
- •5В010900- «Математика» мамандығы студенттеріне арналған Астана
- •Түсініктеме
- •3. Глоссарий
- •1 Халық педагогикасы –Этнопедагогиканың зерттеу нысаны.
- •2.Қазақ этнопедагогикасының ғылыми – теориялық негіздері.
- •2. Қазақ этнопедагогикасының ғылыми – теориялық негіздері
- •1.Тәрбиелеуді ұйымдастыру біртұтас үдеріс ретінде тəрбиенің жалпы заңдылықтары
- •2. Тәрбие үдерісінің принциптері
- •2. Тəрбие принциптері
- •Қазақ отбасында отбасының және жеке тұлғаның ерекшеліктеріне байланысты дамыту мен тәрбиелеудің мәселелері.
- •Жас шамасының периодизациясы
- •Балалардың мүшел жас кезеңіндегі дамуымен тәрбиесі.
- •2. Жас шамасының периодизациясы
- •3. Балалардың мүшел жас кезеңіндегі дамуымен тәрбиесі.
- •Жетілген адам тәрбиелеудің халықтық бағдарламасы
- •Жетілген тұлға қалыптастыру жан-жақты ықпал ету құралдары
- •Халықтың отбасы жайындағы балалар мен ата-анасы жайындағы ұғым-түсініктері
- •Отбасы және отбасы тәрбиесі ерекшеліктері
- •Халық даңалығы- патриоттық тәрьбиенің баға жетпес қайнар көзі.
- •Адамгершілік тәрбиенің мазмұны
- •Адамгершілік принциптер мен заңдар – қоғамда және отбасындағы адамгершілік тәрбиенің негізі
- •2. Халықтық өнердің тәрбиелік мәні
- •Дене тәрбиесінің мақсаты мен міндеттері.
- •Халықтық тәжірибеде денсаулықты нығайту шаралары
- •Халықтық тәлім-тәрбие құралдары.
- •Этностық мәдениетті қалыптастырудағы негізгі құрал.
- •Этностық тәрбиенің алғышарттары.
- •Ойын бала тәрбиесінің негізгі әдісі мен түрі.
- •Этномәдени білім берудің негізгі қағидалары.
- •2. Мектептің тұтас педагогикалық үрдісінде көп тілді тұлғаны тәрбиелеу.
- •5. Негізгі және қосымша әдебиеттер тізімі.
- •5.2 Қосымша әдебиеттер:
- •Семинар және практикалық сабақтардың жоспары
- •Сөж тапсырмалары
- •2 Тақырып Этнопедагогиканың пайда болу және даму тарихы Проблемалық сұрақтар
- •4 Тақырып. Халық идеалындағы "жетілген тұлға" және оны тәрбиелеудің тәжірибесі.
- •5 Тақырып. Отбасы тәрбиесі халықтық педагогиканың негізі ретінде.
- •6 Тақырып. Ақыл-ой тәрбиесіне халықтық көзқарас
- •7 Тақырып. Баланы еңбекке баулу халық педагогикасының негізгі мақсаты
- •8 Тақырып. Халық педагогикасындағы адамгершілік тәрбие идеялары мен тәжіри-бесі
- •9 Тақырып. Эстетикалық тәрбие халық педагогикасының құрамды бөлігі Проблемалық сұрақтар
- •10 Тақырып. Дене тәрбиесіне халақтық көзқарас
- •11 Тақырып. Халық педагогикасы мектептегі оқу және тәрбие жұмысының негізі. Проблемалық сұрақтар
- •7. Соөж тақырыптарының үлгілік тізімі
- •Сөж тақырыптарының үлгілік тізімі
- •Тапсырмалар:
- •Реферат тақырыптарының үлгілік тізімі
- •8.Өзін бақылауға арналған тапсырмалар мен сұрақтар (аралық бақылау сұрақтары)
- •9. Емтиханға дайындалуға арналған сұрақтар
|
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті |
Күні: _______ 2011 ж. |
Басылым: екінші |
Оқу-әдістемелік кешен |
ЕҰУ С |
бет.
|
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті
Кафедра «Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану»
(кафедра атауы)
ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕН
Мамандық бойынша жалпы міндетті модуль-12.БП/ТК
(модульдің шифрі және атауы)
Etn2202 «Этнопедагогика»__________________
(оқу жұмыс жоспарына сәйкес пәннің коды мен толық атауы)
5В010900- «Математика» мамандығы студенттеріне арналған Астана
2013
Түсініктеме
«Этнопедагогика» курсы оқу жоспарына сәйкес 5В010900- «Математика» мамандығы бойынша 2 курс бакалаврларына арналған.
