Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
в схемах и таблицах.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
1.85 Mб
Скачать

Сызба 1.1.3 Дүниетанымның тарихи типтері

Миф – бұл:

  1. Қоғамдық сана, қоғамның қарапайым рухани формасы;

  2. Бастапқы білім, сенімнің элементтері, саяси көзқарастар, өнердің әр-түрлі түрлері мен өзіндік философияға байланысқан адамзаттың рухани мәдениетінің алғашқы формасы.

  3. Сол дәуірдегі дүниені қабылдау және дүниені түсіндірудің сананың ортақ синкретикалық формасы.

Дін (Теоцентризм) – дүниетанымның тарихи, әлеуметтік және психологиялық негізделген типі. Оның негізінде дүниеге қөзқарастың қоғамдық-тарихи формалары ретінде дүниені түсіндірудің және адамдардың санасы мен мінез-құлқына ықпал жасаудың ұқсас міндеттерін шешу және «о дүниелік» күшке деген сенім жатар.

Философия дүниетанымның рефлексивті типіне жатады. Адамның бұл өмірдегі орны мен дүниеге көзқарасы жайлы ойлаулардан тұрады. Өзінің ойлауына, өзінің санасына, ішкі жан дүниесіне сырттай қараған көзқарас – философиялық сананың бір қыры.

Сызба 1.1.4 Философия, дін, мифология байланысы

Кесте 1.1.5 Философиялық білім құрылымы

Бөлімдер

Мазмұны

Мәселелері

1.

Онтология

Болмыс туралы ілім (әлемнің өмір сүруі)

Болмыстың 5 түрлі мәні

а) материя,

б) форма,

в) қозғалыс (даму),

г) кеңістік,

д) уақыт.

Алғашқы бастама (Архэ) Әлем неден тұрады? (материализм)

Әлемді жаратқан кім? (идеализм, дін)

Әлемдегі бірлік.

2.

Гносеология (эпистемология)

Эпистема-ғылым

(Аристотель)

Таным теориясы. Негізгі формасы сезімдік сатыдағы таным (сезіну, қабылдау, елестету).

Рационалдық (түсінік, пікір, ой қорытынды )

Тәжірибе – таным негізі және ақиқат критериясы.

Дүниенің танымдылығы.

Білімнің сыртқы әлемге сәйкес келуі.

Ақиқат мәселесі.

3.

Аксиология

Құндылық туралы ілім:

а) өмір (бағдар, қондырғы)

б) бостандық (неден? не үшін?)

в) адам құқықтары (жатсыну және жатсынбау )

Адам өмірінің шектілігі мен шексіздігінің мәні (өлім және өмір).

4.

Праксеология

Адам іс-әрекеті туралы ілім.

Іс-әрекет түрлері.

Мақсат – тәсіл – нәтиже.

Адам – техника.

Шығармашылықтың шегі мен ауқымы. Ғалымдардың жауапкершілігі мен бостандығы

5.

Антропология

Адам туралы ілім – антропологиялық философия.

Адам мәнінің 5 критериі:

1. биологиялық,

2. психологиялық,

3. әлеуметтік,

4. ділдік,

5. астралдық (өлілер рухы).

Антропосоциогенез – қоғам мен адамның пайда болуы.

Біз кімбіз?

Қайдан келдік?

Қайда барамыз?

Адамзаттың тірі қалу мәселесі.

Сызба 1.1.6 Классикалық философиядағы субстанция мәселесі

Субстанция (лат. Substantia – мән; негізінде жатқан) – алуан түрлі заттардың, құбылыстардың, процестердің өмір сүруінің, олардың ішкі бірлігінің негізі деп қаралады. Субстанция еш уақытта пайда болмайды, жоғалып та кетпейді, ол бар болғаны өзінің өмір сүру әдісін өзгертеді, бір күйден екінші күйге ауысып отырады; материя ұғымы дүниені адамның санасынан тыс әрі тәуелсіз объективті шындық деп қарайтын дүниетанымның түп қазығы мен мән мағынасы болып табылатын негізгі ұғым.