Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
силлабус стом 2013-14.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
436.74 Кб
Скачать

2. Бағдарлама:

2.1 Кіріспе

Патологиялық физиология кез келген мамандық дәрігерін дайындауға қажетті биологиялық пән болып табылады, дәрігерлік ойлауды қалыптастыратын және науқастарды дұрыс диагноздау, емдеу және алдын алу негізін қалыптастыратын іргелі пән болып табылады.

2.2 Пәннің мақсаты:

Студенттерде ауру туралы, аурулар мен дерттік үрдістердің, ағхалар мен жүйелер қызметі бұзылыстарының пайда болуы, дамуы және аяқталуының негізгі заңдылықтары, тіс-жақ аймағы арнайы бүліністерінің этиологиясы және патогенезі туралы, ауыз қуысы тіндерінде патологиялық үрдістердің ерекшеліктері және олардың жалпы организммен байланысты екені туралы ғылыми болжамдарды студенттерде қалыптастыру, жануарларда тәжірибелер жүргізу, клиникалық-зертханалық мәліметтерді сараптау машықтық дағдысын, топта жұмыс жасау коммуникациялық дағдысын, құқықты құзіреттілікті, өзін өзі дамыту құзыреттілігін қалыптастыру.

2.3 Оқыту міндеттері:

Студенттерді оқытуда құзыреттілік-бағдарлық жолды енгізу:

  • жалпы нозология және біртектес дерттік үрдістер бойынша білімді қалыптастыру

  • ағзалар мен жүйелер қызметі бұзылыстарында ауыз-жақ аймағы біртектес дерттік үрдістерінің даму ерекшеліктері білім қалыптастыру

  • дерттік үрдістер мен ауруларды үлгілеу, сонымен қатар, тәжірибелік емдеу жүргізу, клиникалық-зертханалық мәліметтерді сараптау машықтық дағдысын қалыптастыру

  • ҚР ДС №№ 697, 575 бұйрықтарына сәйкес клиникаға дейінгі зерттеулер жүргізу ережелері туралы құқықтық білімін қалыптастыру

  • Топта жұмыс жасау коммуникациялық дағдысын қалыптастыру (өз көзқарасын анық жеткізу, жолдастары ен оқытушыны тыңдай білу, олардың көзқарасын сыйлау, зейін қойып тыңдау)

  • сабақтарға дайындалғанда және таңдаған тақырыбы бойынша СӨЖ орындағанда ғылыми, анықтамамен, интернет желісімен және оқулықтармен өзін өзі дамыту дағдысын қалыптастыру

2.4 Оқытудың соңғы нәтижелері:

Білім:

  • жалпы нозологияның жалпы түсініктері

  • ауру пайда болуы, дамуы және аяқталуындағы себеп пен жағдайдың, реактивтіліктің маңызы

  • жалпы патогенездің негізгі түсініктері

  • жасушаның жалпы патологиясы, зақымдануға организмнің жалпы серпілісі

  • біртектес дерттік үрдістердің (қабыну, қызба, гипоксия, аллергия, өспелер, зат алмасу бұзылыстары, шеткері қанайналым бұзылыстары) даму тетіктері, олардың көріністері және организм үшін маңызын, ауыз қуысы біртектес дерттік үрдістерінің этиологиясы мен патогенезінің ерекшеліктері

  • ішкі ағзалар мен жүйелер қызметі бұзылыстарының этиологиясы мен патогенезі мен ішкі ағзалар мен жүйелер дерттеріндегі ауыз қуысы тіндерінің өзгерістері

Машықтық дағды

  • ситуациялық есептерді шешкенде клиникалық-зертханалық мәліметтерді сараптау

  • жануарларда эксперименттік жоспарлау және үлгілеу, эксперимент нәтижелерін сараптау

  • кейбір дерттік үрдістерді (артериялық, веналық гиперемия, ишемия, қабыну) үлгілеу

  • ауру алдын анықтау үшін жүктемелік сынаулар жүргізу

Құқықтық дағды:

  • студент ғылыми зерттеулер этикасы туралы құжаттарды: «Қазақстан Республикасында клиникалық тексерулер мен медико-биологиялық тәжірибелерді, клиникаға дейінгі тексерулерді өткізу Тәртібін бекіту туралы» ҚР ДСМ № 697 Бұйрығының негізгі қағидаларымен танысу. Қазақстан Республикасының сауда және индустрия Министірлігінің метрологиясының және техникалық бақылау Комитетінің 29 желтоқсан 2006 жылғы № 575 Бұйрығы. Тиісті лабораториялық тәжірибенің Қазақстан Республикасының Мемлекеттік стандарты. Негізгі қағидаларын білуі тиіс

Өзін өзі дамыту

  • Студент өздігінен ғылыми әдебиет, оқулықтармен және кітапхана каталогтарымен, интернет желісімен жұмыс жасау

Коммуникациялық дағды:

  • топта өзара сыйластық, этникалық, религиозды және жеке қарым қатынастарды

  • басқаны тыңдай білу, өз көзқарасын жеткізу, өзара ақылдасу, пікірталастарда өзінің көзқарасын дәлелдеп, жеткізу, мәселені түсіне білу, шешім қабылдай білу, үйрету

  • оқытушфы мен жолдастарының ойын сыйлау,зейін қойып тыңдай білу

2.5 Реквизитке дейінгі пәндер: молекулалық биология және медициналық генетика, биохимия, анатомия, физиология, гистология.

2.5 Реквизиттен кейінгі пәндер: ішкі аурулар пропедевтикасы, терапиялық стоматология, хирургиялық стоматология, ортопедиялық стоматология, балалар стоматологиясы.

2.6 Пәннің қысқаша мазмұны: Патологиялық физиология аурулардың немесе біртектес дерттік үрдістердің туындауының, дамуының және аяқталуының жалпы заңдылықтарын зерттейді. Пәнді оқығанда студенттерге реактивтіліктің дерт дамуындағы маңызы, зақымдануға организмнің жергілікті және жалпы серпілістері, зат алмасуларының, біртектес бұзылыстарының этиологиясы мен патогенезі, қабыну, қызба, аллергия, өспелердің этиологиясы мен патогенезі және ағзалар мен жүйелердің патофизиологиясы зерттеледі.