Пәннің мақсаты: өз халқының дәстүрі мен мәдениетіне, тіліне, тарихына сүйспеншілігін, азаматтық жауапкершілігін, ұлттық сана-сезімін қалыптастыру;
«Этнопедагогика» пәнінің негізгі міндеттері:
өз халқының салт-дәстүрлеріне, дініне, тарихына, мәдениетіне, тіліне деген құндылық қатынастарын қалыптастыру;
өз халқының басынан өткен тарихи-батырлық оқиғаларға эмоционалдық тұрғыдан әсерленушілік қабілеттерін қалыптастыру;
халық шығармашылығы арқылы (декоративті-қолданбалы, музыкалық, поэтикалық) шығармашылыққа баулу;
әр түрлі ұлт өкілдерінен құралған студенттердің этномәдени тілектерін қанағаттандыру үшін жағдайлар туғызу;
әр түрлі кезеңдер мен әр түрлі халықтардың рухани құндылықтарын тану негізінде студенттер бойында патриотизм сезімі мен ұлтаралық қатынастар мәдениетін қалыптастыру;
Осы курсты оқығанда студенттерде төмендегідей білімдер қалыптасады:
адам туралы ғылымдар жүйесіндегі этнопедагогиканың орны туралы;
этникалық дүние танымды қалыптастырудағы халықтық білімдердің мәні мен олардың ролі туралы;
этникалық тәрбиені ұйымдастырудағы этноәлеуметтік-жетекші әдістің мәні туралы;
этникалық тәрбиенің құралдары ретінде дәстүрлердің, салттардың, салт-жоралардың, ырымдардың, ережелер мен табулардың тәрбиелік ерекшеліктері туралы;
адамның жасына және жеке басының ерекшеліктеріне байланысты дамуы туралы;
этнопедагогикада адамның біртұтас биоәлеуметтік жүйе ретінде қарастырылуы туралы;
“Этнос субъектісі” ұғымының мәнін терең түсінуі;
өз халқының және олармен бірге тұратын басқа халықтардың ұлттық мерекелерін, этикетін, ережелері мен нормаларын, салттарын, дәстүрлерін, мәдениетін, философиясын, тарихын, тілін кеңінен құрметтеу және білуі;
Осы курсты оқығаннан кейін студенттер келесідей дағдыларды менгереді:
қазіргі заманның жастарын тәрбиелеуде өз халқының прогрессивті тәрбиелік дәстүрлері мен салттарын шығармашылықпен пайдалануға;
өз мүмкіндіктерін этноәлеуметтік ролдердің (өзіндік “Мен” өрісінде отбасы, ата-анамен қарым-қатынаста, кәсіби-мамандық және азаматтық-саяси сферада) мәнін терең ұғынып, түсінуі, толерантты болуға бағытталуы;
халықтық білімдердің (халықтық астрономияның, халықтық күнтізбенің т.б.) мәнін түсіндіру, тәрбиелеу ісінде пайдалана білу;
ұлттық және салттық тағамдарды даярлай білу, ұлттық аспаптарда ойнай білу; әндерді орындай білу т.б.
3. Глоссарий
Этнопедагогика (гр.ethnos – халық, pedagogike ethnos- балаларды тәрбиелеу) халық педагогикасы болып табылатын ғылым, әлеуметтік, экономикалық және басқа да факторлардың әсерінен тәрбиелеудің дәстүрлі мәдениеттерінің қалыптасу және даму заңдылықтары, қазіргі заманның тәрбие жүйесіндегі олардың көрініс алу әдістері.
«Этно» - мазмұны «халықтікі» сөзінің бірінші бөлігі. Этнопедагогика термині кеңес педагогикасында XX ғасырдың 2-ші жартысында пайда болды.
Этнопсихология – халықтың психикасының этникалық ерекшеліктерін, ұлттық мінез-құлқын, ұлттық сезімін, өзіндік санасын, халықтық стереотипін зерттейтін ғылым.
Қазақ халқының ұлттық философиясы ой толғаныс қазынасына (ұлттық психология), ұрпақ тәрбиелеу тәсілдеріне (этнопедагогика), салт-дәстүр ерекшелігіне (этнография) тікелей байланысты.
Этникалық мәдениет этникалық қауымның жүйе түзуші белгілерінің бірі, оны дамыту этносты сақтаудың шарты.
Менталитет, діл (лат. menta – жан құрылым) - әлем картинасын жасайтын және мәдени дәстүр немесе қауымдастықтың бірлігін нығайтатын жалпы рухани көңіл-күй, наным-иланым, рух дағдысы, ойдың біртұтас жиынтығы.
