- •Адвокатура
- •Адвокатура, оның даму тарихы, өмірдегі рөлі және адвокатура қызметінің құқықтық және ұйымдық негізі
- •Адвокаттық қызметінің ұйымдық нысаны:
- •Адвокаттар мынадай заңдық көмек көрсетеді:
- •Нотариат пен адвокаттық қызметі саласындағы заңдылыққа өзгерістер
- •Қазіргі кездегі нотариат саласындағы өзекті мәселелер
- •Қорытынды
- •Пайдаланған әдебиеттер тізімі
Адвокаттық қызметінің ұйымдық нысаны:
– заң консультациясы (кеңестері);
– адвокаттық кеңселер (конторы);
– заңды тұлғаны тіркемей-ақ жеке-дара адвокаттық кеңес құру.
Адвокаттық қызметтің ұйымдық нысанына қарамастан барлық адвокаттар аумақтық сипатына қарай адвокаттар алқасына біріктірілген.
Заң кеңестері (юридические консультации) аумақтық принцип бойынша адвокаттар алқасының Төралқасымен ауданда (қалада) құрылады. Заң кеңестері заңды тұлға болып табылмайды, адвокаттар алқасының жалпы жиналысы қабылдаған ереже негізінде қызметін жүзеге асырады. Заң кеңестері адвокаттар алқасының құрылымдық бөлімшесі (филиалы) болып табылады да, заң жүзінде көмек көрсету бойынша жұмысты ұйымдастырады. Заң кеңесін адвокаттар алқасы төралқа тағайындаған меңгеруші басқарады1.
– Адвокаттық кеңселер адвокаттар алқасының мүшелерімен, өз бастамалары бойынша және өз қаражаттары есебінен құрылады. Адвокаттың адвокаттық кеңсені құру мақсаты - өзінің қызметін материалды, ұйымдық-құқықтық жағынан қамтамасыз ету болып табылады.
– Адвокаттық кеңселердің қызметін осы кеңсе орналасқан аумақтағы адвокаттар алқасы қадағалайды.
Өз міндеттерін орындау барысында адвокат сотта күннен-күнге дейін азаматтардың, ұйымдардың құқықтары мен міндеттерін қорғау үшін қызмет жасайды. Адвокат – заңдылықтың нығайтылуына жәрдем беретін, сонымен қатар жоғарыда айтылып кеткен қызметі жүзеге асыратын қоғамдық қызметкер.
Адвокаттық қызметті бір мезгілде мамандырылған және қоғамдық қызметке бөлу қажеті жоқ. Адвокаттың бүкіл қызметі – оның қоғамдық қызметі. Адвокатты әр уақытта заңның түсінігін әділ де, талаптарға сай түсіндіру керек2.
Адвокаттың мақсаты азаматтарға заңды көмек көрсетуден тұрады.
Шарттың жасалуы мен бұзылуын, сотта өкіл болу мен алдын – ала тергеуден
өтетін айыпкерді сотта қорғауды, заңды сауал беретін мекемелерге беретін құқықтық кеңестен туындайтын көмектен құрылады.
Адвокаттар мынадай заңдық көмек көрсетеді:
Заңдық мәселелер бойынша кеңестер мен түсіндірмелер, заң нормаларына ауызша және жазбаша анықтамалар береді;
Арыздар, шағымдар мен заңдық сипаттағы басқа да құжаттар жазады;
Азаматтық істер бойынша және әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша сотта және т.б. мемлекеттік органдарда әділдікті жүзеге асырады;
Алдын ала тергеуге, сотқа қорғаушы, жәбірленушінің, азаматтық талапкер мен азаматтық жауапкердің өкілі ретінде қатысады1.
Жалпы сауал бойынша адвокаттың міндеттері Қазақстан Республикасының “Адвокаттық қызмет туралы” заңның 15-ші бабында көрсетілген 6-шы тармақтың жалпы сипаттамасы.
Ең басты міндеті: біріншіден, адвокат заң талаптарын орындауға, адвокатураны ұйымдастыру мен оның қызметінің қағидаларын басшылыққа алуға, кәсіптік мінез-құлық нормаларының талаптары мен адвокаттық құпияны сақтауға және заң көмегін көрсетуге байланысты өзіне мәлім болған мәліметтерді құпия сақтауға міндетті.
Екіншіден, іс бойынша көмек сұрап өтініш сұраған адамның жағдайын нашарлататын құқықтық позиция ұстауына тыйым салынады, адвокаттың қылмыстық іс бойынша қолданған тапсырмалардан бас тартуға құқылы жоқ және ол қорғалатын адамның немесе адамның өзінің көзқарасы бойынша әділетсіз үкім шығарылған жағдайда оған берілен тәртіппен шағым жасауға міндетті. Үшіншіден, адвокатқа мемлекеттік қызметкер болуға және кәсіпкерлік қызметпен айналысуға, оқытушылық, ғылыми немесе шығармашылық қызметтен басқа өзге де ақы төленетін қызметпен айналысуға тыйым салынады.
