
- •Орындау уақыты: 2 сағат Рейтинг: 1 балл
- •Орындау уақыты: 2 сағат Рейтинг: 1 балл
- •Қоғамдық қол жеткізу орындары дегеніміз не (қҚжО) және оның қызметтерін қалай пайдалануға болады?
- •Орындау уақыты: 2 сағат Рейтинг: 1 балл
- •Орындау уақыты: 2 сағат Рейтинг: 1 балл
- •Орындау уақыты: 2 сағат Рейтинг: 1 балл
- •Орындау уақыты: 2 сағат Рейтинг: 1 балл
- •Орындау уақыты: 2 сағат Рейтинг: 1 балл
- •1. Кеңес беру
- •2. Өтінімдер
- •Орындау уақыты: 2 сағат Рейтинг: 1 балл
- •Орындау уақыты: 2 сағат Рейтинг: 1 балл
- •Орындау уақыты: 2 сағат Рейтинг: 1 балл
- •Ақпаратты орналастыруға дайындайды.
- •Қашықтықтан қызмет көрсету арналарына қол жетім құралдары
- •Орындау уақыты: 2 сағат Рейтинг: 1 балл
- •Орындау уақыты: 2 сағат Рейтинг: 1 балл
- •Орындау уақыты: 2 сағат Рейтинг: 1 балл
- •Орындау уақыты: 2 сағат Рейтинг: 1 балл
- •Денсаулық
- •Мәдениет
Орындау уақыты: 2 сағат Рейтинг: 1 балл
Жұмыстың мақсаты:
Банктің қашықтықтан қызмет көрсету түрлерін білу
Ақпаратты орналастыруға дайындайды.
Қашықтықтан қызмет көрсету арналарына қол жетім құралдары
Қашықтықтан қызмет көрсету арналары арқылы сәтті және өз банктік шоттарыңыздың қауіпсіздігіне сенімділікпен қызмет көрсету үшін Сіздердің әрқайсысыларыңызға қол жетімнің арнайы құралдары және оларды дұрыс қолдану жөніндегі ақпарат қажет болады.
Қол жетім құралдары — қашықтықтан қызмет көрсету арналары желісінде клиентті сәйкестендіруге арналған құрал-саймандар, құпия сөздер және оларды қолдану ережелері жинақталымы.
Қол жетім құралдары Сізге Байланыс орталығына, мысалы, банктік шоттар бойынша ақпаратқа барған кезіңізде немесе «телебанкинг» қызметінен ауыстырып қосу кезінде де қажет болуы мүмкін.
Қашықтықтан қызмет көрсетудің кез келген арнасымен жұмысты бастар алдында оларға қол жетім құралдарын қолдану және сақтау ережелерін мұқият зерделеп алыңыз.
Банктік қашықтықтан қызмет көрсету арналарына негізгі қол жетім құралдары:
Төлем карточкасы — электрондық терминалдар арқылы карточканың ақша қаражаттарына қол жетім құралы немесе карточка эмитентімен анықталған және оның шарттарында мұндай карточка ұстаушысына төлемдерді жүзеге асыруға, қолма-қол ақшаны алуға, валюталарды айырбастауды және басқа да операцияларды жүзеге асыруға мүмкіндік беретін ақпараттан тұратын өзге құрылғы. Банкоматқа, төлемдік терминалға қол жетімге арналған бірегей PIN — кодпен бірге үйлесте қолданылады.
Пайдаланушыны тіркеу — пайдаланушыға Интернет-банкинг жүйесінде қызмет көрсетілуге қол жетім құқығын беру. Жүйеде тіркеу кезінде пайдаланушыға логин (пайдаланушы аты) және жүйеге ену үшін құпия сөз беріледі.
Электрондық сандық қолтаңба (ЭСҚ) — криптографиялық қорғаныс құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың дұрыстығын, оның Клиентке тиістігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын электрондық сандық нышандар жинақталымы.
Пайдаланушы аты (логин) — тіркеуден өту кезінде Клиентпен көрсетілетін сандық және/немесе әріптік нышандардың бірегей тізбегі. Құпия сөзбен бірге Интернет-банкинг жүйесінде пайдаланушыны сәйкестендіру үшін қолданылады.
Карточканы шектеудің кодтық сөзі — жоғалған немесе ұрланған кезде карточканы шектеу үшін қолданылатын, төлем карточкасы шығарылымына өтініште клиентпен көрсетілетін әріптер және/немесе сандар құрамдастырымы.
Құпия сөз — Клиентке берілген Логинмен (пайдаланушы атымен) байланысты және Интернет-банкинг жүйесінде Клиентті сәйкестендіру үшін қолданылатын сандық (немесе әріптік-сандық) нышандардың тек Клиентке ғана мәлім тізбегі.
Cәйкестендіру (aутентификация) — пайдаланушыны сипаттайтын параметрлердің сәйкестігін анықтау тәртібі, тапсырылған өлшемдер процесі немесе деректері. Авторизация — қашықтықтан қызмет көрсету жүйесінде операцияны жүзеге асыру үшін Пайдаланушымен жасалатын әрекеттерді Банктің растауы /рұқсат беруі/.
Өзіңіздің қол жетім құралдарыңызды сақтауды қамтамасыз етуге ерекше назар аударыңыз және оларды ешқашанда басқа тұлғаларға бермеңіз.
№ 11 Машықтану сабағы.
Б ірыңғай нотариалдық ақпараттық жүйе