
- •1 Тарау. Философия тарихы үрдіс және ой мектебі ретінде
- •Дүниетаным және оның құрылымы мен деңгейі. Философияның мәні мен міндеті, оның қоғамдағы орны
- •А дамның іс-әрекеті мен қызметі Сызба 1.1.2 Философия мәдениеттің феномені ретінде
- •Сызба 1.1.3 Дүниетанымның тарихи типтері
- •Сызба 1.1.4 Философия, дін, мифология байланысы
- •Кесте 1.1.5 Философиялық білім құрылымы
- •Сызба 1.1.6 Классикалық философиядағы субстанция мәселесі
- •Сызба 1.1.7 Классикалық философияның негізгі сұрағы
- •Сызба 1.1.8 Классикалық философияның негізгі бағыттары
- •Кесте 1.1.9 Философия тәртіптік ғылым
- •Бақылау сұрақтары
- •Көне Шығыс философиясы /Қытай, Үндістан/
- •Көне Қытай философиясы
- •Кесте 1.2.1 Көне қытай философиясының негізгі ұғымдары
- •Көне Үнді философиясы
- •1.2.5 Көне Үнді философия мектептері
- •Негізгі түсініктер
- •Буддизм
- •Сызба 1.2.6
- •Бақылау сұрақтары
- •1.3 Антикалық философия тарихының принципі және құрылымы
- •Сызба 1.3.1 Антикалық философияның негізгі даму кезеңдері
- •1. Кезең 2. Кезең 3. Кезең 4. Кезең
- •Сызба 1.3.2 Көне антикалық философия Антикалық философия
- •Кесте 1.3.4 Софистер – Сократ, дүниеге көзқарастық ұстанымдарының айырмашылығы
- •Сызба 1.3.5 Платонның идеалды мемлекет туралы ілімі Адам /барлық азамат/
- •Жан /оның түрлері/
- •1 Қабат
- •2 Қабат
- •3 Қабат
- •Мемлекет құрылымының принциптері:
- •Кесте 1.3.6 Аристотель
- •Сызба 1.3.7 Аристотельдің философиялық жүйесі
- •Бірінші (негізгі философия)
- •Бақылау сұрақтары
- •1.4 Ортағасырлық философия
- •Кесте 1.4.1 Ортағасырлық батыс еуропалық философиясының негізгі даму кезеңдері
- •I I.Cхоластика
- •1.4.2 Ортағасырлық батыс еуропалық философиясындағы реализм және номинализм арасындағы қайшылық
- •Араб әлемінің философиясы
- •Кесте 1.4.5 Ерте араб философиясының негізгі бағыттары (VII-iXғғ)
- •Сызба 1.4.8 Әл-Фарабидің таным теориясы /Жан туралы ілім/
- •Бақылау сұрақтары
- •Қайта өрлеу дәуірінің философиясы
- •Сызба 1.4.9 Қайта өрлеу дәуірінің философиясы /Ренессанс/
- •Кесте 1.4.10 Ренессанс философиясының мазмұны мен негізгі мәселелері
- •Бақылау сұрақтары
- •1.5 Жаңа заман философиясы
- •Кесте 1.5.1 Жаңа заман философиясының негізгі бағыттары
- •Кесте 1.5.2 Жаңа заман философиясындағы ғылым және адамзат пен қоғам мәселесінің қалыптасуы
- •Сызба 1.5.3 Эмпиризм және Бэкон әдісінің мәселесі
- •Сызба 1.5.4 р. Декарт рационализмі (Картезия)
- •Сызба 1.5.5 б. Спиноза философиясының теориялық бастауы
- •Ағарту кезеңі және оның қоғам дамуындағы прогрессивтік рөлі
- •Кесте 1.5.6 Француз ағартушыларының ерекшеліктері (радикализм)
- •Бақылау сұрақтары
- •1.6 Классикалық неміс философиясы
- •Кесте 1.6.1 XVII-XIX ғ.Ғ неміс классикалық философиясы
- •Кесте 1.6.2 и. Канттың (1724-1804) Категориялар туралы ілімі
- •Кесте 1.6.3 Гегельдік философия кестесі
- •1.6.4 Гегельдің философиялық жүйесі Ештеңе - бірдеме – сапаның алғашқы белгісі
- •Болмыс – еш нәрсе - қалыптасу
