Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
СРС каз 13-14.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
228.86 Кб
Скачать

С.Ж.АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ

ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ

КАЗАХСКИЙ НАЦИОНАЛЬНЫЙ МЕДИЦИНСКИЙ УНИВЕРСИТЕТ ИМЕНИ С.Д.АСФЕНДИЯРОВА

ПАТОФИЗИОЛОГИЯ КАФЕДРАСЫ

«СТОМАТОЛОГИЯ» МАМАНДЫҒЫ ҮШІН СИЛЛАБУС

1.6 Студенттердің өзіндік жұмысына арналған әдістемелік ұсыныстар (сөж)

СӨЖ сұрақтарын барлық студенттер оқиды, студент СӨЖ-дің бір тақырыбын семестрлік жұмыс ретінде таңдап, көрсетілім немесе реферат түрінде орындайды.

1 тақырып. Механикалық, физикалық, әлеуметтік (маскүнемдік, нашақорлық, уытқорлықтың) жайттардың организмге дерттік әсері

Мақсаты:

  • организмге механикалық, физикалық жайттардың, гипокинезия мен уытқорлықтың дерттуындатулық әсерінің этиологиясын патогенезін өзбетінше оқып-үйрену арқылы өзін өзі дамыту құзыреттілігін қалыптастыру.

  • Алған мәліметтерін реферат және көрсетілім құрастырғанда және тест тапсырмаларын шешуде қолдану машығын қалыптастыру

  • Әдебиет көздерімен және internet сайттарымен жұмыс жасау дағдысын қалыптастыру

Тапсырмалар:

  1. Механикалық жайттардың организмге дерттік әсері (созылу, жыртылу, қысылу, соғу). Механикалық күштің организмге жергілікті және жалпы әсері.

  2. Шу мен дыбыстың дерттік әсері. Шу мен дыбыстың зақымдаушы әсерлерін анықтайтын жайттар. Дыбыс пен шудың арнайы және арнайы емес әсерлері.

  3. Жоғары барометрлік қысымнаң дерттік әсері (гипербария). Компрессия және сатурация туралы түсінік. Декомпрессия кезінде организмдегі бұзылыстардың патогенезі. Организмнің гипербириялық оксигенациясы, организм үшін теріс және оң әсері.

  4. Жоғары және төмен температураның организмге дерттік әсері. Жергілікті және жалпы организмнің сууы, патогенезі. Күйіктік ауру, даму сатылары, күйік деңгейі, күю кезінде жасуша бұзылуының даму жолдары.

  5. Электр ағымының организмге дерттік әсері. Электр ағымының организмге жергілікті және жалпы әсері.

  6. Иондаушы сәулелердің организмге дерттік әсері. Сәулелік ауру кезінде зақымдану ауырлығын анықтайтын жайттар, сәулелік аурудың түрлері мен сатылары. Созылмалы сәулелік ауру.

  7. Гипокинезия, метаболизмнің, ағза және жүйелер қызметтері бұзылыстарының патогенезі. Гипокинезияның қантты диабет, жүрек-қантамыр аурулары дамуындағы маңызы.

  8. Нашақорлық, уытқорлық және маскүнемдіктің жалпы медициналық, әлеуметтік және құқықтық жайлары.

  9. Нашақорлықтың этиологиясы, патогенезі, сатылары.

  10. Уытқорлықтың этиологиясы, патогенезі, сатылары.

  11. Маскүнемдік туралы түсінік, сатылары, патогенезі.

СӨЖ-ді орындаудың түрі:

  • Ұсынылған әдебиеттер бойынша материалды өзбетінше оқып-үйрену, эссе құру, мультимедийлік таныстыру, тест тапсырмаларын орындау

  • Көрсетілім және реферат түрінде семестрлік жұмыс. Талаптар «СӨЖ бағалау критерийлері» бөлімінен қараңыз.