Ана тілі- ғасырлар бойы халықтың жинаған өмірлік тәжірибесін берудің табиғи механизмі, тұлға үшін халықтың көп ғасырлық даналығын, оның мәдениетіне, болмысына және салтына баулуының бірден-бір жолы.
Мәдениет– халықтың мыңдаған жылғы бойғы асыл қазынасы, оның мінез – құлқы мен жан дүниесі, бостандығы мен зердесі, қоғам өміріндегі ең елгезек те сезімтал салаларының бірі. Мәдениет – адамның ойлау, өзіне де айналасындағыларға да талдау жасай білу қабілеті.
Этномәдениет – нақты этностың мәдениеті, оған тіл, этникалық сана, психика,дәстүр ерекшеліктері және тәрбие мен оқытудағы өзін-өзі тану жатқызылады. Этномәдениет – ұлттың, халықтың өз дәстүрі мен рухани бейнесі арқылы танылатын халықтық мәдениет.
Этномәдени білім–тұлғаның этномәдени тектестігін дамытуға, сақтауға,соның ішінде оның ана тілімен бірге мәдениетін әлем мәдениетінің құндылықтарын бірге игеруге бағытталған білім.
Этномәдениеттік білім беру- бұл жеке адамды ана тіліне және мәдениетіне баулу арқылы, сонымен қатар дүние жүзілік мәдениет құндылықтарын, меңгеруге бағытталған оқыту мен тәрбиелеудің жүйесі.
Құндылық –объектінің жағымды немесе жағымсыз жақтарын білдіретін философиялық-социологиялық ұғым; ол объектінің адам үшін қаншалықты маңызды екендігін айқындайды.Құндылықтарға адам қастерлейтін зат, табиғат құбылыстары, қоғамдық процестер, іс-әрекеттер, мәдени құбылыстар жатады.
Көпмәдени тұлға – күрделі тұлғалық жүйе, оның құрамдас бөліктеріне адамгершілік–этникалық бағыттағы сана, мәдени тектестік қабілеті және өз іс– әрекетінің деңгейін бағалау, өзге ұлт өкілдеріне деген ізгілікті көзқараста болу жатады.
Толеранттық (төзімділік)- бұл жекелік және қоғамдық сипаттама, ол арқылы дүние жүзі және әлеуметтік орта көпжақты екендігі ұғынылады, осыдан келіп бұл дүниеге көзқарастар да әр түрлі болады және біржақты немесе біреулердің қызығушылығы мен пайдасына шешілмей, өз пікіріне, көзқарастарына, қылығына сай келмейтіндерге төзімділік, шыдамдылық таныту.
Халықтың тарихи ескерткіші – этникалық эволюцияның үздіксіздігін, этностың мәдениетінің сабақтастығын және оны келесі ұрпаққа жеткізуді қамтамасыз етуге жағдай жасайтын этностың рухани мәдениетінің маңызды бір бөлігі.
Халық мәдениеті (синонимі – халық ауыз әдебиеті) – кәсіптік дайындығы жоқ, белгісіз шығармашылар құрған мәдениет. Оған әпсана (миф), аңыз, эпос, әңгімелер, әндер, би, ертегілер және т.б. жатады. Халық мәдениеті жергілікті жердің дәстүрлерімен байланысты, сондықтан оның ерекшелігі мен даму тенденциясын білім беру мазмұнын таңдағанда ескеру қажет.
Халық – тарихи негізде тайпадан шығып, ұлтқа айналған адамдардың этникалық қауымы. Алғашқы қауымдық құрылыстың ыдырауы және жеке меншіктік қатынастардың қалыптасуы кезеңінде тайпалар және тайпалық одақтардың араласуы нәтижесінде пайда болады.
Халықтық педагогика – халықтың ауызша творчествосында, салт–дәстүрінде, әдет– ғұрпында, балалар ойындары мен ойыншықтарында сақталған педагогикалық мәліметтер мен тәрбиелік тәжірибенің біртұтастығы.
Ұлт – территорияның, экономикалық байланыстардың, тілдің ортақтығы негізінде қалыптасатын және туындайтын, мәдениетінің, психологиялық және этникалық сана– сезімінің кейбір ерекшеліктеріне негізделген әлеуметтік– экономикалық біртұтастықты білдіретін этностың тарихи түрі.
Табиғи үйлесімділік (Природосообразность) –табиғаттың обьективті заңдарын түсіну негізінде құрылған және табиғи ортамен үйлесімді қатынастарды орнатуға бағытталған іс– әрекет түрі.
Этнос – ортақ әрекеті бар, ортақ тілі, дәстүрі, салт– жоралар комплексі бар, сонымен қатар өздерінің ұқсастығын және басқа да осындай қоғамдардан еркшелігі барын білетін, белгілі бір территорияда этногенез нәтижесінде тарихи қалыптасқан адамдар қауымы.
