Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
в схемах и таблицах.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
1.85 Mб
Скачать

Кесте 1.6.1 XVII-XIX ғ.Ғ неміс классикалық философиясы

Философтар

Философия-лық көзқарастар

Таным процесіндегі трактаттар (гносеология)

Адам өмір сүруінің трактаттары

И.Кант

Объективті идеализм, агности-цизм

Біз өзіміздің танымдық әрекет аумағына енген нәрселерді ғана тани аламыз. Ал біздің танымдық қабілетімізден тыс жатқан нәрселер танылмайды, яғни, олар «өзіндік заттар».

Адам табиғи мақұлық ретінде ақыл негізінде бекітілген заңдарға бағынады. Ал ақылды бола отырып адам заңдар формасындағы абсолюттік моральдік міндеттерге бағынады. Бұл заңдар дербес мақұлық ретінде өзі үшін ақыл-ой негізінде бекітіледі. Адам ақыл-оймен қатар ерікке ие болғандықтан этика ақылды мақұлық ретіндегі адамға негізделеді

И.Фихте

Субъектив-ті идеализм

Әлемнің негізінде қандай да бір нақты «Мен» жатыр. Әлемді интеллектуалды сезім арқылы тануға болады. Таным әдісі: тезис, антитезис, синтез арқылы ақиқатқа жетуге болады.

Субъектісіз объект жоқ, объектісіз субъект жоқ. Олардың өзара байланысында, әрине, субъект шешуші рөл атқарады, оның рухани күштері, шығармашылық іс-әрекеттері айнала қоршаған ортаны өзгертуге бағытталған. Өзінің ішкі мүмкіндіктерін сыртқа шығарып қана тұлға өз-өзін орнықтыра алады, яғни еріктікке жетеді. «Еріктің болмысы өзінің ішкі бітімі мен мәні тұрғысынан алып қарағанда білімге тең».

Ф.Шеллинг

Идеализм

Дүниені абсолюттен туындайтын санамен түсіндіру мүмкін емес, ой - иррационалды, алғашқы, санаға емес, ырыққа, оның бостандыққа ұмтылуына негізделген.

Адам - әлеуметтік мақұлық, онда қайырымдылық зұлымдықты жеңеді.

Г.Гегель

Объективті идеализм

Таным саласында абсолюттік идея немесе Гегельдің сөзімен, абсолюттік рух өз дамуының соңғы дәрежесіне жетеді.

Гегель адам жанын, рухын құдайы сипатта түсіндіреді. Құдайдың адамда көрініс табуы деп есептейді және адамның бойындағы осы құдайы күш оны басқа дүниеден биік тұруға жетелейді деп сенеді. Оның рух философиясы субъективті, объективті, абсолютті рух болып бөлінеді. Бұл кезеңдер – рухани еркіндік сатылары;

Л.Фейербах

Антропологиялық материа-лизм

Таным теориясы – сенсуализм. Шынайы әлем сезімде қабылданатын нақтылық, яғни, оны тек сезімдер мен түйсіктер арқылы тануға болады.

Ойлау адамнан тыс және одан тәуелсіз өмір сүре алмайды, себебі ол адам миының қызметімен ажырамас байланыста. Олай болса сана Гегель дәлелдегендей, алғашқы, бірінші емес, керісінше материалдан туындайды – материя бастауыш, сана баяндауыш.

К.Маркс

Ф.Энгельс

Материа-лизм

Қоғамдық-экономикалық тәжірибе танымның негізі, мақсаты және критериі. Тәжірибеден теория туындайды, теория тәжірибеге қызмет етеді.

Маркс бойынша адам тарихи және әлеуметтік хайуан, сондықтан оның өмір сүруі «жеке индивидке тән абстракт емес. Ол өзінің шындығында барлық қоғамдық қатынастардың жиынтығы болып табылады.».