге арналған сұрақтар:
- •Ұсынылатын әдебиеттер:
- •Тақырып 4. Кәсіпорын ресурстары және оларды пайдалану тиімділігі. Негізгі капитал
- •4.1. Кәсіпорынның негізгі қорларының экономикалық мәні, олардың құрамы және құрылымы.
- •Кеңейтілген ұдайы өндірістегі негізгі қорлардың рөлі.
- •Негізгі қорлардың амортизациясы және тозуы.
- •Студенттердің білімдерін тексеруге арналған сұрақтар:
- •Ұсынылатын әдебиеттер:
- •Тақырып 5. Шикізат, материалдық және отын-энергетикалық ресурстар
- •5.1.Өнеркәсіпті дамыту үшін шикізат және отын-энергетикалық ресурстар маңызы.
- •5.2. Шикізат және отын-энергетикалық ресурстардың жіктелуі.
- •5.3. Материалдық ресурстарды пайдалану көрсеткіштері және тиімді пайдаланудың жолдары
- •Студенттердің білімдерін тексеруге арналған сұрақтар:
- •Ұсынылатын әдебиеттер:
- •Тақырып 6. Айналым капитал
- •6.1 Кәсіпорынның айналым капиталы туралы түсінік, оның құрамы және құрылымы.
- •6.2. Айналым қорлардың құрамы және құрылымы.
- •6.3. Айналыс қорлардың құрамы. Айналым капиталды қаржыландырукөздері.
- •Студенттердің білімдерін тексеруге арналған сұрақтар:
- •Ұсынылатын әдебиеттер:
- •Тақырып 7. Еңбек ресурстары
- •Кәсіпорынның еңбек ресурстары және кадрлары, олардың құрамы және құрылымы, қалыптастыру көздері.
- •Кадрларды бағалау көрсеткіштері.
- •Студенттердің білімдерін тексеруге арналған сұрақтар:
- •Ұсынылатын әдебиеттер:
- •Тақырып 8. Кәсіпорын қызметінің экономикалық механизмі.Еңбек ақы төлеу
- •8.1.Еңбек ақы төлеудің мәні және қағидалары
- •8.2.Еңбек ақының мәні және оның қалыптасуы
- •Кәсіпорындағы еңбек ақы төлеудің формалары және жүйелері
- •Студенттердің білімдерін тексеруге арналған сұрақтар:
- •Ұсынылатын әдебиеттер:
- •9.1.Нарық және инвестициялық процесс
- •Студенттердің білімдерін тексеруге арналған сұрақтар:
- •Ұсынылатын әдебиеттер:
- •10.1.Кәсіпорындардың шығындары, олардың түрлері және өндірілетін өнімнің өзіндік құны туралы түсінік
- •10.2. Өнімнің өзіндік құнының түрлері
- •10.3. Өнімнің өзіндік құнының құрылымы және оның әр түрлі салалардағы ерекшеліктері
- •Студенттердің білімдерін тексеруге арналған сұрақтар:
- •Ұсынылатын әдебиеттер:
- •Тақырып11. Кәсіпорынның маркетингтік және өндірістік қызметі
- •11.1. Маркетинг және стратегиялық жоспарлау
- •11.2. Маркетинг шешімдерге арналған ақпараттар
- •11.3. Маркетинг стратегиясын таңдау және өткізу
- •Тақырып12. Өнімнің бәсекелік қабілеттілігін қамтамасыз ету
- •12.1. Өнім сапасы: түсінігі, көрсеткіштері және деңгейін өсіру жолдары
- •12.2. Кәсіпорындағы өнім сапасын басқару жүйесі
- •12.3. Өнім сапасын басқарудың жаңа стратегиясы
- •Тақырып13. Кәсіпорын қызметінің қаржылық нәтижесі. Табыс және өндіріс рентабельділігі
- •13.1. Пайда – кәсіпорынның шаруашылық қызметінің қаржылық нәтижесінің жиынтық көрсеткіші ретінде.
- •13.2. Табысты қалыптастыру және тарату тәртібі.
