
- •5В010900- «Математика» мамандығы студенттеріне арналған Астана
- •Түсініктеме
- •3. Глоссарий
- •1 Халық педагогикасы –Этнопедагогиканың зерттеу нысаны.
- •2.Қазақ этнопедагогикасының ғылыми – теориялық негіздері.
- •2. Қазақ этнопедагогикасының ғылыми – теориялық негіздері
- •1.Тәрбиелеуді ұйымдастыру біртұтас үдеріс ретінде тəрбиенің жалпы заңдылықтары
- •2. Тәрбие үдерісінің принциптері
- •2. Тəрбие принциптері
- •Қазақ отбасында отбасының және жеке тұлғаның ерекшеліктеріне байланысты дамыту мен тәрбиелеудің мәселелері.
- •Жас шамасының периодизациясы
- •Балалардың мүшел жас кезеңіндегі дамуымен тәрбиесі.
- •2. Жас шамасының периодизациясы
- •3. Балалардың мүшел жас кезеңіндегі дамуымен тәрбиесі.
- •Жетілген адам тәрбиелеудің халықтық бағдарламасы
- •Жетілген тұлға қалыптастыру жан-жақты ықпал ету құралдары
- •Халықтың отбасы жайындағы балалар мен ата-анасы жайындағы ұғым-түсініктері
- •Отбасы және отбасы тәрбиесі ерекшеліктері
- •Халық даңалығы- патриоттық тәрьбиенің баға жетпес қайнар көзі.
- •Адамгершілік тәрбиенің мазмұны
- •Адамгершілік принциптер мен заңдар – қоғамда және отбасындағы адамгершілік тәрбиенің негізі
- •2. Халықтық өнердің тәрбиелік мәні
- •Дене тәрбиесінің мақсаты мен міндеттері.
- •Халықтық тәжірибеде денсаулықты нығайту шаралары
- •Халықтық тәлім-тәрбие құралдары.
- •Этностық мәдениетті қалыптастырудағы негізгі құрал.
- •Этностық тәрбиенің алғышарттары.
- •Ойын бала тәрбиесінің негізгі әдісі мен түрі.
- •Этномәдени білім берудің негізгі қағидалары.
- •2. Мектептің тұтас педагогикалық үрдісінде көп тілді тұлғаны тәрбиелеу.
- •5. Негізгі және қосымша әдебиеттер тізімі.
- •5.2 Қосымша әдебиеттер:
- •Семинар және практикалық сабақтардың жоспары
- •Сөж тапсырмалары
- •2 Тақырып Этнопедагогиканың пайда болу және даму тарихы Проблемалық сұрақтар
- •4 Тақырып. Халық идеалындағы "жетілген тұлға" және оны тәрбиелеудің тәжірибесі.
- •5 Тақырып. Отбасы тәрбиесі халықтық педагогиканың негізі ретінде.
- •6 Тақырып. Ақыл-ой тәрбиесіне халықтық көзқарас
- •7 Тақырып. Баланы еңбекке баулу халық педагогикасының негізгі мақсаты
- •8 Тақырып. Халық педагогикасындағы адамгершілік тәрбие идеялары мен тәжіри-бесі
- •9 Тақырып. Эстетикалық тәрбие халық педагогикасының құрамды бөлігі Проблемалық сұрақтар
- •10 Тақырып. Дене тәрбиесіне халақтық көзқарас
- •11 Тақырып. Халық педагогикасы мектептегі оқу және тәрбие жұмысының негізі. Проблемалық сұрақтар
- •7. Соөж тақырыптарының үлгілік тізімі
- •Сөж тақырыптарының үлгілік тізімі
- •Тапсырмалар:
- •Реферат тақырыптарының үлгілік тізімі
- •8.Өзін бақылауға арналған тапсырмалар мен сұрақтар (аралық бақылау сұрақтары)
- •9. Емтиханға дайындалуға арналған сұрақтар
Халық даңалығы- патриоттық тәрьбиенің баға жетпес қайнар көзі.
