
- •5В010900- «Математика» мамандығы студенттеріне арналған Астана
- •Түсініктеме
- •3. Глоссарий
- •1 Халық педагогикасы –Этнопедагогиканың зерттеу нысаны.
- •2.Қазақ этнопедагогикасының ғылыми – теориялық негіздері.
- •2. Қазақ этнопедагогикасының ғылыми – теориялық негіздері
- •1.Тәрбиелеуді ұйымдастыру біртұтас үдеріс ретінде тəрбиенің жалпы заңдылықтары
- •2. Тәрбие үдерісінің принциптері
- •2. Тəрбие принциптері
- •Қазақ отбасында отбасының және жеке тұлғаның ерекшеліктеріне байланысты дамыту мен тәрбиелеудің мәселелері.
- •Жас шамасының периодизациясы
- •Балалардың мүшел жас кезеңіндегі дамуымен тәрбиесі.
- •2. Жас шамасының периодизациясы
- •3. Балалардың мүшел жас кезеңіндегі дамуымен тәрбиесі.
- •Жетілген адам тәрбиелеудің халықтық бағдарламасы
- •Жетілген тұлға қалыптастыру жан-жақты ықпал ету құралдары
- •Халықтың отбасы жайындағы балалар мен ата-анасы жайындағы ұғым-түсініктері
- •Отбасы және отбасы тәрбиесі ерекшеліктері
- •Халық даңалығы- патриоттық тәрьбиенің баға жетпес қайнар көзі.
- •Адамгершілік тәрбиенің мазмұны
- •Адамгершілік принциптер мен заңдар – қоғамда және отбасындағы адамгершілік тәрбиенің негізі
- •2. Халықтық өнердің тәрбиелік мәні
- •Дене тәрбиесінің мақсаты мен міндеттері.
- •Халықтық тәжірибеде денсаулықты нығайту шаралары
- •Халықтық тәлім-тәрбие құралдары.
- •Этностық мәдениетті қалыптастырудағы негізгі құрал.
- •Этностық тәрбиенің алғышарттары.
- •Ойын бала тәрбиесінің негізгі әдісі мен түрі.
- •Этномәдени білім берудің негізгі қағидалары.
- •2. Мектептің тұтас педагогикалық үрдісінде көп тілді тұлғаны тәрбиелеу.
- •5. Негізгі және қосымша әдебиеттер тізімі.
- •5.2 Қосымша әдебиеттер:
- •Семинар және практикалық сабақтардың жоспары
- •Сөж тапсырмалары
- •2 Тақырып Этнопедагогиканың пайда болу және даму тарихы Проблемалық сұрақтар
- •4 Тақырып. Халық идеалындағы "жетілген тұлға" және оны тәрбиелеудің тәжірибесі.
- •5 Тақырып. Отбасы тәрбиесі халықтық педагогиканың негізі ретінде.
- •6 Тақырып. Ақыл-ой тәрбиесіне халықтық көзқарас
- •7 Тақырып. Баланы еңбекке баулу халық педагогикасының негізгі мақсаты
- •8 Тақырып. Халық педагогикасындағы адамгершілік тәрбие идеялары мен тәжіри-бесі
- •9 Тақырып. Эстетикалық тәрбие халық педагогикасының құрамды бөлігі Проблемалық сұрақтар
- •10 Тақырып. Дене тәрбиесіне халақтық көзқарас
- •11 Тақырып. Халық педагогикасы мектептегі оқу және тәрбие жұмысының негізі. Проблемалық сұрақтар
- •7. Соөж тақырыптарының үлгілік тізімі
- •Сөж тақырыптарының үлгілік тізімі
- •Тапсырмалар:
- •Реферат тақырыптарының үлгілік тізімі
- •8.Өзін бақылауға арналған тапсырмалар мен сұрақтар (аралық бақылау сұрақтары)
- •9. Емтиханға дайындалуға арналған сұрақтар
Этномәдени білім берудің негізгі қағидалары.
2. Мектептің тұтас педагогикалық үрдісінде көп тілді тұлғаны тәрбиелеу.
Этномәдени білім беру – этнопедагогика элементтерін мектеп оқушыларының меңгеруі, қазіргі жағдайда халықтың аса бай тәрбие беру тәжірибесін шығармашылықпен пайдалану шеберліктері мен дағдыларына ие болу және халықтың рухани мәдениетіне бағалы көзқарас жүйесі мен нәтижесі.
