
- •5В010900- «Математика» мамандығы студенттеріне арналған Астана
- •Түсініктеме
- •3. Глоссарий
- •1 Халық педагогикасы –Этнопедагогиканың зерттеу нысаны.
- •2.Қазақ этнопедагогикасының ғылыми – теориялық негіздері.
- •2. Қазақ этнопедагогикасының ғылыми – теориялық негіздері
- •1.Тәрбиелеуді ұйымдастыру біртұтас үдеріс ретінде тəрбиенің жалпы заңдылықтары
- •2. Тәрбие үдерісінің принциптері
- •2. Тəрбие принциптері
- •Қазақ отбасында отбасының және жеке тұлғаның ерекшеліктеріне байланысты дамыту мен тәрбиелеудің мәселелері.
- •Жас шамасының периодизациясы
- •Балалардың мүшел жас кезеңіндегі дамуымен тәрбиесі.
- •2. Жас шамасының периодизациясы
- •3. Балалардың мүшел жас кезеңіндегі дамуымен тәрбиесі.
- •Жетілген адам тәрбиелеудің халықтық бағдарламасы
- •Жетілген тұлға қалыптастыру жан-жақты ықпал ету құралдары
- •Халықтың отбасы жайындағы балалар мен ата-анасы жайындағы ұғым-түсініктері
- •Отбасы және отбасы тәрбиесі ерекшеліктері
- •Халық даңалығы- патриоттық тәрьбиенің баға жетпес қайнар көзі.
- •Адамгершілік тәрбиенің мазмұны
- •Адамгершілік принциптер мен заңдар – қоғамда және отбасындағы адамгершілік тәрбиенің негізі
- •2. Халықтық өнердің тәрбиелік мәні
- •Дене тәрбиесінің мақсаты мен міндеттері.
- •Халықтық тәжірибеде денсаулықты нығайту шаралары
- •Халықтық тәлім-тәрбие құралдары.
- •Этностық мәдениетті қалыптастырудағы негізгі құрал.
- •Этностық тәрбиенің алғышарттары.
- •Ойын бала тәрбиесінің негізгі әдісі мен түрі.
- •Этномәдени білім берудің негізгі қағидалары.
- •2. Мектептің тұтас педагогикалық үрдісінде көп тілді тұлғаны тәрбиелеу.
- •5. Негізгі және қосымша әдебиеттер тізімі.
- •5.2 Қосымша әдебиеттер:
- •Семинар және практикалық сабақтардың жоспары
- •Сөж тапсырмалары
- •2 Тақырып Этнопедагогиканың пайда болу және даму тарихы Проблемалық сұрақтар
- •4 Тақырып. Халық идеалындағы "жетілген тұлға" және оны тәрбиелеудің тәжірибесі.
- •5 Тақырып. Отбасы тәрбиесі халықтық педагогиканың негізі ретінде.
- •6 Тақырып. Ақыл-ой тәрбиесіне халықтық көзқарас
- •7 Тақырып. Баланы еңбекке баулу халық педагогикасының негізгі мақсаты
- •8 Тақырып. Халық педагогикасындағы адамгершілік тәрбие идеялары мен тәжіри-бесі
- •9 Тақырып. Эстетикалық тәрбие халық педагогикасының құрамды бөлігі Проблемалық сұрақтар
- •10 Тақырып. Дене тәрбиесіне халақтық көзқарас
- •11 Тақырып. Халық педагогикасы мектептегі оқу және тәрбие жұмысының негізі. Проблемалық сұрақтар
- •7. Соөж тақырыптарының үлгілік тізімі
- •Сөж тақырыптарының үлгілік тізімі
- •Тапсырмалар:
- •Реферат тақырыптарының үлгілік тізімі
- •8.Өзін бақылауға арналған тапсырмалар мен сұрақтар (аралық бақылау сұрақтары)
- •9. Емтиханға дайындалуға арналған сұрақтар
2. Қазақ этнопедагогикасының ғылыми – теориялық негіздері
Халық педагогикасы мыңдаған жылдар бойы халықпен бірге жасасып, тәжірибесі мен құнды идеялары толысып, жетіліп, ұрпақтан-ұрпаққа үзіліссіз бірізділікте беріліп келеді.