Жалпы азаматтың отбасылық, тұрғын үй, еңбек және әкімшілік заңдарымен реттелетін қатынастардың күрделілігі, сондай-ақ, азамат өзінің субъективтік құқықтарын толық жүзеге асыру және қорғау үшін заң нормаларын, оларды қолдау тәртібін тиісті дәрежеде білмеу кәсіби заңгер – адвокаттық билік көмегін сұрауға итермелейді2. Ал адвокат заңда көрсетілген барлық құралдар мен әдістерді қолданып, азаматтың құқықтары мен мүддлерін қорғаудың ең тиімді жолдарын таңдап, сапалы заң көмегін көрсетуге тырысады және ол оның басты міндеті болып табылады. Атап айтқанда, адвокаттар – заң сұрақтары бойынша, кеңестер беру, меншік нысанына қарамастан заңды тұлғалар мен азаматтардың тапсырмасы бойынша сотта өкілдік ету, азаматтық істер бойынша сот өндірісіне талапкердің жауапкер және басқа да тұлғалардың өкілі ретінде қатысуы сияқты басқа да заң көмегін көрсетуді соның ішінде заңды тұлғалардың құрылтай құжаттарын дайындау, шарт жасау және т.б.
Адвокаттың мәртебесі мен міндеттері
Адвокат – міндетті түрде адвокат алқасының мүшесі болып табылатын және Қазақстан Республикасының “Адвокаттық қызмет туралы” Заңының нормаларымен реттелетін адвокаттық қызмет шеңберінде кәсіптік негізде заң көмегін көрсететін Қазақстан Республикасының азаматы.
Адвокат алқасының мүшесі болу үшін жоғары заң білімі бар, заңгер мамандығы бойынша жұмыс стажы екі жылдан кем емес және адвокаттық қызметі жүзеге асыру құқығына лицензия алған Қазақстан Республикасының азаматы мүше бола алды.
Адвокаттың міндеттері:
Адвокат заң талаптарын сақтауға міндетті және көмек сұрап өтініш жасаған адамның келісімінсіз оларды жария етуге құқығы жоқ және т.б.
Мемлекет өз кезегінде адвокаттарға заң бойынша, қойылған талаптарды орындалуын қамтамасыз ету үшін белгілі-бір шараларды қолданады, яғни құқық қоргау органдарында және әділет органдарында белгілі-бір өкілеттікті беру арқылы құқықтық қызмет пен халыққа заң көмегін көрсету аясындағы қызметі құқықтық тұрғыда реттейді. Осылайша, реттеудің мақсаты болып, құқықтық көмек көрсету рыногын жоғары, сапалы құқыққорғау қызметімен толтыру болып табылады.
Қылмыстық және азаматтық істер бойынша сотқа қатысудан басқа адвокат азаматтарға құқықтық көмек көрсетеді, бірлестіре отырып ұйымдарға, мекемелерге, кәсіп орындарға берген сауалдарына заңды негізге ала отырып, консультациялық кеңес береді. Осы консультациялық кеңес негізінен туындап тұрған дауды бастамас бұрын талап арызды қалай керек екендігін, әкімшілік, әлеуметтік саяси тұрғыдан еңбек қатынастарының барысында туындаған даулы сауалдардың дұрыстығын анықтауға адвокат осы жұмыс арқылы ашып береді1.
Консультациялық жұмыс адвокаттардың қызметтерінің бір түрін көрсетеді. Заң көмегін қамтамасыз етеді. Мысалы: бір қызметкерлерді жұмыстан заңсыз түрде шығарып тастады, осы заңдылықты шешіп, әшкерлеу барысында адвокат қыруар жұмыс жасап айқындайды:
Біріншіден, заңды көмек сұрап келген қызметкер ауруханада емделген бе, емделсе қай уақыт аралығында. Жұмыстан шығарып жіберу қағазы қашан жазылған, алдын-ала қызметкерге жұмыстан қудаланатындығы туралы ескертіледі ме деген сауалдарға жауап іздеп дауды дұрыс шешілуіне адвокат өзінің кеңесі арқылы көмек береді.
Конституциялық қызметті адвокаттар басты жағдайларда заң консультацияларда жүргізеді. Қазақстан Республикасының “Адвокаттық қызмет туралы ” Заңында заң консультациясын құру тәртібі бар.
Заң көмегін көрсету жөнінде жұмысты ұйымдастыру үшін адвокатар алқасының төралқасы заң консультацияларын құрады.
Заң консультациясы адвокаттар алқаларының құрылымдық бөлімшесі болып табылады. Оның өз атауы мен тиесілі адвокаттар алқасына белгіленген мор мен мөр таңбасы, заң көмегін ұйымдастыру үшін қажетті өзге де атрибутикасы болады. Заң консультациясы адвокаттар алқасының жалпы жиналысы бекіткен ереже негізінде іс-қимыл жасайды.
