Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Кәсіпорын экономикасы (1).docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
760.01 Кб
Скачать

Мазмұны

бет

Пәннің типтік оқу бағдарламасы

4

Пәннің оқу жұмыс бағдарламасы

9

Силлабус (пәннің оқу бағдарламасы)

28

Лекциялық кешен

51

Практикалық (семинар) сабақ тапсырмаларын орындау бойынша әдістемелік нұсқау

104

Студенттің оқытушының басшылығымен өздік жұмыстарды орындауы бойынша әдістемелік нұсқау

139

Студенттің өздік жұмысты орындауы бойынша әдістемелік нұсқау

166

Пәннің оқу-әдістемелік қамтамасыз етілу картасы

192

Курстық жұмыстарды орындау бойынша әдістемелік нұсқау

194

Пәннің типтік оқу бағдарламасы

1-БӨЛІМ. ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА ЖҮЙЕСІНДЕГІ КӘСІПОРЫННЫҢ ОРНЫ

1-тақырып. Кәсіпорын - шаруашылық объектісі, экономикалық жүйенің негізгі буыны ретінде

Кәсіпорын – шаруашылықты жеке жүргізетін субъект және нарықтық қатынастардың негізгі жүргізуші. Өндірістік кәсіпорындардың негізгі белгілері. Кәсіпорынның басты міндеттері және функциялары. Нарықтық экономика жағдайында кәсіпорындардың қызмет етуінің ерекшелік белгілері. Кәсіпорынның сыртқы ортасы: оның қызметіне ықпал ететін жағдайлар және факторлар. Кәсіпорынның кәсіпкерлік міндеттемелері және құқықтары.

Негізгі және қосымша белгілері бойынша кәсіпорындардың жіктелуі. Меншік нысандары, ұйымдық-құқықтық нысандары бойынша кәсіпорын түрледі. Кәсіпорындардың құрылымы. Кәсіпорындардың бірлестіктері.

Кәсіпкерлікті дамыту. Кәсіпкерлік: нысандары және түрлері. Кәсіпкерлік қызметтегі тәуекел, оны бағалау әдістері.

Банкроттықтың түсінігі және белгілері. Банкроттық және дағдарыс кезіндегі кәсіпорынды қайта құру және басқару. Кәсіпорынды санациялау, қайта құрылымдау және жою.

II-БӨЛІМ. КӘСІПОРЫНДАРДЫҢ РЕСУРСТАРЫ ЖӘНЕ ОЛАРДЫ ПАЙДАЛАНУ ТИІМДІЛІГІ

2-тақырып. Кәсіпорынның негізгі капиталы

Кәсіпорынның негізгі капиталының экономикалық мәні, олардың құрамы және құрылымы. Кәсіпорынның қызмет етуіндегі негізгі капиталдың орны.

Негізгі қорлардың тозуы, негізгі түрлері. Негізгі капиталды амортизациялаудың маңызы. Кәсіпорынның негізгі құралдарын бағалау әдістері. Амортизацияны есептеу әдістері: біркелкі, өндірістік, жеделдетілген, қалдық құнын азайту. Қазақстан Республикадағы амортизациялық саясат.

Негізгі капиталдың ұдайы өндірісі және пайдалану көрсеткіштері. Кәсіпорынның негізгі капиталын тиімді пайдалану факторлары және жолдары. Негізгі капиталдың бәсеке қабілеттілігін арттыру Қазақстан Республикасын индустриялық-инновациялық дамыту басымдықтарының бірі ретінде.

Кәсіпорынның тіркелген активтер. Кәсіпорынның материалдық емес активтері: түсінігі, түрлері. Материалдық емес активтердің амортизациясы.

3-тақырып. Кәсіпорынның айналым капиталы

Айналым капиталы: оның маңызы, құрамы және құрылымы. Айналым капиталын қаржыландыру көздері.

Айналым құралдарының айналымы. Айналым құралдарының айналымдылығын және пайдалануын сипаттайтын көрсеткіштер. Кәсіпорын жұмысының экономикалық көрсеткіштерін жақсартуда айналым құралдарының айналымдылығын жеделдетудің мәні.

Айналым құралдарына қажеттілікті анықтау: өндірістік запастарды, аяқталмаған өндірісті және дайын өнімді қалыптастыру үшін.

Кәсіпорын жұмысының нәтижесіне айналым капиталын басқарудың әсері. Тауарлы-материалдық запастардың құнын бағалау әдістері.

Кәсіпорынның айналым қаржыларды пайдалануды жақсартудың негізгі бағыттары.

