
- •Патологиялық физиология кафедрасы силлабус
- •051302 "Стоматология" мамандығы үшін
- •1. Жалпы мәліметтер:
- •1.2 Патологиялық физиология кафедрасы
- •2. Бағдарлама:
- •2.2 Пәннің мақсаты:
- •2.3 Оқыту міндеттері:
- •2.4 Оқытудың соңғы нәтижелері:
- •2.7 Дәрістердің тақырыптық жоспары
- •2.7 Машықтық сабақтардың тақырыптық жоспары
- •2.8. Студенттердің аудиториядан тыс өзіндік жұмысы (сөж)
- •2.9 Негізгі және қосымша әдебиеттер
- •2.10 Құзыреттілікті қалыптастыру тәсілдері
- •2.11 Білімдерін бағалау критерийлері және ережелері
- •Тест түріндегі қорытынды бақылауды бағалау өлшемі
- •051302 - «Стоматология» мамандығының 3 курс студенттеріне арналған
2.10 Құзыреттілікті қалыптастыру тәсілдері
Көрсетілімдер, шолулық және мәселелік дәрістерді оқу.
Тәжірибелік сабақтарды жүргізу: тәжірибелік жұмыстарды орындау (лабораториялық жануарларға тәжірибе жасау, патофизиологиялық әдістерді меңгеру, аспаптармен жұмыс істеу, зерттеу нәтижелерін талқылау, хаттамаларды рәсімдеу, «соқыр» кестелерді толтыру, патогенездің схемасын құрастыру, сөзжұмбақтар шешу), кіші топтарда жұмыс жасау, блиц-ойындар.
СӨЖ түрлері: әдебиеттермен, мәліметтердің электрондық қорымен жұмыс, оқу материалдарын өздігінен оқып, кейін сынамадан өту және өзін өзі бағалау, көрсетілімдер эссе, дайындау, «соқыр» кесте толтыру, патогенездің схемасын құрастыру.
2.11 Білімдерін бағалау критерийлері және ережелері
Ағымдағы бақылау: тест тапсырмалары, ауызша сұрау, ситуациялық есептер шығару, тапсырмаларды орындалуын тексеру, шағын топтарда жұмыс жасағанда өзін өзі бағалау, топты бағалау, білімі, машықтық дағдысы, құқықтық дағдысы, коммуникациялық дағдысы, өзін өзі дамыту бағаланады
Аралық бақылау: тест тапсырмалары, клиникалық-зертханалық мәліметтерді сараптау: білімі, машықтық дағдысы, құқықтық дағдысы, коммуникациялық дағдысы, өзін өзі дамыту бағаланады
Қорытынды бақылау:емтихан екі кезеңнен тұрады: 1-кезең (білім мен құқықтық дағды бағаланады) және ситуациялық есептердегі клиникалық-зертханалық мәліметтерді сараптау-2-кезең (машықтық дағды мен коммуникациялық дағды бағаланады).
Тәжірибелік сабақтар
Бағаланатын құзыреттілік |
Деңгейлер |
|||
4 |
3 |
2 |
1 |
|
Білім
Ең жоғарғы балл – 100 балл |
(90-100б) Студент тақырып материалдарын терең білетін, патогенездік сызбанұсқаны қатесіз құрастырған. Материалды жеткізуі қойылған сұраққа сай, дұрыс таңдалған мысалдарды келтіріп, нақты түрде жауап берген. Материалды жеткізіп, айқын айта алған, топта жұмыс істей алатындығын көрсеткен, көшбасшының рөлін атқара алатын, өз көзқарасын талқылай білетін, оқытушы мен жолдастарына сыйластықпен қарайтын |
(75-89б) Студент тақырып материалдарын білетін, бірақ патогенездік сызбанұсқа құрастырғанда және жауаптарында мәнсіз қателіктер жіберген. Логикалық ойлауы дұрыс, негізделген қорытындылар жасаған. топта жұмыс істей алатындығын көрсеткен, оқытушы мен жолдастарына сыйластықпен қарайтын |
(50-74б) Студент тақырып материалдарын толық білмеген, сұрақты түсінбеген, бағдарлама бойынша келешектегі материалды меңгеруге жеткілікті білімін көрсеткен. Тақырып түсініктерін, атаусөздерді анықтауда, патогенездік сызбанұсқа құрастырғанда қиындықтар тудырған, оқытушының бірнеше қосымша сұрақтарынан соң түзеткен. Материалды айқын жеткізе алмаған |
(0-49б) Сабаққа қатысқан, бірақ материалды түсінбеген, патогенездік сызбанұсқаны құрастырғанда, тақырып түсініктерін, атаусөздерді анықтауда қиындықтар тудырған, оқытушының бірнеше қосымша сұрақтарынан соң түзете ,алмаған. Коммуникативті дағдыларды білмейтін |
Ең жоғарғы балл – 100 балл |
(90-100б) Студент тәжірибелерді дұрыс, ғылыми тұрғыда түсініп орындаған, жануарлармен жұмыс жасай алатындығын көрсеткен, тәжірибе хаттамасын дұрыс толтырған, ситуациялық есептерді талқылағанда дұрыс қорытындылаған, терең сараптама жасаған, барлық сұрақтарға негізделген және толық жауап берген. |
(75-89б) Студент тәжірибелерді дұрыс, ғылыми тұрғыда түсініп орындаған, жануарлармен жұмыс жасай алатындығын көрсеткен, бірақ хаттама толтырғанда және қорытындылағанда аздаған қателіктер жіберген, оқытушының ескертуінен соң түзеткен. ситуациялық есептерді талқылағанда дұрыс қорытындылаған, терең сараптама жасаған, бірақ аздаған қателіктер жіберген.