Оқушыларды әлеуметтік өмірге бейімдеуде көпмәдени білім берудің мақсаты – оқушылардың ұлттық сана-сезімді, өз халқының тарихына, қоршаған ортаға, мәдениетіне біртұтас көзқарас қалыптастыру.
Мектепте этномәдени білім берудің басты мақсатын негізге ала отырып, мынандай міндеттерді шешу қажет:
ана тілін дамыту негізінде оқушыларда өз халқының дәстүрлерін, әдет-ғұрыптарын және өзіндік мәдениетін игерту, этномәдени көзқарастарын қалыптастыру;
өз халқының тарихи ерлік оқиғаларына терең жан күйзелісі сезімін қалыптастыру;
этномәдени жөніндегі арнайы білімдерді, шеберліктер мен дағдыларды меңгеру және жалпыадамзаттық құндылықтарды құруға талпыныс жасау .
Осы жоғарыда көрсетілген міндеттерді тиімді шешу үшін дүние жүзінде және өркениетті 50 елдің қатарына қосылуға бел байлаған егеменді Қазақстан Республикасында да қазіргі таңда мәдениет жасаушы бірлікке, ынтымақ пен татулыққа, отансүйгіштікке тәрбиелейтін орта қалыптасып отыр. Ол этникалық мәдениет негізінде жалпы халықтық мәдениеттің гүлденуіне, еліміздегі азаматтардың татулығы мен қоғамдық қатынастардың үйлесуіне ықпал етеді. ЮНЕСКО өткізген халықаралық конференцияға қатысушылар: “Рухани компонент белгілі бір этносқа тән идеал мен құндылықтардың, түрлі сенімдердің, адамдар арасындағы қарым-қатынастардың, тәртіп нормасы мен әдептің жиынтығынан тұрады және ол білім және мәдениет аясы үшін аса маңызды болып табылады”,- деп түйген ( “Білім және мәдениет”, ЮНЕСКО 1995).
Қазақ елі меймандостығы арқасында және тарих кезеңдерге байланысты көп ұлтты мемлекетке айналып отыр. Әр түрлі ұлттар мен ұлыстардың өзіндік мәдениеті мен мақсат-мүдделері, ел намысы мен құқықтарын қорғау, тыныс-тіршілігінің ұлттық астарларына барынша ұқыптылықпен қарау, шиеленіскен ұлттық кемсітулердің үлкенді-кішілі көріністеріне қарсы күресу т.б. осы типтес мәселелерді реттестіру қоғамдық және отбасы міндеттерінің бірі болмақ. Бүгінгі егемендіктің бір үлкен жетістігі – ұлт тілі мен ұлт мәдениетінің өркен жаюына бостандық берілуі.
Ұлттық идеологиялық тәрбиенің басты нысанасы-этностық және өркениетті әлемдік мәдениетті кіріктіре пайдалану арқылы ұлттық менталитетті қалыптастыруды көздеу болмақ.
Осыған орай 2008 жылдың 13 маусымында «Егеменді Қазақстан» газетінде толық мәтіні жарияланған Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың бір топ қазақ тілді ақпарат басшыларына берген сұхбаты-еліміздің, ұлтымыздың жаңғыруы, мемлекеттік тіл, шетелдегі отандастарымыздың жағдайы және халқымыздың бәсекеге қабілеттілігін арттыру сияқты қоғамдағы ең бір өзекті мәселелерге арналды. Бұл сұхбат қазақстандықтарды бірлікке, ынтымақ пен татулыққа, отансүйгіштікке тәрбиелейтін бүгінгі таңдағы идеологиялық бағдарлама іспеттес. Оған дәлел ғасырлар бойы Қазақстанда орнығып, Қазақстан өз елім деп бүгінгі күнге дейін қазақтармен бірге қайнасып «ынтымақ түбі- игілік, тірлік түбі- бірлік» дегендей, ықыластық достық жағдайында осы күнге дейін ынтымақтастықта өзара түсіністікте өмір сүріп жатқан қаншама ұлт өкілдерінің (орыстар, тәжіктер, түркмен, т.б) мәдени – рухани ықпалдастықта бақытты өмір сүріп жатыр. Соның бір көрінісі (Қазақстан-Zaman, 12 маусым 2008ж.) газетте «Атым – грузин, затым – қазақ» деген тақырыпта жарияланған Т.Токиннің мақаласы. Қазақстанда тұрғанына 30 жылдан асқан грузин Хупения Гочаменнің: «Өзім қайда жұрсем де Қазақстан өз елім» деген сөзі грузин халқының қазақтармен тығыз байланыста өмір сүріп жатқандығын дәлелдейді. Әсіресе, Х. Гочаменнің: өзімнің де, ұрпағымның да тағдыры осы елмен өсіп жетілгендіктен қазақстанды өз елім демеуге хақым жоқ.Сондықтан, қай жерде жүрсем де менің тілегім «Қазақстан үшін, қазақ елінің мәңгі еркіндігі үшін тілек білдіремін». Бүгінгі күнге дейін білімге мәдениеттің ажырамас бөлігі ретінде жаңа көзқарас қалыптаса бастады. Білімнің жаңа парадигмасы бойынша жеке тұлғаның этномәдениет негізінде дамуына қызығушылық артып келеді. Студенттер арасында этномәдени білім таратудың мақсаты, міндеті, шарты, тиімді жолдары мен ұйымдастыру кезеңдері анықталмаған. Қазіргі таңда көпмәдениеттілік жағдайында жастарды оқыту мен тәрбиелеу әдістемесіне қатысты зерттеулер өз деңгейінде емес.