- •Тақырып14. Кәсіпорын қаржысы
- •14.1. Өнеркәсіп қаржысы туралы түсінігі және міндеттері
- •14.2. Кәсіпорындағы қаржы қатынастар көрінісінің нысандары
- •14.3. Кәсіпорынның қаржы қызметінің негізгі қағидалары мен ұйымдастыру бағыттары
- •Тақырып 2. Кәсіпорын шаруашылық жүргізу объектісі ретінде
- •Тақырып 3. Өндірістің экономикалық және әлеуметтік тиімділігі
- •Тапсырманы орындауға арналған әдістемелік нұсқау
- •Тақырып 4. Кәсіпорындардың ресурстары және оларды тиімді пайдалану. Кәсіпорынның негізгі капиталы.
- •Тапсырманы орындауға арналған әдістемелік нұсқау
- •Тақырып 6. Айналым капитал
- •Тақырып 7. Еңбек ресурстары
- •Тапсырманы орындауға арналған әдістемелік нұсқау
- •Тақырып 8. Кәсіпорын қызметінің экономикалық механизмі. Еңбек ақы төлеу.
- •Тапсырманы орындауға арналған әдістемелік нұсқау
- •Тақырып 9. Кәсіпорынның инвестициялық және инновациялық саясаты
- •Тапсырманы орындауға арналған әдістемелік нұсқау
- •Тақырып 10. Өнімді өткізу және өндіріс шығындары
- •Өз бетінше орындауға арналған тапсырмалар:
- •Тапсырманы орындауға арналған әдістемелік нұсқау
- •Тақырып 11. Кәсіпорынның маркетингтік және өндірістік қызметі
- •Өз бетінше орындауға арналған тапсырмалар:
- •Тапсырманы орындауға арналған әдістемелік нұсқа
- •Тақырып 12. Өнімнің бәсекелестігін қамтамасыз ету
- •Тапсырманы орындауға арналған әдістемелік нұсқа
- •Тақырып 13. Кәсіпорын қызметінің қаржы нәтижесі. Табыс және өндіріс рентабельділігі
- •Өз бетінше орындауға арналған тапсырмалар:
- •Тапсырманы орындауға арналған әдістемелік нұсқа
- •Тақырып 14. Кәсіпорын қаржысы
- •Өз бетінше орындауға арналған тапсырмалар:
- •Тапсырманы орындауға арналған әдістемелік нұсқа
- •Тақырып 3. Өндірістің экономикалық және әлеуметтік тиімділігі
- •Тақырып 4. Кәсіпорындардың ресурстары және оларды тиімді пайдалану. Кәсіпорынның негізгі капиталы.
- •Тақырып 5. Шикізат, материалдық және отын-энергетикалық ресурстар
- •Тақырып 6. Айналым капитал
- •Тақырып 7. Еңбек ресурстары
- •Тақырып 8. Кәсіпорын қызметінің экономикалық механизмі. Еңбек ақы төлеу
- •Жеке категориядағы жұмысшылардың орташа айлық еңбек ақысы жылдық еңбек ақы қорын орташа жылдық санына бөлу жолымен анықталады.
- •Тақырып 2. Кәсіпорын шаруашылық объектісі ретінде
- •Тақырып 4. Кәсіпорындардың ресурстары және оларды тиімді пайдалану. Кәсіпорынның негізгі капиталы.
- •4. Есептерді шығару:
- •Тақырып 5. Шикізат, материалдық және отын-энергетикалық ресурстар
- •Тақырып 6. Айналым капитал
- •Тақырып 7. Еңбек ресурстары
- •4.Есептерді шығару:
- •Тақырып 10. Өнімді өткізу және өндіріс шығындары
- •Тақырып 11. Кәсіпорынның маркетингтік және өндірістік қызметі
- •Тақырып 12. Өнімнің бәсекелестігін қамтамасыз ету
- •Тапсырманы орындау бойынша әдістемелік нұсқау
- •Тақырып 14. Кәсіпорын қаржысы
- •Пәннің оқу-әдістемелік қамтамасыз етілу картасы ке 3302 «Кәсіпорын экономикасы» пәні бойынша «5в050600 - Экономика» мамандығы
Студенттердің білімдерін тексеруге арналған сұрақтар:
Еңбек ақының мәні неде?