Тарихи педагогикалық әдебиеттерге жасаған талдау тәрбие мәселесіне тарихи дамудың барлық кезеңінде аса назар аударғанын дәлелдейді.
Ұлы түркi қағанаты дәуiрiндегi Орхон-Енисей ескерткiштерiндегi (VI-VIII ғ.ғ.) жазбаларындағы тәлімдік саясат сөздерi өзiнiң теңдесi жоқ өнегесiмен жүрек тербейдi. «Құлақ қойып тыңдаңыздар, тереңнен ойланып, толғаныңыздар. Өлiмнен ұят күштi... Адам ұлының бәрi де өлмес үшін туады...» деп жазылыпты.
Одан берiректе (IХ ғ.) ғұмыр кешкен Қорқыт атаның мұрасындағы тәлiмдiк өсиет бүгiнгi ұрпақ үшін де аса маңызды. «Анадан өнеге көрмеген қыз жаман, атадан тағылым алмаған ұл жаман... Менмен, тәкаппар адамды тәңiрi сүймейдi... Ақылсыз балаға ата дәулетiнен қайран жоқ... қонағы жоқ қараша үйден құлазыған тұз артық», - дейдi ұлы Қорқыт баба.
Қазақ даласына араб-шығыс мәдениетiнiң тарауы (Х-ХV ғ.ғ.) исi түркi халықтарының ұлы ғұламалары - әл-Фараби, Фердоуси, Авиценна, Бируни, Низами, Науаи, Қашқари, Иасауи, Баласағұнды т.б. дүниеге әкелдi. Ұлы бабаларымыз Әбу Насыр әл-Фарабидiң сан-салалы трактаттарында, Қожа Ахмет Ясауидiң «Диуани хикметiнде», Жүсiп Баласағұнидiң «Құдатғу бiлiгiнде» («Құтты бiлiк»), Махмуд Қашқаридiң «Диуани луға-ат-түрiгіндегi», Ахмет Жүйнекидiң «Хибатул хиқайқ» («Ақиқат сыйы»), Хорезмидiң «Махаббатнама» еңбектерiнде педагогикалық, психологиялық, философиялық, дидактикалық, әдiснамалық ой-пiкiрлер өрiлiп жатыр. Ғұлама-ойшылдардың бiзге жеткен мұраларында әдет, мiнез, бақыт, дағды, ақыл-парасат, имандылық, мейiрiмдiлiк, әдiлеттiлiк тұрғысындағы ұлағатты өсиетнамалар тұнып тұр. Бұларда ұл мен қыздың өнегелi тәрбиесi, бала мен ата-ананың қарым-қатынасы, отбасы мен неке, адам бойындағы ұнамды, ұнамсыз моральдық-этикалық қасиеттер, т.б. ұлы ойшылдар шығармаларының алтын арқауы болды.
Халық педагогикасының бала тәрбиесіндегі мүмкіндіктерін кезінде көптеген ұлы ойшылдар (Аристотель, Әл-Фараби, Баласағұн, Қашқари), ағартушылар (Шоқан, Абай, Ыбырай), шетел педагогтары (Я.А.Коменский, К.Д.Ушинский, А.С.Макаренко, А.В.Сухомлинский және т.б.) өте жоғары бағалаған. Бірқатары оларды халық даналығының көрінісі ретінде өздерінің іс-тәжірибесінде ұтымды пайдаланған.
Халық педагогикасы ғылыми педагогиканың бастауында тұрған қайнар көзі. Ол бүгін ғалымдардың, ақындар мен жазушылардың шығармашылығындағы, өткен кезеңнің көне педагогикалық мәдениетіндегі қазіргі өмірге қажет жалпы адами және ұлттық құндылықтарды іріктеуге мүмкіндік туғызады. Халықтық тәрбие тәжірибесінің «халықтық педагогика» түріндегі бейнесі әуелде педагогиканың (XVI ғасырдан XX ғасырдың 70-шы жылдарына дейін), сонан соң этностық педагогиканың пәніне айналған деп түсінеміз.
