Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
в схемах и таблицах.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
1.85 Mб
Скачать

Кесте 1.7.2 Қазақ философиясы тарихынан

Дала ойшылдары

Негізгі шығармалары

Философиялық идеялар және дүниетанымдық принциптер.

1.

Қорқыт – ата (VIIғ.)

«Қорқыт ата кітабы»

Қазақ даласының ұлы ойшылы. Өмір, өлім және өлместік туралы толғаныс.

2.

Махмуд Қашқари (XI ғ.)

«Диуани лұғат ат-түрік»

Гуманистік бағытта. Түркі халықтарының дүниетанымының бейне көрінісі.

3.

Қожа Ахмет Яссауи

(XII ғ.)

«Диуани хикмет»

Суфистік дүниетаным. Діни философиялық идеялар: мистизм, аскетизм. Қайырымдылық жайлы уағыз.

4.

Жүсіп Баласағұн (XI ғ.)

«Құтты білік»

Рационалды және гуманистік бағыт. Адамның қалыптасуындағы білімнің ролі. Өмірдің мәні. Әділет, Бақыт, Ақыл, Қанағат.

5.

Мұхамед Хайдар Дулати (1499-1551)

«Тарих-и-Рашиди»

Түркі халқы философиясының тарихы.

6.

Бұқар Жырау, Ақтамберді

(XVII-XVIII ғ.ғ.)

Жырау – ойшыл, ақын, сыншы, риторик. Қоғамдық мәселенің маңызын көрсеткен.

Дидактикалық – философиялық мінезде. Адам және әлем туралы толғаныс. Қазақ халқының саяси ойлауының қалыптасуына ықпал етті.

7.

Шоқан Уалиханов

(1835-1865)

«Соттық реформа жайлы жазбалар», “Дала мұсылмандары жайлы”, “Қырғыз даласындағы шамандықтың қалдығы”

Ресей географиялық қоғамы құрамынның мүшесі болған. Қазақтардың синкретикалық нанымын зерттеген. Табиғат культі (Тәңір-аспан). Қазақ даласында Исламның таралуының себептері. Қазақ даласындағы саяси-құқық идеялар және ағартушылық бастау жайлы ой-толғаулар.

8.

Абай Құнанбаев (1845-1904)

“Қара сөздер” (45-cөз)

Гуманизм мәселесі. “Адам бол!” - Императиві. Адамгершілік ілімі. Адамгершілік – дүниетаным негізі. Махаббат және әділеттілік.

9.

Шәкәрім Құдайбердиев (1858-1931)

“Үш анық”, “Ұмытылған жазбалар”

Спекулятивті – теологиялық философия. Жанның ақиқаттылығы, ғылымның ақиқаттылығы, сенімнің ақиқаттылығы. Ар-ождан біріктіретін бастама ретінде. Адамзаттың бейбітшілікте өмір сүруі үшін не істеу керек?

Бақылау сұрақтары

  1. Орыс философиялық ойдың дамуына тән белгілері мен негізгі бағыттары.

  2. Ресейдегі өзіндік ағартушылық (А.Н. Радищев).

  3. П.Чадаевтің діни тарихнамасы.

  4. Батысшылдық пен славянофильдік: дүниетанымдық ұстанымдардың ұқсастығы мен айырмашылығы.

  5. XIX ғасырдың 50-60 жылдарындағы орыс радикал демократиясының философиясы.

  6. Ресейдегі халықшылдық: мазмұны мен кезеңдері.

  7. Әлеуметтік-философиялық ұстанымдар мен М.Букининнің анархизм концепциясы.

  8. Бірлік философиясы: бірлік және жалпылық.

  9. Н.А.Бердяевтің экзистенциалды – діни философиясы.

  10. В.Вернадскийдің ноосфера туралы ілімі.

  11. Халық шығармашылығындағы қазақ философиялық ойының қалыптасуы.

  12. Ш. Уалихановтың ағартушылық идеялары.

  13. Абайдың “қара сөздеріндегі” этикалық ілім.

  14. Қазақ ағартушылық философиясының өзіндік ерекшелігі.

  15. Шәкәрімнін философиялық – діни көзқарастары.

  16. Қазақ зиялыларының (А. Байтұрсынов, М. Дулатов, С. Торайғыров) ұлттық сананың қалыптасуындағы рөлі.