Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Кәсіпорын экономикасы (1).docx
Скачиваний:
5
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
760.01 Кб
Скачать

Студенттердің білімдерін тексеруге арналған сұрақтар:

  1. Негізгі қорлардың барлық жөндеу жұмыстары қай есебінде жүргізіледі?

  2. Өндіріс құралдарының қайсысы негізгі қорлар құрамына кіреді?

  3. Негізгі қорлардың бастапқы құнынан жинақталған амортизацияны алғанда қандай көрсеткіш қалыптасады?

  4. Құрал-жабдықтың тиімді уақыт қоры неге тең

  5. Капиталдың моральды тозу себебі.

  6. Амортизацияны бір қалыпты аудару тәсілінде амортизациялық аударымдар неге тәуелді?

  7. Құрал-жабдықтың нақты жұмыс уақытының істеу мүмкін уақытына қатынасы қандай коэффициенті көрсетеді?

  8. Мүліктің құнын толтыру, комиссиондық сый ақылар, мүлікті сақтандыру құны нені сипаттайды?

Ұсынылатын әдебиеттер:

  1. Экономика предприятия. Учебное пособие/ Куатова Д.Я. Алматы-2011г.

  2. Экономика предприятия. /Под ред. Горфинкеля В.Я. и Швандара А.С. Учебник для вузов, 5 изд. М.: ИНФРА-М, 2008г.

  3. Экономика предприятия. Учебное пособие/ В.П.Волков, А.И.Ильин, В.И.Станкевич и др.; под общей редакцией А.И.Ильина, М.:Новое знание, 2008г.

  4. Экономика предприятия/ Под ред. Академика В.М.Семенова, 4-е изд. Спб.:Питер, 2007г.

  5. Скляренко В.И., Прудников В.М., Акуленко Н.Б. Экономика предприятия. Учебное пособие, ИНФРА-М, 2007г.

Тақырып 5. Шикізат, материалдық және отын-энергетикалық ресурстар

Лекция мақсаты: студенттергенарық жағдайдағы ресурстарды үнемдеудің экономикалық мәнімен таныстыру және табиғи ресурстарды пайдаланудың рационалды жолдары бойынша есептерді шығаруды үйрену.

Лекция сұрақтары:

5.1.Өнеркәсіпті дамыту үшін шикізат және отын-энергетикалық ресурстар маңызы.

5.2. Шикізат және отын-энергетикалық ресурстардың жіктелуі.

5.3. Материалдық ресурстарды пайдалану көрсеткіштері және тиімді пайдаланудың жолдары

5.1.Өнеркәсіпті дамыту үшін шикізат және отын-энергетикалық ресурстар маңызы.

Фактор сөзі (лат. аударғанда – істеуші, өндіруші). Біз фактор сөзін нарық жағдайында кәсіпорынның қосалқы цехтары мен өндірістерінің жұмысына әсер етуші күш деп қарастырып отырмыз.

Нарық жағдайында кәсіпорынның қосалқы цехтары мен өндірістерінің жұмыс тиімділігіне көптеген факторлар әсер етеді.

Жағымды – бұл факторлар, аты айтып тұрғандай-ақ, кәсіпорынның қызметіне жағымды әсер етеді.

Жағымсыз – керісінше бұл әсер ету бағытына байланысты жіктелуі.

Ал пайда болу жеріне байланысты факторларды ішкі және сыртқы деп классификациялауға болады.

Ішкі факторлар кәсіпорынның өз қызметіне байланысты, яғни бұл факторды өзі туғызады.

Кәсіпорынның тиімділігін арттыратын факторларға:

1. Өндіріс процесінде негізгі қорларды қолдануды жақсарту;

2. Экономиканың құрылымын дамыту, оңтайлы инвестициялық факторлар, ұтымды басқару; кәсіпорынның әлеуметтік инфрақұрылымын ары қарай дамыту; өнімнің сапасын артыру және т.б. жатады.

Бірінші топқа жататын факторлар кәсіпорынның өндірістік ресурстарын, алдағы мүмкіндіктерін анықтайды.

Осы мүмкіншіліктердің әрі қарай іске асырылуы екінші факторға байланысты, яғни нарық қатынастарына байланысты.

Олардың жүзеге асырылуы келесілерге бағытталған:

  • нарықтың сұранысын қамтамасыз ету мақсатында өндірістің ырғақтылығын қажетті ресурстарды уақытылы жеткізу;

  • тиімді коммерциялық жұмысты жүргізу үшін өндіріс шығындарын азайту және бірқалыпты жағдайда сақтау;

  • кәсіпорынның техниалық және экономикалыфқ деңгейін қамтитын табыс көлеміне қол жеткізу. Бұл тауарлық маркетингті жүргізу барысында жүзеге асырылады.

Факторларды объективті және субъективті және субъктвиті деп бөлуге болады.

Объективті – бұл кәсіпорынның қызметіне тәуелді емес факторлар. Мысалы: әртүрлі табиғи апаттар.

Субъективті факторлар – бұл факторлар кәсіпорынның қызметіне тікелей байланысты, олар әрқашанда басқарушының көз алдында бөлу керек.