
- •Мазмұны
- •Пәннің типтік оқу бағдарламасы
- •8. Пәннің мазмұны (таңдау пәндер компоненті бойынша)
- •8.1 Әр тақырыптың атауы және мазмұны
- •9. Пәннің күнтізбелік-тақырыптық жоспары
- •10. Дәріс (лекция), практикалық және зертханалық сабақтар жоспары
- •11. Соөж-ын жүргізу жоспары
- •12. Сөж тапсырмаларын орындау және өткізу графигі
- •13. Курстық жұмыс тақырыптары
- •14. Негізгі және қосымша әдебиеттер тізімі
- •Пәннің күнтізбелік-тақырыптық жоспары
- •9. Дәріс (лекция), практикалық және зертханалық сабақтар жоспары
- •10. Соөж-ын жүргізу жоспары
- •11. Сөж тапсырмаларын орындау және өткізу графигі
- •12. Курстық жұмыс тақырыптары
- •13. Негізгі және қосымша әдебиеттер тізімі
- •13.2. Өзін өзі дайындауға арналған сұрақтар:
- •15. Студенттің білімін бағалау жүйесі
- •15.1. Студенттің рейтингін қою шкаласы
- •15.2 Қорытынды бағаны есептеу
- •15.3 Студенттің оқу жетістіктерінің балдық- рейтингтік әріптік жүйе бойынша бағалау және сәйкесінше бағалаудың дәстүрлі шкаласына аудару
- •15.4 Академиялық тәртіп саясаты
- •1.1 Қазақстан Республикасы экономикасының ұзақ мерзімге даму бағыттары.
- •1.3 Қазақстан Республикасының мемлекетік өнеркәсіптік саясатының негізгі бағыттары.
- •Ұсынылатын әдебиеттер:
- •Тақырып2. Кәсіпорын шаруашылық жүргізу обьектісі ретінде
- •2.1. Кәсіпорын – шаруашылықты жеке жүргізетін субъект және нарықтық қатынастардың негізгі жүргізуші.
- •2.2. Кәсіпорынның басты міндеттері.
- •Студенттердің білімдерін тексеруге арналған сұрақтар:
- •Ұсынылатын әдебиеттер:
- •Тақырып 3. Өндірістің экономикалық және әлеуметтік тиімділігі
- •3.1. Өндіріс тиімділігінің мәні, түрлері және көрсеткіштер жүйесі.
- •Өндірістің абсолюттік және салыстырмалы тиімділігі.
- •3.3. Өндіріс қызметінің тиімділік көрсеткіштері.
- •Студенттердің білімдерін тексеруге арналған сұрақтар:
- •Ұсынылатын әдебиеттер:
- •Тақырып 4. Кәсіпорын ресурстары және оларды пайдалану тиімділігі. Негізгі капитал
- •4.1. Кәсіпорынның негізгі қорларының экономикалық мәні, олардың құрамы және құрылымы.
- •Кеңейтілген ұдайы өндірістегі негізгі қорлардың рөлі.
- •Негізгі қорлардың амортизациясы және тозуы.
- •Студенттердің білімдерін тексеруге арналған сұрақтар:
- •Ұсынылатын әдебиеттер:
- •Тақырып 5. Шикізат, материалдық және отын-энергетикалық ресурстар
- •5.1.Өнеркәсіпті дамыту үшін шикізат және отын-энергетикалық ресурстар маңызы.
- •5.2. Шикізат және отын-энергетикалық ресурстардың жіктелуі.
- •5.3. Материалдық ресурстарды пайдалану көрсеткіштері және тиімді пайдаланудың жолдары
- •Студенттердің білімдерін тексеруге арналған сұрақтар:
- •Ұсынылатын әдебиеттер:
- •Тақырып 6. Айналым капитал
- •6.1 Кәсіпорынның айналым капиталы туралы түсінік, оның құрамы және құрылымы.
- •6.2. Айналым қорлардың құрамы және құрылымы.
- •6.3. Айналыс қорлардың құрамы. Айналым капиталды қаржыландырукөздері.
