Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
КАЗ Силлабус оконч 2013.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
9.91 Mб
Скачать

3.9. Үйрету және оқыту әдістері

  • Дәрістер: шолу, проблемалық.

Тәжірибелік сабақтар: практикалық жұмыстарды орындау және талқылау, микробиологиялық зерттеу әдістерін меңгеру, алынған нәтижелерді хаттамалау және интерпретация, ситуациялық есептерді шешу, бактериологиялық анализатормен, мультимедиялық мәліметтер қорымен, тесттерді оқытатын компьютерлік модельдермен және бағдарламалармен жұмыс жасау, жасай білу және дағдылану.

Студенттің өзіндік жұмысы: Әдебиеттермен, мағлұматтардың электронды қорымен және компьютерлік оұыту бағдарламаларымен, ситуациялық есептерді құрастыра білу, глоссарияларды, курс терминдерінен кроссвордтар құрастыру, ғылыми жұмыстарға аннотирование және дәйектеме берумен , көрнекілік жұмыстарға өздігінше қортынды жасау және түсінік бері, интерактивті оқыту бағдарламаларын, микробтық генезді аурулардың алдын алуы мен диагностикалау алгоритмдерін, іздестіре білу және жұмыс жасай білу, тесттерді құрастыра білу, ғылыми рефераттар мен баяндамаларды дайындау және таныстыра білу .

  • Пассивті әдіс (түсіндіру, әңгімелесу, бақылау және т.б.)

  • Активті әдіс (Тәжірибелік жұмыстарды бағалау, хаттама толтыру, мультимедиялық негіздермен жұмыс жасау, компьютерлік және бағдарламалық модельдермен жұмыс жасау және т.Б.)

  • Интерактивті (жағдайлық есептер шешу, топтармен жұмыс істеу, блиц-сұрау, рольдік және маңызды ойындар ойнау, мозговой штурм, критикалық ойлау, мини- зерттеу және т.б.)

3.10. Студенттердің білімін және дағдыларын үйрену әдістері :

Оқушылардың сабақтағы жетістіктерін бағалау Ережесі негізінде С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті 2012-2013 оқу жылына оқушылардың сабақ жетістігін бағалау жүйесі енгізілді. ҚазҰМА медициналық білім беру Моделіне сәйкес ағымдағы бақылау уақытында оқушының барлық бес құзырын бағалауға мүмкіндік береді. Пән бойынша қорытынды аттестация 2 этапта өтеді. Соның өзінде төрт құзыр қамтылады:

І деңгей – компьютерлік тестілеу, бірақ Университеттің медициналық білім беру Моделіне сәйкес келесі құзырлардың қалыптасу деңгейі бағаланады: білімі және құқықтық құзыры;

ІІ деңгей – тәжірибелік машықтарын қабылдау және жағдайлық және клиникалық міндеттерді шешу, операциялық және коммуникативтік құзырының қалыптасу деңгейі бағаланады.

«Өзін –өзі дамыту» бағалау құзыры академиялық кезең ағымы бойы СӨЖ орындау және оқушының портфолиосының қалыптасуымен жүргізіледі.

Аралық рейтингті есептеу:

Бірінші рейтинг семестрдың 8-9 аптасында жүргізіледі, екіншісі 17-18 аптасында белгіленген тәртіптегі ведомостарды міндетті толтырумен жүргізіледі. Студент аралық рейтингпен және пән бойынша рұқсат рейтингісімен танысуы керек.

Ағымдық бақылау:

Студенттер білімін ағымдық бақылау курс ағымы бойы тәжірибелік сабақтарда СӨЖ және СОӨЖ орындау қорытындысы бойынша қорытылады.

Өткізу формасы: эссе; тест түріндегі тапсырманы орындау, жағдайлық міндеттер, сөзжұмбақ, Әдебиеттер көзінің талдау картасын жасау, ғылыми пікірталастар өткізу, кейс-мақала жазу, ойлар аукционын өткізу, жеке өзінің ғылыми зерттеуін жүргізу, мәселелік сұрақты топпен талқылау, тәжірибе қою, олардың сандық және сапалық көрсеткіштерін анықтау, лабораториялық тапсырмаларды орындау, зерттеу хаттамаларын толтыру, жұмыстарды қорғау және т.б.

