
- •1 Тарау. Философия тарихы үрдіс және ой мектебі ретінде
- •Дүниетаным және оның құрылымы мен деңгейі. Философияның мәні мен міндеті, оның қоғамдағы орны
- •А дамның іс-әрекеті мен қызметі Сызба 1.1.2 Философия мәдениеттің феномені ретінде
- •Сызба 1.1.3 Дүниетанымның тарихи типтері
- •Сызба 1.1.4 Философия, дін, мифология байланысы
- •Кесте 1.1.5 Философиялық білім құрылымы
- •Сызба 1.1.6 Классикалық философиядағы субстанция мәселесі
- •Сызба 1.1.7 Классикалық философияның негізгі сұрағы
- •Сызба 1.1.8 Классикалық философияның негізгі бағыттары
- •Кесте 1.1.9 Философия тәртіптік ғылым
- •Бақылау сұрақтары
- •Көне Шығыс философиясы /Қытай, Үндістан/
- •Көне Қытай философиясы
- •Кесте 1.2.1 Көне қытай философиясының негізгі ұғымдары
- •Көне Үнді философиясы
- •1.2.5 Көне Үнді философия мектептері
- •Негізгі түсініктер
- •Буддизм
- •Сызба 1.2.6
- •Бақылау сұрақтары
- •1.3 Антикалық философия тарихының принципі және құрылымы
- •Сызба 1.3.1 Антикалық философияның негізгі даму кезеңдері
- •1. Кезең 2. Кезең 3. Кезең 4. Кезең
- •Сызба 1.3.2 Көне антикалық философия Антикалық философия
- •Кесте 1.3.4 Софистер – Сократ, дүниеге көзқарастық ұстанымдарының айырмашылығы
- •Сызба 1.3.5 Платонның идеалды мемлекет туралы ілімі Адам /барлық азамат/
- •Жан /оның түрлері/
- •1 Қабат
- •2 Қабат
- •3 Қабат
- •Мемлекет құрылымының принциптері:
- •Кесте 1.3.6 Аристотель
- •Сызба 1.3.7 Аристотельдің философиялық жүйесі
- •Бірінші (негізгі философия)
- •Бақылау сұрақтары
- •1.4 Ортағасырлық философия
- •Кесте 1.4.1 Ортағасырлық батыс еуропалық философиясының негізгі даму кезеңдері
- •I I.Cхоластика
- •1.4.2 Ортағасырлық батыс еуропалық философиясындағы реализм және номинализм арасындағы қайшылық
- •Араб әлемінің философиясы
- •Кесте 1.4.5 Ерте араб философиясының негізгі бағыттары (VII-iXғғ)
- •Сызба 1.4.8 Әл-Фарабидің таным теориясы /Жан туралы ілім/
- •Бақылау сұрақтары
- •Қайта өрлеу дәуірінің философиясы
- •Сызба 1.4.9 Қайта өрлеу дәуірінің философиясы /Ренессанс/
- •Кесте 1.4.10 Ренессанс философиясының мазмұны мен негізгі мәселелері
- •Бақылау сұрақтары
- •1.5 Жаңа заман философиясы
- •Кесте 1.5.1 Жаңа заман философиясының негізгі бағыттары
- •Кесте 1.5.2 Жаңа заман философиясындағы ғылым және адамзат пен қоғам мәселесінің қалыптасуы
- •Сызба 1.5.3 Эмпиризм және Бэкон әдісінің мәселесі
- •Сызба 1.5.4 р. Декарт рационализмі (Картезия)
- •Сызба 1.5.5 б. Спиноза философиясының теориялық бастауы
- •Ағарту кезеңі және оның қоғам дамуындағы прогрессивтік рөлі
- •Кесте 1.5.6 Француз ағартушыларының ерекшеліктері (радикализм)
- •Бақылау сұрақтары
- •1.6 Классикалық неміс философиясы
- •Кесте 1.6.1 XVII-XIX ғ.Ғ неміс классикалық философиясы
- •Кесте 1.6.2 и. Канттың (1724-1804) Категориялар туралы ілімі
- •Кесте 1.6.3 Гегельдік философия кестесі
- •1.6.4 Гегельдің философиялық жүйесі Ештеңе - бірдеме – сапаның алғашқы белгісі
- •Болмыс – еш нәрсе - қалыптасу
- •Гегельдің абсолюттік идея философиясының дамуы
- •Кесте 1.6.5 Людвиг Фейербах (1804-1872)
