Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
в схемах и таблицах.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
1.85 Mб
Скачать

Сызба 1.4.8 Әл-Фарабидің таным теориясы /Жан туралы ілім/

Жанның қалпы

  1. Ақылдылық адамның іскерлік тәжірибесі арқылы жетіледі.

  2. Интеллект – тәжірибе ретінде құнды.

  3. Адам білімінің мақсатының шегі – іскер ақылмен бірігу.

Бақылау сұрақтары

  1. Ортағасырлық философияның ерекшеліктері мен кезеңдері.

  2. Августин Аврелии ілімі бойынша адам мәселелері және тарихтың мәні.

  3. Ф. Аквинскидің схоластикасындағы сенім мен ақыл мәселелері

  4. У. Оккам номинализмі және эмпиризм дамуындағы оның рөлі.

  5. Ортағасырлық схоластика ерекшелігі. Жан мен тән мәселесі.

  6. Ортағасырлық араб – мұсылман философиясының әлеуметті мәдениеттік алғышарттары.

  7. Шығыс Араб философия негізі – діни ағымды.

  8. Әль – Фарабидің жан туралы ілімі.

  9. Ибн – Рушдтың ақиқаттың екі жақтылығы туралы ілімі.

  10. Дүниежүзілік мәдениет тарихындағы ортағасырлық араб тіліндегі философияның мәні.

Қайта өрлеу дәуірінің философиясы

Қайта өрлеу дәуірі (Реннесанс) XV – XVI ғасырдағы феодалдық құрылыстың дағдарысы мен Еуропада капитализм тууын білдіреді. Философия үшін ол теоцентризмнен рационализмге, дүниені ғылыми түрде зерттеуге өтетін өзіндік өтпелі кезең болды.

Қайта өрлеу дәуірі философиялық ой, ғылым және өнердің қосылысын көрсететін кезең болды. Мұның өзі Италияда гуманизм, өрлеу деп аталатын жаңа дәрежедегі мәдениет тудырады.

«Гуманизм» түсінігі XV ғасырдың ортасында пайда болады, Цицерон мен Тацит өз кезінде «humanitas» - термині арқылы адамдық, адамгершілік, сауатты, яғни қоғам өміріне белсене қатысатын еркін азаматтың қасиеттерін белгіледі.

Қайта өрлеу дәуірінің философиясына тән қасиет – Құдайдың жеке басын жоққа шығару. Біресе ол табиғат ішіне кірсе («Табиғат дегеніміз — ол заттардың ішіндегі Құдай», - деген Д.Бруно.), біресе Құдай шынайы шексіздік болатын болса, онда ол жаратқан Дүние шексіздіктің мүмкіндігіне ғана ие. (Н. Кузанский). Мұндай пантейзм мен гилозоизм табиғаттың санасыз түрдегі шығармашылығын оқу, түсіну танымға және бұл дүниені өзгертуге деген сенімді арттырады. Осыдан барып «табиғи сиқыр» пайда болады, астрология, алхимия әйгілі болды.

Еуропалық ғылыми түсінік пен жаратылыстанудың қалыптасуына поляк ғалымы, астроном және философ Николай Коперник (1473 – 1543) үлкен үлес қосты. Оның негізгі еңбегі антикалық дәуірде қалыптасқан дүниенің астрономиялық картинасын қайта қарады.

Гелиоцентризмнің ары қарай дамуын астроном, математик, физик және философ Иоганн Кеплер (1571 – 1630) жүзеге асырды. Ол күн системасының біртұтастығы және оның ішіндегі планеталардың өзара байланыс тезисін жақтады.

Қайта өрлеу дәуіріндегі мәдениет, жалпы дүниежүзілік көзқарас позицияларының жаһандық ауысу өзгерісімен сипатталады. Дүниенің орталығында антикалық Космос немесе ортағасырлық Құдай емес, Адам тұрады. Және де ортағасырлық Пессимизм мәдениетінен өзгешелігі Қайта өрлеуде Оптимизм мәдениеті басым болды.

Ф.Энгельс осы кезеңге мынадай тұжырым жасады: «Бұл бұрын адамзат өз басынан өткерген замандардың ішіндегі ең ұлы прогрессивті төңкеріс кезеңі, титандарды қажет еткен кезең, ойлау күні, құштарлық пен мінезді, көпжақтылық пен ғылымдылықты тудырды. Табиғатты зерттеу жалпы революциялық жағдайда жүргізілді, оның өзі де революция еді, өйткені өзінің өмір сүру правосын жеңіп алу басты мақсат еді».