
- •1. Электрлік ортадантепкіш сораптары (эос) бар ұңғымаларды пайдалану кезіндегі машиналар мен жабдықтарды таңдау.
- •1.1. Батырмалы электрлік ортадантепкіш сораптарының қондырғылары.
- •1.2 Кесте
- •1.1.2. Батырмалы электрқозғалтқыштар.
- •1.3 Кесте
- •1.4 Кесте
- •1.1.3. Кабельдер.
- •1.5 Кесте
- •1.1.4. Сорапты-компрессорлы құбырларды таңдау.
- •1.1.6. Ортадан тепкіш сорапты таңдау.
- •1.1.7. Электрқозғалтқышты таңдау.
- •1.2. Динамикалық деңгейдің астына сораптың батыру тереңдігін анықтау.
- •1.2.1. Сұйықтықты көтеру кезіндегі газдың жұмысы.
- •1.3. Эосқ-ның пайдалану параметрлерін анықтау және трансформатор, кабель таңдау.
- •1.3.1. Кабель таңдау.
- •1.2.2. Трансформаторды таңдау.
- •1.3.3. Габаритті эосқ-ның диаметрін және салқындату сұйықтығының қозғалыс жылдамдығын анықтау.
- •1.3.4. Эос қондырғысының электрэнергиясының меншікті шығынын анықтау.
1.2. Динамикалық деңгейдің астына сораптың батыру тереңдігін анықтау.
Белгілі газ факторы бар динамикалық деңгейге сорапты батыру тереңдігін һ анықтау ең қиыны болып табылады.
Көп зерттеушілердің еңбектері осыған арналған. Осы өлшемді есептеу тәсілінің жеңілін табу біздің мақсатымыз болып табылады. Динамикалық деңгейдің астына сорапты батыру тереңдігінің (1.6) формуласы құрама, ал үйкеліске кеткен тегеурінін 1.5 формула бойынша анықтайды. Динамикалық деңгейге сораптың толығымен батырылмауы белгілі мөлшерде бос газ, сұйықтық берілісінің төмендеуіне немесе ЭОС-ты газ көпіршіктерімен тоқауылдап берілісті үзуге алып келеді.
Ал керісінше, сораптың динамикалық сатыға шамадан тыс батырылуы қысым және температураның көбейюіне, пайдалану кабельдер және қасиеттерінің төмендеуіне, түбінен кішкене арақашықтықта құмның интенсивті келуіне және СКҚ мен кабель ұзындығының ақталмаған ұзаруына соқтырады.
Динамикалық деңгейдің астына батыру тереңдігі:
h= (Рқаб- Рс)106 / ρқосп∙g, (1.15)
Мұнда Рқаб-сораптың қабылдау қысымы, МПа; Рс-құбыр астындағы кеңістіктегі қысым, МПа; g-еркін түсу үдеуі; ρқосп-мұнайлысутекті газ қоспасының тығыздығы, кг/м3,
ρcм=[ ρм(1-n)+ ρсуn](1-β)+ ρгβ, (1.16)
Осында ρм, ρсу, ρг-сәйкесінше мұнай, су, газ тығыздықтары, n-ылғалдылық, β-қабылдаудағы газ құрамы.
Ұңғыма өнімінің n ылғалдылығы және газ құрамын ескере қабылдаудағы Рқаб қарапайым қысымды арнайы тәсілмен және график арқылы анықтайды. Сорапты түсіру тереңдігінде сұйықтыққа қатысты газ фазасының сырғанау болмауы α және β теңестіруге алып келеді. Газ құрамы және ылғалдылықтың Рқос өзгеру графигі V.11.5(28) суретте көрсетілген тәуелділігін [16] жұмыстан алуға болады, онда тек ылғалдылық пен газ құрамын ескеруге және де түбіндегі температураны, мұнайдың көлемдік коэффициенті, сығылымдылық пен газдың сепарациялануы коэффициенті анықтаймыз:
Рқос=(Г- Vе.г)(1-σ) Ро z Т(1 - n)(1-β)/βТо[1+( Вм-1) (1 - n)], (1.17)
мұнда Г – газ факторы; Vе.г-еріген газдың көлемі; n- ұңғыма өнімінің ылғалдылығы; σ- газдың сепарациялану коэффициенті; Тω, Т-сәйкес ұңғымадағы сораптың сағасындағы және қабылдағышындағы температура; Ро=0,1033 МПа- сағадағы қысым; z – газдың сығылу коэффициенті; Вм-мұнайдың көлемдік коэффициенті; сораптың қабылдаудағы қысымына сәйкес.
Алдын-ала (псевдокритикалық) қысым мен температураны анықтап, z газдың сығылу коэффициентін анықтау үшін [19, 10-13 сурет] графигін қолданамыз.
[23] жұмыстың мұнайдың көлемдік коэффициентін мына формула бойынша анқтаймыз:
Вм =1+ λм Г+αм(tпл-20) - βмРпл, (1.18)
Мұнда βм=65∙10 1/МПа-мұнайдың сығылу коэффициенті; ам-0,86≤Рм≤0,96 кезіндегі температура коэффициенті. ам 10-3(2,513-1,975); λ-меншікті көлемнің өсірілген көлемнің тең қатынасы кезіндегі газқұрамында еріген газ өлшемсіз параметр [22],
λм=[4,3+0,858 ρг20+5,2∙10-3(1 – 1,5·10-3 Г)Г – 3,54 ρм20]10-3, (1.19)
мұнда ρм20-200С кезіндегі және атмосфералық тығыздық қысымы 40С кезіндегі мұнайдың қатысты тығыздығы; ρг20-газдың қатысты тығыздығы; Г-газ факторы; tпл, Рпм-қойнауқат температурасы 0С және сәйкесінша қысым МПа.
Вн табуды жеңілдету үшін λм-ды ескермей [19, 2-сурет] номограммасымен қолдануға болады, бірақ Вн табудың нақтылығы біршама төмендейді.