Құқықтық квалификациясын көтеру мақсатында адвокатураға арналған арнайы хабар-анықтама, номативтік және методологиялық әдебиеттер шығарылған материалдар бар қиын сауалдар туындаған жағдайда тәжірибелі, жоғары сауатты адвокаттар қатарымен методологиялық кеңес мәжілісінде қаралады. Консультациялық жұмыстың қорытындысы жүйелік түрде талап қортындайды. Осыған келіп заңды кеңестің дұрыс берілуін бақылайды және сапасын бағалауға мүмкіншілік береді. Тәжірибе бойынша консультациялық жұмыс көбінесе азаматтық, отбасы, еңбек және әкімшілік заңдар тарапындағы қатынастардан туындайтын сауалдар кездеседі.
Құқықтық қатынастарды реттеу үшін адвокат нақты мамандандырылған кеңес беру керек. Кеңес беру арқылы тауып тұрған дауды
азаматтар өз құқықтарын тәжірибеде жүзеге асыру, мүліктік және мүліктік емес құқықтар мен мүдделерді қорғау аясында көп жағдайларда азаматтық іс-жүргізуде – сот өкілдігі институтын қолдау арқылы қамтамасыз етіледі.
Бұл институтты қолдау мүмкіндігі АІЖК-нің 58-бабында бекітілген, яғни азаматтар өз істерін сотта өздері немесе өкілдері арқылы жүргізуге құқылы, сондай-ақ, азматтық іске өзінің қатысуы оның бұл іс бойынша, өкілі болуы құқығынан айырмайды.
Сот өкілдігі – азаматтық іс жүргізу құқығының дәстүрі және негізгі институттарының бірі болып табылады. Сот өкілдігіне азаматтық істер жүргізушілік заң барлық азаматтық істер бойынша барлық соттарда және азаматтық іс жүргізудің барлық салаларында жүзеге асыуына жол береді.
болдырмауға, құқықты қалпына келтіруге немесе бұзушылықты әшкерлеуге жәрдем береді.
Ең маңыздысы азаматтарға көмек беретін заңды кеңестер мағыналы болу керек. Соттағы іс бойынша бір жақты болуды, талап арызды беруді, жеткілікті негіздерге байланысты қарсы талап беруді қажет ететін әрекетерден құралу керек.
Егер адвокат өзінше келіп түскен сауалды жан-жақты зерттеп дұрыс шешілсе, онда туындап тұрған даудың нәтижесі әділетті түрде шешіледі. Әрине, сотта даудың бағытын білу болжамды түрде болып келеді.
Соттағы істерге байланысты берілетін заңды кеңестер, бұл адвокаттың консультациялық жұмыстың бір түрі. Ең көп жақтысы бұл – тараптары мен құқықтарын, міндеттерін білу барысында дауды бейбіт жолмен шешу. Адвокат азаматтарды қабылдаған кезде заңды нормаларды ерікті сақтауға бағыт береді. Жақсы ұйымдастырылған және орындалып жатқан консультациялық жұмыс адвокаттың алдындағы заңды сауалдардың дұрыс қамтылуында берілетін жәрдем.
Маңызды рөлі болып адвокатқа берілген заңды дұрыс қолданудағы және талқылауындағы құқықтық сана. Адвокат құқықтық ойдың байлығын, заңның насихатталуын талап ететін әділеттікті аңсайтын болу керек.
Адвока алқасының негізгі взносы заңды консультациямен және адвокат кеңселері болып табылады.
Заңды консультация – заң көмегін көрсету жөніндегі жұмысты ұйымдастыру үшін адвокаттар алқасының төралқасы құрады.
Заң консультациясы орналасқан жерді адвокаттар алқасының төралқасы белгілейді.
Заң консультация барлық адвокаттар алқасы сияқты территориялық принцип бойынша құралады.
Заң консультациясының басында адвокат консультациясының жиналысында жарысын дауыспен меңгерушісі басқарады.
Заң консультациясының меңгерушісі адвокаттық қызметпен айналысуға құқығы бар.
Адвокат алқасының мүшесі – заңды тұлғаның құқықтарын пайдаланатын жеке адвокаттық кеңселер құруға құқылы.
Адвокат кеңесі мекеме нысанындағы коммерциялық емес ұйым болып табылады.
Жеке адвокаттар кеңсесін өз қызметін жарғы негізінде немесе құрылтай шарт негізінде жүзеге асырылады. Жеке адвокаттық кеңес әділет органдарында мемлекеттік тіркелуге жатады.
Азаматтың, кез – келген саладағы қоғамдық – құқықтық қатынастардың қатысушы ретінде құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғау мемлекеттің, оның органдары мен ұйымдарының, дербес азаматтарының мүмкіндігі мен уәкілеттігіне кіреді. Бұл конституциялық қағиданы бүкіл мемлекеттік жүйемен қатар, азаматтар мен олардың бірлестігінің (заңды ұйымдардың) құқықтарын қорғауды, мүдделерін білдіруді жүзеге асыратын, оларға тиісінше білікті заң көмегін көрсететін ұйым – Қазақстан Республикасының адвокатурасы болып табылады.
