Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Кәсіпорын экономикасы (1).docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
760.01 Кб
Скачать
    1. Өндірістің абсолюттік және салыстырмалы тиімділігі.

Шағын кәсіпкерліктің қызмет ету тиімділігін жоғарылату қажеттігі мен мүмкіндігі үнемі әсер ететін факторлармен және Қазақстанның экономикалық дамуы кезеңінің қазіргі заманғы ерекшелігімен ескертіледі. Жалпы тиімділік мәселесі жаңа емес, ол материалдық өндіріс кезеңінің интерпретациясынан бері бар және белгілі-бір өндіріс түрінің өндірістік қатынастарын көрсетеді. Нарық қатынастарының қалыптасу жағдайында, бір нарық субъектісінің жұмысының нәтижесі, басқа субъектілерінің жұмысының нақтылығына және жинақылығына байланысты, мұндағы тиімділік мәселесі анықтаушы болады.

Өндірісті басқару жүйесінде кәсіпорынның қызметінің тиімділігін объективті анықтай алу үлкен мағынаға ие.

Экономикалық тиімділік басты әлеуметтік-экономикалық санат, оған динимикалық және тарихи қасиеттер тән. Өндірістік қызметтің тиімділік әрбір әлеуметтік құрылымның өндірістік қуатының әртүрлі деңгейінде дамуы мүмкін. Қоғамның тарихи дамуының барлық кезеңінде келесі сұрақ қойылады: қанша шығын мен ресурстарды жұмсау арқылы соңғы өндірістік нәтижеге қол жеткізіледі. Сонымен, тиімділікті бағалаудың сандық мөделі экономикалық нәтиже мен шығынның, ресурстың арасындағы қатынас арқылы анықталады. Шығыны мен ресурстың бірлігінен соңғы нәтижені максималдау немесе соңғы нәтиженің бірлігіне шығындар мен ресурстарды минималдау қоғамның еңбек қауымының жеке адамның алғашқы мақсаты. Бұл мақсат, оған жету әдісі, экономикалық тиімділікті жоғарылату жолдары мен резервтері (олардың классификациясы мен сандық бағалануы) экономикалық ғылымның және экономикалық пәндердің мазмұны болып табылады (салалық және функционалдық).

Өнеркәсіптегі шағын кәсіпкерліктің қызмет ету тиімділігін өлшеудің бастапқы принциптері қоғамдық формациялардың барлығына бірдей. Әрине, айырмашылықтар да бар, олар жермен, уақытпен және бағалау әдісін тәжірибелі нақты белгілеумен, ең соңында экономикалық қатынастардың сипатымен, сондай-ақ экономиканы басқару ұйымдастырумен анықталады.

3.3. Өндіріс қызметінің тиімділік көрсеткіштері.

Нарық экономиканың және кәсіпкерліктің негізі табыс болып табы­латындықтан, экономикалық тиімділіктің алғашқы критерийі негізінде шығын мен ресурстың бірлігіне өнімнің, жұмыстың және қызметтің сапалылығымен сақтай отырып, олардың бәсекеқабіліттілігін қамтамасыз ете отырып табысты максималдау алға қойылады. Жаңа жағдайда тиімділіктің жалпыұлттық критерийі де сақталады: шығын мен ресурстың бірлігіне халықтың әлеуметтік жағдайын жақсарта отырып ұлттық табысты, жалпы ұлттық өнімді максаималдау.

Тиімділіктің критерийлерінің мұндай иерархиясы қисынды және нарық экономикасындағы жағдайды көрсетеді, яғни қызмет етудің жалпыұлттық тиімділігі, қызмет етудің алғашқы ұяшығының қызметінің тиімділігіне тәуелді (кәсіпорының акционерлік қоғамның). Алғашқы буының қызмет ету тиімділігі жоғары болған сайын бүкіл жалпыұлттық экономиканың тиімділігі жоғарылай түседі, қоғамда, мемлекетте әлеуметтік және экономикалық мәселелерді шешуге ресурс көп болады.

Тиімділік жалпы (абсолюттік) және салыстырмалы (қатысты) болып ажыратылады. Жалпы тиімділік жалпыэкономикалық нәтижелер мен белгілі-бір кезеңдегі экономикалық әртүрлі деңгейіндегі (макро-микро) қызмет ету тиімділігін және кәсіпорындар мен аудандар бойынша тиімділік деңгейінің динамикасын салыстыру үшін, бағалау үшін және талдау үшін қажет.

Салыстырмалы тиімділік альтернативті ең ұтымды (оптималды) бала­маны таңдау үшін өндірістік-шаруашылық, техникалық және ұйымдық шешімдерді қабылдағанда есептеледі және талданады. Мұндай таңдау технико-экономикалық көрсеткіштер жүйесінің баламаларын салыстыру негізінде, өтелу мерзімін есептеу немесе қосымша капитал салымдарының тиімділігі, экономикалық тиімділіктің көлемінің коэффициентінің негізінде жүзеге асырылады.

Келесі тарауда экономиканың басты буыны – шағын кәсіпкерлік субъектілерінің қызмет ету тиімділігінің көрсеткіштер жүйесі қарас­тыралады. Бұл көрсеткіштер жүйесі өнеркәсіптегі шағын кәсіпкерлік субъектісінің барлық ресурстардың пайдаланылуына жан-жақты баға береді.