- •Гегельдің абсолюттік идея философиясының дамуы
- •Кесте 1.6.5 Людвиг Фейербах (1804-1872)
- •Маркстік философия
- •Сызба 1.6.6
- •Сызба 1.6.7 Тарихты материалистік тұрғыда түсіну Тарихты материалистік тұрғыда түсіну
- •Бақылау сұрақтары
- •1.7 Қазақ және орыс философиясы Кесте 1.7.1 XIX-XX ғ.Ғ. Орыс философиясы
- •Қазақ философиясы
- •Кесте 1.7.2 Қазақ философиясы тарихынан
- •Бақылау сұрақтары
- •1.8 XX ғасыр философиясы Кесте 1.8.1 хх ғасырдағы Батыс философиясының негізгі ағымдары
- •Бақылау сұрақтары
- •Іі тарау. Адам және әлем
- •2.1 Философия онтологиясы
- •Сызба 2.1.1 Философия онтологиясы – әлемдегі адам болмысы
- •Кесте 2.1.3 Материя құрылымы объективтік шындық сфералары
- •Сызба 2.1.6 Сананың философиялық мінездемесі
- •Бақылау сұрақтары
- •2.2 Философиядағы әлемді тану мәселелері (Гносиология)
- •Сызба 2.2.2 Таным - шындықты бейнелеу ретінде
- •Сызба 2.2.3 Объект және оның онтологиялық құрылымы
- •Сызба 2.2.4 Ғылыми танымның әдістері мен түрлері
- •Сызба 2.2.5 Ғылыми білімнің негізгі формалары
- •Бақылау сұрақтары
- •2.3 Диалектика логикалық және методологиялық ілім ретінде
- •Сызба 2.3.5 Қарама-қарсылықтың бірлігі мен күресі заңы
- •Бақылау сұрақтары
- •III тарау. Әлеуметтік философия
- •Сызба 3.1.1 Әлеуметтік философияның функциялары
- •Сызба 3.1.2
- •Кесте 3.1.3 Қоғам өзін-өзі дамытатын жүйе ретіндегі
- •Бақылау сұрақтары
- •Тұлғаның қалыптасуы. Негізгі сатылары
- •Сызба 3.2.2 Биоәлеуметтік факторлар
- •Сызба 3.2.3 Жеке тұлға құрылымы
- •Сызба 3.2.4 Тұлғаға қажетті иерархия
- •Сызба 3.2.5 Тұлғаның әлеуметтік түрі
- •Бақылау сұрақтары
- •3.3 Қоғамның рухани өмірі
- •Cызба 3.3.1
- •Сызба 3.3.2 Қоғамның рухани аспектісі
- •Сызба 3.3.3 Қоғамдық сананың мазмұны
- •Сызба 3.3.5 Қоғамдық сананың қолданыс заңдары /қс/
- •Бақылау сұрақтары
- •Сызба 3.5.3 Өркениеттің жаһандану мәселелерін шешудегі әлеуметтік мәдениеттің қажетті жағдайлары
- •Бақылау сұрақтары
- •Курстағы барлық тақырыптарды оқытуға арналған әдебиеттер
- •Ұсынылған әдебиеттер: Негізгі әдебиеттер
- •Қосымша әдебиеттер
- •Глоссарий
- •Мазмұны
- •Кесте 1.1.5 Философиялық білім құрылымы ……………………………..10 Сызба 1.1.6 Классикалық философиядағы субстанция мәселесі ……….11
- •Кесте 1.3.6 Аристотель ……………………………………………………..33
- •Сызба 2.1.1 Философия онтологиясы – әлемдегі адам болмысы …………81
- •Сызба 2.1.6 Сананың философиялық мінездемесі …………………………86
- •Сызба 2.2.4 Ғылыми танымның әдістері мен түрлері ……………………...91
- •Сызба 2.3.5 Қарама-қарсылықтың бірлігі мен күресі заңы ………………..98 Сызба 2.3.6 Мөлшерлік және сапалық өзгерістердің өзара ауысу заңы.….99
- •Сызба 3.3.4 Сана формалары ………………………………………………121
АЛҒЫ СӨЗ
Берілген оқу құралы мемлекеттік тілдегі барлық мамандықтар үшін студенттердің өздік жұмысына арналған. Бұл оқу материалы, дәріс курсын және семинар сабағының мазмұнын логикалық кесте мен рационалды сызба ретінде жіктеуге мүмкіндік береді.
