Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
проф каз.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
56.38 Кб
Скачать

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

Қазақ гуманитарлық заң университеті

Халықаралық құқық және халықаралық қатынастар жоғары мектебі

Жалпы тіл білімі және аударма ісі кафедрасы

«БЕКІТЕМІН»

Халықаралық құқық және халықаралық

қатынастар жоғары мектебінің

директоры, з.ғ.к. профессор

__________________Ө.С.Қыстаубай

«____»_____________2013 ж

Пәннің оқу бағдарламасы (Силлабус)

Пәннің аты Кәсіби қазақ тілі

Мамандығы Барлық мамандықтар мен бағыттарға арналған

Оқыту формасы Күндізгі

Барлығы 2 кредит

Курс 2, 3 Семестр 3, 5

Практикалық сабақ 30 сағат

СОӨЖ 10 сағат Кеңес беру 5 сағат

Аралық бақылау саны 2

Емтихан 3, 5 семестр Барлығы 45 сағат

Астана – 2013

Пәннің оқу бағдарламасы «Үш тұғырлы тіл» мемлекеттік жобасының аясында, тілдік емес мамандықтарға арналған қазақ тілінен типтік бағдарлама негізінде жасалған

(қандай құжат негізінде жасалды)

Оқу бағдарламасын

құрастырған______________________________Канафиева К.Қ., Сапина С.М.

(қолы, лауазымы, ғылыми дәрежесі, аты-жөні)

Жалпы тіл білімі және аударма ісі кафедрасы мәжілісінде талқыланған

2012 жылдың 30 мамыры, № 12 хаттама

Кафедра меңгерушісі ф.ғ.д., профессор Бейсенова Ж.С.

Халықаралық құқық және халықаралық қатынастар жоғары мектебі оқу-әдістемелік кеңесі мақұлдаған

№ _________ хаттама __________ ____________ 2013ж.

Төраға______________________________ з.ғ.к. профессор Ө.С. Қыстаубай

( қолы, лауазымы, ғылыми дәрежесі, аты-жөні )

1. Оқытушы (office-hour):

Сапина Сабира Мінатайқызы - доцент, филология ғылымдарының кандидаты, E-mail: s_sapina@mail.ru

Динаева Бекзат Бегалықызы - доцент, филология ғылымдарының кандидаты, E-mail: bdinaeva@mail.ru

Дүсіпбаева Қарлығаш Советханқызы – аға оқытушы, филология ғылымдарының кандидаты,

E-mail: karlygash@mail.ru

ҚазГЗУ, Астана қ., Қорғалжын тас жолы, 8

Жалпы тіл білімі және аударма ісі кафедрасы Дүйсенбі – Сенбі 08.30 - 17.00, каб. № 304, тел: 70-30-47

Пререквизиттер:

Курсты меңгеру үшін оқылым, жазылым, айтылым дағдыларын игерген жоғары оқу орындарында оқытылатын қазақ тілінің В1, В2 деңгейі көлеміндегі қазақ тілін білу керек.

Пәннің сипаттамасы:

«Кәсіби қазақ тілі» пәні Мемлекеттік стандарт талаптарына сәйкес оқытылады. Курс кәсіби ғылыми ақпаратты жеткізе алу деңгейіндегі сөйлеу дағдылары мен машықтарын дамытуға, оқу-кәсіби және ғылыми-кәсіби салаларда жазу әрекетін жетілдіруге бағытталған.

Пәннің мақсаты:

Болашақ мамандардың коммуникативтік құзыретін – кәсіби, ғылыми салалардың нақты сөйлеу жағдайларында шынайы коммуникативтік міндеттерді лингвистикалық құралдармен шешу дағдыларын қалыптастыру.

Пәннің міндеттері:

  • кәсіби, ғылыми терминологияны пайдалана отырып, ақпаратты жинақтап жеткізе білу;

  • мамандық бойынша кәсіби құзыретті қалыптастыруға мүмкіндік беретін ғылыми әдебиетті пайдалану, алынған ақпаратты бағалау, мәтіндерден жаңа ақпаратты алу дағдылары мен машықтарын қалыптастыру және дамыту;

  • оқу-кәсіби және ғылыми-кәсіби салаларда жазу әрекеті технологиясын жетілдіру;

  • студенттерде ғылыми дискурстағы тілдік жүйенің қызмет ету ерекшеліктері туралы түсініктер қалыптастыру;

  • ғылыми стильдің басты шағын стильдері мәтіндерін құрастыра алу, кәсіби мәтіндерді талдау, мәтіннен қажетті ақпаратты алу, оны сипаттау, кәсіби қарым-қатынас үдерісінде пайдалану мақсатында ғылыми терминологияны қолдану үшін мәтінді құрылымдық-семантикалық және мағыналық-лингвистикалық талдаудың әдістерін үйрету:

  • кәсіби тақырыптар бойынша сөйлей алу, кәсіби қарым-қатынас міндеттерін шешу үшін пәндік және тілдік білімдер жүйесін қолдана алу.

Пәндік құзыреттер:

Оқытылатын пәнді меңгеру үшін қазақ тілі, әдебиеті, сөйлеу мәдениеті бойынша базалық білім қажет. Кәсіби қазақ тілін оқу болашақ мамандардың коммуникативтік құзыретін қалыптастыруға, кәсіби ғылыми сөйлеу деңгейін көтеруге мүмкіндік береді.

Пәннен жоғары құзыреттер:

«Кәсіби қазақ тілі» пәні студенттердің болашақ мамандықтары бойынша теориялық және жалпы дүниетанымдық дайындығының негізін құрайды.