
- •Программалау (і) пәнінен Зертханалық жұмыс №1-4 Программа құрылымы. Арифметикалық өрнектердің жазылуы
- •Программалау (і) пәнінен Зертханалық жұмыс №5 Тармақталған алгоритмдерді программалау
- •Программалау (і ) пәнінен Зертханалық жұмыс №6 Таңдау операторы
- •Программалау (і ) пәнінен Зертханалық жұмыс №7 Қайталанатын алгоритмдерді программалау
- •Программалау (і ) пәнінен Зертханалық жұмыс №4 Бір өлшемді массивтер
- •Программалау (і ) пәнінен Зертханалық жұмыс №5 Екі өлшемді массивтер
- •Программалау (і ) пәнінен Зертханалық жұмыс №6 Процедуралар мен функциялар
- •Программалау (і ) пәнінен Зертханалық жұмыс №7 Файлдармен жұмыс
- •Программалау (і ) пәнінен Зертханалық жұмыс №8 Символдық және жолдық деректерді өңдеу
- •Программалау (і ) пәнінен Зертханалық жұмыс №9 Жолдарды сұрыптауда қолданылатын процедуралар мен функциялар
- •Программалау (і ) пәнінен Зертханалық жұмыс №10 Жазбалармен жұмыс
- •Программалау (і ) пәнінен Зертханалық жұмыс №11 Динамикалық айнымалылар мен көрсеткіштер
- •Программалау (і ) пәнінен Зертханалық жұмыс №12 Графикалық режимде қолданылатын процедуралар мен функциялар
Программалау (і ) пәнінен Зертханалық жұмыс №5 Екі өлшемді массивтер
(3-семестр, 4 сағат)
Жұмыстың мақсаты – екі өлшемді массивтерді есептер барысында пайдалана білу, типтер және айнымалылар бөлімінде сипаттай білу, матрица элементтерін енгізу жолдарын білу,элементтерімен әртүрлі операциялар: іздеу, сұрыптау, алмастыру, элементті алып тастау және т.б. амалдарды қолданып есептер шығарып үйрену.
Тапсырма. Екі өлшемді нақты сандардан тұратын массив берілген (А матрицасы), массивті төмендегі варианттарды қолданып, өңдеу. Бастапқы деректерді тапсырма ерекшеліктерін назарға ұстай отырып қолдан енгізу. Алгоритм блок-схемасын құрып, программасын жазу.
Тапсырма варианттары:
1. к (0<k<11) саны мен 4х10 матрицасы берілген. К бағанының элементтерінің қосындысы мен көбейтіндісін табу.
2. 5х9 матрицасы берілген. Оның барлық жұп бағаналарының элементтерінің қосындысын табу.
3. 5х10 матрицасы берілген. Оның барлық тақ бағанасындағы минимальды мәнді табу.
4. 5х10 матрицасы берілген. Оның барлық жұп бағаналарының элементтерінің қосындысын табу.
5. Берілген 5х10 матрицасында максимальды элементі орналасқан жлды минимальды элемент орналасқан жолмен ауыстыру.
6. 5х10 матрицасы берілген. Барлық бағаналардың элементтерінің қосындысының арасындағы минимальды мәнді табу және сол минимальды мән орналасқан бағананың нөмірін табу.
7. 5х10 матрицасы берілген. Әр жолдың максимальды элементтерінің арасындағы минимальдысын табу.
8. 5х10 матрицасы берілген. Оң және теріс элементтерінің саны тең болған бірінші жолдың нөмірін шығару (нөлдік элементтер есептелмейді). Егер ондай жолдар болмаса, 0 шығару.
9. 5х10 матрицасы берілген. Тек оң элементтерінен құралған соңғы жолдың нөмірін шығару. Егер ондай жолдар болмаса, 0 шығару.
10. МхN матрицасы берілген. Егер жолдардр (бағаналарда) кездескен сандардың көптігі сәйкес келсе, онда ол жолдарды (бағаналарды) ұқсас деп атаймыз. Соңғы бағанаға ұқсайтын бағаналардың санын табу.
11. MxN матрицасы берілген. Барлық элементтері әр түрлі жолдардың санын табу.
12. МхN матрицасы берілген. Бірдей элементтердің саны максимальды болған бірінші кездескен жолдың нөмірін шығару.
13. М квадратты матрицасы берілген. А[1,M] бірэлементтік диоганальдан бастап басты диоганальға параллельді диоганальдардың элементтерінің қосындысын табу.
14. М квадратты матрицасы берілген. A[1,1] бірэлементтік диоганальдан бастап қосымша диоганальға параллельді диоганальдардың элементтерінің қосындысын табу.
15. М квадратты матрицасы берілген. A[1,1] бірэлементтік диоганальдан бастап қосымша диоганальға параллельді диоганальдардың элементтерінің арасындағы максимальдысын шығару.
16. М квадратты матрицасы берілген. Басты диоганальдан төмен жатқан элементтерді нөлге ауыстыру.
17. М квадратты матрицасы берілген. Басты диоганальмен қоса одан жоғары жатқан және қосымша диоганальмен қоса одан төмен жатқан элементтерін нөлге ауыстыру.
18. М квадратты матрицасы берілген. Матрица симметриясына горизонтальды оське байланысты оның элементтерін айналық түрде көрсету.
19. М квадратты матрицасы берілген. Матрица симметриясына вертикальды оське байланысты оның элементтерін айналық түрде көрсету.
20. М квадратты матрицасы берілген. Матрицаның басты диоганалына байланысты оның элементтерін айналық түрде көрсету.
21. М квадратты матрицасы берілген. Матрицаның қосымша диоганалына байланысты оның элементтерін айналық түрде көрсету.
22. М квадратты матрицасы берілген. Оны 90 градуске оң жаққа қарай бұру.
23. М квадратты матрицасы берілген. Оны 180 градуске оң жаққа қарай бұру.
24. М квадратты матрицасы берілген. Оны 270 градуске оң жаққа қарай бұру.
25. к саны мен 4х10 өлшемді матрица берілген. К нөмірлі жолды матрицадан алып тастау.
26. 5х10 өлшемді матрица берілген. Минимальды элементті қамтитын бағананы матрицадыан алып тастау.
27. 5х10 өлшемді матрица берілген. Тек оң элементтерін қамтитын барлық бағаналарды матрицадан алып тастау.
28. 4х9 матрица берілген. К нөмірлі жолдың алдына нөлдерден құрылған жолды қою.
29. 4х9 өлшемді матрица берілген. Максимальды элементті қамтитын бағананың көшірмесін құру.
30 5х9 өлшемді матрица берілген. Тек оң элементтерден құрылған соңғы бағанадан кейін тек 1-ден құралатын бағананы қосу.
Бақылау мысалы
NxN екі өлшемді массив берілген. Басты және қосымша диоганальдардағы элементтердің қосындысын табу.
program primer5;
uses crt;
const n=5;
var a:array[1...n,1...n] of integer;
i,j,s,s1,s2:integer;
begin
clrscr;
for i:=1 to n do
for j:=1 to ndo
read(a[i,j]);
s:=0; s1:=0; s2:=0;
for i:=1 to n do
for j:=1 to n do
begin
if i=j then s1:=s1+a[i,j] else
if i+j=n+1 then s2:=s2+a[i,j];
end;
s:=s+s1+s2;
write(‘s=’,s);
end.