
- •Адвокатура
- •Адвокатура, оның даму тарихы, өмірдегі рөлі және адвокатура қызметінің құқықтық және ұйымдық негізі
- •Адвокаттық қызметінің ұйымдық нысаны:
- •Адвокаттар мынадай заңдық көмек көрсетеді:
- •Нотариат пен адвокаттық қызметі саласындағы заңдылыққа өзгерістер
- •Қазіргі кездегі нотариат саласындағы өзекті мәселелер
- •Қорытынды
- •Пайдаланған әдебиеттер тізімі
Нотариат пен адвокаттық қызметі саласындағы заңдылыққа өзгерістер
Қазақстан Республикасындағы 2010-2020 жылдарға дейін кезеңдегі Құқықтық саясат тұжырымдамасының 3 тармағына сәйкес, маңызды міндеттердің бірі нотариат қызметінің жүйесін жетілдіру болып табылады. Әділет Министрлігі аталған тұжырымдаманы іске асыру мақсатында қазіргі күні нотариат саласындағы заңдылыққа бірқатар өзгерістердің енгізілуіне қол жеткізді, және де біздің министрлікпен берген заң актілеріне басқа да ұсыныстар қазіргі уақытта Парламенттің қаралуында.
Әр қайсысына бөлек тоқталар болсақ, 2011 жылыдың 1 шілдесінде ҚР Үкіметінің № 752 «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 25 қыркүйек 2001 жылғы № 1235 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қаулысына (әрі қарай-Қаулы) қол қойылды. Бұл Қаулыға сәйкес, біліктілік емтиханын қабылдау жүйесін Әділет департаменттеріне берілді, яғни енді нотариус және адвокат қызметімен айналысуға үміткер азаматтарымызға Астанаға бармай-ақ, өтініштерін тұрғылықты жері бойынша облыстардың әділет департаменттерінде құрылған аттестаттау комиссияларына жолдап, жергілікті жерлерде сынақтан өтуге мүмкіндік туды. Әкімшілік кедергілерді жою мақсатында қабылданған бұл өзгеріс өз кезегінде азаматтарымыздың уақыты мен жол шығынын да үнемдейді. Қаулыға сәйкес комиссия құрамы 7 мүшеден тұрады, оның ішінде Әділет департаменті, прокуратура өкілдері, құқықтанушы-ғалым, мәслихат депутаты және нотариус, адвокаттар бар. Бұл құрам ҚР Әділет Министрінің бұйрығымен бір жыл мерзімге бекітіледі. Қазіргі таңда департамент басшылығымен кезекті аттестацияны өткізу бойынша қажетті іс-шаралар толықтай ұйымдастырылды. Қаулының алғаш ресми жариялануынан он күнтізбелік күн өткеннен соң, үміткерлер Атырау облысының әділет департаментіне құжаттарын тапсыра алады. Қажетті құжаттардың тізімін өзгерістер енгізілген 2001 жылғы 25 қыркүйегіндегі №1235 ҚР Үкіметінің қаулысынан, немесе Әділет департаментінің ресми сайтынан қарауға болады.
Сондай-ақ, ҚР-ның «Нотариат туралы» Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізуді қарастыратын тағы бір заң жобасы талқыланып, Мәжіліспен мақұлданды. Заң жобасының мақсаты нотариаттық қызметпен айналысуға белгіленген квотаны алып тастауды көздейді. Бұл жоба қазір де қоғамда көптеген дау туғызып жатыр. Алайда, бұл жобаны Парламентке ұсынар алдында Әділет министрлігімен жан-жақты, соның ішінде әлем тәжірибесі бойынша зерделенген болатын. Мысалы, біздің мемлекетте шектеу қойылған басқа ешбір мамандық жоқ, Республикада қарастырылған квота бойынша 2018 жеке нотариус қызмет атқарып отыр, ал лицензиаттардың саны 4642-ні құрайды. Сонда 2500 адам лицензияларын пайдаға асыра алмай отыр. Францияда шектеу нотариустардың санына емес, нотариаттық палаталардың санына қойылған. Украинада бұл шектеу 2007 жылдан бері алынған. Ал, Европада шектеу қойылған кейбір мемлекеттерде нотариустар сот алдындағы сатының ролін атқарады, ал біздің заңнамамызға сәйкес, өздеріңіз білесіз, сот төрелігі соттың өзінде ғана. Казақстанда нотариат азаматтар мен заңды тұлғалардың ҚР Конституциясымен кепілдендірілген құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға қызмет етеді. Екіншіден, бұл жобанын объективтік те субъективтік те жақтары бар. Жобаға сәйкес, нотариустарға қойылатын талаптар және мемлекеттік қадағалаудың күшейуі, лицензияның күшін тоқтату немесе қайтару үшін қосымша негіздер, т.б. көзделген. Сондай-ақ, азаматтар 30 жасқа толғаннан кейін ғана нотариус бола алады деп, көзделген.