Халық педагогикасы - ежелден халықпен бірге жасасып келе жатқан тәлім-тәрбие мектебі. Ғалымдар тұжырымына сүйенсек, халық педагогикасы ғылым емес, ол халықтың ғасырлар бойы жинақтаған, бірақ бір жүйеге келтірілмеген ұрпақ тәрбиесі жөніндегі эмпирикалық білімі мен тәжірибесінің жиынтығы, этнопедагогика ғылымының зерттеу объектісі, педагогика ғылымын тудырушы қайнар бұлақ.
Бiз еңбектi жазу барысында қазiргi қазақ этнопедагогикасын зерттеушi, ғалым С.Қалиұлының бiрқатар тұжырымдарын негiз етiп алдық. Ғалым халық педагогикасының тарихын адамзат дамуының қоғамдық құрылыс кезеңдерiне сай сегiз кезеңге бөлiп қарастырған.
Ғалым С.Қалиұлының пайымдауынша, бірінші кезең - Алғашқы қауымдық құрылыс кезiндегi тәрбие (б.з.д. тас, қола замандары); екінші кезең - Сақтар мен ғұндардың жауынгерлiк тәрбиесi (б.з.д VII-VIII ғ.ғ. - б.д. V ғ. дейiн); үшінші кезең - ұлы түрік қағанаты кезiндегi тәрбие (VI-IХ ғ.ғ. аралығы); төртінші кезең - Араб-шығыс мәдениетi, орта ғасыр ойшылдарының тәлiмгерлiк ой-пiкiрлерi (Х-ХV ғ.ғ. аралығы); бесінші кезең - Қазақ хандығы кезiндегi ұлттық тәлiм-тәрбие көрiнiстерi (жыраулар поэзиясындағы тәлiмдiк ойлар) (ХV-ХVIII ғ.ғ. аралығы); алтыншы кезең - Қазақстанның Ресейге қосылу кезiндегi ұлт-азаттық қозғалысы мен ағартушылық-демократиялық бағыттағы тәлiм-тәрбие (ХVIII ғасырдан ХХ ғ. 20-ж. дейiн); жетінші кезең - Кеңестiк дәуiрдегi ғылыми педагогиканың қалыптасуы (1920-1990 ж.ж. аралығы); сегізінші кезең – Тәуелсiз Қазақстандағы ұлттық тәлiм-тәрбиенiң өркен жаюы (1991 ж. кейiнгi).
Қазақ халқының халық педагогикасы туралы «жалпылық» түсініктер мен тұжырымдар бұл ғылымның этникалық мәні туралы жалпылау ұғымның аты ғана, ал қазақ халық педагогикасы (қазақ ұлтының педагогикасы) жеке этностың (қазақ ұлтының, халқының) педагогикасы болғандықтан оның нақтылай атауы сол ұлттың атымен аталуы қажет. Ол үшін сол ұлттың тарихи қалыптасқан ұлттық, халықтық педагогикасы болу керек. Ал, қазақ халқының халық педагогикасы - ғасырлар бойы қалыптасып, негізделген, ұлттық тәлім-тәрбиенің құнды құралы деп есептейміз.
Қазақ халқының халық педагогикасының құрылымы: ауыз әдебиеті, салт-дәстүрлер, ұлттық өнер, ұлттық тәлім болып табылады.
Қазақ халқының көпжанрлы өте бай ауыз әдебиеті мен игі әдет-ғұрпы, әдебі, дәстүрлері, салты, салт-санасы оның этнопедагогикасының тірегі болып табылады.
Қазақ халкының өзіне тән тәлім-тәрбиелік ерекшеліктері оның салт-дәстүрлерінен айқын көрінеді. Мысалы, ұлттық қасиет - меймандостық ең әуелі жеке тұлғалардың игі әрекеті болса, ол қолданысты үлгі-өнеге ретінде басқалар да пайдаланып, әдет-ғұрыпқа айналдырған.
