
- •1 Тарау. Философия тарихы үрдіс және ой мектебі ретінде
- •Дүниетаным және оның құрылымы мен деңгейі. Философияның мәні мен міндеті, оның қоғамдағы орны
- •А дамның іс-әрекеті мен қызметі Сызба 1.1.2 Философия мәдениеттің феномені ретінде
- •Сызба 1.1.3 Дүниетанымның тарихи типтері
- •Сызба 1.1.4 Философия, дін, мифология байланысы
- •Кесте 1.1.5 Философиялық білім құрылымы
- •Сызба 1.1.6 Классикалық философиядағы субстанция мәселесі
- •Сызба 1.1.7 Классикалық философияның негізгі сұрағы
- •Сызба 1.1.8 Классикалық философияның негізгі бағыттары
- •Кесте 1.1.9 Философия тәртіптік ғылым
- •Бақылау сұрақтары
- •Көне Шығыс философиясы /Қытай, Үндістан/
- •Көне Қытай философиясы
- •Кесте 1.2.1 Көне қытай философиясының негізгі ұғымдары
- •Көне Үнді философиясы
- •1.2.5 Көне Үнді философия мектептері
- •Негізгі түсініктер
- •Буддизм
- •Сызба 1.2.6
- •Бақылау сұрақтары
- •1.3 Антикалық философия тарихының принципі және құрылымы
- •Сызба 1.3.1 Антикалық философияның негізгі даму кезеңдері
- •1. Кезең 2. Кезең 3. Кезең 4. Кезең
- •Сызба 1.3.2 Көне антикалық философия Антикалық философия
- •Кесте 1.3.4 Софистер – Сократ, дүниеге көзқарастық ұстанымдарының айырмашылығы
- •Сызба 1.3.5 Платонның идеалды мемлекет туралы ілімі Адам /барлық азамат/
- •Жан /оның түрлері/
- •1 Қабат
- •2 Қабат
- •3 Қабат
- •Мемлекет құрылымының принциптері:
- •Кесте 1.3.6 Аристотель
- •Сызба 1.3.7 Аристотельдің философиялық жүйесі
- •Бірінші (негізгі философия)
- •Бақылау сұрақтары
- •1.4 Ортағасырлық философия
- •Кесте 1.4.1 Ортағасырлық батыс еуропалық философиясының негізгі даму кезеңдері
- •I I.Cхоластика
- •1.4.2 Ортағасырлық батыс еуропалық философиясындағы реализм және номинализм арасындағы қайшылық
- •Араб әлемінің философиясы
- •Кесте 1.4.5 Ерте араб философиясының негізгі бағыттары (VII-iXғғ)
- •Сызба 1.4.8 Әл-Фарабидің таным теориясы /Жан туралы ілім/
- •Бақылау сұрақтары
- •Қайта өрлеу дәуірінің философиясы
- •Сызба 1.4.9 Қайта өрлеу дәуірінің философиясы /Ренессанс/
- •Кесте 1.4.10 Ренессанс философиясының мазмұны мен негізгі мәселелері
- •Бақылау сұрақтары
- •1.5 Жаңа заман философиясы
- •Кесте 1.5.1 Жаңа заман философиясының негізгі бағыттары
- •Кесте 1.5.2 Жаңа заман философиясындағы ғылым және адамзат пен қоғам мәселесінің қалыптасуы
- •Сызба 1.5.3 Эмпиризм және Бэкон әдісінің мәселесі
- •Сызба 1.5.4 р. Декарт рационализмі (Картезия)
- •Сызба 1.5.5 б. Спиноза философиясының теориялық бастауы
- •Ағарту кезеңі және оның қоғам дамуындағы прогрессивтік рөлі
- •Кесте 1.5.6 Француз ағартушыларының ерекшеліктері (радикализм)
- •Бақылау сұрақтары
- •1.6 Классикалық неміс философиясы
- •Кесте 1.6.1 XVII-XIX ғ.Ғ неміс классикалық философиясы
- •Кесте 1.6.2 и. Канттың (1724-1804) Категориялар туралы ілімі
- •Кесте 1.6.3 Гегельдік философия кестесі
- •1.6.4 Гегельдің философиялық жүйесі Ештеңе - бірдеме – сапаның алғашқы белгісі
- •Болмыс – еш нәрсе - қалыптасу
- •Гегельдің абсолюттік идея философиясының дамуы
- •Кесте 1.6.5 Людвиг Фейербах (1804-1872)
- •Маркстік философия
- •Сызба 1.6.6
- •Сызба 1.6.7 Тарихты материалистік тұрғыда түсіну Тарихты материалистік тұрғыда түсіну
- •Бақылау сұрақтары
- •1.7 Қазақ және орыс философиясы Кесте 1.7.1 XIX-XX ғ.Ғ. Орыс философиясы
- •Қазақ философиясы
- •Кесте 1.7.2 Қазақ философиясы тарихынан
- •Бақылау сұрақтары
