Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Снарёв(оқу құралы-қаз.) - 3 ЧАСТЬ.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
295.94 Кб
Скачать

1.1.7. Электрқозғалтқышты таңдау.

Қозғалтқыштың пайдалы қуатын, кВт мына формула бойынша анықтау қажет:

Nпайд=QρcgHұ/86400∙1000∙ηс, (1.13)

мұнда η-жұмыс істеу қасиеті бойынша сораптың ПӘК, ρсұй- сорапталған сұйықтықтың ең үлкен тығыздығы.

Қозғалтқыштан сорапқа дейін беріліс ПӘК-і 0,92-0,95 (сырғанау мойынтірегі) құрайтынын ескере отырып, қозғалтқыштың қажетті қуатын анықтаймыз:

Nқаж=Nп/0,92. (1.14)

Пайдалану колонасын ескере 1.3 және 1.4 кестесі бойынша электрқозғалтқыштың қуаты үлкен және мәнімен жақын өлшем түрін таңдаймыз.

ЭОСҚ-ң биіктен түсіру моменттерін жеңу үшін қуат қоры қажет.

Тапсырма 20. ЭОС-ның қажетті тегеурінін есептеу керек, ұңғыманың берілген шарты үшін сорап және электрқозғалтқышты табу керек.

Берілгені: Пайдалану колонасының сыртқы диаметрі – 140 мм.

Ұңғыма тереңдігі – 2000 м.

Сұйықтың дебиті Q=120 м3/тәул

Статистикалық деңгейі һст =850 м,

Ұңғыманың өнімділік коэффициенті К =60 м3/тәулМПа,

Динамикалық деңгейдің астына батыру тереңдігі һ =40м,

Сұйықтықтың кинематикалық тұтқырлығы ν=2∙10-6 м2

Ұңғыма саңылауының алдындағы сепаратордағы сұйықтықтың деңгейден асуы һс=15 м,

Сепаратордағы қысым шығыны Рс=0,2 МПа

Саңылаудан сепараторға дейінгі арақашықтық l=60 м,

өндірілетін сұйықтықтың тығыздығы ρ=880 кг/м3

Шешімі: υорт=1,3 м/с болғандағы СКҚ-дың ішкі каналының (1.1) формула бойынша ауданын анықтаймыз:

Ғішкі =120∙106/86400∙130=10,68 м2

Ішкі диаметрі (1.2)

dішкі =10,68/0,785 =3,68см =37мм

СКҚ-дың 48 диаметріне сәйкес dішкі жақын үлкен мәні (40 мм).

Таңдалған мәнді түзетіп υорт=130 м/с деп

υорт=120∙106 /86400∙0,785∙42 110,6 см/с

Дебиті 120 м3/тәул және ПӘК η=0,96 кезінде (27 сурет 63) СКҚ график бойынша таңдау арқылы диаметрі 48 мм СКҚ аламыз.

(1.4) формула бойынша дисперсия тең

∆һ =120∙106 /60∙9,81∙880 =232 м.

Рейнольдс саны (1.7)

Re=1,106∙0,04/2∙106 =22120

Құбырлардың қатысты тегістігі (1.8)

Кs=0,04/2∙0,1∙10-3 =200.

[27, 64 сурет] график бойынша λ=0,03 график бойынша табамыз.

Салыстыру үшін (3.10) формуласы бойынша λ-ны анықтаймыз:

λ= 0,3164/221200,25 =0,025

Сорапты түсіру тереңдігі (1.6)

L=850+232+40= 1122 м

Құбырдағы үйкеліске кететін шығын (1.5)

Һтр =0,03- (1122+60) ∙1,1062/0,04∙2∙9,81=55,3 м

Сепаратордағы тегеурін шығыны (1.11)

Һс =0,2∙106/880∙9,81=23,2 м.

Қажетті тегеуріннің үлкендігі (величина) (1.3 формула):

Нс =850+232+55,3+15+23,2 = 1175,5 м

Дебиті Q=120 м3/тәул және тегеуріні Нс 1176 м алу үшін саты саны 282, пайдалану колонасының диаметрі 140 мм екенін ескеріп, ЭОС 5-130-1200 3.1 кестесі бойынша таңдаймыз.

1.1 кестесі бойынша жұмыс аймағы қасиеттерінің бөлігін құраймыз.

M , м

1400

1200

1000

800

100 110 120 130 140 150 160 Q,м3/тәул

Шыққан жұмыс аймағының қасиеттірінің дебиті 120 м3/тәул кезінде ЭОС судағы тегеуріні 1250 м екенін табамыз.

Егер шарт бойынша ρж=880 кг/м3 болса, онда (1.12) сәйкес нақты сұйықтыққа әсер ететін сорап тегеурінін анықтаймыз.

Нсұй =1250∙1000/880 = 1420м

Сұйықтық тұтқырлығы 3 сантипуаздан аспағандықтан сұйықтық тұтқырлығын қайта есептеу қажет емес.

Сорап пен ұңғыманың қасиеттерін сәйкестендіру үшін сораптан алып тастайтын саты санын анықтаймыз:

∆z=[1 – 1176/1420]282=48,0.

Осыдан сорапта 234 саты болу керек, алып тастағандардың орнына қондырылымдар орнатылады. Бұл сатының тегеуріні 5,03 м құрайды.

Ұңғыма шығысында штуцер орнату кезінде ЭОС және ұңғыма тегеурінін біріктіреміз, бірақ ЭОС берілісі азаяды, соған сәйкес оның ПӘК-і азаяды.

Электрқозғалтқыштың пайдалы қуаты (1.13 формула)

Nқ =120∙880∙1176 / 86400∙102∙0,54=24,7 кВт

мұнда 0,57 сораптың ПӘК-і.

Қозғалтқышқа қажетті қуат:

Nқ =24,7/0,93 26,3 кВт.

1.3 кестесі бойынша ең жақын үлкен өлшем түрін таңдаймыз. Бұл 0,73 ПӘК-мен, 850 кВт кернеумен, қоршаған ортаның 700С дейін температурасымен – БЭҚ28-103.

Осы қозғалтқышқа П92, ПК92, П92А гидроқорғаныстары сәйкес.

1.4 кестесіне сәйкес үлкен қуат қоры бар БЭҚ-32-103 таңдауға болады.