
- •Программалау (і) пәнінен Зертханалық жұмыс №1-4 Программа құрылымы. Арифметикалық өрнектердің жазылуы
- •Программалау (і) пәнінен Зертханалық жұмыс №5 Тармақталған алгоритмдерді программалау
- •Программалау (і ) пәнінен Зертханалық жұмыс №6 Таңдау операторы
- •Программалау (і ) пәнінен Зертханалық жұмыс №7 Қайталанатын алгоритмдерді программалау
- •Программалау (і ) пәнінен Зертханалық жұмыс №4 Бір өлшемді массивтер
- •Программалау (і ) пәнінен Зертханалық жұмыс №5 Екі өлшемді массивтер
- •Программалау (і ) пәнінен Зертханалық жұмыс №6 Процедуралар мен функциялар
- •Программалау (і ) пәнінен Зертханалық жұмыс №7 Файлдармен жұмыс
- •Программалау (і ) пәнінен Зертханалық жұмыс №8 Символдық және жолдық деректерді өңдеу
- •Программалау (і ) пәнінен Зертханалық жұмыс №9 Жолдарды сұрыптауда қолданылатын процедуралар мен функциялар
- •Программалау (і ) пәнінен Зертханалық жұмыс №10 Жазбалармен жұмыс
- •Программалау (і ) пәнінен Зертханалық жұмыс №11 Динамикалық айнымалылар мен көрсеткіштер
- •Программалау (і ) пәнінен Зертханалық жұмыс №12 Графикалық режимде қолданылатын процедуралар мен функциялар
Программалау (і ) пәнінен Зертханалық жұмыс №6 Таңдау операторы
(2 сағат)
Жұмыстың мақсаты – Case операторымен программаны құра білу дағдысын қалыптастыру, есеп шығаруда белгілерді, тұрақтыларды пайдалана білу іскерлігін қалыптастыру.
Тапсырма. аңдау (Case) таңдау операторын пайдаланып, алгоритмнің блок-схемасын құру және программасын жазу.
Бақылау мысалы.
1-мысал. Апта күндерінің нөмірін бойынша аттарын анықтауға программа құру.
Program APTA;
Var N:integer;
Begin
Writeln(‘күн нөмірін енгіз’);
Read(N);
Case N of
1: writeln(‘дүйсенбі’);
2: writeln(‘сейсенбі’);
3: writeln(‘сәрсенбі’);
4: writeln(‘бейсенбі’);
5: writeln(‘жұма’);
6: writeln(‘сенбі’);
7: writeln(‘жексенбі’)
End
End.
2-мысал.
Program esep;
Uses crt;
Var m: (ak, kara, sari); x,y:integer;
Begin
Clrscr;
Write(‘x=’);
Readln(x);
If x<2 then m:=ak;
If (x>=2) and (x<=5) nhen m:=kara;
If x>5 then m:=sari;
Case m of
Ak: y:=
Kara: y:=x*x-6;
Sari: y:=4*x
End;
Writeln(‘y=’,y:6:3)
End.
Тапсырма варианттары:
Тізім берілген. Студенттің номерін енгізу арқылы оның фамилиясын жауыпқа шығарыңдар.
Жеңіл автокөліктің бірнеше моделі туралы мәлімет берілген. Модел номерін енгізу арқылы сол автокөліктің шыққан жылын және бағасын жауапқа шығарыңдар.
Елдердің атауларының бірінші әрпін енгізу арқылы оның астанасының атын жауапқа шығарыңдар.
айдың номерін енгізу арқылы жыл мезгілін жауапқа шығарыңдар.
Қала атының бірінші әрпән енгізу арқылы онда тұратын халықтың санын жауапқа шығарыңдар.
автобустың номерін енгізу арқылы оның аялдамаларының санын жауапқа шығарыңдар.
Елдің атының бірінші әрпін енгізу арқылы ондағы қалалардың санын жауапқа шығарыңдар.
Қаланың телефондық кодын енгізу арқылы сол қаланың атын жауапқа шығарыңдар.
Апта күндерінің номерін енгізу арқылы сол күні болатын сабақтардың санын жауапқа шығарыңдар.
Алты түрлі тауар туралы мәлімет бар. Оның біреуінің кодын енгізу арқылы сол заттың бағасын жауапқа шығарыңдар.
Айдың номерін енгізу арқылы сол айдағы күндер санын жауапқа шығарыңдар.
Топтың номерін енгізу арқылы сол топта қанша студент бар екнін жауапқа шығарыңдар.
0-ден 10-ға дейінгі сандардың біреуін енгізу арқылы олардың ағылшын тілінде аталуын жауапқа шығарыңдар.
Жеті су өзендерінің аттарының біреуін енгізу арқылы олардың ұзындығын жауапқа шығарыңдар.
Жұлдыз жорамалдағы 1-ден 12-ге дейінгі жұлдыз аттарының номерін енгізу арқылы олардың атын жауапқа шығарыңдар.
10-нан 19-ға дейінгі сандарды енгізу арқылы олардың сөзбен жазылуын жауапқа шығарыңдар.
Үйдегі пәтердің номерін енгізу арқылы сол үйдегі тұрғындардың санын жауапқа шығарыңдар.
Бес досыңның телефон номерін енгізу арқылы олардың аттарын жауапқа шығарыңдар.
Әншілердің аттарын енгізу арқылы олардың қай мемлекеттен екендігін жауапқа шығарыңдар.
Қазақстандағы партиялардың номерін енгізу арқылы сол партияның атын жауапқа шығарыңдар.
№5 зертханалық жұмысындағы №1-29 есептерді таңдау операторын қолданып есепті шығарыңыздар