Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Azamattyk_kukyk_sillabus.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
270.85 Кб
Скачать

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ЕУРАЗИЯ ГУМАНИТАРЛЫҚ ИНСТИТУТЫ

Мемлекеттік-құқықтық пәндер кафедрасы

«БЕКІТЕМІН»

Проректор______________Ахметов Қ.Ә.

«_____» _______________2013 ж.

СТУДЕНТТЕРДІ ОҚЫТУ

БАҒДАРЛАМАСЫ (СИЛЛАБУС)

«ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҒЫ»

пәні бойынша

5В030100 - «ҚҰҚЫҚТАНУ» (бакалавриат) мамандығы үшiн

(арнайы орта білім базасында)

Оқу түрі: күндізгі

Курс – 1,2

Семестр – 3

Кредит саны – 3

Жалпы сағат саны – 135

Дәрістер – 30 сағат

Машықтану – 15 сағат

СОӨЖ – 30 сағат

СӨЖ – 60 сағат

Емтихан – 2 семестр

Астана – 2013

Силлабус 5В030100 - «Құқықтану» (бакалавриат) мамандығы бойынша ҚР мемлекеттiк жалпыға мiндеттi бiлiм беру стандарты (ҚР Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң 17.06.2011ж. № 261 бұйрығымен бекiтiлген) және «Қазақстан Республикасының азаматтық құқығы» пәнінің типтiк оқу бағдарламасы, Астана, 2006ж. негізінде дайындалған

Силлабусты дайындаған – аға оқытушы Ибраева Айжан Орынбайқызы, Жантаева Ә. Қ.

Силлабус мемлекеттiк-құқықтық пәндер кафедрасы мәжiлiсiнде талқыланды, хаттама № қыркүйек 2013 ж.

Силлабус институттың ғылыми-әдiстемелiк кеңесiнде қаралып бекiтiлген, хаттама № қыркүйек 2013 ж.

Кафедра меңгерушiсi

з.ғ.к., профессор Әбішев Х.Ә.

I. Оқу пәнінің сипаттамасы Пәннің мақсаты мен міндеттері

Қазақстан Республикасының азаматтық құқығы 050301 - «Құқықтану» мамандығы бойынша оқытылатын негізгі оқу пәні, құқықтағы салалық ғылымдардың ең маңызды саласы.

Азаматтық құқықтың мәні азаматтық заңнаманың Қазақстанның нарықтық экономикасына зор әсерімен анықталады.

Пәннің мақсаты – азаматтық құқықтық қытынастардың табиғаты мен мәнін студенттердің жан-жақты терең түсінуіне жету, тәжірибелі қызметке жоғары дайындығы бар цивилист мамандар дайындау, болашақ цивилистердің қайраткерлік тұлғасын қалыптастыру.

Курстың міндеттері:

  1. оқылатын курс бойынша студенттердің негізгі білімдерді игеруі;

  2. азаматтық құқық саласында ғылыми-зерттеу жұмысының дағдыларын меңгеру;

  3. азаматтық-құқықтық білімдермен және түсініктермен тәжірибелік қызметте әрекет етуге дағдылану.

Курсты оқудың алдында мына құқықтық пәндердің білімі болуы қажет (пререквизиттер):

  1. Мемлекет және құқық теориясы;

  2. Қазақстан Республикасының отбасы құқығы

  3. Рим құқығы

  4. Қазақстан Республикасының конституциялық құқығы

Курсты оқығаннан кейін мына құқықтық пәндер оқытылады (постреквизиттер):

  1. Қазақстан Республикасының азаматтық іс жүргізу құқығы

  2. Қазақстан Республикасының еңбек құқығы

  3. Қазақстан Республикасының сақтандыру құқығы

  4. Қазақстан Республикасының тұрғын үй құқығы

Білімді бағалау туралы ақпарат

Пәннің зерттелуі ауызша емтиханмен аяқтала отырып, өткен материалды толығымен қамтамасыздандырады. Емтихан тапсыру міндетті шарты жоспарға сәйкес көзделген тапсырмаларды толық көлемде орындалуы тиісті.

4 аралық бақылау көрсеткіштері соңғы қортынды бағаны шығаруда есептелінеді.

Бағалау критерилері

Қорытынды бағаға кіреді:

Аралық бақылау - 60 %

Емтихан - 40%

Қорытынды баға мынадай формула бойынша есептеледі U = [(P1 + P2) / 2]*0,4 + E*0,6 бұл ретте

P1 – бірінші аралық бақылау бағасының сандық эквиваленті

P2 - екінші екінші аралық бақылау бағасының сандық эквиваленті

E – емтихан бағасының эквиваленті

Әріптік баға және оның сандық эквиваленті дұрыс жауаптарының пайыздық мөлшерде төмендегідей кесте бойынша анықталады:

Баға

Баллдың сандық эквиваленті

Пайыздық

мөлшер

Дәстүрлі баға пішіні

А

4,0

95 -100

өте жақсы

А -

3,67

90 -94

өте жақсы

В +

3,33

85 - 89

жақсы

В

3,0

80 - 84

жақсы

В -

2,67

75 - 79

жақсы

С+

2,33

70 - 74

қанағаттанарлық

С

2,0

65 - 69

қанағаттанарлық

С-

1,67

60 - 64

қанағаттанарлық

D +

1,33

55 - 59

қанағаттанарлық

D

1,0

50 - 54

қанағаттанарлық

F

0

0 - 49

қанағаттанарлықсыз

Талаптар:

Дәріс сабақтарына міндетті қатынасу (10 % қорытынды балдан), машықтау сабағында белсенді қатынасқаны үшін 10 %, тапсырманы орындау СОӨЖ 10 %.

Сонымен қатар 4 аралық бақылау қарастырылған: 1 – тестілеу 30%, 2 – жазбаша 30%, 3 - тестілеу 30%, 4 -жазбаша 30%.

Жоғарыда көрсетілген талаптарды орындаған студентке емтиханға жіберілу мүмкіндігін тудырады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]