
- •5В010900- «Математика» мамандығы студенттеріне арналған Астана
- •Түсініктеме
- •3. Глоссарий
- •1 Халық педагогикасы –Этнопедагогиканың зерттеу нысаны.
- •2.Қазақ этнопедагогикасының ғылыми – теориялық негіздері.
- •2. Қазақ этнопедагогикасының ғылыми – теориялық негіздері
- •1.Тәрбиелеуді ұйымдастыру біртұтас үдеріс ретінде тəрбиенің жалпы заңдылықтары
- •2. Тәрбие үдерісінің принциптері
- •2. Тəрбие принциптері
- •Қазақ отбасында отбасының және жеке тұлғаның ерекшеліктеріне байланысты дамыту мен тәрбиелеудің мәселелері.
- •Жас шамасының периодизациясы
- •Балалардың мүшел жас кезеңіндегі дамуымен тәрбиесі.
- •2. Жас шамасының периодизациясы
- •3. Балалардың мүшел жас кезеңіндегі дамуымен тәрбиесі.
- •Жетілген адам тәрбиелеудің халықтық бағдарламасы
- •Жетілген тұлға қалыптастыру жан-жақты ықпал ету құралдары
- •Халықтың отбасы жайындағы балалар мен ата-анасы жайындағы ұғым-түсініктері
- •Отбасы және отбасы тәрбиесі ерекшеліктері
- •Халық даңалығы- патриоттық тәрьбиенің баға жетпес қайнар көзі.
- •Адамгершілік тәрбиенің мазмұны
- •Адамгершілік принциптер мен заңдар – қоғамда және отбасындағы адамгершілік тәрбиенің негізі
- •2. Халықтық өнердің тәрбиелік мәні
- •Дене тәрбиесінің мақсаты мен міндеттері.
- •Халықтық тәжірибеде денсаулықты нығайту шаралары
- •Халықтық тәлім-тәрбие құралдары.
- •Этностық мәдениетті қалыптастырудағы негізгі құрал.
- •Этностық тәрбиенің алғышарттары.
- •Ойын бала тәрбиесінің негізгі әдісі мен түрі.
- •Этномәдени білім берудің негізгі қағидалары.
- •2. Мектептің тұтас педагогикалық үрдісінде көп тілді тұлғаны тәрбиелеу.
- •5. Негізгі және қосымша әдебиеттер тізімі.
- •5.2 Қосымша әдебиеттер:
- •Семинар және практикалық сабақтардың жоспары
- •Сөж тапсырмалары
- •2 Тақырып Этнопедагогиканың пайда болу және даму тарихы Проблемалық сұрақтар
- •4 Тақырып. Халық идеалындағы "жетілген тұлға" және оны тәрбиелеудің тәжірибесі.
- •5 Тақырып. Отбасы тәрбиесі халықтық педагогиканың негізі ретінде.
- •6 Тақырып. Ақыл-ой тәрбиесіне халықтық көзқарас
- •7 Тақырып. Баланы еңбекке баулу халық педагогикасының негізгі мақсаты
- •8 Тақырып. Халық педагогикасындағы адамгершілік тәрбие идеялары мен тәжіри-бесі
- •9 Тақырып. Эстетикалық тәрбие халық педагогикасының құрамды бөлігі Проблемалық сұрақтар
- •10 Тақырып. Дене тәрбиесіне халақтық көзқарас
- •11 Тақырып. Халық педагогикасы мектептегі оқу және тәрбие жұмысының негізі. Проблемалық сұрақтар
- •7. Соөж тақырыптарының үлгілік тізімі
- •Сөж тақырыптарының үлгілік тізімі
- •Тапсырмалар:
- •Реферат тақырыптарының үлгілік тізімі
- •8.Өзін бақылауға арналған тапсырмалар мен сұрақтар (аралық бақылау сұрақтары)
- •9. Емтиханға дайындалуға арналған сұрақтар
3. Балалардың мүшел жас кезеңіндегі дамуымен тәрбиесі.
Қазақ салт-дәстүрінде бала ер жетіп, қыз балиғатқа толған шақта әрбір ата-ана «ұлын ұяға, қызын қияға қондыруы» парыз. Қазақта «балиғат» деп 13-ке толған қыз баланың жасын атайды. Ал, осы жастағы ұл баланы «ер жетті» деп атайды. Қазіргі кезде қолданылып жүрген «кәмелетке толу» ұғымы жасөспірімдік шақтың соңы болатын 16-17 жасты белгілейді. Халық түсінігі бойынша жастарды неғұрлым ерте үйлендірсе, жағымсыз қылықтардан аулақ болып, ұрпағы көп, дені сау, мықты болып қалыптасады деген. 13 жастан асқан соң, исламның шариғат ережелері бойынша адам пенделік істерге барып, күнәһарлық жасай бастайды деп танылады. Сондықтан, қыз баланы 13-14 жасында, ұл баланы 14-15 жасында үйлендіретін болған.