Өнімнің еңбек сиымдылығы қалай анықталады?
Жалақының бес фунциясын айқындап беріңіз
Кәсіпорында агрегаттардың үлкен бірлік қуат бөлігінің көбеюі қалай сипатталады?
Кәсіпорында еңбек күшін пайдалану тиімділігін қалай арттыра аламыз?
Кәсіпорынның төлемқабілеттілігі қандай факторларға байланысты?
Ұсынылатын әдебиеттер:
1. Экономика предприятия. /Под ред. Горфинкеля В.Я. и Швандара А.С. Учебник для вузов, 5 изд. М.: ИНФРА-М, 2008г.
2. Экономика предприятия. Учебное пособие/ В.П.Волков, А.И.Ильин, В.И.Станкевич и др.; под общей редакцией А.И.Ильина, М.:Новое знание, 2008г.
3. Экономика предприятия/ Под ред. Академика В.М.Семенова, 4-е изд. Спб.:Питер, 2007г.
4. Скляренко В.И., Прудников В.М., Акуленко Н.Б. Экономика предприятия. Учебное пособие, ИНФРА-М, 2007г.
5. Абрютина М.С. Экономика предприятия. Учебник. М.: Изд.Дело и сервис, 2004г.
Тақырып9. КӘСІПОРЫННЫҢ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ИННОВАЦИЯЛЫҚ САЯСАТЫ
Лекция мақсаты: студенттерге кәсіпорындағы еңбекті және оның әлеуметтік-экономикалық дамуын жоспарлау негіздерімен таныстыру
Лекция сұрақтары:
9.1. Нарық және инвестициялық процесс.
9.2. Кәсіпорынның инвестициялық қызметінің стратегиясы:мәні және әзірлеу қағидалары
9.3. Кәсіпорынның инвестициялық тартымдылығын бағалау әдістемесі
9.1.Нарық және инвестициялық процесс
Батыс Еуропа және Жапония елдерінің әлемдік экономикада жетекші орындарын алып қалу мақсатының нәтижесінде «экономикалық жарылыс» болды. Технологиялық көшбасшылыққа таласу өз экономикаларының бәсеке қабілеттілігін арттырып, сыртқы саудада жоғары пайда әкелді.
Бұл кезеңде коммунизм мен капитализмнің бір-біріне қарама-қарсы тұруының нәтижесінде «қару-жарақтар жарысы» басталды. Оның негізі жаңа ғылыми-техникалық революция жетістіктеріне байланысты, нәтижесінде олар «жоғары технологиялар» деп аталды. Бұл бір-бірімен бәсекелес елдердің әскери-өндірістік комплекстерінде теориялық ашуларды тез меңгеруге алып келді. Әлемдік тәжірибеге сай алғашқы инновациялық инфрақұрылым элементтері территориялық ғылыми-өнеркәсіптік комплекстер болып табылды. Сол уақыттарда инновациялық инфрақұрылымның негізгі элементі ғылыми парктер болды. Сонымен бірге ғылыми парктердің келесідей түрлері қалыптасты:
технопарктер;
зерттеу парктері – жаңашылдықты жетілдіруде тек техникалық үлгісін жасайтын сатысына дейін қызмет етеді;
инкубаторлар;
технополистер;
Барлық ғылыми парктерді үш модельге байланыстырсақ болады: америкалық модель (АҚШ, Ұлыбритания), жапондық модель (Оңтүстік Корея ж.т.б.) және аралас модель (Франция, Германия ж.т.б.). Америкалық модельдің негізгі ерекшелігі, ғылыми парктер ірі университеттердің немесе ғылыми зерттеу орталықтарының жанынан құрылуы болып табылады. Бұл жерде жерге меншік университеттің немесе ғылыми орталықтың басқаруында болады. Осы территорияда ғылыми зерттеулерге және инновациялық қызметтің дамуына қажет барлық қызмет түрлері көрсетілді. Бірақ, университеттің өзі оның құрылуында тек көмекші роль атқарды. Оның негізгі қызметі кәдімгі жалға берушімен салыстырғанда, қолайлы жағдайда жерді жалға беруге бағытталды.
