
- •Мазмұны
- •Курстық жұмыстың тапсырмалары
- •10 КВ желілерді қорғау
- •1 Максималды тоқ қорғанысының іске қосу уставкасын таңдау
- •2 Қосалқы станцияның шиналарындағы қорғаныстардың іске қосу уставкаларын таңдау
- •3 Трансформаторлардың жоғары кернеу кірісінде орнатылған мтқ-нің іске қосу уставкаларын таңдау
- •4 35 КВ желіслерінің қорғаныстары
- •5 35 КВ эбж-нің дистанциялық қорғаныс уставкаларын таңдау
- •Реттелетін автотрансформатордағы дистанциялықты органның бірінші сатысына (пз-153 қорғанысы) арналған уставкасы былай анықталады:
- •6 Трансформатордың дифференциалдық қорғанысының іске қосу уставкаларын таңдау
- •Бойлық дифференциалдық қорғаныстардың сезгіштігін жоғарылату үшін арналған тесіп өту тоғымен тежеу принципі кең қолданылады (айналып жүрушімен) [3].
- •7 110 КВ эбж-нің релелік қорғанысы
- •Әдебиеттер тізімі
5 35 КВ эбж-нің дистанциялық қорғаныс уставкаларын таңдау
Дистанциялық қорғаныстың есептеу кезінде жіберу аппараттарының және қорғаныстың әр сатысындағы іске қосу кедергілерін, уақыт ұстамдылықтарын және сезгіштіктерін анықтау керек.
5.1 Дистанциялық қорғаныстың бірінші сатысының кедергісін анықтау.
Бірінші ретті кедергілер металдық қысқа тұйықталу болған жағдайларда осы шарттар бойынша анықталады [2, 3]:
а) тармақтағы трансфарматордан кейін қысқа тұйықталудан тұрғызылуы шарты бойынша:
мұндағы Z1 – тармаққа дейінгі желі телімінің кедергісі;
Zотв – тармақ телімінің кедергісі;
Zтр.мин – трансформатордың минималды кедергісі;
б) алдынғы учаскенің қосалқы станция шиналарындағы қысқа тұйықталудан тұрғызылу шарты бойынша:
мұндағы (Z1 + Z11) – трансформаторға қарай бұтақтамасыз алдынғы телімге дейінгі бүкіл желінің кедергісі.
Осы шарттар бойынша қабылданған мәндерден ең аз мәні іске қосу кедергісі болып алынады.
Егер Zтр.мин < (Z1 + Z11), онда бұтақтағы трансформатордың қуаты үлкен болса, онда «а» пунктінің шарты анықтаушы болуы мүмкін.
Егер 35 кВ желінің бұтақтарындағы трансформаторлар ПВТ жєне ПСН-35 типті балқу сақтандырғыштарымен қорғалатын болса, бірінші сатының соңында I(2)к.расч тоқтың минималдық есептік мәні болған жағдайда балқу вставкалар 0,08 сек аз уақыттада балқитын болса (tс.з. 0,1 с кезде), тек қана бұл жағдайда осы шартты қолдануға болады. Бұл жағдайда бірінші саты қорғанысының селективті емес (сұрыптамаған) әрекеті автоматты қайта қосылу (АҚҚ) әрекетімен түзеледі. Есептік тоқ осылай анықталады:
мұндағы
=
1,1
1,2 – сенімділік
коэффициенті;
=1,2
– сақтандырғыштардың
шашу есепке алған
коэффициенті.
Егер tп.в.>0,08 с онда Zс.з. кедергісі трансформатордың сақтандырғыштары орналасқан жерде қысқа тұйықталудан тұрғызу шарт бойынша алыну тиісті:
5.2 Дистанциялық қорғаныстың екінші сатысының іске қосу кедергісін анықтау.
Алғашқы іске қосу кедергілері келесі шарттармен анықталады:
а) тармақтарының трансформаторларының ар жағында қысқа тұйықталудан тұрғызылу шартты бойынша (п. 1.8 а);
б) алдыңғы учаскенің дистанциялық қорғанысының бірінші сатысымен келісу шарты бойынша:
в) алдыңғы телімнің басты қосалқы станцияның трансформаторының ар жағында қысқа тұйықталудан тұрғызылу шарты бойынша;
г) басқа түрлі алдынғы қорғаныстармен сезгіштікпен келісу шарты бойынша [3,7].