Бұл оқулық 16 тақырыпты қамтиды, оның өзі қоғам өмірінде философияның мәдени-әлеуметтік рөлін ашуға арналған. Оқулық құралының негізгі мазмұнын маңызды және түйінді философиялық категориялар, глоссарийлер, соның ішінде Аралық Мемлекеттік Бақылауға дайындықты құрайды. Осының нәтижесі Аралық Мемлекеттік Бақылауды тапсыру кезінде студенттің жұмысын әлдеқайда жеңілдетеді.
Логикалық кестенің мазмұны студенттерге философиялық ғылымның мәні, ерекшелігі және құрылымы жөнінде жалпы түсініктерді қалыптастырады. Бұл оқу әдістемесін білімді толықтыру көзі ретінде оқулықтармен, дәріс материалдарымен бірге қосымша білім ретінде қолдануға болады.
Кредиттік оқыту технологиясы студенттің өздік жұмысы (СӨЖ) мен студенттің оқытушымен өзіндік жұмысының (СОӨЖ) үлкен көлемін қамтиды.
Бұл тұста студент оқытылатын объекті ғана емес, оқыту процессіне белсенді қатысушы субъектіге айналады. СӨЖ жинақталған мәліметтің өзіндік шығармашылық қызметінің нәтижесіне айналуы ретінде қарастырылады. СӨЖ білімді жинақтау, тәжірибе жасау, білімді бекітудің барлық түрлері (рефераттар, баяндамалар) ретінде түсіндіріледі. Сондықтан оны тұлғаны оқытудың және тәрбиелеудің маңызды бөлігі ретінде қарастыру қажет. СӨЖ-ның оқу процессіндегі басты мақсаты танымдық, оқыту және тәрбиелік функцияларды жүзеге асырумен байланысты. Олардың байланысы мен өзара шарттастығы оқу процессінде белсенді, шығармашыл, жауапкершілікті, өзін-өзі жетілдіре алатын, кейін бәсекеге қабілетті маманға айналдыруға бағытталған.
Философиядағы өздік жұмыс белсенді өмірлік ұстанымы бар, шығармашылыққа бейім тұлғаның шыңдалуының негізіне айналуы қажет.
Бұл оқу құралы:
а) Қазіргі ғылыми дүниеге, рухани мәдениеттің идеялық-теориялық негізін иемденген тұлғалар мен азаматтықты қалыптастыруға;
ә) Өзіндік практикалық іс-әрекеттердің тәжірибелерін иемдену және оларды өмірлік бағдарламаның орындалу жолдары арқылы іске асыруға;
б) Жоғарғы білім шыңына жетуге және шығармашылық бәсекеге қабілетті, қоғамның белсенді мүшесі болуға даяр және өзіндік еркін ойы бар, қабілетті тұлға ретінде өзін-өзі дамытуға себепші болады.
Оқу құралының мақсаты:
ой мектебі ретінде әлемдік және отандық философияның даму тарихын;
философияның ғылыми білім жүйесіндегі рөлі мен қоғамдық мәдиниеттегі орнын;
философия теориясындағы негізгі категорияларды;
адам болмысының құнды, жан-жақты түсініктері, әлеуметтік өмірді танудың негізгі ұстанымдары мен таным заңдарын;
философтарды, соның ішінде қазіргі постклассикалық философияның әр түрлі ағымдағы көпшілікке танымал өкілдерін студент білуге міндетті.
Оқу құралының міндеті:
жалпы гуманитарлық сипаттағы және философиялық әдебиеттермен жеке жұмыс істеуді;
негізгі дүниетанымдық мәселелерді көру және оларды шешуге мүмкіндік беретін жолдарын табуды;
логикалық ойлау және өзінің ойларын дәйекті айтуды;
философияның негізгі базалық категорияларын, түсініктемелерін, анықтамаларын студент білу қажет.
Философия курсының тақырыптық жоспары
1. Дүниеге көзқарас, оның құрылымы мен дәрежесі. Философия пәні мен міндеті, оның қоғам өміріндегі қызметі
2. Ежелгі Шығыс философиясы
3. Антикалық философия
4. Орта ғасырлық философия (Батыс Европалық және арабтық) және Қайта өрлеу дәуірі
5. Жаңа заман философиясының ғылыми танымдық әдістегі мәселесі. Ағартушылар кезеңі
6. Классикалық неміс философиясы
7. Қазақ және орыс философия тарихы
8. ХХ ғ. философиясы
9. Онтология философиясы. Болмыс
10. Диалектика логика және таным теориясы ретінде
11. Әлеуметтік философия. Қоғам жүйе ретінде
12. Тұлға және қоғам
13. Қоғамның рухани өмірі
14. Техника және информатика философиясы
15. Өркениет пен мәдениет
16. Қазіргі өркениеттің жаһандық мәселесі
1 Тарау. Философия тарихы үрдіс және ой мектебі ретінде
Дүниетаным және оның құрылымы мен деңгейі. Философияның мәні мен міндеті, оның қоғамдағы орны
Философия ұғымын зерттеу үшін, ең алдымен, оның нені зерттейтінін, адам мен қоғам өміріндегі орны қандай екенін түсіну керек. Ол тек ғылымдардың бірі ме, әлде ол ғылымнан жоғары нәрсе ме?