- •Маркстік философия
- •Сызба 1.6.6
- •Сызба 1.6.7 Тарихты материалистік тұрғыда түсіну Тарихты материалистік тұрғыда түсіну
- •Бақылау сұрақтары
- •1.7 Қазақ және орыс философиясы Кесте 1.7.1 XIX-XX ғ.Ғ. Орыс философиясы
- •Қазақ философиясы
- •Кесте 1.7.2 Қазақ философиясы тарихынан
- •Бақылау сұрақтары
- •1.8 XX ғасыр философиясы Кесте 1.8.1 хх ғасырдағы Батыс философиясының негізгі ағымдары
- •Бақылау сұрақтары
- •Іі тарау. Адам және әлем
- •2.1 Философия онтологиясы
- •Сызба 2.1.1 Философия онтологиясы – әлемдегі адам болмысы
- •Кесте 2.1.3 Материя құрылымы объективтік шындық сфералары
- •Сызба 2.1.6 Сананың философиялық мінездемесі
- •Бақылау сұрақтары
- •2.2 Философиядағы әлемді тану мәселелері (Гносиология)
- •Сызба 2.2.2 Таным - шындықты бейнелеу ретінде
- •Сызба 2.2.3 Объект және оның онтологиялық құрылымы
- •Сызба 2.2.4 Ғылыми танымның әдістері мен түрлері
- •Сызба 2.2.5 Ғылыми білімнің негізгі формалары
- •Бақылау сұрақтары
- •2.3 Диалектика логикалық және методологиялық ілім ретінде
- •Сызба 2.3.5 Қарама-қарсылықтың бірлігі мен күресі заңы
- •Бақылау сұрақтары
- •III тарау. Әлеуметтік философия
- •Сызба 3.1.1 Әлеуметтік философияның функциялары
- •Сызба 3.1.2
- •Кесте 3.1.3 Қоғам өзін-өзі дамытатын жүйе ретіндегі
- •Бақылау сұрақтары
- •Тұлғаның қалыптасуы. Негізгі сатылары
- •Сызба 3.2.2 Биоәлеуметтік факторлар
- •Сызба 3.2.3 Жеке тұлға құрылымы
- •Сызба 3.2.4 Тұлғаға қажетті иерархия
- •Сызба 3.2.5 Тұлғаның әлеуметтік түрі
- •Бақылау сұрақтары
- •3.3 Қоғамның рухани өмірі
- •Cызба 3.3.1
- •Сызба 3.3.2 Қоғамның рухани аспектісі
- •Сызба 3.3.3 Қоғамдық сананың мазмұны
- •Сызба 3.3.5 Қоғамдық сананың қолданыс заңдары /қс/
- •Бақылау сұрақтары
- •Сызба 3.5.3 Өркениеттің жаһандану мәселелерін шешудегі әлеуметтік мәдениеттің қажетті жағдайлары
- •Бақылау сұрақтары
- •Курстағы барлық тақырыптарды оқытуға арналған әдебиеттер
- •Ұсынылған әдебиеттер: Негізгі әдебиеттер
- •Қосымша әдебиеттер
- •Глоссарий
- •Мазмұны
- •Кесте 1.1.5 Философиялық білім құрылымы ……………………………..10 Сызба 1.1.6 Классикалық философиядағы субстанция мәселесі ……….11
- •Кесте 1.3.6 Аристотель ……………………………………………………..33
- •Сызба 2.1.1 Философия онтологиясы – әлемдегі адам болмысы …………81
- •Сызба 2.1.6 Сананың философиялық мінездемесі …………………………86
- •Сызба 2.2.4 Ғылыми танымның әдістері мен түрлері ……………………...91
- •Сызба 2.3.5 Қарама-қарсылықтың бірлігі мен күресі заңы ………………..98 Сызба 2.3.6 Мөлшерлік және сапалық өзгерістердің өзара ауысу заңы.….99
- •Сызба 3.3.4 Сана формалары ………………………………………………121
Ағарту кезеңі және оның қоғам дамуындағы прогрессивтік рөлі
XVIII ғ. Еуропа топырағында дүниеге келген философияға Ағарту философиясы деген атақ берілді. Біріншіден, олар діннен аулақ, ғылымға жақын, ағарған білімді, болмыс жөнінде айқын, түсінікті философиялық қағидалар тудырғысы келеді.
Екіншіден, олар халықты надандықтың кұрсауынан шығарып, оларға білім беріп, көздерін ашып, калайша ақыл-ой арқылы бақытты өмір орнатуға болатыны жөнінде насихат жүргізеді.