Мақал-мәтел – халықтың ғасырлар бойы жинақтаған өмір тәжірибесінің бір ауыз сөзбен берілген қорытындысы, түйіні. Мақал белгілі бір ұғымды тікелей білдірсе, мәтел жанамалап, меңзеп, тұспалдап жеткізеді.
Жұмбақ – ойға алған нәрсенің өзін айтпай, оның сырт көріністерін, сыртқы белгілерін қысқаша сипаттау, солар арқылы жұмбақ етілген затты жасыру.
Мәдениет — адамдардың әлеуметтік болмысты сақтау мен жаңару жөніндегі қызметі және осы қызметтің жемістері мен нәтижелері.
Халық педагогикасы – халқымыздың әдет-ғұрпын, салт-дәстүрлерін, тұрмыс күйлерін дамытуды негізгі мақсат етіп қойып, ұрпаққа тәрбие берудің барлық жақтарын қамтитын, адамның жан дүниесін тәрбиелейтін ілім.
Дәстүр - белгілі бір ұлттың немесе халықтың ұрпақтан ұрпаққа беріліп отыратын, тарихи қалыптасқан, олардың әлеуметтік ортасында ұзақ уақыт бойы сақталып отырған әлеуметтік-мәдени құндылықтар жиынтығы.
Салт-дәстүр - әр ұлттың, халықтың діні мен сеніміне, тұрмыс тіршілігіне, ұлттық құрылым ерекшелігіне сәйкес ғасырлар бойы жинақталып, өмірдің өзі тұрғызған ғұрыптардың жиынтығы.
4. Дәріс мазмұны
Тақырып № 1 Этнопедагогика педагогикалық ғылымның құрамдас бөлігі
Мақсаты: әр бір халықтың дәстүрі мен мәдениетіне, тіліне, тарихына сүйспеншілігін, азаматтық жауапкершілігін, ұлттық сана-сезімін қалыптастыру.
Негізгі ұғымдар: этнос, қазақ этнопедагогикасы, ұлттық педагогика, этникалық педагогика.
Жоспар
Этнопедагогиканың ғылыми теориялық негіздері.
Қазақстандағы этнопедагогикалық ой-пікірлердің қалыптасуы.
Қазақтың би-шешендері мен жырауларының тағылымын жас ұрпаққа берудің қажеттігі.
«Этнос» (ру, тайпа, ұлт) және «педагогика» (оқыту, тәрбиелеу туралы ғылым) сияқты екі сөзден құралып, этнопедагогика деп аталған бұл ғылым - жалпы педагогика ғылымдарының түп негізі, оның ғылыми қалыптасуындағы негізгі бір саласы.
Ал этнопедагогика ғылымы жайында Г.Н. Волков: «Этнопедагогика дегеніміз бұқара халықтың өскелең ұрпаққа тәрбие беру тәжірибесі. Олардың педагогикалық көзқарастары туралы ғылым, отбасының, рудың, тайпаның, ұлыстар мен ұлттардың педагогикасы туралы ғылым. Этникалық педагогика тарихы жағдайлар әсерімен қалыптасқан ұлттың мінез-құлық ерекшеліктерін зерттейді», - деп көрсетеді.
«Этникалық педагогика - өскелең ұрпақты тәрбиелеу мен қалыптастыруға байланысты теориялық ой саласы және ғылым саласы, тұрмыс педагогикасы, отбасы, ру, тайпа, ұлыстар мен ұлттар педагогикасы туралы ғылым», - деп өз көзқарастарын В.А.Панькин, И.О.Попова түйіндейді.
Белгілі бір этнос адамдардың жан дүниесіндегі мінез-құлық, сана-сезім мен әдет-ғұрып, салт-дәстүр ерекшелігі ұрпақтан-ұрпаққа ана тілі арқылы жетеді.
Этнопедагогика - педагогика ғылымының саласы ол: 1) нақты халыққа тән әртүрлі тәрбие мен оқытудың өзіндік мақсаттарын, міндеттерін, әдістерін, тәсілдері мен құралдарын зерттеумен; 2) түрлі халықтардың тәрбиесі мен білім беру ерекшелігін салыстыра зерделеумен; 3) этникалық қауымдастықтардың білімі мен тәрбиесіне ұлттық психология әсерін талдаумен; педагогикалық және білім берушілік әсерді ұйымдастыру осы үрдісті есепке алумен айналысады» - дейді В.Г.Красько.
