Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
3 Лек по нац эк.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
73.35 Кб
Скачать

Тақырып 1. Ұлттық экономиканың мәні және ұлттық модельдің ерекшелігі.

1. Ұлттық экономика экономикалық ғылымдардың саласы және оқу пәні. Ұлттық экономикалық мәні.

2. Қазақстан экономикасы және оның салалық құрылымы.

1. Ұлттық экономика экономикалық ғылымдардың саласы және оқу пәні. Ұлттық экономикалық мәні.

Қоғамның экономикалық өмірі нақты елдерде жүзеге асырылады. Əрбір осы кезеңде ол қоғамның экономикалық өмірінің тарихы құрамдас бөлігі болатын елдің өткен тарихының бір парағы болып табылады. Қоғамның экономикалық өмірінде осы тарихтың ерекшеліктері ғана емес, сонымен бірге онда жалпықоғамдық дамуға тəн жалпыэкономикалық процестер мен заңдылықтар, сондай-осы жүйенің дамуының ерекшеліктері де із қалдырады. Осыған байланысты ел экономикасы – жалпыэкономикалық, жалпыəлемдік, өңірлік жəне елдің экономикалық процестерінің өзара ықпалдасуының айрықша күрделі өнімі. Сонымен бірге ол – қоғамның өркениетті негіздерінің дамуымен біртұтас алынған елдердің тарихи өзгерістерінің нəтижесі. Экономика тарихынан ұлттық экономика мен оның жұмыс істеу қағидалары ұлттық шаруашылықтың қалыптасу жағдайында немесе елде оның дамуының негіздерін қозғайтын түбегейлі қайта құрулар жүзеге асырылғанда ерекше маңызға ие болатынын айғақтайды. Ұлттық экономика мəселесі қазіргі заманғы жағдайда өзінің өзектілігін жоғалтқан жоқ. Біріншіден, өтпелі экономикаларда жаңа тəуелсіз мемлекеттердің экономиканың үлгілерін таңдауымен, елдердің экономикалық шекараларды анықтауының қажеттілігімен, олардың ұлттық қауіпсіздігімен байланысты. Ұлттық экономикалық жүйелер мен оларды зерттеуге деген ықылас ірі интеграциялық бірлестіктер жүйесінде ел өзінің орнын анықтаған кездегі интеграциялық процестер жағдайында одан бетер күшейеді. Екіншіден, ғаламдану барлық елдердің алдына оның жалпы тенденциялары мен заңдылықтарын мемлекеттердің ұлттық мүдделерімен үйлестіру мəселесін шешуді талап етеді. Осы мəселенің шешімін табу үшін ұлттық мүдделердің рөлі жөніндегі түсініктерді нақтылап, қазіргі бар ұлттық экономикалық жүйелердің қызметіне өзгеріс енгізу қажет.

Ұлттық экономикалардың осы алуан түрлері мына екі негізгі факторға негізделеді: біріншіде, елдердің экономикалық құрылымы осы елдердегі экономикалық жүйенің ерекшелігіне орай қалыптасады;екіншіден, елдердің экономикалық құрылымы осы елге ғана тəн экономикалық емес даму ерекшеліктері мен жағдайына байланысты болады. Экономикалық қатынастар үлкенді-кішілі дəрежедегі құрылымды білдіреді. Экономикалық жүйелерді əр түрлі өлшемдер бойынша бөлуге болса да, бірқатар елдердің елдік айрымашылықтарына қарамастан үйлестіру тəсілдері (негізінен), меншік нысандары, экономикалық басқару органдары жəне т.б. бірдей сол бір экономикалық жүйесі болуы ықтимал. Осының айқын мысалы ретінде нақты социализмнің бұрынғы жүйесінің мемлекеттерін жəне капиталистік жүйесі бар елдермен, яғни экономиканы нарықтық ұйымдастыруды жоспарлы үйлестірумен; капиталистік емес елдердегі жеке меншіктің басым рөлімен қоғамдық меншіктің өктемдігімен; нарықтық институттар мен ұйымдардың болмауын дамыған нарықтық инфрақұрылыммен салыстыруға болады, көптеген КСРО мен Шығыс Еуропа елдерінің экономикалық жүйесі Батыс елдерінің экономикалық жүйелерінен осы жəне басқа да белгілермен ерекшеленді. Осының барлығы осы елдердің экономикалық қатынастарының басқа да нақты нысандарында да байқалды.