Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
15 ЭҮ пәнінен Машықтану сабағы (1).doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
1.54 Mб
Скачать

Орындау уақыты: 2 сағат Рейтинг: 1 балл

Жұмыстың мақсаты:

Электрондық цифрлық қолтаңба алу тәсілдерін білу.

Электрондық цифрлық қолтаңбаны алу қиын емес. Сізден тек 6 қадам жасау талап етіледі, оның сипатталуы төменде:

 1-ші қадам «Пайдаланушының нұсқаулығымен» міндетті түрде танысу және бұдан әрі қадамдарды орындау кезінде осы құжатты басшылыққа алу қажет.

 2-ші қадам бұдан әрі жұмыстар үшін қажет бағдарламалық қамтамасыз етуді орнату автоинсталлятор.  

Егер сізде Windows Vista операциялық жүйесі орнатылса және\немесе сіз Microsoft Office 2007 офистік пакетті пайдалансаңыз, онда арнайы бағдарламалық қамтамасыз ету пайдалануыңыз қажет және автоинсталяторды пайдаланбаңыз!

 3-ші қадам барлық БҚ орнатылғанына және барлық күйге келтірулер орындалғанына көз жеткізіңіз, енді  on-line режимінде өтініш беруге көшуге болады.

 4-ші қадам ӨТІНІШ НӨМІРІ өтінішін алу нәтижесі бойынша алынған «Тіркеу куәліктерін шығару өтініші» толтыру қажет. Өтініш берушінің толтырылған бланкі және үлгілерін мына жерден қарау қажет.  

 5-ші қадам жеке және заңды тұлға ӨТІНІШТЕРІ нөмірі көрсетілген өтініш Қазақстан Республикасы Ұлттық куәландыру орталығы жақын орналасқан Тіркеу орталығы на ұсынылу тиіс.  Тіркеу орталықтарының жұмыс кестесімен  мына жерден танысуға болады.

Сонымен қатар, жеке және заңды тұлғалар үшін ЭЦҚ алу үшін қажет құжаттар тізімімен танысу қажет.

 6-шы қадам Қазақстан Республикасы Ұлттық куәландыру орталығы Тіркеу орталықтары сіздің құжаттарды қабылдайды және сіздің өтініштеріңізді растайды. Сіздің деректеріңізді өңдегеннен кейін, сіздің өтінішіңізде көрсетілген электрондық мекен-жайыңызға тіркеу куәлігі жолданатын болады.   

 Қателер туындаған кезде, «Сұрақ-Жауап» бөлімін қарауыңыз қажет, олай болмаған күнде, онда проблеманы толық сипаттап және support@pki.gov.kz электрондық мекен-жайына жолдаңыз немесе 8-800-080-7777 (Қазақстан Республикасы аумағында тегін нөмер) нөміріне қоңырау шалыңыз.

ЭЦҚ орнату

1 қадам. Пайдаланушының бағдарламалық қамтамасыз етуді орнату (CSP Tumar криптопровайдері)

Криптопровайдерді орнату үшін «Крипттопровайдерді орнату» батырмасын басып, содан соң файлды іске қосу қажет setup.exe. Орнатуды, жүктелінген файл ішінде орналасқан нұсқаулыққа сәйкес орындаңыз.

Ескерту:Тапсырысты берер алдын, Өзіңіздің компьютеріңізге нұсқасын міндетті түрде орнатыңыз Java 1.6.16 төмен емес

2 қадам. Электронды-цифрлық қолтаңбаны (ЭЦҚ) алу үшін тапсырысты беру

Тапсырысты беру үшін «ЭЦҚ алу үшін тапсырысты беру» және қажетті мәліметтерді көрсету. Өз тапсырысыңызды жолдағаннан соң, оған нөмір беріледі, оны есте сақтаңыз – ол нөмір тіркеу орталығына барған кезде көрсетуге қажет болады (ХҚКО–да орналасқан). Сыртқы құрылғыларда немесе файлдық жүйеде Сіздің жабық ЭЦҚ кілтіңіз құрастырылады. Тапсырыс беру сәтті өткеннен соң Сіз, тіркеу орталығына өзіңіз жеке барып, қажетті құжаттардың барлығын ұсынуыңыз қажет. Толық ақпаратты www.pki.gov.kz. сайтынан көресіз.

3 қадам. Тапсырыстың мәртебесін тексеру және ЭЦҚ орнату.

Тапсырыстың мәртебесін қарау үшін«Тапсырысты тексеру» батырмасына басасыз.

№ 4 Машықтану сабағы.

Бірыңғай байланысты тасымалдау ортасы

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]