Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
КАЗ Силлабус оконч 2013.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
9.91 Mб
Скачать

1. Жалпы микробиология.

Кредит 1

1.1 Микроорганизмдердің жіктелуі және номенклатурасы

Микроорганизмдерді жіктеу принциптері. Прокариоттар (фотобактериялар, скотобактериялар, эубактериялар, спирохеталар, актиномиоциттер, риккетсиялар, хламидиялар, микоплазмалар).Эукариоттар (қарапайымдылар, саңырауқұлақтар). Вирустар.

Таксономиялық категориялар: патшалық(әлем), бөлім, класс, қатар, тұқымдастық, туыстастық, түр. Түр - негізгі таксономиялық категория. Инфратүршелік түсініктер: биовар, серовар, фаговар. Микроорганизмдер номенклатурасы. Микроорганизмдер классификациясы. Микроорганизмдер эволюциясы және оның ерекшеліктері.

1.2 Морфология микроорганизмов.

Бактерия морфологиясы. Бактериялық жасуша құрылымы. Бактериялық жасушаның жекеленген компоненттерінің химиялық құрамы және функционалдық маңызы. Жасушалық қабатының синтезделуі бұзылған бактериялардың түрлері: протопласттар, сферопласттар, бактериялардың L-пішінді түрлері.

Микроорганизмдер морфологиясын зерттеу әдістері. Микропрепараттардың типтері, оларды дайындау тәсілдері. Сәулелік, түнекайдынды, фазалы-контрастты, люминесцентті микроскоптарда қарау. Микроорганизмдерді электронды микроскопта зерделеу.

Микробтардың тинкториалдық қасиеттері. Қарапайым және күрделі бояу әдістері.

Спирохеталардың, актиномиоциттердің, риккетсиялардың, хламидиялардың, микоплазмалардың морфологиясы мен құрылымының ерекшеліктері. Саңырауқұлақтар мен қарапайымдылар морфологиясы.

1.3 Микроорганизмдер физиологиясы.

Бактериялар метаболизмі. Ферменттер, олардың биологиялық рөлі.

Патогенділік ферменттер. Қоректену типі бойынша бактериялардың классификациясы. Бактериялық жасуша ішіне қоректік заттардың тасымалдану механизмі.

Бактериялардың тыныс алуы. Аэробтар және анаэробтар. Микроорганизмдердің өсуі және көбеюі. Микробтың биоүлбір(биопленка) түзіп тіршілігін қамтамасыз етуі. Дақылдандырылмайтын түрлері.

Микроорганизмдерді(дақылдық) бактериологиялық зерттеу әдісі.

Қоректік орталар. Қоректік орталарға қойылатын шарттар. Бактериялардың дақылдық қасиеттері. Кредит 2

Кіріспе.

Микроорганизмдер генетикасының маңызы, молекулалық- генетикалық әдістердің негізі ретінде жалпы практикалық дәрігер қызметінде микробтар қоздыратын ауруларға диагноз қою үшін маңызды рөл атқарады. Адам денесінің қалыпты микрофлорасын және қоршаған орта нысандарының микрофлорасын (санитариялық норматив) , және де олардың бұзылыстарының түрлері(дисбактериоздар) туралы алған білім. "Жалпы медицина" мамандығы бойынша дәрігерлерге қоршаған орта нысандарын дұрыс санитариялық бағалауға, диагноз қоюға және дисбактериоздарды коррекциялаға мүмкіндік береді. Жұқпалы ауруларды емдеудің микробиологиялық негізін білу антибиотиктермен дұрыс емдеу жүргізуге мүмкіндік береді.

Инфекция және иммунитет - бір бірімен тығыз байланысты түсініктер, оларды білу практикалық дәрігерлер қызметінде актуальды болды және болып қала береді.

1.4 Бактериялар және вирустар генетикасы.

Молекулалық генетиканың қалыптасуындағы және дамуындағы микробиологияның маңызы. Репарациялар және олардың маңызы. Бактериялардағы генетикалық алмасу. Бактериялардың плазмидалары. Гендік инженерияның мақсаты мен міндеттері. Микробиологияда және биотехнологияда гендік инженерияны іс жүзінде пайдалану. Микробиология және медицина ілгерілеу үшін молекулалық-генетикалық зерттеулердің бағалылығы.