Оқушы жастардың этномәдени білімге қызығушылығын жүзеге асыру білімнің ұлттық негізін – ана тілінің, этникалық мәдениеттің басымдығын, білімнің түрлері мен мекемелердің вариативтілігін, білімдік қызметтің жалпыға ортақтығын, үздіксіз білім жүйесінің жариялылығын нығайтып, дамытқанда ғана мүмкін болады.
Қазіргі кезеңде керегі мәдени көзқарасы кең, өз мемлекетінің отаншыл азаматы негізінде қалыптасқан, кәсіби қызмет атқара алатын маман. Этномәдениеттендіру идеясы Қазақстан Республикасындағы үздіксіз жүзеге асуы үшін төмендегідей ережелер қажет болады:
этностар мен мәдениет теориясының әдіснамалық негізі, олардың өзара байланысы арқылы заңдар мен заңдылықтарды, ұстанымдарды, тіл, психикалық болмыс, ұлттық мінез-құлық пен өзіндік сананы, әдептік ерекшеліктерді танытатын тәрбие әдістері;
жастар тұлғасын қазіргі өмірдегі құндылықтарға, бағдарлау арқылы адамзат қоғамының жалпы мәдени жетістіктерінің жиынтығын игеретін мәдениеттанымдық білім беру;
ұлттық мәдениетті білім мазмұны мен педагогикалық технологиялардың дереккөзі ретінде кеңінен пайдалану;
оқушы жастарды отаншылдық пен өз халқымызға тән намысқойлық дәстүрінде тәрбиелеу. Қазақстан этностарының барлығына тән тарихи және мәдени дәстүрлерді жалғастыруға ұмтылысын қалыптастыру;
оқушыларды ана тілді, төл тарих пен әдебиетті ұлттық сана-сезімді жаңғыртудың, халық мәртебесін көтерудің дереккөзі ретінде оқып үйренуге бейімдеу;
оқушы жастарды еліміздің және әлемнің барлық халықтары туралы, тарихы мен мәдениеті туралы білімін кеңейту, халықтармен қарым-қатынас жасауға тәрбиелеу, ол халықтардың; жан-жақты, терең білімді, этникалық мәдениеттер диалогында өзін еркін сезінетін, ұлттық құндылықтарды саналы түрде игерген жеке тұлға ғана этномәдениеттанымдық білім моделіне негіз бола алады. Педагогикалық стратегиялар білімнің этномәдениет-танымдық және көп мәдениетті моделдерімен диалектикалық тұтастықта толығады. Бұл Қазақстандағы этнодемографиялық жағдайлардың ерекшелігіне, адамның философиялық моделіне, мәдениетіне мен әлеуметтігіне сәйкес келеді.
Қазіргі жалпы адамзаттық және ұлттық байлық негізінде мәдени білім беруді дамыту аса маңызды болып отыр. Өзінің бастауын ұлттық, этникалық мәдениеттен алмайтын білім болмайды. Бұл постулат этномәдени білім мәселелерінің өзектілігін дәлелдейді. Этномәдени білімнің пәні жалпы адамзаттық және ұлттық мәдени процестердің объективті заңдылықтары мен мәдени құндылықтардың жаңа буынға берілуі және ақыл-ой, тәжірибелік қызметтің қалыптасуы.