Немістің ұлы философы И.Канттың айтуына қарағанда, Ағарту дегеніміз - ол адамзат тарихындағы қажетті дәуір - оның негізгі мақсаты - әлеуметтік алға жылжудағы ақыл-ойдың, зерденің кеңінен пайдалануының керектігі. Ағарту дәуірін адамзаттың текті мәнінен шығатын құбылыс ретінде қарап, И.Кант оны ұзаққа созылатын процесс және соның шеңберінде адамдар моральдык және білімдік жағынан жетіліп, қараңғылық пен надандықтан кұтылған ерікті қоғам құрады деп есептейді.
Марксизм ағымы XVIII ғ. Ағарту философиясын өте биік бағалап, олардың тарихи орнын буржуазиялық революцияның рухани негізін жасағандығынан көрді.
Жалпы алғанда, Ағартушылар ақыл-ой, зерденің зор мүмкіндігіне сенді. Олар ақыл-ой, зерде арқылы діни, метафизикалык, схоластикалық, бұрыннан қалыптасып қалған ой-өрістен құтылу қажеттігін асыра көрсетті. Олар адамдардың арасындағы қарым-қатынастарды залымдықтан құтқарып, мемлекетті басқарудағы зорлық- зомбылықты жоюды талап етті.
Ағартушылардың ұраны «Sapere aude!» («Даналыкка ұмтыл!») осы ғасырдағы ойшылдардың зердеге деген терең сенімін көрсеткендей.
Ағарту философиясының тағы бір ерекшелігі - оның теоретикалық-жүйелік жағынан гөрі практикалық, идеологиялык жағының басым болуы.
Бүл идеологияның негізгі қағидалары:
а) адамның ақыл –ой зердесі арқылы адамзаттың жарқын болашағының келетініне сену;
б) артта қалған дәстүр, әдет-ғұрыптарды ақыл-ой тұрғысынан сынап, адамдарды олардың шырмауынан босату;
с) ғылым мен техникаға кеңінен жол ашу қажеттігі, олардың бақытты қоғам орнатудағы рөлін көрсету;
е) философия саласындағы дәлелдеуге келмейтін абстрактілік-метафизикалық жүйелерден бас тарту;
ж) дін саласындағы соқыр сезімнен кұтылу, материалистік, атеистік бағытқа бетбұрыс жасау.
Кесте 1.5.6 Француз ағартушыларының ерекшеліктері (радикализм)
Қайраткерлер |
Негізгі шығармалары |
Ілімдері мен мазмұны |
Вольтер (1694-1778жж) |
«Макромегас» (1752), «Кандид немесе Оптимизм» (1759), «Ақкөңіл», «Философиялық хаттар» (1733), «Философиялық сөздік», «Тарих философиясы» (1764-1769) |
Вольтердің шын есімі - Мари Франсуа Аруэ - деист, Петербург АҒ-ның (1746ж) шетелдік құрметті өкілі. Жас Вольтердің лирикасы эпикурлік мативтермен нәрленген, абсолютизмге қарсы тұрғыда құралады. Жетілген прозасы тақырыбы жағынанда жаныры бойыншада әрқырлы. Вольтердің еңбектері діндік шыдамдылық пен қараңғылыққа және феодалдық-абсолюттік жүйеге қарсы күреспен байланысты. Моральдық табиғи заң - ол «өзіңе не қаласаң, басқаларға да соны жаса» - бүкіл адамзатқа тән нәрсе. «Сиамнан бастап Мексикаға дейін шындық, қайырымдылық, достықты сыйламайтын халық жоқ». Олай болса, әр адам жетіле келе, қоғам өмірінде өзін таза ұстау керектігін, өзінің басқа адамдар алдындағы борышын бұлжытпай орындау қажеттігін түсініп орындайды, - деп қорытады.
|
Руссо Жан Жак (1712-1778жж) |
«Жаңа Элоиза» романы, «Эмиль» трактаты, «Қоғамдық шарт жөнінде»
|
Руссо Жан Жак - француз философы, XVIII ғ алдыңғы қатардағы ойшыл, француз революциясын болжаушы. Ағартушылық зиянды және мәдениеттің өзі - өтірік пен қылмыс. Барлық азаматтық тұрмыстың негізі, еңбектің бөлінуі, жеке меншік, мемлекет және заңдар - теңсіздіктің бастауы, адамдардың бақытсыздығы мен күнәхарлығы. Алғашқы қауымдық құрылымдағы адамдар мен табиғи және қарапайым тұрғыда өмір сүретін және тек өзінің ішкі сезімімен үндестікте өмір сүретін адамдар бақытты және пәк. «Жаңа Элоиза» романында басты кейіпкер жүрек қалауымен өмір сүреді және табиғатпен тілдесу арқылы ғана бақыт табады. «Эмиль» еркіндік пен табиғатқа жақындықты бейнелейтін тәрбие жайлы трактат. Адам өз табиғатынан мейірімділікке бейім деген ойға сүйене Руссо педагогиканың негізгі талабы ретінде адамға берілген табиғи мейірімділік қордың дамуы деп санады. Осы ойға сүйене Руссо тәрбиеге қарсы барлық зорлық іс-әрекеттермен, әсіресе балалық мидың керексіз біліммен жаулануымен күресті. «Қоғамдық шарт жөнінде» еңбегінде Руссо еркін адамзаттық бірліктің идеалын бейнелейді, онда толық қоғамдық теңсіздік жойылаған және билік бүкіл ел қолына берілген.