- •Студенттердің білімдерін тексеруге арналған сұрақтар:
- •Ұсынылатын әдебиеттер:
- •Тақырып 7. Еңбек ресурстары
- •Кәсіпорынның еңбек ресурстары және кадрлары, олардың құрамы және құрылымы, қалыптастыру көздері.
- •Кадрларды бағалау көрсеткіштері.
- •Студенттердің білімдерін тексеруге арналған сұрақтар:
- •Ұсынылатын әдебиеттер:
- •Тақырып 8. Кәсіпорын қызметінің экономикалық механизмі.Еңбек ақы төлеу
- •8.1.Еңбек ақы төлеудің мәні және қағидалары
- •8.2.Еңбек ақының мәні және оның қалыптасуы
- •Кәсіпорындағы еңбек ақы төлеудің формалары және жүйелері
- •Студенттердің білімдерін тексеруге арналған сұрақтар:
- •Ұсынылатын әдебиеттер:
- •9.1.Нарық және инвестициялық процесс
- •Студенттердің білімдерін тексеруге арналған сұрақтар:
- •Ұсынылатын әдебиеттер:
- •10.1.Кәсіпорындардың шығындары, олардың түрлері және өндірілетін өнімнің өзіндік құны туралы түсінік
- •10.2. Өнімнің өзіндік құнының түрлері
- •10.3. Өнімнің өзіндік құнының құрылымы және оның әр түрлі салалардағы ерекшеліктері
- •Студенттердің білімдерін тексеруге арналған сұрақтар:
- •Ұсынылатын әдебиеттер:
- •Тақырып11. Кәсіпорынның маркетингтік және өндірістік қызметі
- •11.1. Маркетинг және стратегиялық жоспарлау
- •11.2. Маркетинг шешімдерге арналған ақпараттар
- •11.3. Маркетинг стратегиясын таңдау және өткізу
- •Тақырып12. Өнімнің бәсекелік қабілеттілігін қамтамасыз ету
- •12.1. Өнім сапасы: түсінігі, көрсеткіштері және деңгейін өсіру жолдары
- •12.2. Кәсіпорындағы өнім сапасын басқару жүйесі
- •12.3. Өнім сапасын басқарудың жаңа стратегиясы
- •Тақырып13. Кәсіпорын қызметінің қаржылық нәтижесі. Табыс және өндіріс рентабельділігі
- •13.1. Пайда – кәсіпорынның шаруашылық қызметінің қаржылық нәтижесінің жиынтық көрсеткіші ретінде.
- •13.2. Табысты қалыптастыру және тарату тәртібі.
- •Тақырып14. Кәсіпорын қаржысы
- •14.1. Өнеркәсіп қаржысы туралы түсінігі және міндеттері
- •14.2. Кәсіпорындағы қаржы қатынастар көрінісінің нысандары
- •14.3. Кәсіпорынның қаржы қызметінің негізгі қағидалары мен ұйымдастыру бағыттары
- •Тақырып 2. Кәсіпорын шаруашылық жүргізу объектісі ретінде
- •Тақырып 3. Өндірістің экономикалық және әлеуметтік тиімділігі
- •Тапсырманы орындауға арналған әдістемелік нұсқау
- •Тақырып 4. Кәсіпорындардың ресурстары және оларды тиімді пайдалану. Кәсіпорынның негізгі капиталы.
- •Тапсырманы орындауға арналған әдістемелік нұсқау
- •Тақырып 6. Айналым капитал
- •Тақырып 7. Еңбек ресурстары
- •Тапсырманы орындауға арналған әдістемелік нұсқау
- •Тақырып 8. Кәсіпорын қызметінің экономикалық механизмі. Еңбек ақы төлеу.