4-тақырып. Шикізат, материалдық және отын-энергетикалық ресурстар

Шикізат және отын-энергетикалық ресурстар түсінігі және жіктелуі. Пайдалы қазбалар қорлардың жіктелуі және оларды экономикалық бағалау. Қазақстан Республикасының шикізат базасы және оны дамыту бағыттары.

Кәсіпорынның энергетикалық ресурстарын пайдалану. Ауыл-шаруашылық базасын дамыту. Шикізаттың химиялық түрлерінің өндірісін дамыту. Өндіріс тиімділігін көтеруді және қоршаған ортаны қорғауды ескере отырып материалдық ресурстарды ұтымды пайдалану жолдары.

Шикізат таңдауды экономикалық негіздеу, шикізатты кешенді түрде пайдалану, өндіріс қалдықтарын өндіру, шикізатты алғашқы өндеуден өткізу және толықтырудың экономикалық тиімділігі. Кәсіпорынның шикізаттық, материалдық және отын-энергетикалық ресурстарды басқару мәселелері. Кәсіпорынның материалдық ресурстарын пайдалануды талдау көрсеткіштері және әдістері.

5-тақырып. Кәсіпорынның еңбек ресурстары

Персоналдың жылжуын сипаттайтын көрсеткіштер.

Кәсіпорынның еңбек ресурстарына қажеттілігін анықтау. Кәсіпорын жұмыскерлерінің жалпы санын, өнім дайындаудың еңбек сиымдылығы бойынша, өнімділік мөлшері бойынша, қызмет көрсету мөлшері бойынша жұмысшыларға қажеттілікті, әкімшілік-басқару персоналының санын анықтау.

Кәсіпорындағы кадрлық жұмыс. Кәсіпорындағы персоналды басқару тұжырымдамасы. Кәсіпорынның қызметін тиімділігін қамтамасыз етуде ұйымдастырушылық мінез-құлықтың мәні және маңызы.

Еңбек ресурстарын пайдалану көрсеткіштері. Еңбек өнімділігі және оны есептеу әдістері. Еңбек өнімділігін өсіру факторлары және резервтері.

III-БӨЛІМ. КӘСІПОРЫННЫҢ ҚЫЗМЕТ ЕТУІНІҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ МЕХАНИЗМІ

6-тақырып. Кәсіпорындағы еңбек ақы төлеу

Еңбек мотивацияның мәні және нысандары. Еңбек ақы еңбекті мотивациялаудың негізгі нысаны ретінде. Еңбек ақының экономикалық маңызы және қағидалары.

Еңбек ақыны мемлекеттік реттеу. Еңбек ақыға мемлекеттік кепілдік беру. Квалификациялық анықтамалықтарды әзірлеу. Кәсіпорындардың еңбек ақыға бөлетін қаражаттарын, кәсіпорын жұмысшыларының табыстарын, әлеуметтік қажеттіліктерге бөлінетін аударымдарды салықтық реттеу. Әлеуметтік салықты есептеу әдістемесі. Жеке табыс салығының сипаттамасы. Міндетті әлеуметтік сақтандыру.

Әлеуметтік әріптестікті дамыту: бас, салалық және тарифтік келісімдер, ұжымдық келісім.

Кәсіпорындағы еңбекке ақы төлеуді ұйымдастыру. Тарифтік жүйе, еңбек ақыны ұйымдастырудағы оның маңызы және мазмұны. Жұмысшылардың еңбек ақы нысандары және жүйелері. Басшылардың, мамандар мен қызметшілердің еңбек ақысын ұйымдастыру. Еңбек ақының тарифтік емес жүйесінің маңызы. Еңбек ақыны ұйымдастырудың шетелдік тәжірибесі.

Еңбек күші шығындарының құнын анықтау. Кәсіпорын жұмыскерлері еңбек ақы қорының құрамы.

7-тақырып. Кәсіпорынның инвестициялық және инновациялық саясаты

Инвестициялардың экономикалық маңызы, олардың жіктелуі және көздері. Капиталдық салымдар, олардың құрамы және құрылымы.

Кәсіпорынның инвестициялық қызметі, оның маңызы, міндеттері, ерекшелігі және мемлекеттік қолдау. Инветсицияларды қаржыландыру көздері. Инвестициялық жоба: мазмұны, дайындау және жүзеге асыру кезеңдері. Альтернативті инвестициялық ұсыныстарды бағалау көрсеткіштері. Инвестициялардың экономикалық тиімділігін анықтау әдістемесі.