Тақырып №3 Этнопедагогиканың зерттеу пәні ретіндегі этностық тәрбиенің мәні
Мақсаты: Этнопедагогиканың зерттеу пәні ретіндегі этностық тәрбиенің мәні туралы түсінік беру.
Негізгі ұғымдар: табиғат, тұрмыс, еңбек, дәстүр, тұрмыс, өнер.
Жоспар
1.Адам этностың дамушы субьектісі.
2. Этностық тәрбиеніңң мақсаты.
Халық педагогикасына ықпал етуші негізгі факторлар қатарына табиғат, ойын, қарым-қатынас, дәстүр, тұрмыс, өнер және дінді атауға болады.
Табиғат халық педагогикасының қалыптасуында айрықша роль атқарған факторлардың бірі. Табиғат пен мәдениеттің өзара ықпалы адам мен әлемнің бірлігі жайлы көзқарастар наным-сенімдерде, әдет-ғұрыптарда, халық даналықтарында сақталып қалған. Табиғат ол тек мекен ету ортасы ғана емес сондай-ақ туған ел, Отан, бүкіл дәстүрлі өмір-салтпен, анықталады. Халық және табиғат, халық және табиғилық ажыратылмайды. Олардың бірлігі жер бетіндегі өмірдің жоғары үйлесімділігін білдіреді. Халық педагогикасында табиғилық пен тәрбиенің табиғатқа сәйкестілігі аса анық байқалады. Олардың негізгі идеясы адамның табиғи теңдігін, әр бір индивидтың өзіндік құндылығын және даралығын, оның қоршаған дүниемен ажырамас бірлігін мойындау болып табылады.
Дәстүр – бұл әлеуметтік тәжірибені сақтау, оны кейінгі ұрпаққа табыс ету, жаңарту және орнықтыру механизімы; қоғамдық пікір, қоғамдық-психология атмосфера, жалпы әдеттер және сенімдердің күшімен сүйемелденетін тұрақты қарым-қатынастардың жүзеге асу жолы. Дәстүрдің көмегімен ұрпақтар байланысы жүзеге асады. Олар халықтардың рухани-адамгершілік өмірінің тірегі, үлкендер мен кішілердің сабақтастығы дәстүрлерге арқа сүйейді.
Тұрмыс – қоғам өмірінің аса маңызды салаларының бірі, ол адамдардың өндірістік және қоғамдық-саяси әрекетінен тыс тіршілігін қамтиды. Тұрмыс тамақтану, киіну, тұрғын-жай, демалыс, көңіл көтеру,денсаулықты күту және тағы да басқа қажеттіліктерді қанағаттандыратын материалдық және мәдени орта. Тұрмыста халықтық әдеп-ғұрыптардың, салттардың, дәстүрлердің ұлттық өзгешіліктердің, қоғам идеологиясы мен мәдениеттің іздері айқын білініп отырады.
Халық педагогикасы, оның мазмұны, тәрбие әдістері мен жолдарының қалыптасуына ықпал еткен маңызды фактор ретінде діннің алатын орны ерекше. Діни сенімдерде отбасы мен қоғамдағы мінез құлықтың моральдық-этикалық нормаларын реттейтін принциптер мазмұндалған, адам мен әлеуметтің өмір салты анықталған. Діни мәдениет өзіне халық педагогикасымен байланысты көп ғасырлық тәжірибені шоғырландырған. Бұл өз кезегінде адамның дамуы, оның өзіне, отбасына, айналасына, құрдастарына,
Тақырып №4. Этностық тәрбиенің принциптері
Мақсаты:Тәрбиенің негізгі түрлері және олардың ерекшеліктері жайлы түсінік қалыптастыру.
Негізгі ұғымдар: тәрбие процесі, тәрбие процесінің принциптері, гуманистік тәрбие, объектив жағдаяттар.
Жоспар