Этнопедагогика ұғымын алғаш ғылыми тілге енгізген чуваш ғылымы Волков. Өзінің даму барысында теориялық ауқымын кеңейтіп мазмұнын толықтырып дамып келеді. Рухани құндылықтарымызды зерделеу қазіргі қоғамның тәжірибелік қажеттілігінен туындап отырғандықтан, қазіргі елімізде болып жатқан әлеуметтік-экономикалық, технологиялық, саяси жаңарулар, білім ғылым салаларына сәулесін түсірде. Соның бірі, мысалы ретінде этнопедагогикаға көңіл бөлініп университеттерімізде этнопедагогикалық зертхана ашылып сағаттар беріліп жатыр. Бұл жағдай халқымыздың басқада халықтардың бай рухани құндылықтарын зерттеп үңіле түсуді қажет етеді. Сондықтан да халықтық педагогиканың бір саласы этнопедагогиканы да зерттеп ғылым ретінде оқулықтар жазуға уақыт келген сияқты. Осы кезеңге дейін ұлттық мұраларымызды біршама жан- жақты зерттеп жазып жүрген ғалымдарымыз Қ.Б.Жарықбаев, А.Дербесәлиев, А.Көбесов, С.Қалиев, З.Әбілова, С.Ұзақбаева, К.Қожахметова, Т.Әлсатов, Ә.Табылдиев, Төлеубекова Р.К, Жаңабаева Р.А, Шалғынбаева Қ.Қ. т.б.
VI- ғасырда Түрік қағанаты дейтін үлкен мемлекет болды. Соғыстың кесірінен батыс шығыс түрік қағандарының өмірін баяндайтын жызба ескерткіштерден белгілі «Күлтегін », «Білге», «Тоныкөк » бұл ескерткіштерді «Орхон-Енисей » деп те атайды. Бізге жеткен XV-XVIII ғасырда Асан Қайғыдан бастап, Қорқыт –ата кітабы бұл да үлкен жазба ескерткіш. Түркі тілдес халықтардың ортақ рухани игілігі. Мұнда халықтың педагогикалық ой-пікірлерінің қанатты сөздері имандылық кісілік, қанағатшылдық, парасат, әдептілік парасат тағы басқа тәлім- тәрбиелік мәні зор ұлағаттар көптеп кездеседі. Сайрам, Түркістан қалаларының шеберханаларындағы кітаптар тағы басқа әшекей бұйымдар көп мағлұмат берері сөзсіз. Өз еңбектерінде батыс ғалымдары А.Левшин, В.В.Радлов, А.Янушкевич, Марко- Поло, С.Вульфсондар т.б бұл қазақ халқы туралы ойларын жазып кеткен «Батыс- Азияның француздары деуге болады » -дейді. Мұның өзі көп нәрсені көрсетсе керек. Қазақ халқының психологиялық ой- толғанысындағы бірінші ерекшелігіде сөз болған. Мысалы: тұспалдап сөйлеу, жыр- терме, айтыс өнері, жазу- сызуды білмесе де ұрпағын еңбекке ауыл-аймақ болып тәрбиелеген. Екінші ерекшелігі ел- жұрт ата мекен жайындағы көзқарасы, кіндік қаны тамған ата-баба мәйіті жатқан жерді ерекше қастерлеуі. Үшінші ерекшелігі қызыл тілмен ойлауға ерекше мән берген, тіл ойдың сырт көрінісі , сөзді қастерлеп бір ауыз сөзге тоқталған. Төртінші ерекшелігі көшпелі өмірмен мал- шаруашылығын байланыстырып малды қастерлеген. Міне, осындай қазақ халқының төрт ерекшелігін айтпай өтуге болмайды. Сонымен қазақ халқының ұлттық даралығы, ұлттық психологиясында, ұрпақ тәрбиелеу тәсілдерін этнопедагогика салт-дәстүр ерекшелігінде деп білеміз.
Этнопедагогиканы зерттеген ғалымдар: Э.Д.Днепров, Г.К.Искаков, А.Ш.Гашимов, Е.Л.Христова, Я.И.Ханбиков, И.С.Кон, А.Э.Измаилов, М.Ф.Шабаева, Г.С.Виноградов, Г.Н.Волков. Тәжік–Н.Тұрсынов, грузин- В.И.Элашвилин, өзбек- А.Миноворов, С.Темурова, қырғыз- Т.Мақсутов, Б.Анышев, башқұрт- А.Ф.Ильшентаев т.б.