|
Монтескье Шарль (1689-1755жж) |
«Заңдардың рухы жөнінде» |
«Заңдардың рухы жөнінде» еңбегінде қоғамдық саяси құрылыс принциптерін қалыптастырды: Бірінші – халықаралық құқықтар-мемлекет, халықтар арасындағы қарым –қатынастарды ретке келтіреді. Екінші – саяси құқықтар –мемлекеттегі басшылар мен халықтың арасындағы қатынастарды ретке келтіреді . Үшінші – азаматтық құқықтар – адамдардың өзара қатнастарын ретке келтіреді. «Персиялық хаттарында» «географиялық детерменизм» принципін ұсынады.
|
Гольбах П (1723-1789жж) |
«Табиғат жүйесі» «материализм библиясы» |
«Табиғат жүйесі» «материализм библиясы» (Маркс). Материяны анықтаудың алғашқы талпынысы. Материя мен қозғалыстан басқа еш нәрсе жоқ және қозғалыс оның өмір сүруінің тәсілі. Таза механизм мен детерменизм. Әлемде бәрі себепті құрылған, қажеттіліктің абсолютизациясы (фатализм). Адам-табиғат бөлігі, саяси-әлеуметтік концепцияның натурализмі. |
Гельвеций (1715-1771жж) |
«Ақыл туралы» еңбегі |
«Ақыл туралы» еңбегі дін мен сол кездегі қоғам өмірінің тәртібіне қарсы бағытталған. Адам туралы, оның мүмкіндіктері мен тәрбиесі, онда тәрбие бәрінен күшті, бәрін жасай алады деген ой алынады. Адамның қоршаған ортаның қоғамдық-саяси қатынастардың әсерінен қалыптасуы. Тәрбиенің мақсаты - қоғамның өркендеуіне, тұрғындардың бақытына, ұлт идеясның негізінде патриоттарды тәрбиелеуге деген ұмтылыс. Адамдардың табиғи теңдігі. Сенсуалист, туа біткен идеяның барын жоққа шығарды.
|
Дидро Дени (1713-1784жж) |
«Письмо о слепых в назиданий зрячим» «Табиғатты түсінудегі ойлар жөнінде» |
Француз энцеклопедистерінің басшысы: ғылымның маңыздылығын нақтылады. «Письмо о слепых в назиданий зрячим» еңбегінде материалистік тұрғыдағы талқылау сенсуалистік гносиологияға негізделген тірі организмдер эволюциясы. Ағартушылық адамға өзін-өзі бағалауға мүмкіндік береді. Мемлекеттік мектептердегі халықтық білім беру әдісі. 1773 ж Екатеринаның шақыруымен Санкт-Петербургке барады. Ағартушылық кезеңіндегі идеалистік ілім. |
Дж. Беркли (1685-1753жж) |
«Адам білімінің басталуы туралы трактат» |
«Адам білімінің басталуы туралы трактат»-субъективті идеализм. Материлизмді теріске шығарып, дінді қолдау, «Идея» алғашқы. Жеке заттар түйсіктердің жиынтығы түрінде ғана адам санасына енеді /екінші/. Материяны терістеу «Материя пассивті және сондықтан ол әрекет етуші (қозғаушы) және себеп бола алмайды». Ерікті белсенділікті мойындау. «Бар болу – бұл қабылданатын, болмыс туралы ілім - ол идеалистік монизм».
|
Д. Юм (1711-1776жж) |
«Адамзат табиғаты туралы трактат» |
«Адамзат табиғаты туралы трактат» агностоцизм бағытында дамыған. Сыртқы дүние бар ма?» - деген сұраққа Юм «білмеймін» деп жауап қайтарады. Оның пікірінше адам өз түйсігінен шыға алмайды, өзінен тыс нәрсені біле алмайды. Ол объективті себептілікті жоққа шығарады. Ақиқат білімді тек логикалық ойлау арқылы аламыз, ал тәжірибеде байқалатын фактілерді логикалық жолмен дәлелдеу мүмкін емес. |