АҚШ-та ғылыми парктер түрлерінің ең бір дамыған түрі технопарктер болып табылады. Әртүрлі мәліметтерге сүйенсек, бүгінгі күні әлемде 500-ге жуық технопарктер қызмет етеді. Оның 160-тан астамы АҚШ-та орналасқан.
АҚШ-та ең бірінші технопарк 1951-ші жылы Стэндфорд университетінің территориясында құрылып, онда жер 51 жылға жалға берілген. Технопарктің ұйымдастырушысы университеттің өзі болып табылды. Бүгінгі күні технопаркте 808 акр территрориясында 150-ден астам компаниялар орналасқан. Оның ішінде АҚШ-тың ірі гиганттары электроника саласынан – IBM және Hewlett Packard, аэроғарыштық – Lockheed, химиялық және биологиялық салаларынан әлемге танымал ірі компаниялары шыққан.
АҚШ-тың басқа ірі технопарктері – «Зерттеу үшбұрышы» және «128-ші жол» болып табылады. «Зерттеу үшбұрышы» технопаркі Солтүстік Каролинада 1970 жылы штаттың үш ірі университеттерінің базасында құрылды. Нәтижесінде құрамына 20-дан астам ұсақ университеттер мен колледждер, сонымен бірге 40 зерттеу орталықтары енді. Оның территориясында 50-ге жуық жоғары технологиялы компаниялар, 30-ға жуық банктер және венчурлық қорлар орналасқан. 1991 жылы технопаркте жұмыспен қамтылған халықтың саны 20 мың адамнан асқан.
«128-ші жол» – Массачусет технологиялық институты және Гарвард университеті базасында құрылған ірі технопарктердің бірі. Бүгінгі күні оның территориясында серпінді технологиялары бар 700-ден астам ірі фирмалар, 2,5 мыңға жуық ұсақ фирма - өнертапқыштар орналасқан.
АҚШ-тағы зерттеу парктерінің мысалына коммерциялық мақсатта емес, университеттер территориясында орналасқан өнеркәсіппен тығыз байланыста болатын, бірақ өнеркәсіптік коорпорациялар құрамына енбейтін зерттеу институтын келтіруге болады. Мұндай парк ретінде АҚШ-та Иллиндік технологиялық орталығы танылды. Оның жылдық бюджеті 70 миллион АҚШ доллар көлеміне тең.
Ұлыбританияда технопарктердің құрылуы XX ғасырдың 70-жылдары басталды, яғни АҚШ-тан кешірек, Батыс Еуропа елдерінің ішінен ертерек басталды. Елдің алғашқы ғылыми парктері – Кембридж және Бердчвуд парктері болып табылады. Кембридж ғылыми паркі Тринити колледжінің 110 акр территориясында орналасқан. Мұнда шағын инновациялық кәсіпорындарға жер 25 жыл көлемінде жалға берілді. Оның территориясында 3 мыңға жуық жұмыс орындары ашылған. Бердчвуд ғылыми паркі ешқандай университеттермен байланысы жоқ, бірақ оның ұйымдастырылуына – жергілікті биліктің коммерциялық бастамасы себепші болды. Парктің территориясында 32 компания орналасқан. Оның 17-і – шетелдік, соның ішінде 16-сы – американдық компаниялар болып табылады. Мұнда көпшілік компаниялар электроника саласына маманданған.
Ұлыбританияның алғашқы зерттеу паркі 1971 жылы Шотландияның Единбург қаласында құрылған – Хериот-Уотт зерттеу паркі болып табылады. Оның территориясында ғылыми зерттеулер жүргізуге рұқсат етіліп, өндіріске тыйым салынады.