|
(50-74б) Сабақтың тәжірибелік бөлімін орындауда студент теориялық білімін қолдана алмаған, қажетті қиындықтағы тапсырманы орындай алған, хаттама толтырғанда айқын қателіктер жіберген, толық емес қорытындылар жасаған, ситуациялық есептер шығарғанда сараптамалары толық емес.
|
(0-49б) Сабақтың тәжірибелік бөлімін орындауға қатынасқан, хаттаманы толтыра алмаған, қорытынды жасай алмаған, ситуациялық есептерді сараптамаған. |
|
Студент топта жұмыс жасағанда өзін көшбасшы ретінде көрсете алды, пікірсайыстарда, есептерді шығарғанда жолдастарын, оқытушыға сыйластықпен қарап, өз көзқарасын дәлелдей алды, жолдасын зейінмен тыңдап, оның көзқарасын түсіне білді |
Студент топта жұмыс жасағанда өзін көшбасшы ретінде көрсете алмады, пікірсайыстарда, есептерді шығарғанда жолдастарын, оқытушыға сыйластықпен қарап, өз көзқарасын дәлелдей толық алмады, жолдасын зейінмен тыңдап, оның көзқарасын түсіне білді |
Студент топта жұмыс жасағанда өзін көшбасшы ретінде көрсете алмады, пікірсайыстарда, есептерді шығарғанда жолдастарын, оқытушыға сыйластықпен қарап, өз көзқарасын дәлелдей алмады, жолдасын зейінмен тыңдамады, оның көзқарасын түсіне білмеді |
Коммуникативті дағдыны білмеді |
№ 697 бұйрықтың негізгі қағидалары бойынша тесттілеу
|
(90-100б) 90-100% дұрыс жауап
|
(75-89б) 75-89% дұрыс жауап
|
(50-74б) 50-74% дұрыс жауап
|
(0-49) дұрыс жауап 50% -дан төмен |
Өзін өзі жетілдіру СӨЖ тапсырғанда және аралық бақылауда бағаланады.
СӨЖ - ең жоғарғы балл – 100 балл, 100%-ға сәйкес келеді. СӨЖ орындау үшін кез келген түрін таңдауға болады.
РЕФЕРАТ – рефератты бағалау бақылаудың әрбір түрінің орташа арифметикалық бағасы шығарылады.
Критерий |
Деңгейлер |
|||
4 |
3 |
2 |
1 |
|
Реферат мазмұнының тақырыпқа және оның мақсатына сәйкестігі Ең жоғарғы балл – 100 балл |
(90-100б) Реферат мазмұны тақырыпқа және оның мақсатына сәйкес |
(75-89б) Реферат мазмұны тақырыпқа және оның мақсатына сәйкес |
(50-74б) Реферат мазмұны тақырыпқа және оның мақсатына сәйкес |
(0-49б) Реферат мазмұны тақырыпқа сәйкес келмейді |
Тақырыптың толықтығы мен логикалық ашылуы Ең жоғарғы балл – 100 балл |
(90-100б) Тақырып толығынан ашылған, материал ойлы түрде арнайы атаусөздерді қолданылып, бағдарламада қарастырылған көлемде, кестелер, көрсетілімдер, патогенездің сызбанұсқасы келтіріліп, теориялық қағидаларды негіздейтін сапалы түрде жазылған.