Орындаудың нышандары:

  • СӨЖ-ң осы тақырыбының сұрақтарына №1 аралық бақылауда жауап беру

  • СӨЖ-ң осы тақырыбының тест тапсырмаларының сұрақтарына қорытынды бақылауды

жүргізгенде жауап беру

  • Реферат немесе мультимедиялық көрсетілімді қорғау

СӨЖ-ді тапсыру мерзімдері

№ 1 аралық бақылау.

СӨЖ-ын бағалау нышандарын «СӨЖ бағалау критерийлері» бөлімінен қараңыз

ӘДЕБИЕТТЕР

Негізгі

  1. Ә.Нұрмұхамбетұлы. Патофизиология. - Алматы: РПО «Кітап» 2007. – С. 26 – 46

  2. Патофизиология // Под ред. Новицкого В.В., Гольдберга Е.Д. Уразовой О.И.– Москва: Изд-во ГЭОТАР, 2010., том 1, с.100-144

  3. Патофизиология для внеаудиторной самостоятельной работы студентов // Под ред. Ударцевой Т.П. – Алматы: КазНМУ им. С.Д.Асфендиярова, 2006. – С. 6 -29, 29 - 48

  4. Патофизиология //Под ред. Новицкого В.В., Гольдберга Е.Д. – Томск: Изд-во Том. ун-та, 2006. - С. 42 - 66.

  5. Патологическая физиология. П/р Н.Н. Зайко. – Киев: Вища школа, 2004, С. 38- 56.

  6. Патологиялық физиология боинша сынамалық тапсырмалар // Қазак тіліне аударған М.Б.Байбөрі, редакциялаған Т.П.Ударцева, Н.Н.Рыспекова. – Алматы.: изд-во «Эффект», ҚазҰМУ, 2007.- Б. 34 - 48

Қосымша

  1. Основные проблемы, возникающие у больного при длительном постельном режиме. http: //www.uhodmed. ru / problems. htm.

  2. Ударцева Т.П. Механизмы адаптации к совместному воздействию свинца и ограничения движений / Под ред. А.Н.Нурмухамбетова, Алматы, 2001. - 226 с.

  3. Ударцева Т.П. Гипокинезия как предболезнь // Вестник Казахского государственного медицинского университета. – 2001, №12. - С. 56 – 60.

  4. Ударцева Т.П., Рыспекова Н.Н., Жуйко Н.В., Имамбаева А.А. К патогенезу анемии при ограничении двигательной активности // Вестник Казахского государственного медицинского университета. - 2000, № 9. - С.168 – 173.

БАҚЫЛАУ

  • теориялық материал бойынша білімін № 1 аралық бақылауда тексеру

  • теориялық материал бойынша білімін қорытынды бақылауда тексеру

Тест тапсырмалары:

1. «Ұзақ жаншылу синдромы» қабаттасады (4)

A) ағзалардың семуімен

B) сілеймемен

C) бүйрек жеткіліксіздігімен

D) организмнің уыттануымен

E) тіндердің өліеттенуімен

2. I) гипербария, II) компрессия, III) сатурация, IY) декомпрессия, Y) десатурация түсінігі айқыналады (1)

а) қалыпты атмосфералық қысымнан жоғары атмосфералық қысымды ортаға ауысуымен

б) еріген азоттың артық түзілуімен

в) жоғары барометрлік қысыммен

г) жоғары барометрлік қысымнан қалыпты барометрлік қысымды аймаққа ауысуымен

д) газдапрдың ерігіштігінің төмендеуімен

A) I) - в, II) – а, III) – б, IY) – г, Y) - д

B) I) -а, II) – б, III) – в, IY) – г, Y) - д

C) I) - г, II) – а, III) – д, IY) – в, Y) - б

D) I) - д, II) – а, III) – б, IY) – г, Y) - в

Е) I) - б, II) – д, III) – а, IY) – г, Y) - в

3. Қалыпты атмосфералық қысымнан жоғары атмосфералық қысымды ортаға тез ауысудан дамиды (3)