Кәсіпорынның инвестициялық қызметінің стратегиясы: мазмұны және әзірлеу қағидалары. Кәсіпорынның инвестициялық белсенділігі және тартымдылығы. Кәсіпорынның инвестициялық тартымдылығын бағалау әдістемесі.

Қазақстан Республикасының 2010-2014 жылдарға арналған Үдемелі индустриялық-инновациялық бағдарламасы, оның мақсаты, мазмұны, жүзеге асыру жолдары. Мемлекеттік даму институттары.

Қазақстан Республикасының ғылыми-техникалық саясаты. Инновациялардың маңызы және жіктелуі.

Кәсіпорындардағы инновациялық менеджмент: маңызы және міндеттері. Инновациялық үрдіс және инновациялық құрылым. Жаңашылдықты басқару.

Инвестициялық және инновациялық жобалардың портфелін қалыптастыру, олардың маңызы, қағидалары және бағалау факторлары.

8-тақырып. Өнімді өндіру және өткізу шығындары

Шығындар түсінігі, түрлері және құрамы. Кәсіпорын шығындарының жіктелуі. Қазақстан Республикасындағы кәсіпорындардың өнімді өндіру және өткізу шығындарының құрамы.

Калькуляциялау, оның түсінігі және қағидалары. Өнімді өндіру және өткізу шығындарын есепке алу және калькуляциялау әдістері. Калькуляциялаудың үрдістік, шекті және тапсырыстық әдістері. Шығындарды есепке алу мен калькуляциялаудың нақты және нормативтік әдістері.

Үстеме шығындар, олардың құрамы, бөлу белгілері. Үстеме шығындарды бөлу және басқарушылық шешімдерді қабылдау әдістемесі.

Өндіріс шығындарын анықтаудың шетелдік тәжірибесі. Өнімді өндіру және өткізу шығындарын азайтудың мәні, көздері және факторлары.

9-тақырып. Кәсіпорынның маркетингтік және өндірістік қызметі

Маркетинг - кәсіпорынның мақсатына жетудің кешенді жүйесі ретінде. Маркетингтің өндірісті ұйымдастыруға және кәсіпорынның негізгі функцияларына ықпалы.

Стратегиялық жоспарлау және маркетингтік тәсіл. Маркетинг стратегиясын таңдау және жүзеге асыру.

Жоспарлаудың әдіснамалық негіздері. Кәсіпорын жоспарларының құрылымы. Өндіріс ішіндегі жоспарлау.

Нарық жағдайында кәсіпорындағы өнім шығаруды жоспарлауды ұйымдастыру. Кәсіпорынның өндірістік бағдарламасын әзірлеу. Өндірістік бағдарламаны әзірлеудің нарықтық-ресурстық тәсілі. Кәсіпорын дамуының кезеңділігін ескере отырып өндірістік бағдарламаны жоспарлау. Нарықтық экономика жағдайында кәсіпорынның өндірістік бағдарламасын әзірлеу әдістемесі.

Кәсіпорынның өндірістік қуаты және оны анықтау әдістері.

10-тақырып. Кәсіпорынның бәсекеге қабілетілігін қамтамасыз ету

Өнімнің бәсекеге қабілеттілігі: түсінігі, оның деңгейін көтеру қажеттілігі. Қазақстан Республикасының индустриялық-инновациялық дамуы және өнімнің бәсекеге қабілеттілігіне арттыруға әсері.

Өнім сапасы: түсінігі, көрсеткіштері және деңгейін көтеру жолдары. Кәсіпорындағы өнім сапасын басқару жүйесі. Сапаны басқарудағы жаңа стратегия. Өнімді стандарттау. Өнімді сертификациялау.

Өнімнің бәсекеге қабілеттілігін өсірудегі бағаның рөлі. Өнімге, жұмысқа және қызметке белгіленетін баға түрлері. Кәсіпорындағы бағаны қалыптастыру әдістері. Нарықтық экономика жағдайындабағаны мемлекеттік реттеу.

Кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігінің мәні. Кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігіне ықпал ететін факторлар. Кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігін бағалау әдістемесі.

11-тақырып. Кәсіпорын қаржысы

Кәсіпорын қаржысы түсінігі және функциялары. Кәсіпорындағы қаржы қатынастарының қалыптасу нысандары. Кәсіпорынның қаржы қызметін ұйымдастырудың негізгі қағидалары және бағыттары. Қаржы механизмі: құрамдас элементтері, құқықтық, нормативтік және ақпараттық қамтамасыз ету.