Адамгершілік тәрбиенің мазмұны
Адамгершілік принциптер мен заңдар – қоғамда және отбасындағы адамгершілік тәрбиенің негізі
Халықтық адамгершілік сипаттар ғасырлар бойы қалыптасты және аға ұрпақтын сыйы ретінде беріліп отырды. Нағыз адамдық мораль - бүл халықтық мораль деп сүйсіне жазады, озық ойлы ғалымдар, педагогтар мен жазушылар. Мәселен, казақ халқының ол бастан бейбітшілік сүйгіш, карапайым, кешірімді, жігерлі, ізгі ниеттілігімен ерекшеленетіні жайлы онымен араласқан түрлі мамандық иелерінің аса қызығушылық туғызатын мәліметтері сақталған. Солардың бірі - XIX ғасырдың екінші жартысынан бастап Қазақстанның түрлі аймағында қызметте болған Н.Л.Зеланд (1833-1902 жж.). Халықты тұрмысы мен әдет-ғұрыптарына арнайы бақылау жүргізген, медицина, антропология саласында біркатар еңбектердің авторы өзінің "Қырғыздар(казактар)" атты этнологиялық очеркінде "...Қазақ - қызу қанды жан. Оның қызу канды болуының себебі бәлкім, көшпенділердің өмір салтынан да болса керек. Қауыртта шапшаң дене қозғалысы, үнемі ат үстінде жүруі кан айналысы мен зат алмасуына қолайлы болуы тиіс.
Жүйке салауаттылығы адамның иманды, өнегелілік бейнесінен де жақсы көрінеді. Жаны жайсаң адам өзгелерге де іш тартады. Казақ ниетімен ақкөңіл; ол сондай-ақ қастерлі касиеттерге адал, басқаның қайғы-қасіретіне ортақтас, қонақжай, күйзелген-күйінген кезде салауатты және төзімді. Катыгездік пен кекшілдік казақтар арасында кездеспейді десе де болады...- деп халықтық адамгершілік мінез-құлық жайында әбден толық сипаттама береді.
Адамгершілік тәрбиенің мазмұнын моральдық кодекс, сондай-ақ, педагогикалық білімдердің өзіндік энциклопедиясы болып табылатын этикалық калыптар жиынтыгы құрайды. Халық Отанға берілгендік, адамға сүйіспеншілік, еңбекті сүю, сыпайылық, ерлік, адалдық, карапайымдылық секілді адамгершілік сапаларды кашанда дәріптеді. Мүнымен қатар жалкаулық, мақтаншақтық, дөрекілік, өзімшілдік, қызганшақтық, қорқақтықты мейлінше айыптады.
Төрбиенің көптеген көне салттары мен педагогикалық дәстүрлер ғасырлар бойы мәдени алға жылжулар әсерімен толықты, кейде, сондай-ақ, педагогикалық тұрғыдан пайымдалды. Сондықтан олардың объективті талдануы тиіс. Ізсіз жоғалып кеткен жекелеген педагогикалық табыстар да аз емес. Алайда халық есінде баланың тәртібіне бағыт беруші негізгі тәсілдер сақталып калды және де бүгінге дейін қолданылуда.
Адамгершілікке тәрбиелеудің негізгі әдістеріне түсіндіруді жатқызуға болады. Оның қүралдары ретінде мақалдар мен мәтелдер, әңгімелер мен ертегілер, аңыздар мен аңыз-әңгімелер қызмет етті. Халық әндері сезім мен санаға ықпалды әсер ету күралдары болып табылады.
Балалармен әңгімеде тап сол жағдайға қолайлы мақалдар мен мәтелдер арнайы сүрыпталып, реттеліп алынып отырды.
Халықта оның моральдық түсініктерін, жас ұрпақ тәртібіне талаптарын және т.б. ашып корсететін нақыл сөздер аз емес.
Адамгершілікке тәрбиелеудің үлкендер үлгісі, тікелей және жанама ескертулер, мадақтау мен жазалау әдістері; ишараның балалар мен жастар ортасында ғана емес, сондай-ақ, үлкендер арасында да кеңінен тараған коптеген варианттары бар. Халық педагогикасына адамгершілікке тәрбиелеудің аса бай жолдары белгілі болғанына коз жеткізу үшін келесі әдістер мен құралдарды атап өтуге болады. Олар: көрсету, үйрету, жаттықтыру, сендіру, өтіну, кеңес, мақұлдау, сәттілік тілеу,тыйым салу, ант беру, күшейту, сөгіс беру, кінәлау және т.б.
Тақырып № 10. Баланы еңбекке баулу халық педагогикасының негізгі мақсаты
Мақсаты:Халық педагогикасындағы баланы еңбекке баулу, тәрбиелеу туралы негізгі мағлұматтар беру.
Негізгі ұғымдар: еңбек дәстүрлері, еңбек дағдылары, мақалдар мен мәтелдер, әндер мен билер, ертегілер мен эпостар, аңыздар мен әңгімелер, бата-тілектер.
Жоспар
Отбасындағы еңбек әрекетіне балаларды тарту принципі.
Еңбекеке баулу мен тәрбиелеудегі үйлесімділік.
Халықтық еңбек дәстүрлерінің педагогикалық мәні.
Халық педагогикасындағы еңбек тәрбиесінің ерекшеліктері.