- •Тапсырманы орындауға арналған әдістемелік нұсқау
- •Тақырып 9. Кәсіпорынның инвестициялық және инновациялық саясаты
- •Тапсырманы орындауға арналған әдістемелік нұсқау
- •Тақырып 10. Өнімді өткізу және өндіріс шығындары
- •Өз бетінше орындауға арналған тапсырмалар:
- •Тапсырманы орындауға арналған әдістемелік нұсқау
- •Тақырып 11. Кәсіпорынның маркетингтік және өндірістік қызметі
- •Өз бетінше орындауға арналған тапсырмалар:
- •Тапсырманы орындауға арналған әдістемелік нұсқа
- •Тақырып 12. Өнімнің бәсекелестігін қамтамасыз ету
- •Тапсырманы орындауға арналған әдістемелік нұсқа
- •Тақырып 13. Кәсіпорын қызметінің қаржы нәтижесі. Табыс және өндіріс рентабельділігі
- •Өз бетінше орындауға арналған тапсырмалар:
- •Тапсырманы орындауға арналған әдістемелік нұсқа
- •Тақырып 14. Кәсіпорын қаржысы
- •Өз бетінше орындауға арналған тапсырмалар:
- •Тапсырманы орындауға арналған әдістемелік нұсқа
- •Тақырып 3. Өндірістің экономикалық және әлеуметтік тиімділігі
- •Тақырып 4. Кәсіпорындардың ресурстары және оларды тиімді пайдалану. Кәсіпорынның негізгі капиталы.
- •Тақырып 5. Шикізат, материалдық және отын-энергетикалық ресурстар
- •Тақырып 6. Айналым капитал
- •Тақырып 7. Еңбек ресурстары
- •Тақырып 8. Кәсіпорын қызметінің экономикалық механизмі. Еңбек ақы төлеу
- •Жеке категориядағы жұмысшылардың орташа айлық еңбек ақысы жылдық еңбек ақы қорын орташа жылдық санына бөлу жолымен анықталады.
- •Тақырып 2. Кәсіпорын шаруашылық объектісі ретінде
- •Тақырып 4. Кәсіпорындардың ресурстары және оларды тиімді пайдалану. Кәсіпорынның негізгі капиталы.
- •4. Есептерді шығару:
- •Тақырып 5. Шикізат, материалдық және отын-энергетикалық ресурстар
- •Тақырып 6. Айналым капитал
- •Тақырып 7. Еңбек ресурстары
- •4.Есептерді шығару:
- •Тақырып 10. Өнімді өткізу және өндіріс шығындары
- •Тақырып 11. Кәсіпорынның маркетингтік және өндірістік қызметі
- •Тақырып 12. Өнімнің бәсекелестігін қамтамасыз ету
- •Тапсырманы орындау бойынша әдістемелік нұсқау
- •Тақырып 14. Кәсіпорын қаржысы
- •Пәннің оқу-әдістемелік қамтамасыз етілу картасы ке 3302 «Кәсіпорын экономикасы» пәні бойынша «5в050600 - Экономика» мамандығы
15.2 Қорытынды бағаны есептеу
Пән бойынша қорытынды бағаның пайыздық құрылымы келесі формуламен есептеледі:
И% = Р1+Р2 х 0,6 + Э х 0,4
2
мұнда: Р1 –1-ші рейтингті бағалаудың пайыздық құрылымы;
Р2 – 2-ші рейтингті бағалаудың пайыздық құрылымы;
Э – емтихан бағасының пайыздық құрылымы (тест-емтихан).
15.3 Студенттің оқу жетістіктерінің балдық- рейтингтік әріптік жүйе бойынша бағалау және сәйкесінше бағалаудың дәстүрлі шкаласына аудару
Әріптік жүйе бойынша бағалау |
Баллдардың сандық баламасы |
Оқу пәнін меңгерудің %-қ мазмұны |
Дәстүрлі жүйе бойынша бағалау |
A |
4,0 |
95-100 |
үздік |
A- |
3,67 |
90-94 |
|
B+ |
3,33 |
85-89 |
жақсы |
B |
3,0 |
80-84 |
|
B- |
2,67 |
75-79 |
|
C+ |
2,33 |
70-74 |
қанағаттанарлық |
C |
2,0 |
65-69 |
|
C- |
1,67 |
60-64 |
|
D+ |
1,33 |
55-59 |
|
D |
1,0 |
50-54 |
|
F |
0 |
0-49 |
қанағаттанарлықсыз |
15.4 Академиялық тәртіп саясаты
№ |
Тәртіпті бағалау критерийлері |
Баллдар саны |
1. |
Сабақтан кешігу |
-2 |
2. |
Сабақ кезінде ұялы телефонмен сөйлесу |
-2 |
3. |
Практика (семинар) сабақтарына белсене қатысу |
+1 |
4. |
Басқа да критерийлер |
- |
Ескерту:студенттің рейтингін төмендететін баллдар минуспен, жоғарылататын баллдар плюспен қойылады.