Курс ағымындағы студенттің қорытынды жұмысын бағалау саясатында жаңаша ойлау, сынай білу, қорғайбілу, талдай білу, бағалау, оқу материалын жинақтау және оны көпшілік алдында көрсете білуі керек, өзінің еркін ойлау қабілетін көрсетуі керек, тақырыптар арасындағы логикалық ойды байланыстыру, шешім қабылдау машықтарына, өз көзқарасын еркін білдіру қабілеттеріне баса назар аударылады.

Үлгерімді ағымдық бақылау есебі: ағымдағы бақылау t қалыптасқан құзыр деңгейінің бағасы

t=(Z+N+K+P+S)/n

n - барлық құзыр бойынша тапсырма саны

Z = z1+z2+…+zn – білімнің бағасы

N = n1+n2+…+nn – машықтыі бағасы

K = k1+k2+…+kn – коммуникативті құзырға берілген баға

P = p1+p2+…+pn – құқықтық құзырының бағасы

S = s1+s2+…+sn – СӨЖ бағасы

Әрбір құрын 100 балдық шкаламен есептелінеді.

Рубежді бақылау: негізгі бағалау формасы портфолионы қорғау болып табылады немесе ТО тест қорытындысы.

Ағымдағы білім бағасы нақты тапсырмаға қойылатын критерийлер бойынша қорытылады:

  • Белсенді әдіс – тәжірибе жұмысын талқылау, хаттамаларды толтыру, жұмыс дәптерлерін толтыру, мультимедиялық мәліметтер базасымен жұмыс, компьтерлік моделдермен және бағдарламалармен жұмыс жасау.

  • Интерактивті әдіс – жағдайлық міндеттерді шешу, топпен жұмыс, сұрақ-жауап, іскерлік және ролдік ойындар, сын пікір, ғылыми пікірталастарды ұйымдастыру , диагностикалық алгоритм және сырқаттарды алдын алу.

СОӨЖ: эссе; диспуттар және дискуссиялар құрастыру; интерактивті жоспар қурып оны қолдану; микробтық генездік аурулардың алдын-алуы мен алгоритм құрастыру;

СӨЖ :

  • Эссе;

  • Тест түріндегі тапсырманы орындау, жағдайлық міндеттер, сөзжұмбақ,

  • Әдебиеттер көзінің талдау картасын жасау,

  • Ғылыми пікірталастар өткізу,

  • Кейс-мақала жазу,

  • Ойлар аукционын өткізу,

  • Жеке өзінің ғылыми зерттеуін жүргізу,

  • Микробтық сырқатқа толық диагностикалқ тексеріске дайындалып, өту

  • Тәжірибе қою, олардың сандық және сапалық көрсеткіштерін анықтау,

  • Микробиологиялық зерттеу әдісінің және микроағзалар атласын жасау,

  • Голосарий жазу.

Студент міндетті түрде СӨЖ жұмысының 4 түрін орындау керек: 2 –еуі по жалпы микробиологиядан, 2 – еуі жеке микробиологиядан. СӨЖ әр кредиттің аяқталуына дейін тапсырылуы керек.

Портфолио:

Портфолио – бұл студенттің үлгерімінің көрсеткіші,бүкіл курс бойы істеген жұмысының дәлелі. Портфолио студенттің үлгерімін сонымен оқудағы жетістіктерін көрсетеді, бұл процесстің бір қатар жанжақты анализіне мүмкіндік береді: студенттер өздерінің сабақтарын сәтті ұйымдастыра алады, мақсатын терең түсініп, өз жұмыстарына өзгерістер енгізіп, өз жетістіктерін көре алады.

Портфолиода студенттер өздерінің бүкіл курс бойы орындаған жазбаша және электронды жұмыстарының үлгілерін сақтайды,модуль біткен кезде портфолионы өзінің оқығаны жөнінде дәлел ретінде алуға болады.

Портфолио – студенттің оқу үрдісінде қандай деңгейде атсалысатынын көрсететін жұмыстар жиыны. Портфолио оқудың эффектілігін, оқу үрдісі қандай нәтижеге алып келетінін көрсетеді,студенттерге кері байланыс ретінде қолданылады. Бұдан бөлек портфолио студенттертің бірлескен жұмысында , олардың оқытушылармен қатынасында қолданылады

Портфолио құрылысы (жазбаша жұмыстардың көлемі мен саны көрсетілген)