Көне замандардан бері қазақтар, бергісі ауыл-аймақ шет-шекарасының тыныштығы, арғысы хандық немесе мемлекет қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында көрші ру-тайпалар немесе мемлекеттермен туыстық, меймандостық қатынас орнатуға талпынған. Ондайда, «үйірі басқаны ноқта қосады, атасы басқаны неке қосады» және «ұлыңды ұрымға, қызыңды қырымға» деген бойынша неғұрлым алыс жерден қыз алып, қыз берісуді жөн санаған. Оның өзіндік мәні тым тереңде жатады. Ең әуелі, қазақ өз арасында кем дегенде жеті ата араламаған ру ішінде бір-бірінен қыз алысып, қыз берісуге тыйым салуы негізінде қан тазалығы мен осы арқылы ақыл-есі, дені сау ұрпақ өрбіту қамынан туындаған салт қалыптастырған. Сондықтан, шалғай жерлерде туып-өскендердің өзара некелесуінен туған балалардың дені сау, мықты болып өсетінін де қазақ о баста санаға әбден сіңіріп, бұлжымас қағидаға айналдырған.
Сондай-ақ, «жер айырылса шым бітейді, ел айырылса қыз бітейді» сөзі айтып тұрғанындай, арада туған түрлі кикілжіңдер түбінде қыз алысып, қыз берісу арқылы шешіліп, мамыражай қалыпқа келуі сияқты жәйттерден қоғамдық өмірде некенің және өмірге ұрпақ әкелуші болашақ ана, қыздың аса зор маңызға ие екендігін байқау қиын емес.
Тақырып №6. Халық идеалындағы “жетілген адам” және оны тәрбиелеу тәжірибесі
Мақсаты: Жетілген адам тәрбиелеудің халықтық бағдарламасының қырлы, оны жүзеге асыру құралдары туралы мағлұматтар беру.
Негізгі ұғымдар: жетілген адам, отбасы жетілуі,
Жоспар
Жетілген адам тәрбиелеудің халықтық бағдарламасы
Жетілген тұлға қалыптастыру жан-жақты ықпал ету құралдары
Жетілген адам тәрбиелеудің халықтық бағдарламасы көп қырлы және кең. Оны жүзеге асыру құралдары да сан алуан. Адамды жетілдіруді халық мейлінше нақты және анық түсінді. Бұл жерде әңгіме жетілген адамның синтездік бейнесі ғана емес, сондай-ақ, нақты жетілулер еңбекте, ақыл-ой, адамгершілік, әсемдікке жетілуді қамтамасыз ету жайында болып отыр.
Әрбір халықтың жетілген тұлға жайлы түсінігі тарихи жағдайлардың ықпалымен дамыды және нақтыланып отырды. Халықтың өмір сүру жағдайларын өзгешелігі адамдық жетулілердің ұлттық идеалдарында өз көрінісін тапты. Халық тәрбиенің мақсаттарын ұдайы есте сақтады және оларды тұлғаны жетілдіру жайлы қамқорлық деп түсінді. Жалғыз адам халық қажетсінген бүкіл жетілуді өзіне сіңіре алмайды сондықтан халық педагогикасында ру мүшелерінің жетілулері жайлы жиынтық жетілу идеясы бар. Жалпы от басы, ру және тайпа жетілуіне ұмтылу көптеген халықтардың ата-бабаларына тән. Осылайша тұлға жетілуі отбасы жетілуімен толықты, отбасы жетілуі тайпа жетілуімен ұштасты, мұндай жетілу әрі қарай халықтың адамға лайық өмірсүру құқығы үшін күресуші тұтас және ұлы ұжым ретінде кемелденуіне алып келді. Адамдық жетілулердің мәні мен мазмұны жайлы көзқарастар, түсініктер тәрбиенің халықтық идеалдарының тұрақтылығын көрсетеді. Жетілген тұлға сипаттары тек тілек сөздер аясында болып қойған жоқ, олар тәрбие тәжірибесімен тығыз байланыста болды. Сөз бен істің бірлігі халық педагогикасының аса қүшті тұстарының бірі.
Жетілген тұлға қалыптастыру жан-жақты ықпал ету құралдарын қолдануды талап етті. Мәселен, бала санасы мен сезіміне әсер етудің тиімді құралдары қатарында жұмбақтар, мақалдар, әндер мен ертегілерді атап өтуге болады. Жұмбақтардың негізгі мақсаты ақыл-ой тәрбиесі болса, мақалдар мен әндер арқылы адамгершілік және эстетикалық тәрбие жүзеге асырылды.
Ертегілер ақыл-ой, адамгершілік және эстетикалық тәрбие міндеттерін шешуге ықпал етеді. Басқаша айтқанда, ертегілер – жиындық құрал.
Халық педагогикасы тұлға тәрбиелеуді белсенді әрекетсіз болжамайды. Жеткіншек ұрпақтың сана-сезіміне ықпал етудің жиынтық шаралары олардың өмірі мен қызметін ұйымдастырудың кешенді формалармен сәйкес болды. Жастар өмірін ұйымдастырудың кешенді формаларына көптеген салттар мен дәстүрлерді, әдеп-ғұрыптар мен мерекелерді жатқызуға болады. Мәселен, қай халықта болмасын еңбек дәстүрлері алдыңғы орынға ие, оларды ұйымдастыру
Тақырып № 7 Отбасы тәрбиесі – халық педагогикасының негізгі өзегі
Мақсаты: Халықтың отбасы жайындағы балалар мен ата-анасы жайындағы ұғым-түсініктері, оның көп ғасырлық тіршілік тәжірибесі туралы мағлұматтар беру.
Негізгі ұғымдар: мінез-құлық нормалары, отбасы тәрбиесі, этикалық нормалар.
Жоспар