Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
в схемах и таблицах.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
1.85 Mб
Скачать

Көне Қытай философиясы

Ең көне философиялық ілімдер Ертедегі Қытай және Үнді, Греция және Римде Вавилон мен Египетте мыңдаған жылдар бұрын (2500) пайда болды.

Философияның пайда болуына мүмкіндік берген бірқатар алғы шарттар: ертедегі ғылым, ой қызметінің қол күші жұмысынан бөлінуі, демократия мен еркін азамат топтарының құрылуы. Ертедегі философияның негізгі тақырыбы алғашқы әлемдегі дүниені жаратудағы маңызды негіздеме.

Ежелгі шығыс философиясының дамуна айтарлықтай әсер еткен «азиаттық» өндіріс тәсілі. Философия патриархалдық және консервативтік түрде болды.

Философия мифологиялық түсінікте дүниеге келді, мифологиялық ақпараттарды пайдаланды. Қытай философиясының тарихы да бұдан өзгешеленген жоқ.

Басқа мемлекеттер секілді, Көне Қытай философиясының да мифологиялық тамыры бар. Ертедегі Қытайда мистикалық бағыттар дүниеге келді. Бұл бағыттардың арасындағы күрес барысында заттардың алғашқы бес элементі (металл, ағаш, су, от, жер) туралы, дамудың қарама-қарсы бастамалары (Инь және Ян), табиғи жолы (дао) туралы т. б. қарапайым материалистік идеялар кеңінен тарай бастады. Үш табиғи байланысты ақиқат – адам, жер, аспан тіркелген.

“Ши цзин”, “Шу цзин” әдеби-тарихи ескерткіштерде адамдардың еңбек және қоғамдық-тарихи практикасын тікелей жинақтау негізінде пайда болған кейбір философиялық идеяларды кездестіреміз. Көне Қытай философиясының гүлдену кезеңі б.з.д. VI-III ғғ сәйкес келеді. Бұл кезеңді қытай философиясының алтын ғасыры деп атайды. Дәл осы кезеңде «Дао дэ цзин», «Лунь юий», «Мо-цзы», «Мен-цзы», «Чжуан-цзы» философиялық-социологиялық ойдағы шығармалары пайда болды. Дәл осы кезде ұлы ойшылдар Лао-цзы, Конфуций, Мо-цзы, Чжуан-цзы, Снь-цзы өздерінің тұжырымдамалары мен идеялары шықты. Осы уақыт даосизм, конфуцияндық, моизм, легизм, натурфилософ қытай мектептерінің пайда болуымен ерекшеленеді. Олар кейінгі қытай философиясының дамуына үлкен ықпал жасады. Осы кезде қытай философиясының тарихына дәстүрленіп кеткен, қазіргі кезге дейін қолданып жүрген түсініктер мен категориялар, проблемалар қалыптасты.

Ежелгі Қытай философиясының ерекшеліктері:

1. Философия мен саясаттың тығыз байланысы. Әлеуметтік қайта құруды утопиялық жобада жоспарлау .

2. Символизм, әмбебаптық мағына беретін графикалық белгілерді, иероглифтерді қолдану /ян, инь/.

3. Философиялық идеялардың генераторы болған жаратылыстану емес, керісінше XIX ғасырға дейін философиялық-ұғымдық ақпарат жаратылыс дамуын анықтап отырды.

4. Мифологиямен тығыз байланыс.

Көне Қытай философиялық ойлар дамуының негізгі екі кезеңі: философиялық көзқарастың пайда болу кезеңі, ол б.з.д VIII-VI ғғ қамтиды және философиялық ойлардың гүлдену кезеңі - 100 мектептің бақталастық кезеңі, ол б.з.д. VI- III ғғ жатады.

Көне Қытай философиялық мектептердің алғашқы жіктелуі Сыма Цянның «Ши цзин» - («Тарихи жазбалар») кітабында берілген. Онда алты мектептің аты аталған: «инь және янь ілімін жақтаушылар» (натурфилософтар), мемлекеттік қызмет атқаратын адамдар мектебі» (конфуциандықтар), «моисттер мектебі» (софисттер), «заңшылдар мектебі» (легисттер), «дао және дэ ілімінің жақтаушыларының ілімі» (даосисттер).

Кейінірек, біздің заманымыздың межесінде, бұл жіктелу тағы төрт «мектептермен» толықтырылды, цзацзя немесе «эклектиктер мектебінен» басқалары, шынында Көне Қытай философиясына қатысы жоқ. Кейбір мектептер мектеп негізін қалаушының қоғамдық қызмет өзгешелігіне байланысты аталған, басқалары-ілімнің негізін қалаушының есімімен аталған, үшіншілері – осы ілімнің басты ұғым принциптеріне байланысты аталған.

Қытай философиясының ағымдары мен мектептерін біріктіретін ортақ шығу тегі. Олардың ортақ тамыры - Дао мәдениеті. Олардың арасындағы айырмашылық көзқарас бағдары мен Даоны соңғы қалпына келтіру әдістермен ерекшеленеді.

Осыдан Қытай философиясының негізіне алынған ерекшеліктер шығады:

Қытай философиясы өзінің бастауы мен эволюциясында Дао философиясы болып табылады;