|
(75-89б) Тақырып толығынан ашылған, материал ойлы түрде арнайы атаусөздерді қолданылып, бағдарламада қарастырылған көлемде, кестелер, көрсетілімдер, патогенездің сызбанұсқасы келтіріліп, теориялық қағидаларды негіздеуде аздаған қателіктер жіберілген. |
(50-74б) Реферат тақырыбы толық ашылмаған, кестелер, патогенездің сызбанұсқасы мен көрсетілімдерінің сапасы төмен. |
(0-49б) Реферат тақырыбы ашылмаған, кестелер, патогенездің сызбанұсқасы мен көрсетілімдері тақырыпқа сай емес. |
Материалды қамтып, қорытынды жасай білуі Ең жоғарғы балл – 100 балл |
(90-100б) Материал толық қамтылған, айқын, толық қорытындылар жасалған. |
(75-89б) Материал толық қамтылған, дұрыс қорытындылар жасалған |
(50-74б) Материал толық емес, қорытындылары айқын емес және қателіктер жіберген. |
(0-49б) Материал қамтылмаған, қорытындысы жоқ. |
Ақпарат көздерімен жұмыс жасай білуі Ең жоғарғы балл – 100 балл |
(90-100б) Заманауи ақпарат көздері жеткілікті көлемде қолданылған, библиографиялық қолданыстары өте жақсы орындалған. |
(75-89б) Негізінен заманауи ақпарат көздері қолданылған, |
(50-74б) Заманауи ақпарат көздері аз көлемде қолданылған, оның басым бөлігі ескірген. |
(0-49б) Ақпарат көздері келтірілмеген.
|
Реферат бойынша сұрақтарға жауап бере білуі Ең жоғарғы балл – 100 балл |
(90-100б) Студент тақырып материалдарын еркін меңгерген, негізді, қойылған сұрақтардың барлығына жауап береді |
(75-89б) Студент тақырып материалдарын жақсы біледі, сұрақтарға дұрыс жауап береді. |
(50-74б) Тақырып материалын студент нашар біледі, жеңіл сұрақтарға ғана жауап береді. |
(0-49б) Студент материалды білмейді, сұрақтарға нашар жауап береді. |
Рәсімдеу талаптарына сәйкестігі Ең жоғарғы балл – 100балл |
(90-100б) Рефераттың рәсімделуі кафедраның талаптарына сай келеді
|
(75-89б) Рефераттың рәсімделуі кафедраның талаптарына негізінен сай келеді
|
(50-74б) Рефераттың рәсімделуінде кафедраның талаптарына сәйкессіздігі бар
|
(0-49б) Рефераттың рәсімделуі кафедраның талаптарына сай келмейді
|
КӨРСЕТІЛІМ - көрсетілімді бағалау бақылаудың әрбір түрінің орташа арифметикалық бағасы шығарылады.
Критерий |
Деңгейлер |
|||
4 |
3 |
2 |
1 |
|
Реферат тақырыбының толық және ойлы түрде ашылуы Ең жоғарғы балл – 100 балл |
(90-100б) Көрсетілімнің мазмұны тақырыпқа және оның мақсатына сай. Тақырып толық ашылған, слайдтар ойлы бірізділікпен, арнайы атаусөздер және белгілер қолданылып берілген. Патогенездің сызбанұсқасы дұрыс берілген. Слайдтар мәтіні ойлы, айқын ашылған, қысқаша түрде түсінікті берілген. |
(75-89б) Көрсетілімнің мазмұны тақырыпқа және оның мақсатына сай. Тақырып толық ашылған, бірақ аздаған қателіктер бар, слайдтар ойлы бірізділікпен, арнайы атаусөздер және белгілер қолданылып берілген. Патогенездің сызбанұсқасын түсініксіз құрастырған. Слайдтар мәтіні ойлы, айқын ашылған, қысқаша түрде түсінікті берілген. |
(50-74б) Көрсетілімнің мазмұны тақырыпқа және оның мақсатына сай. Тақырып толық ашылмаған, слайдтар бірізділікпен берілмеген, арнайы атаусөздер және белгілер қолданылып берілген. Патогенездің сызбанұсқасында қателіктер бар. Слайдтар мәтіні негізінен сөзбен берілген. |
(0-49б) Көрсетілімде тақырып ашылмаған.
|
Ақпарат көздерімен жұмыс жасай білуі Ең жоғарғы балл – 100 балл |
(90-100б) Заманауи ақпарат көздері жеткілікті көлемде қолданылған. |
(75-89б) Заманауи ақпарат көздері қолданылған |
(50-74б) Заманауи ақпарат көздері аз көлемде қолданылған, оның басым бөлігі ескірген. |
(0-49б) Ақпарат көздерінің тізімі келтірілмеген.
