Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
КАЗ Силлабус оконч 2013.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
9.91 Mб
Скачать

3. Бағдарлама:

3.1 Кіріспе

Микробиология ғылым ретінде микроорганизмдердің морфологиясын, жіктелуін және физиологиялық ерекшеліктерін зерттейді, олардың тіршілік ету жағдайларын, қалыпты жағдайда және патологияларда адамдардың өмірінде және табиғаттағы рөлін зерттейді.

Микробиология - өзара тығыз байланысты бірқатар пәндерді - бактериологияны, вирусологияны, микологияны, аронтозоологияны және иммунологияны біріктіретін интегральды пән, сондықтан оларды зерделеу рациональды кешенді жүргізу керек.

Медициналық микробиология адамдардың жұқпалы ауруларының қоздырғыштарының биологиялық қасиеттерін, патогенділік факторларын, жасушалық және молекулалық-генетикалық деңгейде олардың іске асырылу механизмін зерттейді және оларға диагноз қою, емдеу және алдын алудың стратегиялық әдістерін жасайды.

Медициналық микробиологиямен инфекциялық агенттерді танып алуға және жоюға бағытталған организмнің биологиялық қорғаныс механизмдерін зерттейтін ғылым - инфекциялық иммунологиямен тығыз байланысты.

ҚР және шетелдерде кездесетін жұқпалы және микробтар қоздыратын жұқпалы емес ауруларға зертханалық диагноз қоюды білу, аурулардың даму механизмдерінің негізін түсіну үшін (ауру патогенезін), дер кезінде және дұрыс диагноз қою, емдеу және алдын алу шараларын атқару үшін әрбір маман-дәрігерге қажет.

Оқыту процесі барысында пәнді клиникалық тұрғыдан зерделеудің маңызы зор. Мысалы, макроорганизм мен микроорганизм арасында, микробтардың патогенділік факторлар өндіруімен және қоздырғыштың басқа биологиялық қасиеттерінің аурудың клиникалық симптомдарымен тікелей байланысты екеніне көңіл аудару керек.

3.2 Пәннің мақсаты: студенттерде адамдардың инфекциялық патологиядағы микроорганизмнің рөлі, соматикалық ауруларда микробтар қоздыратын патологиялар дамуы, адам организмнің қалыпты микрофлорасының бұзылуы, жұқпалы ауруларды азайтуда және жоюдағы микробиологияның рөлі, және де микробтық этиологиясы бар ауруларға микробиологиялық әдістермен диагноз қоюдың рөлі туралы білім қалыптастыру.

3.3 Пәннің міндеттері:

  • патогенді және шартты-патогенді микроорганизмдердің жіктелуі(классификациясы) және биологиялық қасиеттері туралы түсінік беру.

  • зерттеу зонттарынан микроорганизмдердің таза дақылын бөліп алу әдістерін, идентификациялау принциптерін, микробтарға қарсы препараттарға қоздырғыштардың сезімталдығын (төзімділігін) анықтауды үйрету;

  • макро- және микроорганизмнің өзара әсерінің молекулалық механизмдері туралы, микроорганизмдер қоздыратын аурулардың патогенезінің негіздері туралы түсінік қалыптастыру;

  • инфекциялық агенттерден микроорганизмнің қорғануының негізгі механизмдеріне және иммунологиялық реакциялардың типтеріне сипаттама беру;

  • микробтар қоздыратын аурулардың патогенезі, инфекциялық иммунитет қалыптасуының негіздері, спецификалық профилактикасы және емдеуі туралы түсінік беру;

  • микроб қоздыратын кең таралған жұқпалы және жұқпалы емес аурулардың қазіргі кезгі микробиологиялық диагноз қою әдістерімен таныстыру;

  • микробиологиялық зерттеулер үшін биологиялық материал алудың шарттары туралы түсінік беру.