Мектепте оқушылардың этномәдени білімдерін қалыптастыруда тұтас педагогикалық үрдісті ұйымдастырған кезде мұғалімдер төмендегі негізгі ұстанымдарға сүйенуі керек:
1.Қоғамның демократиялық және жалпы адамзаттық құндылықтарға бағдар алуы; отаншылдық пен азаматтықтың, тарихи ойлау мен мәдени тұрғыдағы кең көзқарастың, қоршаған әлемге және өз қызметіне белсенді шығармашылық қатынасын арнайы бағыттап, жүйелі түрде қалыптастыру; табиғатқа және қоршаған ортаға, Отаны мен отбасына, адам құқығы мен бостандығына құрметпен қарай білуге тәрбиелеу.
Білім мен оқытуда мәдени компоненттің міндетті түрде болуы.
2.Көпэтникалық жағдайдағы оқыту жүйесі мен ұлттық мәдениеті, оның дәстүрлері мен ерекшеліктерін қорғау, нығайту және дамыту.
3.Базалық және әмбебап мәдениеттанымдық білім тұтастығы тұрғысынан алғанда білімнің үздіксіздігін қамтамасыз ететін мынадай компоненттерден тұратын оқыту мен кәсіптік білім жүйесін жасау: бастауыш, орта, жоғары, жалпы және кәсіптік білім;.
4.Мәдениеттер диалогына құрылған ұлттық білім жүйесінің ашықтығы. Диалогтық таным негізінде болмысты тану өзіңді тануға мүмкіндік беретін әлемнің көпқырлылығын, көпүнділігін танудан, демократиялық ұстанымдар негізінде өз құндылықтарың мен қызығушылығыңды өзгелердікімен сәйкестендіріп, санаса білуден, әділеттілікті, адамдар арасындағы салт пен сенім айырмашылығын сезініп, оған төзімділікпен қараудан басталады.
4. Мектептің тұтас педагогикалық үрдісінде көп тілді тұлғаны тәрбиелеу.
«Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие берілуі керек. Тәрбиесіз берілген білім- адамзаттың жауы,ол келешекте оның барлық өміріне апат әкеледі», - деп ұлы ғұлама әл- Фараби айтқандай, білім мен тәрбиені үндестіре білсек, ғылым мен техниканың озық идеяларын ала отырып, оқушылардың таным қабілетін этнопедагогика негізінде тәрбиелеу арқылы ұлттық санасы қалыптасқан, көп тілді этномәдени тұлға тәрбиелей аламыз.
Жоғарыда біз мектепте оқу үрдісінде этномәдени оқушыны білім беру арқылы қалыптастыруды сөз еткенбіз. Бірақ оқумен ғана мәдени тұлға қалыптастыру жеткіліксіз. Оқушыларға білім беріп, тәрбиелеп, үйретіп, дамытудың қайнар көзі – қазақ халқының мәдени тарихи дәстүрінің бүкіл адамзат мәдениеті мен диалектикалық бірлігінде. Жалпы білім беретін қазақ мектебінің басты мақсаты бұрынғыша, бірақ оны жүзеге асыру жолында істелетін істерге деген көзқарас өзгерді. Ол – оқушыға белгілі бір көлемдегі білім, білік, дағды беріп, ой-өрісін өсіріп, өзіндік дүниетанымын қалыптастырып, шығармашылықпен жұмыс істеуге мүмкіндік береді. Сөйтіп, әрбір шәкірттің өзін- өзі дамытуына өз мүддесі мен қызығушылығын туғызу мүмкіндігі тұр.
Қазақстан Республикасының Конституциясының 30-бабының 4-тармағына сай дайындалған Мемлекеттік білім стандарты, Қазақстан Республикасының этникалық-мәдени білім тұжырымдамасы жалпы білім беретін қазақ мектебінің басты мақсатын айқындап берді. Этникалық-мәдени білім беру тұжырымдамасының негізгі принциптерінің бірі – көптілді жеке адамды қалыптастыру, ана тілінде және орыс тілінде еркін ұғынысуға қабілетті азаматтарды даярлау. Сол арқылы өз этникалық тобына қатысты да, мемлекетіне қатысты да «бірдей адалдық» үлгісін іске асыру. Нақты практикада үш, төрт, одан да көп тілді меңгеру көзделеді. Қазақстанда мәдени-этникалық білім жүйесін қалыптастыруға қажетті алғы шарт – этникалық-мәдени білім кеңістігін құру керек деген сөз.