- •1.8 XX ғасыр философиясы Кесте 1.8.1 хх ғасырдағы Батыс философиясының негізгі ағымдары
- •Бақылау сұрақтары
- •Іі тарау. Адам және әлем
- •2.1 Философия онтологиясы
- •Сызба 2.1.1 Философия онтологиясы – әлемдегі адам болмысы
- •Кесте 2.1.3 Материя құрылымы объективтік шындық сфералары
- •Сызба 2.1.6 Сананың философиялық мінездемесі
- •Бақылау сұрақтары
- •2.2 Философиядағы әлемді тану мәселелері (Гносиология)
- •Сызба 2.2.2 Таным - шындықты бейнелеу ретінде
- •Сызба 2.2.3 Объект және оның онтологиялық құрылымы
- •Сызба 2.2.4 Ғылыми танымның әдістері мен түрлері
- •Сызба 2.2.5 Ғылыми білімнің негізгі формалары
- •Бақылау сұрақтары
- •2.3 Диалектика логикалық және методологиялық ілім ретінде
- •Сызба 2.3.5 Қарама-қарсылықтың бірлігі мен күресі заңы
- •Бақылау сұрақтары
- •III тарау. Әлеуметтік философия
- •Сызба 3.1.1 Әлеуметтік философияның функциялары
- •Сызба 3.1.2
- •Кесте 3.1.3 Қоғам өзін-өзі дамытатын жүйе ретіндегі
- •Бақылау сұрақтары
- •Тұлғаның қалыптасуы. Негізгі сатылары
- •Сызба 3.2.2 Биоәлеуметтік факторлар
- •Сызба 3.2.3 Жеке тұлға құрылымы
- •Сызба 3.2.4 Тұлғаға қажетті иерархия
- •Сызба 3.2.5 Тұлғаның әлеуметтік түрі
- •Бақылау сұрақтары
- •3.3 Қоғамның рухани өмірі
- •Cызба 3.3.1
- •Сызба 3.3.2 Қоғамның рухани аспектісі
- •Сызба 3.3.3 Қоғамдық сананың мазмұны
- •Сызба 3.3.5 Қоғамдық сананың қолданыс заңдары /қс/
- •Бақылау сұрақтары
- •Сызба 3.5.3 Өркениеттің жаһандану мәселелерін шешудегі әлеуметтік мәдениеттің қажетті жағдайлары
- •Бақылау сұрақтары
- •Курстағы барлық тақырыптарды оқытуға арналған әдебиеттер
- •Ұсынылған әдебиеттер: Негізгі әдебиеттер
- •Қосымша әдебиеттер
- •Глоссарий
- •Мазмұны
- •Кесте 1.1.5 Философиялық білім құрылымы ……………………………..10 Сызба 1.1.6 Классикалық философиядағы субстанция мәселесі ……….11
- •Кесте 1.3.6 Аристотель ……………………………………………………..33
- •Сызба 2.1.1 Философия онтологиясы – әлемдегі адам болмысы …………81
- •Сызба 2.1.6 Сананың философиялық мінездемесі …………………………86
- •Сызба 2.2.4 Ғылыми танымның әдістері мен түрлері ……………………...91
- •Сызба 2.3.5 Қарама-қарсылықтың бірлігі мен күресі заңы ………………..98 Сызба 2.3.6 Мөлшерлік және сапалық өзгерістердің өзара ауысу заңы.….99
- •Сызба 3.3.4 Сана формалары ………………………………………………121
Кесте 1.2.1 Көне қытай философиясының негізгі ұғымдары
Ұғымдар |
Философиялық мағынасы |
Дао (Жол) |
Космостық және адамгершіліктік заң, Қытай философиясының басты категориясы, ол басқа категориялардың бәрін қамтиды. Дао өзінен өзі дамитын универсумнің жоғарғы принципі, барлық бар нәрселердің алғашқы бастауы, дүниенің генетикалық бірлігі ретінде түсіндіріледі: бәрі одан туындайды және бәрі оған қайта оралады. |
Инь-Янь |
Кең мағынада қарама - қайшылық күштер, екі жақтылық: түнек-жарық, тыныштық-қозғалыс, жер-аспан, өлім-өмір, әйел-еркек |
Жень |
Адамгершілік, қайырымдылық, мейірімділік |
И |
Борыш сезімі, борыш-әділеттілік Жетілген адамның моральдік принципі |
Чжи |
Даналық, ақыл, білім, парасат |
Сяо |
Конфунцияндық этикалық принцип-ізеттілік және үлкенді құрметтеу (ата-ананы құметтеу) |
Тянь |
Аспан жоғарғы құдайы күш ретінде «Көкасты» Қытай мемлекетінің синонимі |
Ци |
Өмірлік жігер, рухани күш, эфир |
У-Син |
Дүниенің 5 элементі: су, от, ағаш, металл, жер
|
Сызба 1.2.2 Көне қытай философия мектептері
Көне қытай философия мектептері
Сызба 1.2.3 «Ли»
Ли - әдет-ғұрып тәртіп. Ли – болмаса, мемлекет, тәртіп, тазалық, әілеттілік жоқ.