Этнопедагогика теориялық ойларға ғылымға негізделеді (Г.Н.Волков) этнопедагогика деген қандай ғылым? Ол қалай қалыптасып дамыды деген сұраққа жауап. Халық педагогикасы этнопедагогиканың ғылыми- зерттеу объектісі. Бүгінгі әлемдік аренаға жеткен ғылыми педагогика, халықтық педагогикадан бастау алып, оны ғылыми теориялар мен қағидалар тұрғысынан жан-жақты зерттеп, қарастырып өз қажетіне жаратады. Осы қажеттіліктен келіп халықтың тәжірибесіне негізделген ұрпақ тәрбиелеу тағылымдары халықтық педагогиканы зерттеп тәрбие мен оқу- ісінің өзекті құралы етудің жолдарын және оның шығу, даму кезеңдерінің өзіндік ерекшеліктерін, басқа ғылымдармен байланыстырып зерттейтін педагогиканың ғылыми бір саласы этнопедагогика пайда болды. Яғни, халық педагогикасы ғылымға шикі материал даярлаушы, мәлімет көзі болып табылса, педагогика ғылымына қызмет етуші ролін атқарса ол этнопедагогика халықтың бала тәрбиелеу тәжірибесін, педагогикалық мәдениетін зерттеп, оның озық үлгілерін бүгінгі оқу- тәрбие ісіне жарату жолын қарастырады.
2. Қазақстандағы этнопедагогикалық ой-пікірлердің қалыптасуы.
Бүгінгі таңда қазақ этнопедагогикасының ғылыми-методологиялық және теориялық негіздеріне арналған зерттеу жұмыстары С.Қалиевтың, С.А.Ұзақбаеваның, К.Ж.Қожахметованың, Қ.Б.Бөлеевтің, А.Қ.Қалыбекованың және т.б. ғалымдардың ғылыми еңбектерінде көрініс тапты. Мәселен, К.Қожахметова өзінің «Казахская этнопедагогика: методология, теория, практика» (1998) деген еңбегінде сол кезеңге дейінгі қазақ этнопедагогикасы бойынша зерттелген еңбектер мен авторлық-мемлекеттік бағдарламалар мен әдістемелік оқулықтар және озық тәжірибелер жөнінде толық мағлұматтар келтіріліп, жете талдау жасаған.
Қазақ этнопедагогикасының табиғатын тану ғалым-педагог С.А.Ұзақбаеваның, К.Ж.Қожахметованың ойынша этномәдени мұралар мен аталмыш сала бойынша қалыптасқан мәдениеттану теориясына арқа сүйенуінде болмақ. «...Қазақ этнопедагогикасының теориялық алғышарттарын зерттеу барысында, біздер тек қазақтың ұлттық мәдениетімен шектеліп қалмай, ол саланың тарихи-әлеуметтік, мәдениеттану теориясы тұрғысынан зерделеу қажет екеніне тоқталамыз. Бұл тұжырымымыздың негізі - қазақ этнопедагогикасының қазақ философиясы, этностар теориясы, этнопсихология және тарихи-әлеуметтік, мәдениет теориясы ғылымдары салаларымен тоғысқан, аталмыш ғылыми пәндердің фундаменталдық ережелері мен теориялық алғышарттарына сүйенген, педагогика ғылымының ажырамас, біртұтас бөлігі деп қарастырамыз». Бұл аталған тұжырымды өз зерттеуімізде басшылыққа аламыз.
Қазақ этнопедагогикасының ғылыми негіздері зерттеулерде қазақ халқының этникалық болмысының тарихи қалыптасуына, халық педагогикасының ұлттық ерекшеліктеріне, этнопедагогикалық ойларға байланысты жүйеленіп тұжырымдалады.
Қазақ этнопедагогикасы ғылымын зерттеуге біз этнонимдік, этникалық сана, салт-дәстүр, мәдениет, этникалық ұқсастыру (гедентификация), ұлттық дүниетаным, менталитет, ұлттық наным, сенім, тұлғалық, қаракеттік, ассоциациялық, біртұтас, этностық, тәрбие, уақыт пен кеңістік туралы ұғымдар теориясына сүйеніп, біз қазақ этнопедагогикасының ғылыми-теориялық алғышарттары төмендегі негіздерден тұратынын айқындадық:
Қазақ этнопедагогикасының ғылыми-теориялық алғышарттары: этнопедагогика - белгілі бір халықтың, ұлттық ерекшеліктерін айқындап, оның өмір тәжірибесі арқылы таным-тәрбиелік, дүниетанымдық құралы ретінде қалыптасқан ғылым. Яғни әрбір халықтың немесе ұлттың өз ерекшеліктеріне сәйкес тәлім-тәрбие жүйесі қалыптасқан. Ол «қалыпты» ешбір «ғаламдастыру» бұза алмады. Ерте замандардан бері қазақ халқының тарихи қалыптасқан ерекшеліктері: ақынжандылық, өнерпаздық, шешендік, жадына сақтау қасиеті, имандылық, инабаттылық, меймандостық, қайырымдылық, дарындылық...
