Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
в схемах и таблицах.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
1.85 Mб
Скачать

Бақылау сұрақтары

  1. Жаңа заман философиясындағы білім шындығының және ғылым әдісінің мәселесі.

  2. Ф.Бэконның мақсат пен міндет туралы. «Ұлы ғылымның қалыптасуы»

  3. Ж.Ж.Руссо мен Гоббстің саяси-әлеуметтік идеялары: ұқсастығы мен айырмашылығы.

  4. Д.Локк пен Г.Лейбниц гносиологиясындағы туа біткен идеяның өмір сүру мәселесі.

  5. Жаңа заман философиясындағы деизм мен құдай идеясы.

  6. Субстанциялар туралы ілім (Декарт, Спиноза, Лейбниц): ерекшеліктері мен айырмашылықтары.

  7. Гельвецийдің этикалық концепциясы мен әлеуметтік орта теориясы: «Тәрбие бәрінен күшті».

  8. Рационалды метафизика және дедуктивті тәсіл.

  9. Ф.Бэкон мен Дж.С.Мильдің «индукция кестесі»

  10. Адамның танымдық концепциясы: жетістіктері мен кемшіліктері

  11. Ағартушылық деген не ?

  12. Сенсуалистік философияның (Д.Юм, Д.Беркли) субъективті идеалистік түрі.

  13. Әлеуметтік теңдік концепциясы (Ж.Ж.Руссо)

1.6 Классикалық неміс философиясы

XVII ғ. соңы және XIX ғ. басында Германия демократиялық артта қалушылықты жеңе отырып буржуазиялық революцияға жетті, «XVIII ғ. Францияда, XIX ғ. Германияда саяси төңкерістің алдында философиялық революция болды». Жаратылыстану және қоғамтанудың жетістіктері неміс философиясының қалыптасуында басты роль атқарды: физика мен химия дами бастады, органикалық табиғатты зерттеу алға қарай дамыды. Математика саласындағы жаңалықтар нақты мөлшердегі анықтамалар ретінде процестерді түсінуге мүмкіндік берді.

Ламарк ілімі организмдердің қоршаған ортадағы даму шарттылығы, астрономиялық, геологиялық, эмбриологиялық теориялар, адамзат қоғамының даму теориялары, еркін ойлаудың дамуы – ресми дін мен шіркеудің елдің рухани өмірінде басқарушы таптың жағдайын бекітуге ұмтылуына қарсы тұру – осының бәрі бірінші орынға даму идеясын теория және шындықты тану әдісі ретінде шығарды.

«Классикалық неміс философиясы» түсінігіне Кант, Фихте, Шеллинг, Гегель және Фейербахтың философиялық жүйесі кіреді. Салыстырмалы аз тарихи кезең ішінде бірін-бірі сабақтастыра отырып, бұл жүйе кейбір ортақ белгілерге ие болды. Оған біріншіден, диалектиканың дамуы «таза зердені сынау» әдісі ретінде ғана емес (Кант), тұтас жүйенің логикалық категориясы ретінде де қарастыруға болады. Диалектика, логика және таным теориясының тепе-теңдік принципі Гегель философиясында кең таралған. Екіншіден, диалектика әдісін тарихи процессте қолдану, объективті идеализм негізінде қоғамның даму заңдарын тұжырымдауға тырысты. Үшіншіден, тарихи прогресске сену, нәтижелі ғылыми танымға, оның ішінде философиялық танымға сену. Қорыта келе гуманизм адам құрал ретінде емес, мақсат ретінде пайдаланғандықтан оған деген шексіз құрмет (Кант) және философияның әмбебап нәрсесі ретінде пайымдалды (Фейербахтың антропологиялық материализмі).

XVIII ғасырдың ортасынан басталған неміс мемлекеттеріндегі неміс классикалық философиясының дамуы рухани мәдениеттің дәуірлік шарықтауы ең басты көрсеткіш болды, ол Германия дамуындағы прогрессті білдірді. Классикалық неміс философиясы келесі дүниежүзілік философиялық ойдың даму үрдісінде өз қолтаңбасын қалдырды. Ол Маркс, Энгельс, Герцен, Чернышевскийдің философиялық көзқарастарының дамуына теориялық негіз болды. Осының арқасында кантшылдар мен гегельшілдердің философиялық мектептері пайда болды, оның қанат жайып дамуы XIX ғасырдың соңғы үшінші жартысы мен XX ғасырдың бірінші жартысына сай келді.