Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
в схемах и таблицах.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
1.85 Mб
Скачать

Бақылау сұрақтары

  1. XX ғасырдағы философиялық альтернативалар, олардың себептері және негізгі бағыттары.

  2. Постпозитивизм және оның философия мен қазіргі заманғы ғылымдағы рөлі.

  3. Экзистенциализм және оның түрлері.

  4. Герменевтиканың философиялық мәселелері.

  5. Психоанализ: З.Фрейдтан, К.Юнг пен Э.Фромға дейінгі.

  6. О.Шпенглер философиясының мәдениеті.

  7. Құрылымдық-функционалдық анализ (Т.Парсонс).

  8. Франкфурттік мектептің әлеуметтік-философиялық мәселелері.

  9. Шекаралық жағдайдағы “адам экзистенцианализмі”.

  10. Постпозитизмның “верификация” принциптері және сыни рационалимнің

фальсификациясы: ұқсастығы мен айырмашылығы.

  1. Постмодернизмдегі философиялық құрылыс стратегиясы.

  2. Д.Дьюидің инструкциализмі және тәсіл мәселелері.

Іі тарау. Адам және әлем

2.1 Философия онтологиясы

Болмыс – бар болып отырғанның, өмір сүріп отырғанның барлығын қамтитын және олардың ең маңызды қасиетін – бар болу, нақты өмір сүруді білдіретін категория.

Болмысты жалпы түрде реалды және идеалды деп бөлуге болады. Реалды болмысты өмір сүру, бар болу деп, ал идеалды болмысты мән деп атайды. Реалды болмыс кеңістіктік-уақыттық сипатқа ие, қайталанбайтын, индивидуалды заттардың, процестердің, әрекеттердің, адамдардың нақты өмір сүруі. Идеалды болмыс мәңгі, уақытқа тәуелсіз, өзгермейді. Құндылықтар, идеялар, ұғымдар осындай сипатқа ие.

Қоршаған орта бірінші және екінші табиғат деп бөлінеді. Бірінші табиғатты құрайтын адамнан бұрын пайда болған, оған дейін өмір сүрген. Екінші табиғат - адам бірінші табиғат материалдарын өз еңбегі мен білімінің көмегімен өңдеуінің нәтижесінде жасаған заттар дүниесі, ол табиғи материал мен нақты индивидтердің рухани қызметінің және бұл заттардың әлеуметтік қызметтері мен міндеттерінің ажырамас бірлігі. Бірінші табиғат пен екінші табиғат бір-бірімен тығыз байланысты, сонымен қатар, өзіндік ерекшеліктерге ие. Екінші табиғат көптүрлі, ол әлеуметтік-тарихи болмыс, адам болмысына жақындау, бірақ ол адамнан салыстырмалы түрде тәуелсіз. Адам табиғаттың бөлшегі, сондықтан адам денесінің болмысына да болмау, пайда болу, қалыптасу, күйреу және басқа күйге көшу тән. Бұл фактор адамды өз денесін күтуге мәжбүр етеді, онсыз адам болмысы мүмкін емес. Жеке адамның болмысы тек физикалық денемен шектелмейді, ол оның рухани болмысын, ішкі жан дүниесін де қамтиды. Тәнін ғана емес, көне гректер адам болмысының басты көрсеткіші ретінде қарастырған жанын күту, оны жетілдіру де адам үшін басты міндеттердің бірі. Адам болмысы әлеуметтік болмыс арқылы мәнді.

Болмыстың түрлері саналуан болғанымен, олар бір-бірімен тығыз байланысты және бірлікте. Дүниенің өзгермейтін, жойылмайтын бір бастауын, негізін бейнелейтін философиялық категория субстанция деп аталады. Плюрализм - дүниенің көптүрлілігін, бұл түрлердің бір-бірінен тәуелсіздігін мойындайды. Дуализм - дүниенің екі, материалдық және идеалдық бастауы бар дейді, ал моноизм бір ғана бастау туралы тұжырымдайды. Моноизм идеалистік және материалистік моноизм болып бөлінеді. Материяның басты қасиеті – қозғалыс, материясыз қозғалыс, қозғалысыз материя жоқ. Болу деген қозғалыста болуы дегенді білдіреді. Қозғалысты кез-келген өзгеріс деп түсіндіруге болады, ол материяның сыртқы емес, ішкі, ажырымас қасиеті. Кеңістік және уақыт - материяның маңызды атрибуттары. Кеңістік - материя болмысының обьективті, жалпы, заңды формасы, ол әр түрлі жүйелердің көлемге ие екендігін, құрылымдығын және бірге өмір сүретіндігін сипаттайды. Кез-келген кеңістік қатынастар үш өлшем – координаталар (ұзындық, ең, биіктік) арқылы сипатталады. Уақыт - әртүрлі жүйелердің жағдайларының созылғандығын, ретпен жүруін сипаттайды (бірбағытты, қайта оралмайды, үнемі өткеннен болашаққа қарай жүреді).