Батыс Еуропада 80 жылдары ғылыми парктің жаңа нысаны – инкубаторлар кеңінен тарала бастады. Еуропалық ғалымдар оларды инновациялық орталықтар деп атады. Олардың негізгі міндеті – кәсіпкерлердің идеяларын жетілдіру, ғылыми зерттеулерді қаржыландыруға қоғамдық және жеке қорлардың қаражаттарын тарту және шағын инновациялық кәсіпорындар қызметінің бастапқы этапында қолдаулар көрсету болып табылады. Әлемде 90 жылдары инкубаторлар кеңінен таралып, бүгінгі күні олардың саны 2 мыңға жеткен. Олардың көпшілігі бизнес-инкубаторлар болып табылады.
Ғылыми парктердің жапондық моделі америкалық модельге сүйенгенімен өзіндік ерекшеліктері жеткілікті. Негізгі ерекшелігі ғылыми зерттеулерге және жоғары технологиялы өндіріске бағытталған жаңа қалалар – технополистер құру болып табылады. Технополистер территориясында барлық қажетті әлеуметтік, өндірістік, транспорттық инфрақұрылым құрылған. Технополистерді құру жобасы 1982 жылы мемлекеттің тікелей қолдауымен қабылданды. Бірақ, оның толық жүзеге асып бітуі 2000 жыл болды.
«Технополис» жобасының негізгі мақсаты – ғылыми әзірлемелердің коммерциялануына қолайлы жағдай қамтамасыз ету арқылы Жапонияны әлемдегі алдыңғы қатарлы технологияларды жасаушы ету болып табылды.
Технополистерді құру орындары ретінде төрт аралының 19 аймағы таңдалған. Бұл аймақтар келесі белгілер бойынша таңдалды:
негізгі құрылатын қаладан (халқы 200 мың адамнан кем емес) 30 минуттық қашықтықта орналасуы және Токио, Нагои және Осака қалаларына бір күндік қашықтықта орналасуы;
500 кв. мильден аспайтын алаңы болуы;
әсем табиғаты бар жерде орналасу;
Технополистер ғылыми-өнеркәсіптік комплекстер, университеттер және ғылыми-зерттеу орталықтары негізінде құрылды. Технополистердің құрылысы аймақтық деңгейде жергілікті салықтардан түскен түсімнен және ірі корпорациялардың салымдарынан қаржыландырылды. Үкімет тарапынан үйлер мен құрал-жабдықтарға жеделдетілген амортизация бойынша салықтық жеңілдіктер және жалпы қажет инвестициялар көлемінің үштен бір бөлігінде субсидиялар берілді. Сонымен қатар, жобаға 15 жыл көлеміне жылдық пайызы 2,7-3% мөлшерімен несие алуға мүмкіндік берді. Технополистерді дамытуға салымдарын салған жеке инвесторларға арнайы экономикалық аймақ шеңберінде жеңілдіктер көрсетілді.
Жапонияның ең ірі технополисі бірі – «Цукуба» технополисі. 1981 жылы Токиодан 35 миль қашықтықта құрылған «Цукубада» Жапонияның алдыңғы қатарлы 98 мемлекеттік ғылыми зерттеулік лабороторияларының 30-ы орналасқан.
90 жылдардың ортасында Жапония «Технополис» жобасын жүзеге асыру нәтижесінде биотехнология және ақпараттық жүйе саласындағы жетістіктері бойынша әлемдегі алдыңғы қатарлы орынға ие болды. Сонымен бірге Жапония дәстүр бойынша электроника, медицина және машина жасау салаларынан да алдыңғы қатарлы орында болып отыр.
Ғылыми парктердің аралас моделінің негізгі өкілдері Еуропа елдері болып саналады. Олар өздерінің негізі жергілікті ерекшелігін негізге алу арқылы технопарктерді құрудың америкалық концепциясына сүйенді. Еуропалық технопарктер америкалық секілді ғылыми орталықтар территориясында немесе оларға жақын маңда орналасты. Сонымен бірге, онда жапониялық технополистегі секілді тұтынушыларға барлық қызмет түрлері көрсетілді. Батыс Еуропа ғылыми парктеріне тән екі ерекшелік бар:
бір ғимаратта барлық шағын фирмалардың орналасуы нәтижесінде коллективті қызмет көрсетулер жүйесін пайдалануға мүмкіндік берілді;
бірнеше құрылтайшылардың болуының қиындығы болғанымен, басқару механизмі тиімді болып келді.