Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
в схемах и таблицах.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
1.85 Mб
Скачать

1.7 Қазақ және орыс философиясы Кесте 1.7.1 XIX-XX ғ.Ғ. Орыс философиясы

Діни реформа

Л.Толстой (1828-1910)

«Догмалық құдайға сын», «Менің сенімім неде», «Жан сыры»

Толстойшылдық. Дінде адам өмір мәнін табады. Этикалық принциптің индивидуализмі. Өмір мақсаты – адамның дін арқылы өзін тануы, адамгершілік тұрғысында жетілуі.

8.

Персонализм /Орыс рухани Ренессансы/

Н. Бердяев (1874-1948)

«Орыс идеясы», «Шығармашылықтың мәні», «Еркін жанның философиясы».

Құдайы және адами экзистенциалдық диалектика. Антроподицея – шығармашылықта және шығармашылық арқылы адамды ақтау. Көне өсиет (Ветхий Зовет) – Христиандық – Адам еркіндігі, бұл өз борышын өтеу. Тарих тек соңғы мақсатты, міндетті қарастырады. Тарих ақыл еркіндігінің бостандығы ретінде. “Орыс идеясы” – бүтін, тоталитарлы көзқарас, діни мінезде.

9.

Орыс космизмы

К.Э. Циолковский,

В.И. Вернадский, А. Чижевский.

Адам ойдың (жанның) ғарышпен байланысы. Дүниедегі сананың алатын орны. Саналы әлемнің көптігі мен болмыстың барлық қабаттарының бірлігі. Әлемді қабылдаудың бүтіндігі. Ноосфера ғылыми білімнің өсуі нәтижесінде. Ғылыми ой планеталық құбылыс ретінде (В.Вернадский). Күн мен биосфераның ажырамас байланысы (А.Чижевский).

Діни космизм.

Н. Федоров.

Ортақ істің философиясы. Партификация – барлық өлгендердің қайта жандануы. Өлім мәселесі және оны жеңу.

10.

Еуроазияшылдық

XX ғ. 20-шы жылдары.

Н.С. Трубецкой,

П.Н. Савицский

«Еуропа және адамзат» (Н.С.Трубецкий).

Батысшылдыққа қарсы идеология, социолизмді терістеу. Мәдени – тарихи еуроорталықтан бас тарту. Өздік мәдени жағдай, географиялық және саяси факторлар. Еуропалық және азиялық мәдениеттердің үйлестірілуі.

Қазақ философиясы

Қазақ халқының философиялық дүниетанымының қалыптасып дамуын шартты түрде мынадай кезеңдерге бөлуге болады: Ежелгі заманнан ІХ-ғасырға дейінгі кезең - қазақтардың ата-тегінің философиясы (предфилософия протоказахов). Бұл кезеңдегі философиялық көзқарастарда діни сипат басым. .

Түркі тілді халықтардың философиясы, ІХ-ғасырдан ХV-ғасырға дейінгі кезең. Оның көрнекті өкілдері бүкіл түркі дүниесіне ортақ тұлғалар - Анахарсис, Қорқыт, әл-Фараби, Ж.Баласағұн, М.Қашғари, Қ.Иасауи. Бұл кезеңді түркі тілді халықтардың философиясының «Алтын ғасыры» деуге болады. Аталған ғұламалар тамаша шығармалар мен философиялық еңбектерді дүниеге әкеліп, әлемдік философияның дамуына елеулі үлес қосты.

Қазақ хандығы дәуіріндегі философия, ХV-ХҮІП ғасырлар аралығын қамтиды, үш бағытта дамыды: а) жыраулар философиясы; ә) билер философиясы; б) «Зар заман философиясы».

ХІХ-ғасырдағы Ағартушылық философиясы: Шоқан Уәлиханов, Ыбырай Алтынсарин, Абай Құнанбаев философиясы – антропоцентристік және экзистенциалистпік сипатқа ие.

ХХ-ғасырдың 20-40 жылдарындағы қазақ философиясы. Негізінен саяси философия болды: Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, М.Дулатов, М.Жұмабаев, Ж.Аймауытов, Ш.Құдайбердиев.

Кеңес дәуіріндегі Қазақстандық философия. ХХ-ғасырдың 50-60 жылдарынан бастап, 90-жылға дейінгі аралықты қамтиды. Жалпы кеңестік философия секілді коммунистік партияның идеологиялық қызметшісіне айналып, өзінің ұлттық ерекшеліктерінен айрылды. Бірақ негізінен марксистік сипатта болғанымен, осы кезеңде кәсіби философия қалыптасты. 1958 жылы Қазақ ССР Ғылым Академиясының құрамында Философия және құқық институты, Қазақ мемлекеттік университетінде философия факультеті ашылды. Кеңестер Одағы кеңістігінде танымал болған Қазақстандық философия негізінен таным теориясы, таным диалектикасы және диалектикалық логика мәселелерін зерттеумен айналысып, биік деңгейге көтерілді.

Тәуелсіздік кезеңінің философиясы - соңғы он бес жылда қалыптасты, қазақ халқының философиялық дүниетанымын тереңдеп зерттеумен айналысып, үлкен табыстарға жетті. Салыстырмалы түрде тарихи аз уақыттың ішінде қазақ халқының философиялық дүниетанымын жарқыратып көрсеткен тамаша зерттеулер дүниеге келді және бұл саладағы жұмыстар толассыз жалғасуда.

Қазақ философиясы өзінің бастауын көне түркі дүниесінен, оның көрнекті өкілдері әл Фараби, Жүсіп Баласағұн, Қожа Ахмет Йасауиден алады.