A) есту жарғағының қысылуы

B) қантамырларының және өкпе ұяшықтарының жарылып ауа эмболиясы дамуы

C) ішек газдарының қысылуы

D) ішкі ағзалардың қанға артық толуы

E) ішкі ағзаларға қан құйылу

4. Төмен температураның зақымдайтын әсерінее септесетін жағдайлар (4)

A) организм реактивтілігі

B) қоршаған ортаның температурасы

C) ауа қозғалысы жылдамдығы және оның ылғалдылығы

D) теріасты шелмайдың қалыңдығы

E) жас мөлшері

5. Күю кезіндегі зақымдану тетіктері байланысты (4)

A) нәруыздардың коагуляциясымен

B) қылтамырішілік қанағымының бұзылуымен

C) қанның реологиялық қасиетінің бұзылуымен

D) тамыр қабырғасы өткізгіштігінің жоғарылауымен

E) тіннің коллоидты жағдайының өзгеруімен

6. Өлімге әкелетін электр жарақатының патогенезінде маңызды (2)

A) естің жоғалуы

B) тыныс орталығының зақымдануы

C) тамыр қимылдатқыш орталықтың зақымдануы

D) қаңқа және тегіс салалы бұлшықеттердің тоникалыұ құрысулары

E) катехоламиндердің шығарылуы

7. Созылмалы сәулесоқ ауруы кезінде жұқпалық-сепсистік асқынулардың қосылуы, салдарынан болады (1)

A) анемия

B) лейкопения

C) лимфоцитоз

D) тромбоцитопения

E) эозинопения

8. Ұзақ гипокинезия кезінде зат алмасу өзгерістеріне тән (4)

A) АҮФ түзілуінің азаюы

B) оң азоттық тепе-теңдік

C) теріс азоттық тепе-теңдік

D) гиперлипидемия

E) гиперхолестеринемия

9. Ұзақ гипокинезия әкеледі (3)

A) остеокластар белсенділігінің жоғарылауына

B) сүйек тінінде кальций мөлшерінің азаюына

C) ЭКГ-да P - Q аралығының қысқаруына

D) эритроцитозға

E) анемияға

10. Ұзақ төсек тартып жатудың салдарлары(4)

A) дене массасының азаюы

B) бұлшықеттердің гипотрофиясы

C) бұлшықет тінінде май қабатының ұлғаюы

D) веналық қан қатпарының дамуы

E) қаңқаның төменгі бөлігінің гиперминерализациясы

11. Декомпрессия жағдайына тән (3)

  1. газдық эмболия

  2. тері асты эмфиземасы

  3. жабық қуыстарда газдар көлемінің ұлғаюы және олардың қысымының жоғарылауы

  4. ауа эмболиясы

  5. қанда газдар ерігіштігінің жоғарылауы

12. Гипербария кезінде пайда болады (4)

  1. организмнің тіндері және сұйық ортасында азот ерігіштігінің жоғарылауы

  2. организмнің тіндері және сұйық ортасында газдар ерігіштігінің төмендеуі

  3. сатурация

  4. ОЖЖ уыттық зақымдануы

  5. «тереңдік масаттану»

13. Шудың зақымдайтын арнайы әсері көрінеді (3)

  1. дыбыс қабылдайтын құралдың қан тамырларының тарылуымен

  2. естудің төмендеуімен

  3. мый қыртысының қозуымен

  4. мый нейрондарының қалжырауымен

  5. есту талдағышының дегенерациялық өзгерістерімен

14. Шудың зақымдайтын бейнақты әсері көрінеді (4)

  1. дыбыс қабылдайтын құралдың зақымдануымен

  2. назардың төмендеуімен

  3. мый қыртысында қозу және тежелу үрдістерінің бұзылуымен

  4. эмоциялық тұрақсыздықпен

  5. бас ауыруымен

15. Гипотермия патогенезінде маңызы бар (3)

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]