Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
в схемах и таблицах.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
1.85 Mб
Скачать

Кесте 1.3.6 Аристотель

Аристотель (384-322 б.з.д.) - көне заманның ұлы философы, заманының ең дарынды, жан-жақты білімі бар тұлға болған. Аристотель сонымен бірге өз заманының ұлы қолбасшысы, үлкен Империя жасаушы Александр Македонскийдің оқытушысы ретінде де тарихта аты қалған.

Туған күні мен жері: б.з.д. 384 жыл

Стагир

Қайтыс болған күні және жері: б.з.д. 7 наурыз 322 жыл

Эвбея

Мектебі/ дәстүрі: Аристотелиандық

Кезең: Антикалық философия

Бағыты: Батыс философиясы

Негізгі қызығушылығы: этика, саясат, метафизика, ғылым, логика,

астрономия

Маңызды идеялары: Катарсис, метафизика,

силлогистика.

Ықпал еткендер: Платон, Евдокс Книдский

Ізін жалғастырушылар: Коперник, Галилео Галилей, Птолемей,

Христиандық философия, Батыс

Философиясы және ғылымы

Аристотельдің сақталған шығармаларын өзі ұсынған классификациялық ғылым бойынша 4 негізгі топқа жатқызуға болады.

  1. Логика бойынша шығармалары, құрастырылған жинақ «Органон» (еңбектері «Категориялар», «Түсіндірмелер туралы», бірінші және екінші «Аналитика», «Топика»)

  2. Болмыс бастамасы туралы еңбек «метафизика» деп аталады.

  3. Табиғи ғылыми еңбектері («Физика», «Аспан туралы», «Метеорология», «Шығу мен жойылуы туралы», «Жануарлар тарихы», «Жануарлар бөлігі туралы», «Жануарлардың шығуы туралы», «Жануарлар қозғалысы туралы»)

  4. Қоғам, мемлекет, құқық мәселелері, тарихи, саяси, этикалық, эстетикалық сұрақтар қарастырылатын еңбектер («Этика», «Саясат», «Афиналық саясат», «Поэтика», «Риторика»)

Аристотель еңбектеріне Ежелгі Грецияның барлық ғылыми және рухани тәжірибесі ықпал етті. Ол даналық үлгісі болды. Адамзат ойлауының дамуына үлкен ықпал жасады. Аристотель табиғат және қоғам дамуының барлық мәселелерін оқыды. Қазіргі кезде өзінің мәнін жоғалтпаған терминологияны енгізді.

Философияны Аристотель «бірінші философия» және «екінші философия» немесе метафизика және физика деп бөледі. Оның пікірінше, метафизика - барлық ғылымдардың арасындағы ең құндысы, өйткені, ол жоғарғы себептерді, дүниедегі қозғалыс пен дамудың себебі болып табылатын мәңгілік, денесіз және қозғалмайтын, табиғаттан және сезімдіктен жоғарыны зерттейді. Аристотель себептердің немесе бастаулардың төрт түрін атап көрсетеді:

1) Материалдық себеп немесе заттың материясы, яғни зат одан пайда болатын нәрсе. Бұл себеп «Неден?» деген сұраққа жауап береді.

2) Форма - заттың материясын қалыптастыратын, оны нақты осы затқа айналдырушы себеп, «Бұл не?» деген сұраққа жауап береді.

3) Қозғатушы себеп, яғни қозғалыстың бастауы, «Қозғалыс қайдан басталады?» деген сұраққа жауап береді.

4) Мақсат себеп, немесе өзгерудің себебі, «Не үшін?» деген сұраққа жауап береді.

Физиканың зерттеу объектісі - денесі бар және қозғалушы нәрсе. Аристотель қозғалыс деп кез-келген өзгерісті, мүмкіндіктің жүзеге асуын түсінеді және оның төрт түрін атап көрсетеді:

1) субстанционалдық қозғалыс - пайда болу және жойылу;

2) сандық қозғалыс - өсу және азаю;

3) сапалық қозғалыс - айналу, альтерация (заттың басқаға айналуы);

4) кеңістіктік қозғалыс - орын ауыстыру, трансляция.

Адам қызметінің жалпы мақсаты, Аристотельдің ойынша, рахатқа бөлену. Рахатқа бөлену болмыстың жетілгендігі мен әдемілік болса, адам үшін бұл жетілгендік - өзінің адам ретіндегі іс-әрекетінің, қызметінің жетілгендігі. Ақыл-ойдың іс-әрекеті дәл осындай іс-әрекет, сондықтан да ақыл-ойдың өз міндеттеріне сай іс-әрекеті асыл қасиет болады, яғни адам үшін рахат - асыл қасиетке жетуде.