Зерттеу еңбектерінде «халық педагогикасы», «қазақ халық педагогикасы», «этнопедагогика», «қазақ этнопедагогикасы» ұғымдарына берілген анықтамалар да мазмұндық жағынан бірін-бірі толықтыра түседі. Авторлардың барлығы дерлік «халық педагогикасын», «қазақ халық педагогикасы», халықтың бала тәрбиесі саласында жинақталған тәжірибесі ретінде, ал «этнопедагогиканы», «қазақ этнопедагогикасын» халық педагогикасын зерттейтін ғылым ретінде қарастырады.
Қазақ халқының дарындылығы мен қайырымдылығы, меймандостығын В.В.Радлов сияқты ғалымдар XIX ғасырда жан-жақты дәлелдеп кеткен болатын. Осындай тарихи дәлелдерге сүйеніп, біз қазақ этнопедагогикасының ғылым болып қалыптасуына негіз болатын алғышарттардың бірі - қазақ ұлтының халық педагогикасы болып табылады деп тұжырымдаймыз. Ол - қазақ этнопедагогикасы атты ғылымның өзегі және өрнегіндегі арқауы.
Қазақ этнопедагогикасы - дегеніміз қазақ философиясы, этностар теориясы, этнопсихология және мәдениет теориясы ғылымдары салаларымен тоғысқан, аталмыш ғылыми пәндердің фундаменталдық ережелері мен методологиялық негіздеріне сүйенген, педагогика ғылымының ажырамас, біртұтас бөлігі.
Қазақ этнопедагогикасының практикалық негіздері ұлттық тәжірибелерден туындайды. «Баланы тәрбиелеуде біз халық тәрбиесіне сүйенеміз», - дейді ертедегі грек философы Аристотель. Ал халықтың тәжірибелері арғы тегінен, халық болып қалыптасуынан, тұрмыс-тіршілігінен бастау алады. Профессор С.Қалиев қазақтардың шығу тегіне байланысты тарихшы ғалым Л.Гумилевтің: «Қазақтар-түрік, монғол, үнді-иран тектес, қазақстан территориясында тіршілік еткен Еуразия далаларының көшпелі үштігінен тараған сақ, ғұн, үйсін тайпаларының қосындысынан құралған ежелгі халық» деген тұжырымын мысалға келтіріп, «қазақ халқы негізінен, республиканың қазіргі жерін мекендеген автохтонды (байырғы) тайпалардан қалыптасты және олардың этногенетикалық құбылыстарының түп тамырлары сонау қола дәуіріне, андронов мәдениеті деп аталатын көне кезеңге (б.з.б. ХVІІІ-VІІІ ғ.ғ.) саяды» -дейді. Міне, осындай тарихи түп негіздері анықталған қазақ халқының этнопедагогикалық негізі - ұлттық тәжірибелер екендігін немен дәлелдеуге болады? Білге хан мен Күлтегінге арналған ескерткіштен (тас жазуынан) басталатын қазақтың тарихи тегін зерттеу ғылыми тұжырымдары түріктектес қазақ халқының тарихи, этнографиялық, этностық, тұрмыс салттық белгілерін айқындап береді.
Қазақ этнопедагогикасы - қазақ халқының ұлттық тәлім-тәрбиесінің қайнар бастауынан бастап, осы уақытқа дейінгі болмысын айқындап, оның болашағын белгілеп беретін ғылым.
Қазақ этнопедагогикасының ғылым ретінде қалыптасуы мен даму кезеңдері (Сурет 1).
Сурет 1- Қазақ этнопедагогикасының ғылым ретінде қалыптасу кезеңдері
3. Қазақтың би-шешендері мен жырауларының тағылымын жас ұрпаққа берудің қажеттігі.
Халық көңілінде ұлы билердің қандай істерімен ойлары айрықша берік сақталған деген сұраққа оның әңгімелері өзінше жауап бергендей . Төлеге, Қазыбекке, Әйтекеге қатысты айтылған сөздердің сарынынан үш мәселені бөліп көрсетуге болады.
Ұлы билер барлық кезде үлкенді, кішілі іс-әрекетінің бәрінде ел-мүддесін өз бастарының мүддесінен жоғары қойған.
Елдік мәселелерді шешкенде ауыл ру көлемінің деңгейінде қалмай адамдарды жеке басының қасиетіне, кісілік дәрежесіне қарап бағаланған. Ешбір туыстық жақындық жасап көтермеленген ауысым деп аламаған олар өзі болған жігіттің ата-тегін сұрама деген шарттың басшылыққа алған. Сондықтан бұлардың айналасына нағыз адал жандар топталған .