|
Материалды қамтып, қорытынды жасай білуі Ең жоғарғы балл – 100 балл |
(90-100б) Материал толық қамтылған, айқын, толық қорытындылар жасалған. |
(75-89б) Материал толық қамтылған, дұрыс қорытындылар жасалған |
(50-74б) Материал толық емес, қорытындылары айқын емес және айқын қателіктер жіберген. |
(0-49б) Материал қамтылмаған, қорытындысы жоқ. |
Көрсетілімді ұсынып, сұрақтарға жауап беруі Ең жоғарғы балл – 100 балл |
(90-100б) Студент тақырыптың көрсетілімдік материалдарын еркін меңгерген, айқын, ғылыми атаусөздерді қолданып түсінікті баяндайды. Қойылған сұрақтарға жауап бергенде өзінің бағытын қолдай алады, талұылағанда ойлы түрде жауап береді. |
(75-89б) Студент тақырып материалдарын меңгере алады, бірақ еркін баяндай алмайды. Сұрақтардың басым бөлігіне дұрыс жауап береді. |
(50-74б) Тақырып материалын студент нашар біледі, көрсетілімді оқып береді, сұрақтардың басым бөлігіне жауап бере алмайды. |
(0-49б) Студент материалды білмейді, сұрақтарға нашар жауап бере алмайды. |
Рәсімдеу талаптарына сәйкестігі Ең жоғарғы балл – 100 балл |
(90-100б) Слайдтардың рәсімделуі қойылған талаптарға сай. Тақырыбы келтірілген алғашқы слайд, көрсетілім жоспары, қолданылған әдебиеттер тізімі және интернет көзі келтірілген. Слайдтар жақсы көркемделген, мәтін аз келтірілген, қателіктер жоқ. Слайдтар мәтіні дәрісхананың барлық жерінен айқын көрінеді. |
(75-89б) Слайдтардың рәсімделуі қойылған талаптарға сай. Тақырыбы келтірілген алғашқы слайд, көрсетілім жоспары, қолданылған әдебиеттер тізімі және интернет көзі келтірілген. Слайдтар жақсы көркемделген, мәтін аз келтірілген, аздаған маңызы жоқ қателіктер кездеседі. Слайдтар мәтіні дәрісхананың барлық жерінен айқын көрінеді. |
(50-74б) Слайдтардың рәсімделуі қойылған талаптарға сай емес. Слайдтар әртүрлі пішінде жасалынған, көркемдеуде аздаған маңызды қателіктер кездеседі. |
(0-49б) Слайдтардың рәсімделуі қойылған талаптарға сай емес |
АРАЛЫҚ БАҚЫЛАУ – құзыреттіліктердің орташа арифметикалық бағамы.
Бағаланатын құзыреттілік |
Деңгейлер |
|||
4 |
3 |
2 |
1 |
|
Білім Ауызша немесе жазбаша жауап, тесттілеу Ең жоғарғы балл – 100 балл |
(90-100б) Студенттің жазбаша немесе ауызша жауабы сұрақ мазмұнына сәйкес келеді, қажетті теориялық негізі және негізделген қорытындылары бар, ойлы түрде жақсы жазылған, теориялық материалды түсінуге негізделген.
Тесттілегенде 90-100% дұрыс жауап |
(75-89б) Мазмұндағанда жауаптың ойлылығын және ақпараттық мазмұнын төмендетпейтін аздаған қателіктер жіберілген. Мазмұндау теориялық материалды түсінуге негізделген
Тесттілегенде 75-89% дұрыс жауап |
(50-74б) Мазмұндау жалпылама түрде берілген, пәнді одан әрі түсінуге жеткілікті білімі бар. Тақырып бірізділікпен ашылған, түсініктерді, атаусөздерді анықтауда қателіктер жіберілген.
Тесттілегенде 50-74% дұрыс жауап |
(0-49б) Мазмұндағанда оқу материалының маңызды бөліктерін түсінбегендігі білмейтіндігі көрінеді, түсініктерді, атаусөздерді анықтауда маңызды қателіктер жіберілген.
Тесттілегенде дұрыс жауап 50% -дан аз |
Машықтық дағды клиникалық-зертханалық зерттеу нәтижелерін сараптау Ең жоғарғы балл – 100 б |
Машықтық дағдыларды бағалауды қараңыз
|
|||
Коммуникациялық дағды |
Коммуникациялық дағдыларды бағалауды қараңыз
|
|||
Құқықтық дағды Құқықтық сұрақтар бойынша тесттілеу Ең жоғарғы балл – 100 б |
(90-100б) 90-100% дұрыс жауап |
(75-89б) 75-89% дұрыс жауап |
(50-74б) 50-74% дұрыс жауап |
(0-49б) дұрыс жауап 50% -дан аз |
Өзін өзі жетілдіру СӨЖ сұрақтары бойынша тесттілеу Ең жоғарғы балл – 100 б |
(90-100б) 90-100% дұрыс жауап |
(75-89б) 75-89% дұрыс жауап |
(50-74б) 50-74% дұрыс жауап |
(0-49б) дұрыс жауап 50% -дан аз |
Жіберу рейтингісі тәжірибелік сабақтар мен аралық бақылаудағы құзыреттіліктерді бағалаудың орташа арифметикалық бағасы ретінде есептеледі. Студенттің орташа семестр бағасы 50 немесе одан жоғары болғанда емтиханға жіберіледі.