|
|
|
Т. Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университеті «Экономика және басқару»факультеті «Экономика» кафедрасы |
ЛЕКЦИЯЛЫҚ КЕШЕН
КЕ3302«Кәсіпорын экономикасы» пәні бойынша
«5В050600 - Экономика» мамандығы
Алматы, 2012ж.
Тақырып1. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ЭКОНОМИКАСЫНЫҢ ДАМУ СИПАТТАМАСЫЖӘНЕ ОНЫ МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУ
Лекция мақсаты: студенттерге кәсіпорын қызметін жоспарлаудың экономикалық мәні, маңызы және мазмұнымен, жоспарлау қағидалары мен әдістерімен таныстыру
Лекция сұрақтары:
1.1 Қазақстан Республикасы экономикасының ұзақ мерзімге даму бағыттары.
1.2 Қазақстан Республикасы экономикасының қазіргі кездегі салалық құрылымы.
1.3 Қазақстан Республикасының мемлекетік өнеркәсіптік саясатының негізгі бағыттары.
1.1 Қазақстан Республикасы экономикасының ұзақ мерзімге даму бағыттары.
Тәуелсіздік алғалы еліміз көптеген жетістіктерге қол жеткізіп, сонымен бірге әлемдік қоғамдастық алдындағы абыройымыз да жылдан жылға арта түсіп, экономикамыз бен мемлекеттігіміздің берік іргетасы қаланды. Қазақстанның алдағы дамуы, кемел келешегі экономикалық, әлеуметтік, саяси және әкімшілік тұрғыда жан-жақты сараланып, түбегейлі жаңа кезеңге аяқ бастық.
Дамыған елдердің қазіргі даму кезеңінің жаңа технологиялық әзірлемелерді жетілдіру мен ендірудің тиімді жүйесіне негізделген инновациялық экономикаға көшуін байқаймыз. Ел экономикасында табиғи ресурстарға бай болу факторы маңызды роль атқарған кезең аяқталып, оның орнына технологиялық дамуды жеделдету мақсатында сол табиғи ресурстарды жоғары тиімділікпен пайдалану мүмкіндігі шешуші рольге ие болған кезең басталды. Өндіріске арзан, әрі білікті емес мамандарды пайдалану кезеңі де аяқталу үстінде. Қазіргі жаңа кезеңде адамның инновацияны қабылдай ала білуі және оны жүзеге асыру қабілеті – басты ресурс болып қалыптасты.
Алдыңғы қатарлы шет елдердің стратегиялық көшбасшылығы көп жағдайда олардың ғылыми-техникалық саласының басымдылығынан көрінеді. Әлемдік нарықта елдің бәсеке қабілеттілігін анықтайтын шешуші фактор – елдің ғылыми-техникалық даму деңгейінің жоғарлылығы болып табылады. Жыл сайынғы Халықаралық бәсеке қабілеттілікті (WCY) анықтауды Халықаралық менеджмент институтының (IMD, Лозанна, Швейцария) жүргізуі нәтижесінде соңғы жылдары көшбасшылықты бермей келе жатқан елдердің экономикасы жоғары технологиялық өндіріске бағытталғандығын анықтады.
Қазақстан Республикасында инновациялық ортаның белсенділігін арттырудың қажеттілігі келесі факторлардың әсерінен болып отыр:
Біріншіден, әлемдік қауымдастықта еліміздің жаһандануы мен интеграциялану үрдісі ұлттық экономикамыздың әлемдік шаруашылықта өз орнының болуын талап етеді. Шикізат ресурстары және олардың тек алғашқы өңдеуден өткен өнімдері әлемдік нарықта қалыпты жағдай ұстап тұруға кепіл бермейді. Бұл жағдайдан шығудың жолы ол – жоғары технологиялы өнімдерді шығаруға бағытталған инновациялық экономика құру болып табылады. Инновациялық экономиканың басты міндеті – тек ішкі және сыртқы нарықта тұрақты сұранысқа ие бәсеке қабілетті өнімдермен қамтамасыз етіп қана қоймай, сонымен бірге сол өнімнің бәсеке қабілетілігінің жоғары деңгейін қалыпты ұстап тұруын қамтамасыз етеді.