Кәсіпорынның қаржы ресурстары. Қаржылық жоспарлау. Кәсіпорындағы қаржы ресурстарының қалыптасу көздері. Қарыз қаражаттарын алу әдістері. Несиелер, оларды берудегі негізгі қағидалар.

IV-БӨЛІМ. КӘСІПОРЫН ҚЫЗМЕТІНІҢ ҚАРЖЫ НӘТИЖЕЛЕРІ ЖӘНЕ ТИІМДІЛІГІ

12-тақырып. Кәсіпорын қызметінің қаржы нәтижелері

Табыс және пайда – кәсіпорынның шаруашылық қызметінің қаржылық нәтижелерінің жиынтық көрсеткіштері ретінде. Қазақстан Республикасының Салық кодексіне сай жылдық жиынтық табысты есептеуде анықталатын табыс түрлері. Кәсіпорын пайдасының қалыптасу және бөліну тәртібі. Кәсіпорын төлейтін салықтардың сипаттамасы. Кәсіпорын пайдасына салық салу және бөлу.

Қазақстан Республикасының салық жүйесі. Қазақстан Республикасының Салық кодексіне сай салық салынатын пайданы анықтауда есептелінетін шегерімдердің сипаттамасы. Корпоративтік табыс салығын анықтаудың жалпы ережелері. Корпоративтік табыс салығын есептеуде салық салынатын табысты анықтау әдістемесі. Қазақстан Республикасындағы қосылған құн салығы мен акциздерді есептеудің жалпы ережелері.

Кәсіпорындағы пайданы арттыру резервтері.

Өндіріс рентабелділігі – кәсіпорын жұмысының тиімділік көрсеткіші ретінде . Рентабелділік деңгейін көтеру жолдары.

13-тақырып. Өндірістің экономикалық тиімділігі

Өндірістің экономикалық тиімділігінің маңызы және оның түрлері.

Өндірістің жалпы тиімділігі және оның көрсеткіштер жүйесі. Өндіріс тиімділігінің дифференцияцияланған көрсеткіштері. Кәсіпорынның рентабельділік (табыстылық) көрсеткіштері. Өндірістік қызметтің тиімділік көрсеткіштері. Өтімділік көрсеткіштері. Қаржылық тұрақтылық көрсеткіштері.

Өндірістің салыстырмалы көрсеткіштері: мәні және оны анықтау әдістері. Инвестициялардың экономикалық тиімділігін анықтауда уақыт факторын есептеу (ақша ағындарын дисконттау) әдістері. Таза ағымдық құн және табыстылықтың ішкі нормасы көрсеткіштерінің сипаттамасы. Өндіріс тиімділігіне ықпал ететін факторлар.



Оқу нысаны

Күндізгі оқу нысаны

Кешкі оқу нысаны

ҚОТ қолдануымен

Сырттай оқу нысаны

Барлығы кредит

3

3

3

3

Курс

2

3

4

2,3

2,3

Семестр

3

5

2

3,5

4,5

Емтихан (семестр)

3

5

2

3,5

4,5

Барлығы сағат, соның ішінде:

135

135

135

135

135

Дәріс (сағат)

30

30

30

3

15

Практикалық (семинарлық) сабақ (сағат)

15

15

15

12

(электрондық практикум)

7

СОӨЖ (сағат)

30

30

30

54

15

СӨЖ (сағат)

60

60

60

54

98

Т.Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университеті

«Экономика және басқару» факультеті

«Экономика» кафедрасы

ПӘННІҢ ОҚУ ЖҰМЫС БАҒДАРЛАМАСЫ

КЕ 3302«Кәсіпорын экономикасы» пәні бойынша

«5В050600 - Экономика» мамандығы

Алматы, 2012ж.

1. Оқытушылар туралы мәлімет

  1. Әмірбекұлы Ержан,«Экономика» кафедрасының профессоры, экономика ғылымдарының докторы

  2. Расулова Асем Мансуровна, «Экономика» кафедрасының ағаоқытушысы

Байланысу ақпарат

  1. Каб 352, тел:3771138, 87772030160,87019599025

2. Пәннің пререквизиті

Студент «Микроэкономика», «Макроэкономика», «Бухгалтерлік есеп және аудит», «Қаржы», «Эконометрика» пәндерінен білімі болуы қажет, сондай ақ республиканың экономикалық ахуалы, экономикалық жағдайы туралы білімдері жөнінде толық түсінігі болуы қажет.