Егер
алдындғы желі, тармақтағы трансформаторлар
немесе алдыңғы учаскенің басты қосалқы
станция трансформаторлары тоқ отсечкасымен
қорғалатын болса, онда
лайықты тоқ отсечкасымен сезгіштік
бойынша келісу шартымен таңдауға болады:
мұндағы Zл – дистанциялық қорғаныс орнатылған орыннан қорғанысты (отсечканы) орналастыру орнын дейінгі учаскенің кедергісі;
Zрасч – есептік шарттарда (минималды режимде екі фазалық қысқа тұйықталу болған жағдайда) сенімді (К 1,1 жағдайда) қорғайтын қорғанысымен (отсечкамен), келісу жүргізілетін аймақтың кедергісі. Аналитикалық немесе графикалық түрде анықталуы мүмкін.
Алдыңғы тоқ отсечкамен немесе максималды тоқ қорғанысымен дистанциялық қорғаныстың сезгіштігі бойынша келісу, жеткіліктік дәлдікпен осылай жүргізуі мүмкін:
мұндағы Uс.мин.ф. – жүйенің фазалық кернеуінің минималды мағынасы;
Iс.з.пред. – алдыңғы тоқ қорғанысының іске қосылу тоғы;
n –тоқ қорғаныстардың іске қосу параметрлері бірдей болатын параллель жұмыс істеп тұрған элементтердің саны;
Zс.мин. –дистанциялық қорғаныстың құру орнына дейінгі жүйенің ең аз кедергісі.
5.3 Дистанциялық қорғаныстың үшінші сатысының іске қосу кедергісін анықтау.
Іске қосу кедергісін таңдаудың негізгі шарты болып қозғалтқыштық жүктеменің өзін жіберу кезіндегі минималды кедергіден тұрғызу болады. Іске қосу кедергісі былай анықталады:
мұндағы Uс.мин – қозғалтқыштардың өзін жіберу жағдайда қорғаныс орнатылған орындағы фазалар арасындағы кернеудің ең аз мәні, (0,8 0,9 Uн) тең болуы мүмкін;
Кн – сенімділік коэффициенті, Кн = 1,5 2;
Кв – реленің қайтару коэффициенті (ПЗ-153 қорғаныстардағы бағытталған кедергі релелері үшін, Кв=1,05; П3-4 қорғаныстарда – Кв=1,2).
5.4
Екінші сатының іске қосу уақыты
болып таңдалады. Алдыңғы учаскенің
қорғанысының екінші сатысымен жєне
қарастырылған қорғаныстың екінші
аймағының соңында I(2)к.расч
тоқ болғанда, тармақтағы трансформаторлар
сақтандырғыштарының жану уақытымен
сәйкес келу қажеттілігі
болған жағдайда
жоғарылауы мүмкін, сонда:
Үшінші сатының іске қосу уақыты алдынғы дистанциялық қорғаныстың үшінші сатысының, онымен іске қосу кедергінің келісу шарты жанында, іске қосу уақытынан селективтілік сатыға көбірек қабылданады.
Осы екі сатылар үшін сезгіштік коэффициенті қорғалатын учаскенің соңында металды қысқа тұйықталу болған жағдайда осылай анықталады:
Негізгі телім үшін Кч 1,5 қамтамасыз ету қажеті.
Резервтегі аймағы үшін – Кч 1,2.
Қуатты аз трансформаторлардың зақым келуінің ар жағында резервті жасау әдетте сәтті болмайды, ол [1] ережелермен рұқсат етіледі.
5.5 Реленің іске қосу кедергісі осылай анықталады:
мұндағы Zс.з. – қорғаныстың алғашқы іске қосу кедергісі;
Кт, Кн – тоқ және кернеу трансформаторларының сәйкес трансформация коэффициенттері;
Ксх
– релелерді қосу схемаларын есепке
алған схема коэффициенті, ол
тең.