Конфуций моральдық «алтын ережесі» қоғамдағы адам арасындағы қатынасты былай көрсетеді: «өзіңе тілемейтінді басқаға да тілеме».
Сызба 1.2.4
«Ізгі адам» адам мынадай қасиетке ие болуы қажет:
Халықты басқару қайырымдылық негізінде («бадао»);
Ең биік білімге ие болу;
Еліне әділ қызмет ету, отанына деген сүйіспеншілік;
Өнегелі болу;
Басқа адамдардың адамгершілік қаситетін жетілдіруіне көмек беруші адам;
Мемлекет пен қоршаған ортаға тек жақсылық жасау;
Өзіне, қарамағындағыларға, бүкіл елге молшылық, ауқаттылықты қамтамассыз етуге қамқор бола білу;
/ «Асыл адам, бекзат адам ілімі». Конфуция/.
Көне Үнді философиясы
Ежелгі Үнді философиясының бастауы – б.з.д. II және I мыңжылдықтарда қалыптасқан Ведалар, олар тек Үнді елінің ғана емес, бүкіл адамзаттың көне әдеби ескерткіштері болып саналады.
«Веда» сөзі «білім» дегенді білдіреді, бірақ бұл ерекше білім: гимндер, дұғалар, құрбандық шалу, садақа беру формулалары. Оларда дүние, адам, адамгершілік туралы алғашқы философиялық түсініктер бейнеленді. Ведалар 4 бөліктен тұрады:
1. Самхиттер - құдайларға арналған гимндер жинағы; олардың ең көнесі Ригведалар құдайларға арналған 1028 гимннен тұрады;
2. Брахмандар - діни Салт өлеңдер жинағы.
3. Араньяктар – «Орман кітаптары» - қоғамнан бөлектенушілерге немесе орман кеңістігінде ақиқат пен табиғат туралы ойға берілушілерге арналған ережелер жинағы.
4. Упанишадалар - философиялық мазмұны терең, рационалистік сипаты басым негізгі бөлім, Ведаларды аяқтаушы болғандықтан кейде веданта («Ведалардың соңы») деп аталады.
Көне Үнді философиясының мектептерінің ұқсастықтары:
Қоршаған орта мен тұлға арасындағы байланыс.
Нирвана – «жоғалу», «сену». Күнделікті өмір - бітпейтін күйбең тіршілікке, азап-қасіретке толы бақытсыз болмыс, ал нирвана - осы азап-қасірет шегуден, карма заңының негізінде қайта туылудан құтылып, сананың өшуі, болмыстың арамдықтан тазаруы. Нирвана - абсолютте түйсіктер де, сана да, жігер де жоқ, ол зұлымдықпен құмарлықтардың тынышталуы, сезінбеудің толық дәрежесіне жету.
Философия тек теория ғана емес, өмір сүру салты, өмірлік нұсқаушы.
Философия абстрактілі түрде болады, ол абсолюттің басты себебін, проблемасын шешеді, жанмен игеру туралы ойланады.
Сансара - азап-қасіретке толы қайта туылудың, өмір мен өлімнің үздіксіз процесі. Сансараның тамыры - білместікте, сондықтан одан құтылу жолы - нирванаға ену.
Карма – «іс-әрекет». Ең мардымсыз деген іс-әрекеттің өзі бүкіл өмір ағымына әсер етеді де, бұл себеп, - жақын уақытта болсын, не біраз уақыт өткен соң болсын,
- міңдетті түрде салдар туғызады, ол жақсы немесе жаман болуы мүмкін. Жағымды істердің нәтижесінде бақыт пайда болады, ал жағымсыз істер азап, қасірет әкеледі. Осы адамгершілік заңдылығы карма деп аталады.
Дүние алғашқы материядан - пракритиден жаратылған деген пікір айтады. Пракритидің 3 гуны (гун - қасиет) бар. Гун –адам жанының қасиеті. Олар - саттва, раджас және тамас.
Саттва - ашық, оған ешқандай таңба түспеген, бізге білім мен бақыт әкеледі. Жақсы істер жиыны, кемелденуге ұмтылу, шаттық құру.
Раджас - құмарту қасиеті, ол іс-әрекетке итереді. Жанның әрекетшіл, жігерлі бөлігі, іс-әрекетке бақылау, тамастың шектелуі мен саттваның кеңейтілуі.
Тамас - жайбаракаттық пен жалқаулықты. Бүлдіруге, жоюға, қиянат жасауға талпыну.