3. Пәннің постреквизиті

«Кәсіпорын экономикасы» пәнді оқып үйренгеннен кейін студенттер ары қарай «Шығындарды басқару», «Кәсіпкерлік», «Өндірісті ұйымдастыру», «Еңбекақы және еңбекті ұйымдастыру»пәндерін меңгеруі мүмкін және басқа жаңа курстарды магистратурада оқып үйрене алады.

4. Пәннің сипаттамасы

Экономиканың дамуы жаңа өндіргіш күштердің дамуына, оның нарықтағы тұтынушылардың қажеттіліктерін қанағаттандыруға икемделуіне ықпал етеді. Ал бұл жағдайлар, өз кезегінде, кәсіпорынның негізгі өндірістік қызметімен қатар, қосалқы өндірістерін де барынша тиімді пайдалануға итермелейді. Өйткені, негізгі өндіріс қосалқы өндіріссіз тиімді қызмет етуі мүмкін емес. Қазіргі кезде кәсіпорынның негізгі немесе қосалқы қызметінің экономикалық жағдайына баға беру оның тиімділігінің соңғы нәтижелері арқылы жүзеге асырылады.

5. Пәнді оқыту мақсаты

Қазақстан Республикасындағы кәсіпорынның экономикасын шаруашылық жүргізудің нарықтық жағдайында кәсіпорынның қызмет етуінің экономикалық механизмін зерттеу негізінде студенттердің экономикалық ой-өрісін дамыту болып табылады.Аталған саланың ел экономикасындағы маңызы мемлекеттің экспорттық мүмкіндіктерін ұлғайтуда, отандық өзара байланысты кәсіпорындардың тиімділігін арттыруда және олардың сыртқы өндірушілерге тәуелділігін төмендетуде, ауыл шаруашылық өнімдерін мақсатты пайдалануда және бәсекеге қабілетті өнімдер шығару арқылы еліміздің әлемдік нарықтағы беделін арттыруда көрініс табады.

6. Пәнді оқыту міндеттері

Кәсіпорын мәнімен, оның ұлттық экономика жүйесіндегі орны және рөлімен, шаруашылық жүргізу объектісі ретінде танысу;

Кәсіпорынның ресурстық базасы мен әр түрлі ресурстарды пайдалану тиімділігін қарастыру;

Кәсіпорынның қызмет етуінің шаруашылық механизмі мен оның қызметінің қаржылық нәтижелерін зерттеу және т.б..

«Кәсіпорын экономикасы» пәнін оқуда студент мыналарды білуі тиіс:

қалыптасқан құқықтық, экономикалық, қаржылық, және әкімшілік ортада кәсіпорынның қызмет етуінің нарықтық механизмдерін;

-кәсіпорында болатын экономикалық құбылыстар мен өзгерістердің мәнін, олардың өзара байланысы мен тәуелділігін;

-экономикалық құбылыстарды жүйелеу мен модельдеу білуді, алынған нәтижелерді қазіргі зерттеу әдістеріне сай бағалауды, өндірістің тиімділігін арттыру резервтерін анықтауды.

7.Пәннің құзыреттілігі

Аталған курс бакалаврларға кәсіпорында іске асырылатын экономикалық құбылыстар мен үрдістерді дағдылардың меңгеруге мүмкіндік береді. Кәсіпорында алуан түрлі ұйымдастырушылық-құқықтық нысандардағы кәсіпорындардың қызмет ету механизмдерін меңгерудегі олардың кәсіби білімінің ажырамас бөлігі болып табылады және тәжірибелік қызметті жүзеге асыру барысында тиімді шешімдер қабылдауға мүмкіндік береді.

Аталған курс:

- кәсіпорын аясындағы өз білімі мен қабілетін, соның ішінде қазақстандық кәсіпорындарды ұйымдастыру, басқару және дамыту аясында өз білімін көрсете білуге;

- бизнестің тиімді жүйесін құру үшін өз білімін қолдануға, сондай-ақ зерттеу аясындағы мәселелерді шешу мен негіздей алу үшін қажетті құзіреттіліктерді иеленуге;

    • - тәжірбиелік, экономикалық, ғылыми көзқарастарды ескере отырып шешім қабылдау үшін кәсіпорынның тәжірибесі мен теориялық негіздері туралы ақпараттарды жинау және дұрыс қолдана білуге;

    • - кәсіпорын аясындағы мамандарға және басқа да мүдделі тұлғаларға жаңа мәліметтерді, кәсіпорынның тиімділігін талдауды үйренуге, мәселелерді жеткізе білуге;

- өз білімін одан әрі дербес түрде жалғастыру үшін қабілетті дағдыларды иеленуге мүмкіндік береді.