Білім мен сенімнің, ой мен сезімнің, көңіл күй мен мақсат мүдденің, үміт пен ниеттің тағы басқа түрлі жақтарының бірігуі болып табылатын дүниеге көзқарас адамдардың дүние және өзі туралы біртұтас ұғымдардың жиынтығы деуге болады. Дүниетаным, дүниеге көзқарас дегеніміз — айнала қоршаған орта, бүкіл әлем, тұтас дүние туралы, ондағы адамның орны, тіршіліктің мән-мағынасы туралы көзқарастардың, пікірлер мен түсініктердің жүйеленген жиынтығы. Көп өлшемді бұл құбылыс (дүниеге көзқарас) адам өмірінің практикалық іс-әрекеті мен мәдениетінің түрлі салаларында қалыптасады.
Бірнеше ғасырлар бойы ойшылдар дүниетанымдық білімнің бастауы, оның шындық критериі туралы сұрақ қойып келді. Бірақ бұл дүниетанымдық проблема XVIII ғасыр аяғында Германияда айқынырақ қисынға келтірілген. «Дүниетаным» ұғымын енгізген неміс зерттеушісі және философ Кант: «егер адамға шынында керек ғылым бар болса, онда ол білу мүмкіндігін береді», - деген қорытындыға келді, «әлемдегі орнын қалай тиісті түрде алуға болады, адам болу үшін қандай болу керек екенін дұрыс ұғыну»1
Дүниетанымның төрт аспектісін бөліп алуға болады: онтологиялық, гносеологиялық (танымдық), аксеологиялық (құндылық) және праксиологиялық. Онтология - болмыс дамуының жалпылама заңы туралы ілім. Онтологиялық мәселе материалистер үшін сыртқы дүниенің объективті өмір сүруін, оның мәңгі, шексіз тіршілігін мойындаушылық, ал идеалистер үшін рухтың болмысын алғашқы, қозғаушы күш ретінде уағыздаушылық. Практикалық немесе праксиологиялық қатынас – адамның әлемге және өзіне адам қызметінің шегі, тәсілі мен мүмкіндік жағынан қатынасы. Құндылық қатынас (аксиологиялық қатынас) – адамның әлемге және өзінің тіршілік әрекетіне қатынасын өмірдің мәні арқылы көрсету. Бұл арқылы адам мен әлем туралы басқа дүниетанымдық білім өзгереді, адам өміріндегі құндылықтардың мәнін түсіну (адамгершілік, эстетикалық, әлеуметтік-саяси және т.б). Адам болмысының екі ажырамас бөлігі – рухани және практикалық кезең. Бір жағынан адамның практикалық қызметі (адамның табиғаты және адам өзгерісі) танылған және жете түсінілген қызметке негізделген, яғни адамның шындықты рухани меңгеруі. Екінші жағынан, сана (білім мен құндылық) шындықты рухани меңгеру секілді өндірістік пен қоғамдық-тарихи қызмет нәтижесінде пайда болады және дамиды.
1. И.Кант. «жақсы мен жоғары сезімдерге бақылауға» қосымша //Соч. 6т. М.,1964 - т.2- с. 204.
Сызба 1.1.1 Дүниеге көзқарас құрылымы
А дамның іс-әрекеті мен қызметі Сызба 1.1.2 Философия мәдениеттің феномені ретінде
Дүниеге көзқарас – объективті дүниеге, болмысқа, адамға және тіршілікке деген неғұрлым жинақталған, қорытылған біртұтас көзқарастар мен қағидалар.
Философия – (грекше филео-махаббат, құштарлық; софия - даналық) – қоғамдық сананың ерекше формасы, дүниеге көзқарастың ғылыми-теориялық түрі, болмыс пен сананың жалпы принциптері, адамның адамға, дүниеге қатынасы туралы әмбебап ілім, ойлау туралы ойлау.