3.4 Оқытудың ақтық нәтижелері:

Білім қалыптастыру:

  • жұқпалы аурулардың қоздырғыштары (этиологиясы) - микроорганизмдердің негізгі биологиялық қасиеттері (морфологиялық, физиологиялық, антигендік, патогендік) туралы;

  • адам организмнің қалыпты микрофлорасы бойынша;

  • организмнің антимикробтық қорғанысының спецификалық және бейспецификалық факторлары туралы;

  • инфекциялық иммунология және аллергология негіздері бойынша;

  • адамдар арасында кең таралған жұқпалы аурулардың патогенезінің негіздері, микробиологиялық диагноз қою әдістері мен принциптері туралы;

  • ауруларды микробиологиялық тексеру принциптері бойынша;

  • микроб қоздыратын аурулардың спецификалық профилактикасы және антибиотиктермен рационалды емдеудің принциптері бойынша;

  • антибиотиктердің және дезинфектанттардың антимикробтық белсенділігін анықтау принциптері бойынша;

  • асептика және антисептиканың, дезинфекция және стерилизацияның микробиологиялық негіздері бойынша;

  • балалар мен ересектерде аурудың клиникалық көріністеріне сәйкес микробиологиялық мәліметтерді интерпретациялау туралы;

  • жұқпалы аурулардың алдын алу шараларын қамтитын нормативтік құжаттар туралы. Дағдылық қалыптастыру:

  • микробиологиялық зерттеу үшін пациенттен материал алу бойынша;

  • патологиялық материалдан (ірің, нәжіс және т.б.) микроскопиялық препарат дайындау бойынша;

  • жарықтық микроскопта иммерсиялық жүйемен қарауды;

  • морфологиялық, тинкториалдық, дақылдық, биохимиялық, антигендік қасиеттері бойынша микроорганизмдерді дифференциациялауды;

  • бактериологиялық және вирусологиялық зерттеу әдістерінің нәтижелерін интерпретациялауды;

  • жұқпалы ауруларға серологиялық диагноз қою нәтижелерін интерпретациялауды;

  • зерттеу заттарын алуды және оны бактериологиялық зертханаға жеткізуді;

  • микроскопиялық зерттеу әдістерін атқаруды;

  • микробтардың таза дақылын бөліп алуды.

Құқықтық білімді қалыптастыру:

  • бактериологиялық зертханаларда эпидемияға қарсы ереже шарттарын және қауіпсіздік техникасын сақтау туралы;

  • емдеу мекемелерінде қызметкерлердің және пациенттің инфекциондық қауіпсіздігінің шарттарын орындау туралы;

  • вакцина егудің ұлттық күнтізбесі бойынша.

Өздігінше жұмыс атқара білуді және активті және интерактивті оқыту әдістерін жүргізу арқылы коммуникативті дағдылықтарын қалыптастыру.

3.5 Пререквизиттер және постреквизиттер

Пререквизиттер: молекулалық биология және медициналық генетика, экология, химия, гистология, биофизика, биохимия.

Постреквизиттер: физиология-2, хирургиялық аурулар, ішкі ағзалар аурулары, эпидемиология, жалпы гигиена, жалпы иммунология, балалар аурулары, жұқпалы аурулар.

3.6 Пәннің қысқаша мазмұны

Кіріспе

Микробиология пәні, мақсаты және міндеттері. Микробиология іргелі және қолданбалы ғылым ретінде. Медициналық микробиологияның зерттеу нысандары: бактериялар, вирустар, саңырауқұлақтар, қарапайымдылар.

Микробиологиялық лабораторияның құрылымдық принциптері. Микробиологиялық зерттеу әдістері: микроскопиялық, дақылдық, серологиялық, биологиялық, аллергиялық, молекулалық-генетикалық.

Медицинаның ілгері дамуында және жалпы профильдік дәрігерлердің тәжірибелік (практикалық) қызметіндегі микробиологияның маңызы. Микробиологиялық эерттеулер саласындағы отандық және шетелдік ғалымдардың жетістіктері.