Ұлы билер қандайда дау-жан жалға билік айтқанда әділдік таразысының атамаған, өздерінің адалдығына, ақиқатқа табынатынына жұртты сендірген. Кез-келген, азамат бұлардың ел қамын ойлайтынын мойындаған.
Төле би-шамамен 1663 ж дүниеге келген. Тәукенің тұсында «Жеті жарғы »заң жобасын жасаушылардың бірі- қоғам қайраткері, ел ағасы, аузы дуалы би. Дулат тайпасының Жаныс руынан шыққан. Сауатты оқыған, жастайынан халқының ақындық-шешендік өнерінен тәлім алған адам. Төле би ел-жұрт, ағайын- туыс, алыс-жақын, жекжат-жұрағат тіпті алты алаштың арасындағы қадір қасиеті хан мен сұлтаннан биік болған. Ел жұртын еңбек етуге шақырған, мысалы: кіші жүзде бір Алшын Қаражігіт бидің аулы қыстан жұтап, малы қырылып қатты ашыққан. Осы нәубеттен құтылар шара бар ма екен деп Төле биге баласын жіберіпті, сонда Төле «жігіт адамға басты кесір- еріншектік, ортаншы кесір-ұйқышыл болу, кенже кесір- кежірлік». Осы үш мінез бір адамда болса, ол адам өмірінде оңбайды-депті.Қаражігіт осы ақыл кеңесті орындап дән риза болған екен.
Жаңбыр жаумаса жер жетім
Басшысы болмаса ел жетім- дейтіні де осы осы Төле би. Толғаулардың тәлім-тәрбиелік мәні жоғары асыл сөздердің иесі. 1749 ж Орынбор губернаторы «Неплюевке елшілік жіберіп Ресей мен ұлы жүз арасында қарым-қатынасты нығайтуға » көп еңбек сіңірген.
Қаз дауысты Қазыбек би.
Орта жүз XVIII ғ басындағы шешен-ірі тұлға. Ол қазақ халқының дербес мемлекетін құруға нығайтуға қатысқан ірі мемлекет қайраткері. Өз тұсындағы хандардың ақылшысы, мәмлегер, дипломат та бола білген, әулиелік қасиеті де бар адам.Қазыбек бабам қолдай гөр деп сиынатындар да бар болған. Сондай-ақ Жеті жарғыны жасауға қатысқан, Жоңғар қоңтайшысына
Қазақ деген мал баққан елміз,
Ешкімге соқтықпай жай жатқан елміз,
Дұшпан басынбаған,
Басымыздан сөз асырмаған елміз
Ұл мен қызын жатқа құл-күң ғып
Отыра алмайтын елміз,- деп толғауларын тақпақтап айтады. Өте тапқыр табанды кісі болған. Бата бергені:
Өркенім өссін десең,
Кекшіл болма-
Кесепаты тиер еліңе
Елім өссін десең
Өршіл болма-
Өскеніңді өшірерсің т.б. 97 жыл өмір сүрген. Түркістанда Қожа Ахмет Яссауи ғимаратына жерленген.
Әйтеке би-қазақ руларының басын біріктіріп, бір орталыққа бағындырған және туысқан қазақ, қарақалпақ, қырғыз халықтарын одақтастырып, жоңғар қалмақ шапқыншылығына қарсы бірыңғай халық майданын құрған. Бұл да шешен, тапқыр заң жасауға ат салысқан қоғам қайраткері. Қазыбек би қай баласың аты-жөнің кім? -деп сұрағанда. Әйтекенің жауабы:
Әкемді сұрасаңыз-жетесіз,
Шешемді сұрасаңыз- некесіз,
Туа салған бір баламын,
Тегімді сұрап не етесіз?,- дейді жарайсың төрелігің өзің айта ғой дегенде бір ескіріп кеткен дауды әділ шешіп риза болып тарқасады. Енді бірде атастырып қойған қызы бөтен біреуге кетіп қалған, ұлы жүз бен орта жүзге Төле би сен жылқыны қайыр , Қазыбек сен жесірін қайыр деп төрелігіне риза болған ел арасы тынышталыпты.
«Бай болсаң халқыңа пайдаң тисін,
Батыр болсаң жауға найзаң тисін,
Бай болып елге пайдаң тимесе,
Батыр болып жауға найзаң тимесе
Елден бөтен үйің күйсін », деген.
Тақырып №2. Этнопедагогиканың ұғымдық-терминологиялық жүйесі
Мақсаты: Этнопедагогиканың зерттеу объектісі халықтың тәлім-тәрбие жөніндегі ұғым-түсініктері, дәстүрлері, тәжірибесі туралы мағлұматтар беру.
Негізгі ұғымдар: халық педагогикасы, ру, тайпа, салт-дәстүр, жол-жора, ырымдар.
Жоспар