Екіншіден, тәуелсіздік алғалы бергі тәжірибеміз көрсетіп отырғандай ішкі нарыққа тек шетел инвесторларын тарту арқылы шикізат бағытын басқару мүмкін емес. Соңғы жылдардағы қол жеткізген экономикалық өсу экспортталатын шикізат ресурстарының негізгі түрлеріне бағаның өсуіне және мұнай, газ, түсті және қара металдарды өндірудің көлемінің артуына байланысты болып отыр.
Бұл жерде мақсатқа сәйкес қадам – экономикамыздың салалық құрылымын өзгерту мен шағын және орта инновациялық кәсіпорындарды дамыту болып табылады. Мұндай шаралардың тиімділігі 20 жыл бұрын жаңа индустриалды елдердің ғылыми-техникалық саласының алғашқы даму кезеңінде көрінді. Ал соңғы жылдары олардың экономикасында болған өзгерістер нәтижесі басқаша қарауды талап етеді.
Үшіншіден, Қазақстанды дамыған елдер қатарына жатқызуға мүмкіндік беретін белгі – ғылыми-техникалық әлеуеттің жоғары болуы. Бірнеше жылдар бұрын жаңа индустриалды елдер өз дамуының индустриалды бағытын бастағанда осы ресурстың болмауы олардың экономикасында да байқалды. Республикамызда жүргізілген реформалар нәтижесінде ғылыми-техникалық әлеуетімізді сақтап қалуға мүмкіндік болғанымен, инновациялық қызметтің дамымауына байланысты отандық ғылыми жетістіктеріміздің толық берілуі жүрмеді.
Экономикамызды диверсификациялау жолымен салалармыздың, отандық кәсіпорындарымыздың инновациялық белсенділігін арттыру жайында Президентіміздің Қазақстан халқына Жолдауында баса айтылады (2007 жылғы 28 ақпан):
«Біз әлемдік нарықта жаңа технологиялар мен жаңа экономикамыздың жолсерігі болатын басқарудың жаңа жүйесін – ұлттық инновациялық жүйесін құруды бастадық. Осыған байланысты біздің стратегиялық міндетіміз – бәсеке қабілетті елдер арасынан лайықты орынға ие болу. Сондықтан да мемлекет пен жеке сектор арасында өзара келісілген және ортақ пайда әкелетін серіктестік байланыс орнатуымыз қажет».
Н.Ә.Назарбаев өзінің басқа да баяндамаларында инновациялық жетістіктерді экономикамызға ендіру мен пайдалану мәселелеріне көп көңіл бөлген. Мысалы, «Жаңа уақыт – жаңа экономика» тақырыбындағы баяндамасында былай деп айтады: «Жаңа экономика кең мағынада алғанда – бұл барлық салалар мен сегменттерге өткен инновациялар, ғылыми сыйымды жоғары технологиялар экономикасы. Шикізаттық және индустриалдық экономикадан интеллектуалдық ресурстарға, ғылыми сыйымды және ақпараттық технологияларға негізделген жаңа сапалы құбылысқа өту – соңғы уақытта әлемдік шаруашылықтың маңызды даму тенденциялары болып табылуда».
1.2 Қазақстан Республикасы экономикасының қазіргі кездегі салалық құрылымы.
Кәсіпкерлік - ежелден келе жатқан адамдардың іскерлік белсенділігі, каблеті Ол оның дамуы орта ғасырдан басталады: көпестер, саудагерлер, қоленер қызметкерлері Кәсіпкерліктің алғашкы дамуында кәсіпкер құрал -жабдықтарға иелік ете отырып, өздері сол кәсіпорында қолдап жұмыс ітеген. 16 ғасырды ортасынан бастап акционерлік капитал пайда бөлды, акционерлік қоғамдар құрыла бастады. Мысалы: 1554 жылы Англия сауда компаниясы, 1660 жылы Ост - Индия сауда компаниясы, 17 ғасырдың аяғында акционерлік банктер іске қосылды.