Өмірдің қозғалысы адам білімін жаңартуды, жетілдіруді қажет етіп отырады. Өйткені, білім іс-әрекетті ғылыми негізде ұйымдастыруға, ең бастысы адамның ақыл-ойын, рухани мәдениетін, мінез-құлқын, қадір-қасиетін, яғни жеке тұлғаны қалыптастыруға қызмет етеді. Мұны түсінген дана қазақ «Білікті бірді жығады, білімді мыңды жығады», «Ақыл тозбас тон», «Білім таусылмас кен», «Білімнен асар байлық жоқ» деп дәл айтқан. Орыстың көрнекті педагогы К.Д.Ушинский: «Тәрбие дәрменсіз болмау үшін ол халықтық болу керек», –дей келіп, ғылымға тәрбиенің халықтық идеясын енгізеді және жемісті іске асырудың жолдарын белгіледі.
Этникалық –мәдени білімнің негізгі бөлігі –оқыту. Оқушылардың бірнеше тіл үйренуге деген қызығушылығын арттыру бүгінгі мектептің көкейкесті мәселесі болып тұр.Осы ретте біздің еліміздегі көп тілді тұлғаны тәрбиелеудегі қазақ– түрік лицейлерінің тәжірибесін келтіруге болады. Шет тілдерін үйренудің негізі жетінші сыныпта қаланады. Ол үшін оқушының тілді тез әрі терең меңгеруі үшін материалдық-техникалық жағдайлар жасалған. Тіл үйрету үрдісі тіл дамыту, практикум, грамматикалық болып үш топқа бөлінеді. Жетінші сыныптағы ағылшын тілін үйренуге аптасына 18 сағат бөлініп, әр сабақ материалдары аудиобейне таспаларға жазылады. Оқытудың жеделдету әдісі арқылы оқушы 1,2 тоқсанда ағылшын тілінде еркін сөйлеп, қарым-қатынас жасау дәрежесіне жетеді. Оқулықтар өте әсем, эстетикалық талғамға сай безендірілген. Тіл дамыту материалдары мен мәтіндер әлем халықтарының салт-дәстүрімен, ғылым, спорт жаңалықтарымен таныстырылады. Мысалы, жетінші сыныпта «Спорт» тақырыбына байланысты өткен пресс- конференция сабағында оқушылар футболшы Марадоннамен кездесіп, өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алды. Ағылшын тілі сабағында оқушылар интернет арқылы шет елдермен байланыс жасап, еркін тақырыпта сөйлесіп, байланыс жасады.
Қазақстан Республикасының «Тіл туралы» заңына сәйкес мемлекеттік тілмен бірге басқа ұлт тілдерінің дамуына да жағдай жасау үшін мектепте көп тілді іс-шаралар жүрілуі тиіс. Мысалы: тіл мерекесі, оқушылар арасында мәнерлеп оқу жарысы, сахналанған көріністер, әндер сайысы, «Лидер» ойыны, танымдық кештер өтеді. Көп тілде тек сабақтар ғана жүргізіліп қоймай, сыныптан тыс тәрбие жұмыстары да жүргізіледі. Оның нәтижесі білім тексеру тестілері арқылы әр тоқсан сайын тексеріліп, рейтингілік жүйемен бағаланады.
Жан –жақты мәдениетті тұлға ең алдымен, тұтас дүниетанымға ие болуға тиіс. өз мәдениеті арқылы өзге мәдениетке бағыт ұстаған адам ғана жан-жақты мәдениетті тұлға деп ұғынылады. Ана тілі мен шет ел тілдерін білу тұлғаның дүниетанымын кеңейтеді, оның сан қырлы дамуына жол ашады. Сабырлық пен дүниені байыпты және кең ауқымды тану дағдысын қалыптастырады. Төл мәдениетті терең білу- басқа мәдениеттерге қызығушылықтың іргетасын қаласа, көп мәдениетпен танысу- рухани баю мен дамудың негізі болады.
Сонымен этномәдени білім –ана тілі мен төл мәдениеттің құндылықтарын қоса игеру арқылы тұлғаның этникалық-мәдени сәйкестігін сақтауға бағытталған білім.