Педагогикалық мәдениеттің өзі ең алдымен еңбек педагогикасы және еңбекке тәрбиелеуден тұрады. Еңбек - халық өмірінің өзі. Сондықтан еңбекке тәрбиелеу бүкіл тәрбие қызметі мазмұнын анықтайтын тәрбиенің халықтық жүйесінің негізгі өзегі болып табылады.
Барлық халықтардың ең озат дәстүрлері еңбек саласында орын алды. Қашанда ең озықты алып жүруші, ең кереметті, ең ұлыны жасаушы еңбекші халық болды. Сондықтан алдыңғы катарлы озық дәстүрлерді зерттеу, ең алдымен халықтық еңбек дәстүрлерін оқып үйренуді білдіреді.
Еңбекті және еңбек адамдарын сүю - бұл халықтық тәрбие жүйесінің аса маңызды өсиеті. Мұндай талап тәрбие жүйесінің аса маңызды өзегі.
Балалар ойындарындағы еңбек элементтерінен көрінісі: балалар үлкендерге еліктеп, олардың еңбек операцияларын кайталады, ойын процесінде ойыншықтарды өздері жасады, ойыннан соң өздерінің соңын жинастырды.
Әдетте, балалардың үлкендердің еңбектену әрекеттеріне еліктеуі өз беттерімен заттар жасаумен ұштасты. Халық педагогикасында мұндай балалар ойындары әрдайым көтермеленіп отырды. Балалар біртіндеп ойыншық еңбек құралдарынан олардың мүмкіндіктері ескеріліп жасалған нағыз еңбек қуралцарына көшті.
Балалардың алғашқы саналы әрекеттері өзіне өзі қызмет ету және қызмет көрсету салаларында жасалды, одан соң ауыл шаруашылығы еңбегіне тартылды. Осылай, біртіндеп баланың өсуімен байланысты оның еңбек дағдылары мен икемділіктері ретінде калыптасуы кезеңіне дейін созылды. Осы уақыт аралығында балада қоғамдық өмірге араласу үшін кажетті жеткілікті икемділіктер мен дағдылар жинақталды.
Халық тұрмысыңда жеткіншек ұрпақ әлеуметтік-экономикалық өмір салт талаптары мен шаруашылық жағдайларына сай жан-жақты еңбек дайындығын алды.
Сонымен, еңбек тәрбиесі және еңбекте үйрету мәселесіне қатысты қорыта келгенде, мынандай негізгі тұжырымдарға келуге болады:
Мақалдар мен мәтелдер, әндер мен билер, ертегілер мен эпостар, аңыздар мен әңгімелер, бата-тілектер мен мерекелер халықтық ортада балаларда еңбеккер дүниетанымын калыптастырудың, оларда еңбектің саналуан түрлері жайлы білімдерді кеңейтудің, сондай-ақ, еңбекшілердің еткен үрпақтары жинақтаған тәжірибені жеткізудің тиімді кұралы ретінде қолданылды және қолданыла береді.
Халық балаларды еңбекті сүюге тәрбиелеуге тұрмыстық қиыншылықтармен табысты күресудің кілті, олардың болашақ өмірінің гүлденуінің шарты ретінде ерекше мән берді. Жастарды еңбек адамдарына, олардың көпжылғы өте үлкен күш жұмсаған еңбегінің нәтижелеріне терең құрмет рухында тәрбиеледі.
Үлкендердің ұнамды үлгісіне бағдарлау халықты тәрбиенің маңызды тұсы болып табылады және болып кала береді.
Халықтық тәрбие тұлғаға қажет бүкіл жағымды сапаларды игерген еңбеккер калыптастырудың бай тәжірибесін жинақтады. Тәрбие ғылымы, соның ішінде еңбек тәрбиесіне катысты бүкіл құндыны, жарамдыны халықтық тәжірибенің терең қойнауларынан таба білуге үйрену кажет.
Халыктық тәрбие үлкендер, ата-аналар мен балалардың бірлескен еңбегінен жалпы мақсатқа жетудегі олардың еріктерінің топтасуы олардың мүдделерінің, ұмтылыстары мен тілектерінің жақындасу жолын көрді.
Тақырып № 11. Эстетикалық тәрбие халық пе-дагогикасының жетекші бағыты ретінде
Мақсаты: Халық педагогикасындағы эстетикалық тәрбиенің мақсаты мен міндеттері туралы мағлұматтар беру.
Негізгі ұғымдар: көркемдік, эстетикалық қарым-қатынас, табиғатқа сүйіспеншілік.
Жоспар
1. Халық педагогикасындағы эстетикалық тәрбиенің мақсаты