Кәсіпкерлік бұл - табысты алу мақсатымен өндірстің барлық факторларын қозғалысқа келтірілген және толық экономикалық жауапкершілкке негізделген, кауіптің және белгіздіктің белгілі үлесімен жанасатын, шаруашылық жүргізүші субъектілердің ынталы, инновациялық қызметіне негізделген өзін-өзі ұйымдастыру процесі. Ал кәсіпкер-бұл табысты алу мақсатымен кауіп және белгісіздік жағдайларында жұмыс icтeйтін, ендірістік-шаруашылық қызметтің барлық аймақтарындағы жаңалықтарға бейімді, жігерлі, білімдер мен ақпараттың белгілі деңгейінеиеадам.Өз көзегінде кәсіпкерлік табыс-бұл кәсіпкердің пайдасы (таза табысы) және үстеме пайдасы».
Ресейде, Қазақстанда кәсәпкерлік ерте заманнан келеді Қазақстанның көшпелі шаруашылық жағдайында кәсіпкерлік еркін дамыған жоқ. Ресейде Петр 1 патшалық, ету көзінде кәсіпкерлік ерте дамыды, бipaқ крепостной қоғам тежеді. Капитализмнің дамуымен кәсіпкерлікте дамыды. 1861 жылпы революциядан кейін Қазакастанда темір жол құрылысы, ауыр енеркәсіп салалары орын алды. Кәсіпкерліктің субъектісі бөлып -жеке адамдар сонымен бipгe заңды тулғалар, бірқкен серіктестер, арендалық ұжым, ашылық және жабық акционерлік қоғамдар, шаруашылық ассоциациялар, әр түрлі бірлестіктер және қорпорациялар бөлады.
Кәсіпкерлік дегеніміз - белгілі бір icтi істей білу. Ic icтey адамның белсенділігі. Белсенділік және іскерлік адамдардың мінөз - кұлқы типтерімен байланысты бөлады. Олар адамның еркін өмір сүру түpi болып табылады. Кәсіпкерлік кабілеттік адамдардың ерекше таланттылығы.
Оны түсіну үшін кәсіпкердің 2 функциясын түсіну керек.
Кәсіпкер барлық, ресурстарды: жер, капитал және еңбекті өнім өндіріу процесіне қосу ынтасын өз жауапкершігіне алады, яғни енірістің қозғаушы күші, ceбeбi icтeгeн ici пайда беретініне сенеді
Кәсіпкер өндipic процесіне барлық нeгізгi шешімдерді өз қолына алады және кәсіпорынның ic бағытын айқындайды.
Елдің бөлашақ тағдырын кәсіпкерлер шешеді және олар өз елі гүлденуіне аянбай жұмыс ітейтін, өзніңщ де пайдасын табатын, білікті де іскеp азаматтар бөлуы керек. Аш - жалаңаш елде кәсіпкер де, халық та болмайды. Нарықтық экономикада кәсіпкердің басты міндеті барлық экономикалық ресурстарды жұмысқа қосу және тиімді пайдалану. Осы арқылы жұмыссыздық жойылады, инфляция тежеледі, баға тұрақтанады.
Кәсіпкерлік — бұл пайда табуға бағытталған қызмет. Оның мазмұны енімге, жұмысқа қызметке сұранысты табу немесе калыптастырудан және сәйкесінше тауарлар, жұмыстар, қызметтерді тауар ретінде сату арқылы қанағаттандырудан турады. Кәсіпкерлік бұл пайда табуға бағытталған өзіндік шаруашылық қызметтің ендірістік немесе коммерциялық нeгізгi түpi- оны өз атынан турақты, яғни жүйелі негізде өзін тәуекелге тiге кәсіпкерлер деп аталатын заңды және жеке тулғалар жүзеге асырады.Бизнес кәсіпкерліктен гөpi кеңірек ұғым бөлып табылады. Ceбeбi көз - келген сферадағы бip көзектің коммерциялық мәмілелерді жүзеге асыратын, пайда табуға бағытталған қызмет бизнеске жатады. Кәсіпкерлік қызмет - жаңа идеяларды іске асырумен байланысты тәуекелді өз еркімен мойнына алуға дайын бөлу. Кәсіпкердің пайдасын акциялардан алынатын девидент, депозиттер бойынша пайыз, жер үшін жалгерлік төлемнен туратын меннік иесінің табысынан айырып білу қажет.
Кәсіпкер ол өз жауапкершілігімен басын қayiп пен қатерге және тәуекелге тiгe отырып, қызмет ететін нарықтың дербес агенті. Kәciпкep бөлу үшін капиталдың иeci бөлу шарт емес, кәсіпкердің басты капиталы ақша, еңбек қаруы және еңбек заты емес, ол оның интөллектісі мен тутынүшы психологиясын білуі. Сонымен бipгe кәсікерлікті менеджменттен, ал кәсіпкерді менеджерден айырып білу қажет. Менеджер - бұл кәсіпкердің алдына қойған міндеттерді шешуді ұйымдастыратын жалдамалы жұмыскер. Ол өз әрекеті үшін мүліктік жауапкершілікке ие бөлмайды.
Белгілі америқандық экономист Роберт Хизрач кәсіпкерліктің мәнін былай анықтайды: «Кәсіпкерлік - бұл кұны бар қандай да бip жаңа нәрсені құру үpдici, ал кәсіпкер - бұл осыған бар уақыты мен күшін жұмсайтын, өзінің мойнына барлық қаржылық, психологиялық және әлеуметтік тәукелділікті алатын және сыйлықка ақша және қол жеткізгенше қанағаттану алатын адам».Ал Питер Друкер кәсіпкерлік қызметтің теоретикалық негізгі Иозеф Шумпетердің линамикалық теңсіздігінің экономикалық теориясы табылады деп санайды. И. Шумпетер адамның қызметін мынадай мотивтерін атап көрсетеді.
♦ Кеңшілік пен билікті сөзіну мүмкіндігін беретін өзіндік және
меннік империяны негздеу арманы. ♦Жеңіске жетемін деген сенім
♦шығармашылық куанышы.Бұл қоғам үшін ең пайдалы мотив Сонымен кәсіпкердің негізгі сипаттамалары мыналар бөлып табылады:
Кәсіпкер өзі құратын немесе сатып алатын кәсіпорынға өзінің меннікті құралдары мен уақытын салады.Кәсіпкер жаңалық енгізүші бөлып табылады, ол техникада, ендіс үрдісінде, немесе өткізу әдістерінде жаңа бip нәрсені жасайды. Ол әрдайым өз iciн кеңейтуге және пайданы кебейтуге ұмтылады. Кәсіпкер ұйымдастырушылық каблетке ие және icтi тиімді жүргізудің алғашқы нeгiзгi ерекше және іске жақсы асырылған идея бөлып табылатынын басқарудан гөpi жақсы түсінеді. Кәсіпкер бұл ең, алдымен өзінің кәсіпкерлк қызметін ұйымдастырушы. Ұйымдастыру - бұл мақсатты анықтау, ресурстарды бөлу және оларды мақсатка жету үшінпайдалана білу. Ұйымдастыру - бұл міндетті калыптастыра білу, оны тікелей орындаүшыға жеткізу және орындалуын бакыылау. Ұйымдастыру ол шешімді кабылдай білу, міндеттемелер мен жауапкерілікті бөлістіре білу және жоспарлау, басқару, талдау бөлып табылады. Көз - келген бизнестің сәтті бөлуы кәсіпкерлік сферасын сәтті таңдауға, нарықтык, стратегияны және оны жүзеге асырудың тиімді тактикасын дұрыс анықтауға байланысты. Бұл басқа фирмалардағыдай старттық капитал мен күш жұмсауы жағдайында фирма жоғары іскерлік деңгейге шығаруға және нарықта алға басуға мүмкіндік береді.